Валюта бағамы
  • USD -

    541.5
  • EUR -

    633
  • RUB -

    6.73
Қазақ-қырғыз елдері арасындағы ақпараттық байланыс нығаймақ
16 сәуір 2025
Қазақ-қырғыз елдері арасындағы ақпараттық байланыс нығаймақ

Алматыда «Alatau-Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық «Кабар» ақпараттық агенттігіарасында өзара ынтымақтастық туралымеморандумға қол қойылды. Бұл маңызды құжат қос елдің медиа кеңістігін жақындастырып, ақпараттық серіктестікті жаңа деңгейге көтереді.

Салтанатты іс-шарада Қырғыз Республикасының Бас консулы Женишбек Асанкулов «Мемлекет басшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың жетекшілігімен екіжақты байланыс барлық салада қарқын алып келеді. Бұл меморандум – бауырластықтың кезекті бір жарқын көрінісі. Алматы өңірі – Қырғыз елі үшін стратегиялық әрі рухани маңызы бар аймақ. Біз ақпарат саласындағы байланыстардың артатынына қуанамыз», – деді.

«Кабар» агенттігінің директоры Медербек Шерметалиев те бұл әріптестікті жоғары бағалап, болашақ бірлескен жобалар туралы пікір білдірді.

- Қазақстан Республикасының «Alatau Aqparat» медиахолдингі мен Қырғыз ұлттық «Кабар» агенттігі өзара ынтымақтастық туралы келісім жасады. Меніңше, бұл келісім екі жаққа да жемісті болады. Себебі біз Орталық Азия өңірдегі туысқан халықтармыз және ақпарат таратуда тығыз ынтымақтастықта жұмыс істеуіміз керек. Қазір өзара байланыс орнаттық, енді жұмысымыз нәтижелі болады деп үміттенеміз, – деді Медербек Шерметалиев.

«Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы «Ежелден еншісі бөлінбеген екі елдің БАҚ саласындағы байланысы өте маңызды. Жаһанданған дәуірде ең жақын бауыр әрі көрші елмен әсіресе, ақпарат саласындағы бірлік, түсіністік пен қолдауды арттыру заман талабы.    Бір-бірімізден үйренетін әрі бір-бірімізге үйрететін дүниелер көп»,деді.  

Меморандумда бірлескен медиа жобаларды жүзеге асыру, тәжірибе алмасу, журналистерге арналған дөңгелек үстелдер, конференциялар мен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыру сынды бағыттар қамтылған.

Қонақтар медиахолдингтің подкаст студиясы мен музейін аралап, ұжымның жұмыс процесімен танысты.  

1937 жылы құрылған «Кабар» –Қырғызстандағы алғашқы әрі басты мемлекеттік ақпарат агенттігі. Бүгінде ол қырғыз, орыс, ағылшын, араб, түрік және қытай тілдерінде ақпарат таратады. Ол әлемнің жетекші ақпарат агенттіктерімен серіктестік орнатып, халықаралық ақпараттық кеңістікте белсенді жұмыс жүргізіп келеді. 

Ал 2020 жылы құрылған «Alatau Aqparat» медиахолдингі – Алматы қаласындағы жетекші медиа құрылым. Оның құрамына 1936 жылдан шығып келе жатқан «Вечерний Алматы», 1988 жылдан шығып келе жатқан «Алматы Ақшамы» газеттері мен aqshamnews.kz, vecher.kz және alnews.kz ақпаратық ресурстары кіреді.  

RELATED NEWS
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

 Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті
06 қараша 2024
Тоқаев Қырғызстан президентімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ынтымақ Ордо» ғимаратына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Қасым-Жомарт Тоқаевты Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қарсы алды.

Сәлден кейін Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті басталады. Шара «Экономикалық интеграция, тұрақты даму, цифрлық болашақ және қауіпсіздік» тақырыбында өтеді.

Қазақстанға Қырғызстанның министрі келді
10 қаңтар 2025
Қазақстанға Қырғызстанның министрі келді

Мемлекет басшысы Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президент Қырғызстан Сыртқы істер ведомствосының басшысына ілтипат білдіре отырып, берік достық пен тату көршілік байланыстарға арқа сүйеген қазақ-қырғыз қарым-қатынасы стратегиялық серіктестік және одақтастық сипатында қарқынды әрі дәйекті дамып келе жатқанын атап өтті.


Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды толыққанды іске асырудың маңыздылығына назар аударды. Оның пікірінше, бұл келісімдер стратегиялық сипатқа ие әрі мемлекетаралық ықпалдастықты айтарлықтай нығайтады.

Жээнбек Кулубаев Мемлекет басшысына екі елдің сыртқы істер ведомствосы басшыларының арасында өткен келіссөздердің нәтижесі мен екіжақты ынтымақтастықты тереңдету бойынша бірлесе атқаратын жұмыстың негізгі бағыттары жөнінде мәлімет берді.

Кездесу барысында сауда-экономикалық ықпалдастықты арттыруға, көлік-логистика инфрақұрылымын дамытуға, өзара инвестициялар және мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі жандандыруға айрықша мән берілді.

Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.