Валюта бағамы
  • USD -

    444.5
  • EUR -

    483.5
  • RUB -

    4.97
Өскеменде атасы туған немересін пышақтап өлтірді
12 сәуір 2024
Өскеменде атасы туған немересін пышақтап өлтірді

Өскеменде атасы 7 жасар немересін пышақтап өлтірген, деп хабарлайды Ulys YK-news сайтына сілтеме жасап.

ШҚО полициясы қайғылы оқиғаның 22 наурызда болғанын растады.

«Қазір күдікті қамауда отыр. Ол қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі «жас баланы өлтіру» фактісі бойынша тергеліп жатыр», - делінген хабарламада.

RELATED NEWS
Жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды
24 мамыр 2024
Жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсетудің өзекті мәселелері талқыланды

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсету және фертильді жастағы әйелдермен акушерлік-гинекологиялық қызметтің жұмысы мәселелері қаралды. Ерекше назарда - ауылдық елді мекендердің тұрғындары.

Отырысқа облыс әкімдерінің орынбасарлары, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Отырысқа қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Ұлттық комиссия төрағасы Аида Балаева халықтың репродуктивті денсаулығын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін атап өтті.

«Бұл мәселе жалпыұлттық маңызға ие, өйткені біз салауатты ұлт, елдің болашағы туралы айтып отырмыз. Жасөспірім қыздар мен фертильді жастағы әйелдердің репродуктивті денсаулығын сақтау және нығайту, олардың бала туу туралы ақпараттандырылған шешім қабылдау мүмкіндігін кеңейту, жүктілік және босану кезіндегі тәуекелдерді азайту мақсатында әлеуметтік-экономикалық және емдеу-профилактикалық шаралар кешені іске асырылуда. Біздің сарапшылар медициналық инфрақұрылымның үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету, ана өлімін азайтуға мүмкіндік беретін шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті. Жалпы, барлық уәкілетті органдардың белсенді дәйекті жұмысы қажет деп санаймын», - деп атап өтті министр.

Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова осы саладағы ағымдағы жағдай мен жұмыс жүйесін жетілдіру шаралары туралы хабардар етті.

Сенатор Ләззат Қалтаева отырысқа қатысушылардың назарын мүгедектігі бар әйелдерге медициналық қызмет көрсетудің проблемалық мәселелеріне аударды.

Ұлттық комиссияның мүшесі, қоғам қайраткері Тоғжан Қожалы шалғайдағы ауылдардағы әйелдерге көмек көрсететін акушерлік-гинекологиялық қызмет жұмысындағы бірқатар проблемаларды атап өтті.

Өңірлердегі ауылдық ауруханаларға, фельдшерлік пункттерге барып осы мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеген Ұлттық комиссия сарапшылары денсаулық сақтау менеджерлерімен, дәрігерлермен және пациенттермен кездесулер барысында әйелдердің репродуктивті денсаулығын қорғау үшін инфрақұрылымның үздіксіз жұмыс істеу мәселесіне назар аударды.

Әйелдер консультацияларына, перзентханаларға, отбасын жоспарлау кабинеттеріне, ауылдық ауруханаларға, жастар денсаулық орталықтарына әдістемелік көмек көрсету қажеттілігі бар.

Отбасын жоспарлау кабинеттерінің жеткілікті санына қарамастан, жүктіліктің 40%-ы жоспарланбаған, ал прегравидарлық дайындықтан өткен жұптардың үлесі 30%-дан аспайды. Осы тұрғыда аталған жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау ұсынылды.

Азаматтардың өз денсаулығын сақтау және нығайту үшін бірлескен жауапкершілігі төмен болуы осы процеске барлық уәкілетті органдарды қосуды талап етеді. Қоғамдық ұйымдар, сараптамалық және ғылыми қоғамдастық халық арасында, мақсатты аудиториялар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуі тиіс.

Отырысты қорытындылай келе, Ұлттық комиссия төрағасы Денсаулық сақтау министрлігінің жергілікті атқарушы органдармен, оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп фертильді жастағы қыздар мен әйелдердің денсаулығын сақтау, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын нығайту, сондай-ақ жастарды саналы ата-ана болуға дайындау жөнінде шаралар кешенін қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ұлттық комиссия жасөспірім қыздарға медициналық қызмет көрсетудің және акушерлік-гинекологиялық қызметтің өңірлік деңгейде фертильді жастағы әйелдермен жұмысының егжей-тегжейлі мониторингін жалғастырады.

 

Астанадағы бір пәтерде 1 мыңға жуық адам тіркелген
23 мамыр 2024
Астанадағы бір пәтерде 1 мыңға жуық адам тіркелген

Бас прокуратура 6 өңірінде заңсыз көші-қон арналарын анықтады, деп хабарлайды Ulys аталған ведомствоға сілтеме жасап.

Мысалы, Қарағанды облысында ХҚКО, медициналық мекемелер мен «көмекшілер» деп аталатын қызметкерлерді қамтитын қылмыстық топтың жұмысы тоқтатылды, олар ақша үшін еңбек шарттарын, медициналық анықтамаларды қолдан жасап, тұрғын үйді жалған тіркеуді ресімдеген.

Қордай ауданында Жамбыл облысы прокуратурасының үйлестіруімен 20 пәкістандыққа шекараны заңсыз кесіп өтуді ұйымдастырған Қазақстан мен Қырғызстанның үш азаматы ұсталды.

«Олардың бірі мигранттарды көлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз еткен және ол сотталды, қалған екеуіне қатысты іс сотқа жолданды (М есімді азамат бас бостандығынан айыруға сотталды, А және О есімді азаматтарға қатысты іс сотқа жіберілді)», - делінген хабарламада.

Прокурорлар жалған мекен-жайлар бойынша және «резеңке пәтерлерде» тіркелген 22 мың шетелдікті анықтады.

Астанадағы бір пәтерде шетелдіктерді қосқанда 937 адам тіркелген, бірақ онда бір ғана отбасы тұрған.

Алматы облысында осындай 13 мың факті анықталды.

«Тексеріс нәтижелері бойынша құжаттарды қолдан жасауға, шекараны заңсыз кесіп өтуге, сот актілерін орындамауға және басқа да бұзушылықтарға байланысты барлығы 42 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Қазіргі жағдайда көші-қон процестерін тиімді басқару елдің қауіпсіздігін, тұрақтылығын және дамуын қамтамасыз етудің негізгі элементіне айналады Осыған байланысты алқа қорытындылары бойынша шекаралардың инженерлік-техникалық қорғалуын нығайтуды, ақпараттық жүйелерді жаңғырту мен интеграциялауды, сондай-ақ заңнамалық түзетулерде көзделген жаңа ережелерді іске асыру шараларын пысықтауды көздейтін кешенді шаралар әзірленді», - делінген хабарламада.

Үкімет адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алуға 9,7 млрд теңге бөлді
23 мамыр 2024
Үкімет адам папилломасы вирусына қарсы вакцина алуға 9,7 млрд теңге бөлді

Үкімет адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина сатып алуға және Қазақстанда аталған екпе жұмысын жүргізуге резервтен қаражат бөлді. Тиісті қаулыға ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектенов қол қойды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бюджеттеріне 351 мыңнан астам дозасы мөлшерінде вакцина сатып алу үшін ағымдағы нысаналы трансферттер түрінде 9,7 млрд теңгеден астам қаражат аударылады. 

Адам папилломасы вирусынан туындаған жатыр мойны обыры (ЖМО) – әлемдегі ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол анықталған барлық жағдайдың құрылымында 13,1%-ға дейін кездеседі. Жыл сайын одан 300 мыңға жуық әйел көз жұмады. Қазақстанда ЖМО барлық жастағы әйелдер арасында қатерлі ісіктің басқа түрлері ішінде таралуы бойынша екінші орында тұр. Жыл сайын республика бойынша 1900-ге жуық жаңа жағдай тіркеледі, 600-ден астам әйел осы патологиядан қайтыс болады.

АПВ-на қарсы және ЖМО дамуымен күресудің жалғыз әдісі – вакцинация. ҚР Ұлттық вакцинация күнтізбесіне сәйкес және ДДҰ ұсынымын ескере отырып, АПВ-ға қарсы екпе салу 11 жастағы қыздарға 6 ай аралық мерзіммен екі рет жүргізілетін болады. Бұл ретте Қазақстанда АПВ-ның неғұрлым онкогенді түрлерінен (6, 11, 16, 18) қорғайтын төрт валентті вакцина қолданылады.

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.