Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов Үкімет отырысында Қарағанды мен Павлодар облыстарындағы дала өрті туралы баяндады, деп хабарлайды Ulys.
«Оқиға орнына министрліктің күштері мен құралдары дереу бағытталды. Бұған қоса қосымша Абай, Ақмола облыстары мен Астана қаласынан күштер тартылды. Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның әуе кемелері жұмылдырылды. Павлодар облысы тарапынан Желтау ауылының 18 тұрғыны көрші ауылдың эвакуациялық пунктіне көшірілді. Қазіргі уақытта Павлодар облысында дала өрті толықтай локализацияланып, біздің күштер оны бақылап жатыр. Бүгін Қарағанды облысында да сондай нәтижеге жетеміз деген ойдамыз. Қазір күштер тартылды, қажетті шаралар қабылданып жатыр», - деді министр.