Валюта бағамы
  • USD -

    497.9
  • EUR -

    590.5
  • RUB -

    6.45
Мемлекет үшін әр үйдегі әр баланың келешегі маңызды
www.facebook.com 30 маусым 2024
Мемлекет үшін әр үйдегі әр баланың келешегі маңызды

Отбасы – мемлекет үшін негізгі құндылықтардың бірі. Қазақтың «Отан отбасынан басталады» дейтіні де содан. Ал отбасының ең басты құндылығы – бала. Баласыз үйді мазарға теңейтін қазақ мұны да ертеден білген. Мұқтаж отбасыларды материалдық тұрғыдан қолдау мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігіне жатады. Кейінгі жылдары Үкімет осы бағыттағы саясатын қайта қарап жатыр. Отбасыларға түрлі бағдарламалар арқылы беріліп келген әлеуметтік жәрдемақыларды атаулы әлеуметтік көмек дейтін бір арнаға тоғыстырып, мемлекет қолдауы шынайы мұқтаж отбасыларға бағытталуына басымдық бер бастады. Бірақ бұл өзге отбасылар мемлекет назарынан тыс қалды деген сөз емес. Оның бір мысалы – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы.

Жалпыұлттық референдум арқылы реформаланған Конституциямыздың  6-бабының  3-тармағында  Қазақстан жерінің асты мен үстіндегі байлығы халыққа тиесілі екенін, оны мемлекет тек халықтың атынан ғана игеріп, басқара алатыны айтылған. Осы норма  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жер қойнауын игеруден түскен табысты қазақстандықтар арасында әділ бөлу туралы бастамаларымен үндес. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы аталған саясатты отбасы институтымен үндестіріп отыр.

Жоба биыл іске қосылғанын ескерсек,  алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтып отыр. Жыл сайын елімізде 350-400 мың бала дүниеге келетінін ескерсек, бұл сан әлі де өсе бермек.

 Биыл 18-ге толған әр балаға Ұлттық қордан 100,5 доллар аударылды. Бұл жыл сайын әр балаға  осынша ақша аударылып отырады деген сөз емес. Өйткені Ұлттық қордың әр жылдағы инвестициялық табысы әрқалай. Ал Ұлттық қордан бала шотына аударылатын ақша қордың инвестициялық табысынан ғана алынады. Нақтырақ айтсақ, жылдық инвестициялық табыстың тең жартысы 18-ге толмаған қазақстандықтарға теңдей бөлінеді. Мысалы, 2024 жылдың ақпанындағы жағдай бойынша Ұлттық қордың инвестициялық табысы 1 млрд 391 млн доллар болған. Сонда елдегі 18-ге толмаған  6 млн 919 мың 131 балаға 100 доллар 52 центтен ақша аударылып отыр.

Ұлттық қордағы ақшаның 10 млрд доллардан астамы тұрақтандыру портфельдерінде жатыр.  Басқаша айтсақ, дамыған мемлекеттердің қысқа мерзімді, бірақ өте сенімді саналатын, табысы төмен болса да құбылмайтын бағалы қағаздарына салынған.

Қалған қаражат  жинақтаушы портфельде. Бұл жинақтаушы портфельдің 5 пайызы алтынға, 5 пайызы балама құралдарға, 10 пайызы корпоративтік облигацияларға, 21 пайызы дамушы елдердің облигацияларына, 29 пайызы дамыған елдердің облигацияларына, 30 пайызы дамыған елдердегі компаниялардың акцияларында жатыр. Осы облигациялардың жылдық табысы қалай құбылса, Ұлттық қордың инвестициялық кірісі де солай ауытқып отырады деген сөз.

Бұл ақшаны шот иесі ғана пайдалана алады. Тек бала 18-ге толмай өмірден өткен жағдайда ғана ата-анасы өзіне аудара алады және оларға бұл қаржыны игеру мақсатымен байланысты ешқандай талап қойылмайды. Ал шот иесі бұл ақшаны тек тұрғын үй сатып алуға, білім алуға жұмсай алады.  Оның ішінде шетелдегі оқу ақысын төлеуге де болады. Бірақ шетелден баспана сатып алса, Ұлттық қор ақшасын оның төлеміне жұмсауға болмайды.

 «Ұлттық қор – балаларға» жобасы оқу грантына жатпайды. Сол себепті шот иесі бұл ақшаның есебінен шетелде оқыған болса, диплом алғаннан кейін Қазақстанда қалып жұмыс істеуге міндетті емес. Шот иесі жиналған ақшаны оқу ақысына немесе баспана алуға аударған кезде салық салынбайды. Ұлттық қор төлемі 18 жасқа толған баланың шотында  10 жыл сақталады. Осы уақытта қаражат жұмсалмаса, сол адамның зейнетақы шотына автоматты түрде аударылады. Бала шотындағы ақша доллармен сақталады. Яғни, теңге мен доллардың бағамы шоттағы ақшаның көлеміне әсер етпейді. Тек шот иесі 18-ге толғаннан кезде өтініш түсірген шақтағы бағам бойынша теңгемен аударылады.

Әрине, «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қазақстандық отбасыларды байытып жібереді, 18-ге толған балалардың бастапқы әлеуметтік сұраныстарын түгел қанағаттандырады деуден аулақпыз. Бұл жоба негізінен әр отбасының баланың болашағына инвестиция салуына ынталандыруға бағытталған. Астарында «Сіздің балаңыздың келешегіне мемлекеттің өзі бейжай қарамай, Ұлттық қордың табысынан ақша аударып отыр. Сіз де осы тәсілді ұстанып, табысыңыздың бір бөлігін бала болашағына қазірден бастап жинақтай беріңіз» деген үндеу жатқандай.

Бала болашағына инвестиция демекші, биыл қыркүйекте Ғылым және жоғары білім министрлігінің   «Келешек» бағдарламасы іске қосылуы мүмкін. Бұл әр балаға 5 жастан бастап  шот ашып, біртіндеп ақша жинауға мүмкіндік беретін жоба. Жыл сайын ол депозитке мемлекет бюджеттен сыйақы аударып отырады. Министр Саясат Нұрбек әр балаға айына бір айлық есептік көрсеткіш (қазір бұл көрсеткіш 3692 теңге) көлемінде аударып отыруды ұсынып жүр. 

«Соны ай сайын осы шотқа салып тұрса, мемлекет тарапынан оның үстіне тағы сыйақыларды қосады – жинақтаушы, сақтандырушы компаниялардың сыйақысы бар. Бала 17-18 жасқа жеткенде 12,5 млн теңге жиналады. Ал бала грантқа түсіп кетсе, шоттағы  ақшаны баспана алуға жұмсай алады», - деген болатын Саясат Нұрбек.

RELATED NEWS
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел
25 наурыз 2025
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел

Дүниежүзілік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) деректері бойынша Қазақстан Өзбекстаннан – 10, Ресейден – 13, Қырғызстаннан – 32 орынға алға шығып, 43-ші орынға табан тіреді. 

Осылайша, еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер рейтингінде ең бақытты ел ретінде танылып, көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстан аталған тізімде 49-шы орында болған. Дүниежүзілік бақыт баяндамасы — 140-тан астам елдің деректері негізінде жасалатын және жыл сайын Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Оксфорд университеті жариялайтын рейтинг.

— Бақыт деңгейі объективті деректерді — жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты назарға ала отырып, әлемдік Gallup сауалнамасы негізінде ел тұрғындарының субъективті бағалауын ескеретін бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұнда респонденттер өз өміріне көңілі толу деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш негізінде бағалайды, — делінген құжатта. 

3 ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК: «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАУДА
27 наурыз 2025
3 ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК: «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАУДА

Халық арасында «Бағымыз жанса – бақ қонады», «Сабыртүбі – сары алтын» деген тәмсіл бар. Бұл сөздер «СәттіЖұлдыз» ұлттық лотереясының соңғы жеңімпаздарына дәлайтылғандайЖуырда бірнеше қазақстандық өз армандарынақиқатқа айналдырдыбірі – миллионер атандыенді бірі – жаңа пәтерге ие болды, ал кейбіреулер енді көлік ұтысынаүміткер.

Наурыз айындағы тағы бір ерекше сәт — «TeleBingo» лотереясындағы үш пәтердің ұтысыБұл жолы Орал, Атырау және Алматы қалаларынан шыққан қатысушыларжаңа баспанаға қол жеткіздіСолардың бірі – алматылықАйдос Калмырзаев.

2001 жылы туған Айдос қазіргі таңда Алматыдағы жоғарыоқу орындарының бірінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып жүрЛотереяғақатысқанына небәрі бір жыл болғанымендәл осы жолыоған 15 миллион теңгеге бағаланған пәтер бұйырды деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген.

«Мен лотерея билеттерін айына бір рет аламынКөбінеTeleBingo мен LOTO 6/49 таңдаймынБұл жолы да солайболдыЖеңіс туралы білген кезде сене алмадымбірақартынша қуанышым шексіз болдыЕнді бұл жеңістіоқуымды жалғастыру мен отбасыма қаржылай қолдау көрсету үшін пайдаланатын боламын», – дейді Айдос.

Оның айтуыншалотереяға деген қызығушылықты әкесінен үйренген. Айдостың әкесі жылдар бойы әртүрлі тираждарға тұрақты түрде қатысып келеді екен.

10 миллион теңге – еңбектің, сенімнің және сабырдың сыйы 2025 жылдың 25 наурызында Ақтөбеде медицина қызметкері болып жұмыс жасайтын Жанар «МегаКазино» жедел лотереясынан 10 млн теңге ұтып алып, өз арманына қолжеткізді.

«Лотереямен бала күнімнен таныспын. Әкем бәлішке деп берген 50 тиынды кейде «Спринт» билеттеріне жұмсайтынмын. Содан бері сәттілікке сеніп келемін», – дейді Жанар.

Жеңіске жеткен кезде отбасы алғашында сенбей, аң-таң болған. Алайда ақиқат анықталған соң қуаныштан төбелері көкке жеткен. Жанар ұтқан қаражатын көптен күткен арманы болған пәтер сатып алуға жұмсаса, әрі бір бөлігін жақындарына сыйға бермек.

«Лотерея билеттерін сатып алғанда үнемі сәттілік маған серік болса екен деп тілейтінмін. Бұл ретте мен қолымда барын ғана жұмсап, шектен шықпаймын. Бұл менің әдетім. Бірақ мен бір күні әйтеуір маған сәттілік болатынынына сеніп жүрдім. Бұл мен үшін – үміт пен қуаныштың жолы», –деп ағынан жарылды Жанар.

Енді кезек сізде! LOTO 6/49 лотереясында темір тұлпар ұтысы жарияланды. Қатысу үшін арнайы лотожинақ сатып алу жеткілікті.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, бұл жолы сіздің бағыңыз жануы әбден мүмкін.

Мұнда қатысыңыз — көліктің кілті сіздің қолыңызда болуы ғажап емес! Сәттілік – сенген жанға серік.

Жанар мен Айдос сияқты жеңімпаздардың тарихы — «Сәтті Жұлдыздың» әр билетінде үміт жатқанын дәлелдейді.

«Сенім мен үміт – басты қаруЖеңістің дәмі тәттіЕшқашан мойымаңыздарсәттілік – дайын тұрған сый емес, оны шын сенген адам табады», – дейді Жанар.

«Бар болғаны бір билет өміріңді өзгертуі мүмкінБастысы – сенім мен сабыр керек», – дейді Айдос.

Ол «Сәтті Жұлдыз» ойынға жауапкершілікпен қарауғашақырады.

«Ойын – ойыннан аспасын, өмірдің мәнін жоймасын» дегенді естен шығармаған абзал. Бағыңызды байқаңыз – жеңіс сізге қарап тұрҚазақстанда мыңдаған адам өз мүмкіндігін сынап, бір түнде өмірін өзгертіп жатыр. Бір ғана билет — тағдырды өзгертетін мүмкіндік.

«Талапты ерге нұр жауар», «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, әрбір адам жеңіске лайық! Сәттілікті қолдан жібермеңіз – sz.kz сайтында толық ақпарат пен қатысу шарттары бар.