Telegram -ның негізін қалаушы Павел Дуров 5 млн еуро кепілдікпен және аптасына 2 рет полицияға белгілену міндетімен сот бақылауына алынды, деп хабарлайды Ulys Euronews-ке сілтеме жасап.
Павел Дуровқа өзінің хабар алмасу қосымшасында болжалды қылмыстық әрекетке жол берді деген алдын ала айып тақты және одан әрі тергеу жүргізілгенше Франциядан кетуге тыйым салды.
Дуров Париж маңындағы Ле-Бурже әуежайында сенбі күні ауқымды сот тергеуі аясында ұсталып, сәрсенбі күні төрт күндік тергеуден кейін босатылды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай әлемнің бай адамдарының бірі Францияда ұсталды. Оған ондаған эпизод бойынша айыптар тағылды.