Пәкістанның Хайбер-Путунхва провинциясында болған жарылыстан Қазақстан елшісі зардап шеккен жоқ. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Ulys.
Оның айтуынша, 22 қыркүйекте Хайбер-Путунхва провинциясында кортежді алып жүрген полиция автокөлігі минаға тап болып жарылған. Кортежде барлығы 12 мемлекеттің дипломаттары болған, арасында Қазақстан елшісі де бар.
Апат салдарынан үш полицей зардап шекті, біреуі көз жұмған.