Валюта бағамы
  • USD -

    472.9
  • EUR -

    557.5
  • RUB -

    6.13
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА 3 МАҚСАТТА ҚАТЫСТЫМ
жеке мұрағаттан 25 маусым 2024
ҚАРАҚАТ ӘБДЕН: ПРЕЗИДЕНТТІК САЙЛАУҒА 3 МАҚСАТТА ҚАТЫСТЫМ

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ауыл» партиясының мүшесі Қарақат Әбден «Ulys kz» тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

 Президенттік сайлауға қатыстыңыз. Шындығын айту керек осы кезден бастап халық арасында кең таныла бастадыңыз. Жалпы Президенттік сайлауда кандидат болып, үлкен додаға қатысу сізге не берді?

Мен Президенттік сайлауға қатысқан кезде өзім үшін 3 нәрсені дәлелдегім келді. Бірінші, мен өзімнің қоғамдық жұмыстарымдағы идеяларымды жоғары мінберден айтқым келді. Мысалы, мен үнемі көтеріп жүрген ұлттық тәрбие құндылықтарының маңыздылығы және бірқатар әлеуметтік мәселелердің ауқымдылығын көрсетуге тырыстым. Екіншіден, біздің қоғамда барлық адам үшін жол ашық екенін дәлелдегім келді. Әйелсің бе, ерсің бе, қандай отбасыдан шықтың, қандай тап өкілісің бәріне тең құқық пен жағдай жасалған. Бізде әділдік жоқ, әйелдер сайлауға қатыса алмайды деген сыңаржақ пікірлер бар. Осы пікірді жоққа шығарсам дедім. Үшіншіден, мен өзімнің жеке жолымды салғым келді. Мен өте қарапайым отбасынан шыққанмын. Әке-шешем қарапайым зейнеткерлер. Мен осы деңгейге өзімнің білімім мен еңбегімнің арқасында жеттім. Егер менде қандай да бір сәтсіздіктер болса, оған тек өзім ғана кінәлімін. Сондықтан адам қаласа өмірде бәрі болады. Мен Президенттік сайлауға қатысу арқылы қазақ әйелдері де ешкімнен кем еместігін дәлелдедім, көрсеттім. Мен емес менен кейінгі әйелдерге жаңа жол аштым деп білем. Президент сайлауына түсу және онда жеңіске жету әрине қиын. Бірақ мен осы жолды таңдадым, бұл менің жолым.  Келесі сайлауда барынша мықты, барынша өзіне сенімді әйелдер сайлауға қатысатындығына сенімдімін. Мен оларға жаңа жол аша білдім деп есептеймін.

 Парламенттегі мінбердегі бір сөзіңізде басшылық қызметтегі әйелдер санын 50 пайызға жеткізу керек деген болатынсыз. Егер әйелдердің көпшілігі басшы болып, қоғамдық жұмысты арқасына іліп алып жүргенде, отбасындағы бала-шағасының тәбиесін ақсатып алмайды ма?

Президентіміз биліктегі әйелдердің үлесін 30 пайызға жеткізу керек деген тапсырмасы бар.  Әзірге биліктегі әйелдер үлесі аталған межеге жетпей отыр. Әрине оны ешқандай нәрсемен реттей алмаймыз. Жалпы біздің бағытымыз әйелдердің саяси белсенділігін арттыру болып қала береді. Меніңше, әйелдер саясатта көп болған сайын біздің әлеуметтік жағдайымыз дұрысталады. Себебі әйел қоғамға не керек екенін біледі. Ол өзін ғана ойламайды, үйдегі баласын, отбасын, барлық жағдайды жан-жақты қарастыра алады. Сондықтан да билік жүйесінде әйелдердің көбірек болғаны дұрыс. Тұрғындардың 51 пайызы әйелдер. Пропорция барлық жерде болу керек. Бірақ біздегі биліктегі әйелдердің үлес салмағы өте төмен. Мәселен, Астанада әкімнің 5 орынбасары бар. Оның бірде-біреуі әйел емес. Астана 7 аудан бар. Сол әкімдердің ішінде бірде-бір әйел жоқ. Тек бірең-сараң әкімнің әйел орынбасарлары бар.

Ал саясатта, қоғамдық жұмыстарда жүрген әйелдер отбасындағы негізгі жұмысын ақсатып алмайды ма деген сұраққа менің өзімнің айтарым бар. Қазақ әуелден «әйелдің қырық жаны бар» деп тегін айтпаған. Әйел бәріне үлгереді... Әйел әрқашан білімді, сауатты болуы тиіс. Жетістікке жеткен ананың баласы да жетістікке жетеді. Жақсылыққа, жаңашылдыққа, білімге талпынған әйелі бар қоғам алға жылжиды. Негізгі бағыт сондай болу керек. Әрине, таңдау болады... Бірақ білімсіз әйелден білімсіз бала туады, одан білімсіз қоғам пайда болады.

Әйелдердің мәселесіне қатысты бұдан басқа да депутаттық сауалдар жолдап жүрсіз. Соны тарқатып айтсаңыз?

Депуаттық мандатымды алғаннан бері осы бағытта 9 депуттық сауал жолдадым. Сауалдарымның ішінде әйелдердің басшылық қызметі ғана емес ауылдағы тұрғындар мәселесін де көтеріп жүрмін. Еліміздегі бүкіл әйелді алатын болсақ, сол әйелдердің 42 пайызы ауылды жерлерде тұрады. Осы ауылда тұратын әйелдер жұмыс істеп, бизнеске араласқылары келеді. Оларға жеке бағдарлама керек. Соңғы депуаттық сауалым осы бағытта болды. Ауыл әйелдерінің кәсіпкерлігі үшін арнайы мемлекеттік бағдарлама болуы тиіс және оған ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ауыл әйелдеріне арналған жеке шағын гранттар болды, алайда ол мардымсыз. Сонымен қатар олардың бизнесті дамытуға банктен несие алуға мүмкіндіктері аз. Оның үстіне ауылдағы әйелдердің банктерге кепілге қоятын мүліктері жоқ. Бір сөзбен айтқанда біз ауылдағы әйелдер кәсібін дөңгелетуге толық мүмкіндік бермей отырмыз.

 «Ауыл» партиясының Парламенттегі фракция жұмысы туралы не айтуға болады? Партия Аграбанк құру және Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында үлкен бағдарлама әзірлеп жатыр. Сіз айтып отырған әйелдер кәсіпкерлігі бастамасы осы аталған жобаларда бар ма?

Қазір Аграбанк жобасы жақсы көтеріліп жүр. Бұл «Ауыл» партиясының сайлауалды бағдарламасында бар жоба. Егер біз аталған банкті құрсақ азық-түлік қауіпсіздігін және мен айтып отырған ауылдағы әйелдер кәсіпкерлігінің көш ілгері болуына мүмкіндік ашамыз. Себебі аталған шаруалардың бәрі қаржымен реттеледі. Қашан ауыл тұрғындары, ауыл әйелдері жеңілдікпен несие алады, сол кезде бастап олардың жұмыстары жүретін болады. Біз Агробанк құрудың кірісі мен шығысын есептедік. Банк құрылса одан тек біз ұтамыз. Тек ауылды қаржыландыратын банк құру жобасын көпшілік қолдайды.  Қазір жан-жақты талқылаулар жүріп жатыр. Үлкен жоба болғандықтан оған уақыт, жанжақты пысықтаулар қажет. Осы бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Азық-түлікпен қамтамасыз ету де негізгі бағыт болу керек. Қазір ел бюджетін жер қойнауынан алған мұнай мен газ толтырып тұр. Ертең-ақ мұнай қоры таусылса не боламыз?! Егер біз осыған сеніп отыра берсек, оның арты жақсылыққа апармайды.  Азық-түлік бағдарламасы - ол біздің экономикамызды құтқарушы. Ауылда шіріп жатқан тері мен жүн, таза экологиялық сүт, ет өнімдеріміз, бидайымызды бағалап, оларды өңдеу өнеркәсібін дамытсақ ғана біз азық-түлік қауіпсіздігін жасай аламыз және ол экономиканың негізгі драйвері болады.

 

«ҚАРЖЫ МӘСЕЛЕСІ МӘЗ ЕМЕС»

Сіз Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің мүшесісіз. Комитетте қазір қандай маңызды заң жобалары қаралуда?

Мемлекеттің ішкі және сыртқы қарызы критикалық жағдайда тұр... Мысалы, сіз банктен қарызды алған кезде, сізде бір белгілі бағдарлама болады. Алған қарызды мында жұмсаймын, одан сондай пайда түседі дегендей. Оның бір бөлігін алған қарызымды қайтаруға жұмсаймын деген сияқты. Ал бізде қазір осы схема бұзылған. Себебі бізде өндіріс жоқ, өнім шығармаймыз. Біздің экономика мемлекеттік қарызды қайтарып үлгермей жатыр. Сондықтан бұған біз шындап кірісуіміз керек. Әлі де кеш емес деп ойлаймын. Жоғарыда мен айтып отырған азық-түлік қауіпсіздігі мәселесін қолға алып, тиісті өндірістерді іске қосуға жан-жақтан қолдау жасайтын болсақ, экономика оңалады. Әрине, ол бірден құйылып келетін табыс болмайды, бірақ оның нәтижесі мен пайдасын ұзақ уақыт көретін боламыз.

 Бюджет тапшылығы қаншалықты сезілуде?

Бюджет тапшылығы қатты сезілуде. Себебі өзіңіз білетіндей, биылғы жыл су тасқыны бізді көп әбігерге салды. Қаншама үй, жол табиғат апатынан бұзылды. Көптеген мас басы қырылды. Оның бәрін қалпына келтіру керекпіз. Осы бағытта бюджеттен миллиондаған қаражат бөлініп, көмек жасалып жатыр. Бұл да бюджет тапшылығына өзінің әсерін тигізіп отыр.

Жуырда уәкілетті органдар Салық кодексінің жаңа тұжырымдамасын таныстырды. Өздеріңіз білетіндей, Мемлекет басшысының сынынан кейін, жаңа Салық кодексін жазу тұжырымдамасы мен тәсілдері өзгертілді. Бұл өте дұрыс қадам болды. Біздің  Комитетке азаматтардың, бизнестің және мемлекеттің мүддесі таразы басына түскен үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр, бұл жерде тиімді жолды табу маңызды. Біздің болжамымыз бойынша, жаңа Салық кодексінің жобасы Парламент Мәжілісіне жақын арада келіп түседі. Яғни, жыл соңына дейін ауқымды жауапты жұмыс күтіп тұр. Негізгі Салық кодексінің жаңа жобасы өткен жылдың желтоқсан айында кіруі керек. Біз жаңа салық кодексінде кәсіпкерлерге қатты салмақ түсіріп жібердік. Бұдан басқа көптеген салықтық преференциялар, салықтық жеңілдіктерді бере бергенбіз. Ол керек пе, керек емес пе оған ешкім бас қатырмаған. Ешқандай оның тұжырымдамасы болмаған. Мысалы,  еркін экономикалық аймақтағы кәсіпорындар не жерге, не корпоратив салық не қосымша құн салығын төлемейді. Олар табыс тауып жатып, бір күні жабылып қалды. Ол жерден біз не таптық? Бұл бір ғана мысал, осы типтегі жағдайлар өте көп. Әрине, біз бизнесті ойлауымыз керек. Бірақ бюджет ненің арқасында толады. Салық жүйесі дұрыс болғанда ғана бюджет толады. Біз Қаржы және бюджет комитеті осы мәсенің заңнамалық негіздерін қамтамасыз етеді. Бұрынғы Салық кодексінің жобасы туралы мен ешқандай пікір білдірген жоқпын. Себебі оның олқылықтары өте көп. Ал бұл жолғы жобада бюджет кірісін арттыру бағыттарында көптеген қызықты  әрі маңызды ұсыныстар бар. Кейбір жерлерде салық жеңілдіктері алып тастау, кей жерінде салықтарды біріктіру бағыттары қарастырылған.  Бюджет кірістілігін көтеру дегеніміз не? Ол біздің әлеуметтік жағдайымыызды көтеру деген сөз.

Біз салықты көбейтеміз деп кәсіпкерлеріміздің жағдайын нашарлатып алмаймыз ба?

Жоқ, осы жолғы Салық кодексіндегі өзгерістер мен толықтырулар жан-жақты қарастырылған. Салық түзетулері алдағы айларда шамамен тамыз айында Парламенттің қарауына ұсынылады. Бұл аса маңызды жобалардың бірі болғандықтан жан-жақты талқылаулар жүргізіледі. Оған «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері шақырылады. Олар кәсіпкерлеріміздің мүддесін қорғайды. Осы жерде айта кетейін, біз мемлекеттен бәрін тегін ала беремін деген түсінікті қоюымыз керек. Егер кәсіпкер табыс тауып отыр ма, онда оған салық төлеуі тиіс. Салық ашықтығы болуы қажет. Өзіңіз білесіз, Астанада орташадан жоғары тұратын адамдардың көпшілігінің қосымша жалға беретін пәтерлері бар.  Олар ол үшін салық төлемейді, бірақ үлкен табыс тауып отыр. Осы сияқты мәселелер бақылауға алынып, салықтың жаңа нормалары көлеңкелі экономикаға тосқауыл жасауы тиіс. Мен бұл жерде саяжайда өсірген жеміс-жидегін көшеде сатып күнін көріп отырған адамдар туралы емес, жалпы үлкен көлеңкелі экономика жайында айтып отырмын. Сондықтан осы мәселелердің бәрін заң аясында шешуіміз керек. Әрине, бюджетті тек салықты көтеру арқылы шешу дұрыс емес. Экономиканы сауықтыру керек. Өнім өндіру саласын дамытуымыз керек. Біздің партияның негізгі бастамасы болып санатын Агробанк, Азық-түлік қауіпсіздігі сияқты мәселелерді нақты қолға алған дұрыс. Біз әлемді мойындата алатын таза, экологиялық өнімдер шығаруға мүмкіндігіміз де әлеуетіміз де жетеді. Ештемені жаңадан ойлап табудың қажеті жоқ. Білім мен ғылымды да дамытуымыз керек. Бюджеттің біраз бөлігін білім-ғылымға жұмсап жатырмыз. Біз Болашақ бағдарламасы арқылы немесе Назарбаев университеттеріне өте көп қаражат бөлеміз. Алайда өкінішке орай, біз оның нәтижесін көріп отырған жоқпыз. Мысалы, кішкентай ғана Сингапур мемлекетін алайық, ешқандай қазба байлығы жоқ ел. Алайда олар ақпараттық технологиялары арқылы әлемді аузына қаратып, содан қомақты табыс табуда. Олардың фишкасы ақпараттық технологиялар. Ал біздің фишкамыз ауылдық өнімдері болуы керек. Әрине басқа бағыттарды да дамыту қажет деп білем.

«ХАЛЫҚТЫҢ МӘСЕЛЕСІНДЕ ДОС, ТАНЫС, ТУЫС БОЛМАУЫ КЕРЕК»

Депутаттық сауалдарыңыз, аймақтарды аралаған кездегі тұрғындардың арыз-шағымдарының Мәжілісте қаралуы туралы айтып берсеңіз?

Біздің басты мақсатымыз сапалы заң шығару. Заң сапалы болу үшін біз халықтың ішін аралаймыз, жағдайды өз көзімізбен көреміз. Сондықтан сайлаушымен үнемі кездесуге тиіспіз. Менің жетекшілігімде өзім жақсы білетін Қорғалжын ауданы мен Ұлытау өңірі. Ұзақ ауылдарға ерінбей барып, жағдайды өз көзіммен көргенді жақсы көрем. Шешілген де және шешілмеген де мәселе болады. Жалпы менде мынадай тактика. Бірінші, проблема туындаған жерге барып сайлаушылармен кездесемін. Сосын сол жерде сол өңірдің әкімімен сөйлесіп, мәселенің бетін ашып алам. Егер мәселе олай шешілмесе онда ол бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдаймын. Халықтың мәселесінде дос, құрбы, таныс, туыс деген болмауы керек. Себебі біздің артымызда халық тұр. Халықтың бізден басқа сенім артары жоқ. Бір мысал айтайын, Баршын деген ауылға бардым. Қорғалжыннан шыққаннан кейін Шұбаркөлге дейін 500 шақырым жер. Осы аралықта қанша елді мекенде адамдар тұрады. Бірақ ол жақта жанармай құятын бекет жоқ. Онда тұратын халық көліктеріне жанармай құю үшін 100-деген шақырымды артқа тастап, жанармай тасиды. Бұрын болған жанармай бекеті жабылып қалған. Мен облыс әкіміне өтініш айттым. Әкім  мәселені шешеміз деп шығарып салды. Сосын мәселе шешілмеген соң мен бұл бойынша Үкіметке депутаттық сауал жолдауға мәжбүр болдым. Мәселе шешемін тапты. Қанша халық маған алғысын айтып жатыр. Мұндай фактілер көп. Қарағанды облысына қарайтын Құланөтпес деген ауыл бар. Сол ауылда су жоқ. Жаңа су құбырына қаржы бөлінген. Бірақ оны орындайтын мердігер компания ақшаны алып, жұмысты істемей кетіп қалған. Мен өзім бұл істің басында жүрдім. Қазірге дейін мәселе шешілген жоқ. Мұны да өз бақылауыма алып отырмын.  Сондықтан мен қолымнан келгенше басталған істі аяқтауға, өзімнің сайлаушыларыма берген уәдімді орындауға тырысатын болам...

 

«ТАҢҒЫ САҒАТ 5-ТЕН ТҰРАМ»

Сіз көпбалалы анасыз. Осы жұмыстардың  барлығына қалай үлгересіз?

Адам болған соң бәріне үлгеру керексің. Мен депутат болсам да менің үйдегі ана, әйел рөлімді ешкім алмастыра алмайды. Мен негізі үлкен әулеттің үлкен келінімін. Бәрі маған қарап тұр. Менің келіндік міндетімді де ешкім атқармайды. Мен негізі бәріне үлгеремін. Менде тайм-менеджмент деген жақсы жолға қойылған. Мен үнемі таңғысағат  5-те тұрам. Әйел болған соң өзіңе қарау керексің оған да уақыт керек. Менің 4 балам бар. Ешқандай мейрамхана, ешқандай аспаз балаңа немесе күйеуіңе өзің сияқты тамақ жасап бере алмайды. Себебі олар сенің күйеуіңнің және балаларыңның қандай тағамдарды жақсы жейтінін сенен басқа ешкім білмейді. Бірақ қазіргі көмекші техникалық құралдар біздің өмірімізді айтарлықтай жеңілдетіп отыр деп айта алам. Әйелдің жауапкершілігі көп, сондықтан бәріне үлгеруге міндеттісің. Бұл менің қолымнан келіп жатқан сияқты.

 «Мейірім құшағы» комиссиясының жұмысы туралы айтсаңыз?

Ауыл партиясының ішінен «Мейірім құшағы» атты комиссияны аштық. Бұл менің идеям болды... Қазір әр өңірде партия жанынан комиссия жұмыс жасауда. Ауылдағы әйелдер кез келген мәселе бойынша осы комиссияға жүгіне алады. Онда барлық мәселе бойынша ақпараттық, консультативтік, қамқорлық бағыттарында жұмыстар жүргізіп жатыр. Ендігі кезекте алыс ауылдарға бармақпыз. Жақында мен өзім оның орталық жиынын өткіздім. Қаладағы әйелдердің көздері ашық, түрі бағдарламалар бар. Негізі ауылды жерлерде әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық өте көп кездеседі. Ол кезде олар қайда барарын білмей жатады. Біздің комиссия осы бағыттағы жұмыстарды да қамтиды. 

Мазмұнды әңгімеңізге рахмет!

RELATED NEWS
Сарапшы: Жасанды интеллект – заман талабы емес, өмірлік серік
30 наурыз 2025
Сарапшы: Жасанды интеллект – заман талабы емес, өмірлік серік

Мейіржан Әуелханұлы — «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының авторы, цифрлық технологиялар жөніндегі сарапшы.

Ulys.kz: Мейіржан мырза, «Жасанды интеллект әліппесі» атты кітап жазуға не түрткі болды?

Мейіржан Әуелханұлы: Шыны керек, жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбы күн сайын маңызын арттырып келе жатқанымен, қазақтілді кеңістікте бұл туралы жүйелі, қарапайым тілмен жазылған дерек аз еді. Әлеуметтік желідегі жазбалар, жеке пікірлер бар болғанымен, толыққанды әрі құрылымды білім беретін еңбек жоқ-тын. Осы олқылықты жою мақсатында оқушыдан бастап ұстазға дейін түсіне алатын «әліппе» форматында кітап жазуды жөн көрдім. Бұл кітап тек теория емес, практикалық қолдануға бағытталған, жасанды интеллектпен жұмыс істеуге нақты қадамдар көрсетілген.

Жалпы жасанды интеллект – бұл компьютерлердің адамға тән ойлану, ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау қабілеттерін еліктеуге бағытталған технологиялар жиынтығы. Ол алғаш рет 1950 жылдары ғылыми ортада талқыланып, сол кезде-ақ компьютерлерге логикалық есептерді шешуді «үйрету» идеясы пайда болған. Алан Тьюрингтің «Тьюринг тесті» жасанды интеллектке қатысты негізгі өлшемдердің бірін ұсынса, 1956 жылы АҚШ-тағы Дартмут конференциясы ЖИ-ді дербес ғылым саласы ретінде ресми түрде таныды. Уақыт өте келе, машиналық оқыту мен терең нейрондық желілер пайда болып, Big Data, яғни үлкен деректер мен есептеу қуатының өсуі ЖИ-ді жаңа деңгейге көтерді. Енді жасанды интеллекттің қолданылу ауқымы дауыспен басқару жүйелерінен медициналық диагностикаға, қаржы саласындағы автоматтандырылған талдаудан интеллектуалды көлік жүйелеріне дейін кеңейді. Жасанды интеллекттің ең негізгі жетістігі – адам миының кейбір қабілеттерін компьютерлік алгоритмдер арқылы қайталай алуы. Ол дамудың бірнеше толқынын бастан өткеріп, қазіргі таңда экономиканың түрлі секторларында табысты қолданыс тауып отыр. Әрине, оның әлеуеті зор болғанымен, қауіптері де жоқ емес. Мысалы, технологияны теріс мақсатта қолдану, жеке мәліметтердің құпиялығын бұзу немесе алгоритмдік әділетсіздік орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс орындарын автоматтандыруға қатысты алаңдаушылықтар да бар. Сол себепті болашақта ЖИ-ді реттеу, оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалану – басты міндеттердің бірі болмақ.

Ulys.kz: Жалпы, қазір қоғамда ЖИ-ге деген көзқарас қандай?

Мейіржан Әуелханұлы: Қоғам екіге бөлінген. Бірі — «ЖИ жұмысымды тартып алады» деп қорқатындар, екіншісі — «осы арқылы жұмысымды жеңілдетемін» деп үміт артып отырғандар. Шын мәнінде, жасанды интеллекттен қорыққаннан гөрі, оны түсініп үйренген маңыздырақ. Кез келген жаңа технология басында қорқынышты көрінуі мүмкін. Паровоз да алғаш шыққанда халық үрейленді. Ал қазір онсыз өмірімізді елестете алмаймыз. Сол сияқты ЖИ – бүгінгі өмірдің шынайылығы. Ол — бәсекелес емес, көмекші.

Ulys.kz: Жасанды интеллектті қай салаларда қолдану ең тиімді деп есептейсіз?

Мейіржан Әуелханұлы: Қолдану ауқымы өте кең. Білім беру саласында оқушының деңгейіне қарай оқу траекториясын бейімдей алады. Денсаулық сақтау саласында ауруды ерте анықтап, диагноз қоюда таптырмас құрал. Ауыл шаруашылығында өнімділікті болжауға, климатқа бейімделуге көмектеседі. Медиа мен журналистикада мәтін генерациялау, фактчекинг жүргізу секілді функциялары бар. Әкімшілік басқаруда деректерді талдау арқылы шешім қабылдауға сеп. Яғни әр сала ЖИ-ден өзіне қажет құрал таба алады. Ең бастысы — дұрыс қолдана білу.

Ulys.kz: Қазір оқушылар мен мұғалімдер арасында ChatGPT, Copilot сынды құралдарды пайдалану белсенді. Бұл білім сапасына қалай әсер етеді?

Мейіржан Әуелханұлы: Иә, бұл — өте өзекті сұрақ. Мен әрқашан «ЖИ – оқушыға арналған емес, оқушымен бірге жұмыс істейтін құрал» деп айтып жүрмін. Оны бақылаусыз қолдану — дайын жауапқа тәуелділікке әкелуі мүмкін. Бірақ мұғалімдер оны дұрыс бағытта қолданса — керісінше, шығармашылықты арттырып, уақытты үнемдейді. Мысалы, эссе құрылымын тексеру, жаңа идеялар ұсыну, мазмұнды өңдеу сынды процестерде ЖИ таптырмас көмекші. Бірақ білім беру жүйесі бұл құралдарды пайдалануға нақты ереже мен этика қалыптастыруы тиіс. Бұл әлем елдерінің алдында тұрған ортақ міндет.

Ulys.kz: Қазақстанда жасанды интеллектті оқыту және насихаттау қай деңгейде?

Мейіржан Әуелханұлы: Соңғы жылдары жақсы қадамдар жасалып жатыр. Мектептерде робототехника, информатика пәні күшейтілді. Кейбір жоғары оқу орындарында ЖИ мамандығы ашылды. Мемлекеттік деңгейде «Цифрлық Қазақстан», «Цифрлық трансформация» секілді бағдарламаларда ЖИ енгізу қарастырылған. Бірақ бұл бағыттағы ілгерілеу негізінен қалаларда, ауылдарда әлі де ақпарат аз. Сондықтан «Жасанды интеллект әліппесі» сол алшақтықты қысқартуға бағытталған. Әрі бұл — тек ІТ мамандарына емес, журналист, мұғалім, дәрігер, кәсіпкер секілді кез келген адамға қажет құрал екенін түсіндірудің бір жолы.

Біз әлемдік үрдіске ілесуге тырысудамыз. Бірақ жасанды интеллект саласында толықтай алда келеміз деп айтуға әлі ерте. Расын айтқанда, елімізде ЖИ-ді әзірлеп, қолданып жүрген жобалар көбейіп келеді. Мысалы, техникалық университеттер мен IT компаниялар осы саладағы зерттеулерін бастаған. Кейбір стартаптар да деректерді өңдеу, машиналық көру, аударма жүйелері тәрізді бағыттарда қызықты шешімдер ұсынуда. Дегенмен, бұл бағытта білікті мамандар мен қажетті инфрақұрылымның жетіспеушілігі бізді дамыған мемлекеттермен салыстырғанда біраз артта қалдырады. Шетелде ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру процесі жылдам жүретін болса, бізде ол әлі де баяу қарқынмен жүруде. Сонда да цифрлық трансформация үдерісінің қарқын алуы, мемлекет тарапынан IT саласына берілетін қолдау және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюы ЖИ технологияларын дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Алдағы уақытта осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалансақ, экономика мен технологиялық даму салаларында үлкен жетістіктерге жетуіміз ықтимал. Алайда, егер тиісті инвестициялар мен білім беру бағдарламалары жеткіліксіз болса, онда технологиялық тұрғыдан кейіндеп қалу қаупі де жоғары. Сонымен қатар, ЖИ жобаларын дамыта отырып, деректердің қауіпсіздігі мен технологияларды реттеу мәселелерін де ұмытпаған жөн. Негізі біз жаһандық ЖИ толқынына ілесіп келеміз.

Ulys.kz: ЖИ-дің қауіптері туралы жиі айтылады. Мысалы, deepfake, деректердің ұрлануы, этикалық мәселелер...

Мейіржан Әуелханұлы: Иә, технология пайдамен қатар, қауіп те алып келеді. Deepfake — жалған бейне мен аудио арқылы адамдарды алдау. Бұл саясат пен ақпараттық қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жеке деректердің қорғалмауы, ЖИ-дің дискриминациялық шешімдер қабылдауы сияқты проблемалар бар. Сондықтан ЖИ құралдарын қолданар алдында қауіпсіздік пен этика мәселесі бірінші тұруы тиіс. Қазақстанда бұл бағытта құқықтық база әлі қалыптасып жатқанымен, әлемдік стандарттарды негізге ала отырып реттеу тетіктерін жасауымыз қажет.

Ulys.kz: Жасанды интеллект қазақ тіліне қаншалықты бейімделіп жатыр?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл — ең күрделі әрі маңызды сұрақтардың бірі. Қазір әлемдік ірі тілдік модельдер арасында қазақ тілі толық қолдау таппай отыр. ChatGPT, Gemini, Claude сынды ЖИ жүйелері қазақша жауап бере алғанымен, сапасы жоғары емес. Себебі қазақ тіліндегі ашық деректер аз. Сондықтан біздің мақсат — қазақша дереккөзді көбейту, ЖИ-ге бейім мәтіндер базасын қалыптастыру. Мысалы, менің кітабымның бір мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы ақпаратты көбейту. Сонымен қатар, ЖИ құралдарын қазақ тілінде жасау үшін отандық стартаптарға қолдау қажет.

Ulys.kz: Қазақстан ЖИ технологияларын әзірлеуде қай деңгейде тұр? Бізге өзіміздің үлгіні жасау мүмкін бе?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл – үлкен сұрақ. Өзіміздің тілдік модельді жасау — стратегиялық маңызы бар қадам. Қытай, Корея, Франция сияқты елдер өз ЖИ жүйесін жасап үлгерді. Себебі ақпараттық қауіпсіздік, дербестік, деректерді бақылау – бәрі соған келіп тіреледі. Қазақстанда мұндай бастамалар бар, мысалы, Тілдерді дамыту комитеті қазақ тілі корпусын цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге — ЖИ зерттеу орталықтары, университеттермен әріптестік, ІТ мамандар дайындайтын платформалар керек. ЖИ – тек технология емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Ulys.kz: Ал жасанды интеллект болашақта адам орнын баса ала ма?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл сұрақ көпшілікті мазалайды. Қазірдің өзінде ЖИ кейбір жұмыс түрлерін алмастырып жатыр – дерек талдау, мәтін жазу, код құрастыру... Бірақ ол әлі де «ойлау», «сезіну», «шешім қабылдау» секілді адами қасиеттерге жете алған жоқ. ЖИ – құрал. Адам оны қалай пайдаланады – нәтиже соған байланысты. Адам болмысы, мәдениеті, санасы ешбір машинамен алмастырылмайды. ЖИ тек адам әлеуетін толықтырып, жаңа деңгейге көтереді. Демек, адам өзгеруі керек – икемділік, үйрену, бейімделу.

Қазір көптеген тапсырмаларды адамның қалай жүзеге асыра алатынынан көрі, ЖИ технологиялары қалай оңтайлы әрі тез шешетінін таңдап отырмыз. ОНың өркениеттің дамуына қосқан үлесі айтарлықтай болды. Дегенмен ЖИ-дің әлеуеті мен қауіптері теңгерілген түрде зерттелуі тиіс. Бұл сала кез келген қауіп-қатерді туындатпауы үшін дұрыс реттеу мен бақылауға назар аударуды қажет етеді. Бұл бір жағынан адамдардың тұрмысын оңайлатып, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Екінші жағынан ЖИ жаңа өндірістердің пайда болуына, ғылыми жаңалықтардың жедел зерттелуіне және түрлі саладағы мамандардың жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруіне түрткі болуда. Әрине, жасанды интеллект өркениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Бұрынғы компьютерлер тек белгілі бір алгоритмдер аясында жұмыс істеген болса, қазіргі ЖИ оларға қарағанда әлдеқайда икемді. Мысалы, машинамен оқыту және терең нейрондық желілердің арқасында ЖИ миллиондаған деректерді өте жылдам талдап, адамдарға қолжетімді емес заңдылықтарды көре алады. Бұл медицина, экология, логистика секілді көптеген салаларда инновациялық шешімдер табуға, қиын міндеттерді жеңілдетуге септігін тигізді. Дегенмен, бұл технологиялардың қарқынды енуі қоғамдағы әлеуметтік, заңдық және этикалық мәселелерді де алаңдатпай қоймайды. Жұмыс орындарының бір бөлігінің автоматтандырылуы, жеке мәліметтердің қауіпсіздігі, алгоритмдік әділетсіздік сынды факторлар болашақта талқыланатын басты тақырыптарға айналып отыр. Сондықтан ЖИ-дің тек артықшылықтарын ғана емес, оның адамзатқа тигізер ықтимал салдарын да ескеріп, бұл саланы тиісті түрде реттеу қажеттігі туындап жатыр. Жасанды интеллект біздің өркениетімізді жаңа бір белеске көтеріп, даму қарқынын үдетті. Оның әлеуеті зор, әрі болашақта түрлі салаларда тереңірек орнығып, адамдармен өзара әрекеттесу деңгейін одан әрі күшейтуі әбден мүмкін.

Ulys.kz: Соңғы сұрақ: қазақ қоғамы ЖИ-ге дайын ба?

Мейіржан Әуелханұлы: Толықтай дайынбыз деп айта алмаймыз. Бірақ сергекпіз. Қызығушылық жоғары. Мәселе — бағыт беру мен түсіндіруде. Мен өзім аймақтарда лекциялар оқығанда, жастардың көзі жанып тұрады. Бірақ оларға құрал керек. Сол құрал – тілде, мазмұнда, бағдарда. Жасанды интеллект қазақ тілінде сөйлеп, қазақ баласына қызмет етуі үшін біз қазірден бастап еңбек етуіміз керек. Кітап жазуымның басты мақсаты да – осы жолдағы алғашқы кірпішті қалау еді. ЖИ жүйелері қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын арттырып, адам факторының әсерін төмендетуі мүмкін. Бұл азаматтардың мемлекеттен алатын қызметтеріне қатысты уақыт пен ресурсты үнемдейді. Дегенмен, мұнда ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау жағы да өте маңызды. Өйткені ЖИ жүйесі неғұрлым үлкен көлемдегі деректерді пайдаланса, соғұрлым киберқауіпсіздік пен этикалық нормаларды да қатты қадағалау қажет болады. Оған қоса, ЖИ-ді енгізу IT саласының мамандарының, жалпы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеруді талап етеді. Егер білім мен тәжірибесі жеткілікті мамандар жетіспейтін болса, технология бар жерден де толық пайда көре алмай, артта қалып қоюымыз мүмкін. Сол себепті ақпараттық технологиялар саласына инвестиция құю және мамандар даярлауға басымдық беру аса маңызды. Президенттің жасанды интеллектті мемлекеттік қызметке кең ауқымда енгізу туралы айтқаны – цифрлық трансформацияға жасалған қисынды қадам. Бұл шараларды кешенді түрде жүргізіп, қауіпсіздікті, заңнамалық талаптарды және ақпараттың құпиялығын ескерсек, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа белеске шығаруға мол мүмкіндік бар.

Ulys.kz: Әңгімеңізге рақмет! Еңбегіңізге сәттілік!

Мейіржан Әуелханұлы: Сізге де рахмет! Бастысы – адамзатқа қызмет ететін ақылды технологияны ақылмен қабылдауымыз керек.

Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік
27 қараша 2025
Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік

Кейде адамның өмірін өзгерту үшін үлкен дайындықтыңқажеті жоқ. Бір сәт қана — тағдырдың тылсымнан тартқанжелі, бір билет, бір қоңырау… Шымкенттің қарапайымқызы Әмина үшін дәл сондай күн 23 қараша болды. TeleBingo-ның тікелей эфирінде ойнатылған 15 миллион теңгелік пәтер дәл соның маңдайына жазылды.

 

Бірақ бұл — құрғақ ұтыс жаңалығы емес. Бұл — қуанышынішіне бүгіп, бар сырын жүрегіне сақтаған жас әйелдің үнсізжеңісі. Тағдырлы күннің ар жағында үлкен толқу, жасырынсапар және өзгеше қуаныш жатыр.

 

«Алғашында өзім де түсінбей қалдым…»

Әмина лотереяға жаңа ғана қызыға бастағандардың бірі. Кейде билет алады, кейде мүлде ойламайды. «Маған да біркүнде үлкен ұтыс бұйырар» деген ой басына келмеген. Бірақәлсіз үміттің артында күшті мүмкіндіктің жасырыныптұратынын адам көбіне кейін түсінеді.

 

Телефон шыр етіп, TeleBingo мамандары пәтер ұтқанынайтқанда, Әмина сасып қалады.

«Алғашында түсінбедім. Не болып жатқанын ұға алмайқалдым. Біртүрлі басым айналып кетті…» — дейді ол солсәтті еске алып.

 

Оқиға болған сәтте ол жұмыста, әріптестерінің ортасындаеді.

– Не болды? Бірдеңе естідің бе? – деп сұрай бастағандарболды.

Бірақ Әмина ешкімге тіс жармай, қуанышын жан дүниесінежасырып үлгерді. Қуаныш үлкен болған сайын, адам оны бірден бөлісуге қимайды.

 

Алматыға баратын сапарды «командировка» деп түсіндірді

Ұтысты рәсімдеу үшін Әмина Алматыға жол тартты. Бірақбұл сапардың шын мәнін ешкімге ашпайды. Үйдегілерге:

«Жұмыс бойынша командировкаға бара жатырмын» — депайтып шығады.

 

Бұл — сақтық. Бұл — қауіпсіздік. Бұл — өз өміріндегі еңүлкен қуанышты әлі ешкіммен бөліспей, жаңа баспанағасенімді түрде қадам басудың тәсілі.

Әмина кездескен мамандарға:

* видеосъемкаға түспейтінін,

* суреттерде өзі көрінбейтінін,

* жеке мәліметтерді жариялағысы келмейтінін

алдын ала ескерткен.

 

Түсінуге де болады: бұл – оның ең алғашқы меншіктіпәтері. Жас, тұрмыс құрмаған, кейтеринг саласындатұрақты жұмыс істейтін қыз үшін бұл қадам — жаңаөмірдің есігі.

 

TeleBingo мен LOTO 6/49: бір билеттің артындағы жаңамүмкіндік

TeleBingo биылдың өзінде 13-рет пәтер ойнатты. Ал бұлжолғы басты жүлде — Әминаға бұйырған 15 миллион теңгелік баспана. Қатысу үшін көп талап жоқ: бар болғаны 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ сатып алу жеткілікті.

 

Әмина тек TeleBingo-мен тоқтап қалмай, LOTO 6/49 да қатысады. Лотереяның бұл түрінде де ай сайын автокөлікиесі анықталады. Келесі қосымша ұтыс — 28 қараша күні, сағат 22:00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасында өтеді.

 

Сатып алу да қиын емес: 3 000 теңгелік ЛотоЖинақ — сатунүктелерінде де, sz.kz сайтында да бар.

 

Қазақ «несібесі бардың — несібесі тартады» дейді. Кімгеқандай игілік бұйыратынын тағдырдың өзі біледі. Біреуге – маңдай терден, біреуге – осындай тосыннан келгенмүмкіндік арқылы.

 

«Менің жолым болды. Енді сіздерге де тілеймін»

Әмина алған әсерімен бөлісіп:

«Әлі күнге дейін сенбей жүрмін. Мүмкін емес сияқты. Бірақтағдыр осылай күліп қарады. Барша қатысушыларға сәттіліктілеймін. Менің жолым болғандай, сіздерге де жол болсын», — дейді.

 

Бұл — оның жеке қуанышы ғана емес, мыңдағанқазақстандыққа келген үміттің жаңғыруы. Өйткені біреудіңжолы болып жатса, екіншісінің де жолы ашылатынынасенім артады жұрт.

 

ULYS түйіні

Әмина — жай ғана TeleBingo жеңімпазы емес. Ол — біркүнде өмірін өзгертуге мүмкіндік бар екенін дәлелдегенқарапайым қазақ қызы.

15 миллион теңгелік баспана — оның жаңа бастамасы, жаңатынысы, жаңа белесі.

 

Бір билет — бір мүмкіндік.

Бір қоңырау — бір тағдырдың өзгерісі.

Бір сәт — жаңа өмірдің есігі.

 

Қазақтың әр шаңырағына осындай қуаныш бұйырсын.

Үміт үзілмесін. Несібенің жолы тоқтамасын.

Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі
29 қазан 2025
Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

 

Шымкенттің қарапайым көшесі. Аспан көкшіл тартып, күн баяу ғана батып барады. Сол сәтте бір адам жұмыстан қайтып бара жатыр. Күн сайын күзет орнында отырған сол жігіттің жүрегі бүгін ерекше дүрсілдеп тұр. Ол — Әлібек.

Кеше бәрі бірқалыпты еді, бүгін өмірі басқа арнаға бұрылды. Себебі ол — 54 000 000 теңге ұтып алған адам.

 

— Саламатсыз ба, Әлібек?
— Саламатсыз ба.
— Ұтысыңыз құтты болсын.
— Рахмет.
— Сіз LOTO 6/49-да 54 миллион теңге ұтып алдыңыз.
— Дұрыс па?
— Дәл солай, — деді Әлібек, сенім мен күдік арасындағы күйде.

Ол — Шымкент қаласының тумасы. Қаланың шетінде орналасқан шағын мекемеде күзетші болып еңбек етеді. «Күнделікті жұмыс қалай?» десеңіз, ол сабырмен жауап береді:түнде күзет, күндіз тыныштық.
Бірақ дәл осы қарапайым адамның өмірінде үлкен өзгеріс басталды.

— Ұтыс туралы қалай білдіңіз? — деп сұрадық.
— Маған хабарласып, ұтып алғанымды айтты. Әуелде сенген жоқпын. Кейін бәрін тексеріп, расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Қатыса бастағанына шамамен бір жарым – екі жылдай болған екен.
— Бұған дейін ұсақ соммаларды ұтқанмын. Сол жеңістер маған сенім берді, — дейді.

Билетті екі жолмен алады: жұмыста отырғанда онлайн, демалыс кезінде қағаз билет.

— Көбінесе өзім сандарды таңдаймын. Сүйікті сандарым бар, бірақ ол құпия, — дейді Әлібек күлімдеп.

 

Шымкент пен сәттілік: лотерея жеңімпаздарының мекені

Шымкент соңғы жылдары «жолы болған жандар» шыққан өңірлердің бірі.

Бұған дейін тағы бір шымкенттік тұрғын TeleBingo-да пәтер ұтқан, ал тағы бірі 5/36лотереясында 12 миллион теңге ұтып алған еді.

Ал кейде жолы болғандармен қатар, жолдан жаңылғандар да табылды. Бір тұрғын Instagram-да «жалған лотерея» ұйымдастырып, 96 миллион теңге заңсыз табыс тапқан. Тағы бір блогер заңсыз ұтыс ойнатып, сот үкімімен айыппұл төлеген.

Бұл — лотереяға қатысты үміт пен сенімнің шынайы бет-бейнесі ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен заң тұрғысынан сабақ болар жайт.

 

Қарапайым адамның үлкен арманы

Әлібектің жеңісі — жай ғана ақша емес, сенімнің жеңісі.
Күзет орнында отырған талай түнінде ол ойға шомып, «бір мүмкіндік болса ғой» деп іштей тілеген болар. Сол мүмкіндік бүгін есік қақты.

Бұл ұтыс — тағдырдың тосын сыйы емес, үмітін үзбегеннің сыбағасы.

Жолы болмай жүрген адамның жолы ашылуы үшін алдымен сенімі ашылу керек.

Әлібектің сенімі ашылды — соңы жеңіске ұласты.

Жеңіс жайлы хабар келгенде, оның көңіл-күйі күрт өзгерген.

— Алғаш естігенде сеніңкіремедім. Бірақ бәрі расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Күмән мен қуаныштың арасындағы сол сәт — әр адам бастан кешетін ішкі арпалыстың айнасы сияқты.

Бүгін Әлібек — сабырлы. Отбасына бұл жаңалықты әлі айтпаған.
— Уақыты келгенде бөлісемін, — дейді.

Бұл сөздің артында да үлкен парасат жатыр. Өйткені, қуаныштың да өз уақыты, өз сабыры болады.

 

Жеңіс — жолдың соңы емес

Көп адам ұтысты өмірдің шарықтау шегі деп қабылдайды. Ал шын мәнінде — ол жаңа бағыттың басы. Әлібек те соны түсініп отыр.

— Бұл жеңіс өмірімді жеңілдетсе де, жауапкершілікті арттырады, — дейді ол.

Қарапайым күзетшіден үлкен жеңімпазға айналған ол — «сәті түскеннің» емес, «сенгеннің» үлгісі.
Оның хикаясы әр қазаққа ой саларлық:
еңбек пен үміт қатар жүрсе, нәтижесі міндетті түрде болады.

 

«Жүз ұтыс, бір көлік: LOTO 6/49-да алтын күзі»

Күз — тек жапырақтың сарғаюы мен аспанның сұрлануы емес. Бұл жолы ол — алтын мүмкіндік пен жаңа үміттің маусымы.
LOTO 6/49 лотереясы осы қарашаны нағыз халықтық мерекеге айналдырып отыр: 20 000 000 теңге көлеміндегі 100 ақшалай сыйлық пен жаңа кроссовер — осы маусымның басты олжасы!

Бұл жолғы науқан халық арасында жай ғана көңіл көтеру ғана емес, үміт пен әділдіктің мерекесіне айналмақ.

 

 

 

 

Қатысу қиын емес — бар болғаны 5 000 теңгелік билет алу жеткілікті. Билетіңіз онлайн да, қағаз түрінде де жарайды.
Сосын YouTube-арнадағы тікелей эфирде ұтыстың әр сәтін өз көзіңізбен көресіз.

Бірінші ұтыс — 31 қазан күні, сағат 22:00-де.
Ол күні 33 адам 200 000 теңгеден иеленеді.
Қатысу үшін 24 қазан 10:00 мен 31 қазан 21:45 аралығында билет алу қажет.

Екінші кезең — 7 қараша күні, сағат 22:00-де.
Тағы да 33 жеңімпаз өз сыйлығын алады.
Бұл жолы 31 қазан мен 7 қараша аралығында алынған билеттер қатысады.

Үшінші ұтыс — 14 қараша күні, сағат 22:00-де.
Соңғы кезеңде 34 адамға 200 000 теңгеден бұйырады.
Барлығы — 100 адам, және біреуі — жаңа кроссовердің иесі атанады.
Темір тұлпардың кілтін ұстау — кімге де болса арман емес пе?

 

Лотереяның артындағы үлкен миссия

LOTO 6/49 тек ұтыс емес — қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.Ұйымдастырушылар әлеуметтік жауапкершілікті басты қағида етіп отыр. Әр ұтыстан түскен операциялық табыстың 10% — ел спортының дамуына, тағы 10% — «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорына және 3«Креативті индустрияны дамыту қоры» ұйымына бағытталады.

Демек, әр билет — тек үміт емес, елге пайда әкелетін үлес.
Бұл — ойыннан асып, қоғамға қызмет етудің жаңа формасы.

 

LOTO 6/49 — бүгінде кездейсоқтықтың емес, үміттің брендіне айналды. Әлібектің жеңісі соның айғағы. Алда тағы жүздеген мүмкіндік тұр. Кім біледі, келесі жолы дәл сіздің билет нөміріңіз жеңімпаздар қатарынан табылар. Ел ішінде жиі айтылатын бір сөз бар:«Жолы болмаған адам жоқ, тек өзіне сенбеген адам бар.»

Сол сенім бар жерде ұтыс — ертегі емес, өмірдің өз көрінісі.
Ендеше, алтын күзді құр тамашалап қана қоймай, өз сәтіңізді сынап көріңіз.

Өйткені, LOTO 6/49 — бұл жай ғана лотерея емес,
үміт пен жауапкершіліктің ұтқыр символы.

 

Қорытынды орнына

Біз ulys.kz оқырмандарына осы оқиғадан бір ғана ой түйеміз:
үміт бар жерде мүмкіндік бар. Сенім бар жерде нәтиже бар.
Күнделікті тіршіліктің арасында адамды ұстап тұратын бір-ақ нәрсе — үміт.
Сол үміт сөнбесе, жеңіс кешікпейді.

Әлібек сияқты адамдар — өмірдің нағыз батыры.
Ал тағдыр кейде дәл сондайларға тосыннан бақыт ұсынады.

Жеңіс — соңғы аялдама емес. Ол — жаңа сапардың бастамасы.
Сондықтан, біз де Әлібекке табыс, береке және ақ жол тілейміз.
Ал сіз, қадірлі оқырман, есіңізде сақтаңыз:

Үміт үзілген күні ғана жеңіс алыстайды.