Гаухар Танашеваның Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты өкілеттігі Асылбек Нұралинге берілді. Бұл туралы ҚР Орталық сайлау комиссиясы мәлім етті.
Сондай-ақ, ҚР Орталық сайлау комиссиясы «ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты А. Ж. Нұралинді тіркеу туралы» қаулы қабылдады.
Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының қаулысына сай Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутатының бос мандаты «ҚХП» Қоғамдық бірлестігінің мүшесі Асылбек Жамашұлы Нұралинге берілді.
ОСК Төрағасы Нұрлан Әбдіров Асылбек Жамашұлына белгіленген үлгідегі куәлік пен омырауға тағатын белгіні табыстап, оған депутаттық корпустағы жұмысына сәттілік тіледі.