Валюта бағамы
  • USD -

    541.9
  • EUR -

    632
  • RUB -

    6.67
Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады
Фото: Жетісу облысының әкәмдігі 15 қазан 2025
Жетісуда әлеуметтік осал топтағы 2 мыңнан астам отбасының үйіне датчиктер орнатылады

Жетісу облысында бүгінгі таңда өрттің алдын алу іс-шаралары мен үй аралау жұмыстарымен әлеуеметтік осал топтағы 7616 отбасы қамтылды. Осы санаттағы отбасы үйлеріне газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик орнату жоспарланған. Бүгінгі күнге соның 820-сы орнатылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметіне қарағанда, датчиктер Кербұлақ, Ескелді, Сарқан, Панфилов, Ақсу аудандарында қойылған. Жалпы Департамент тарапынан жеке тұрғын үй секторларында өрт қауіпсіздігі айлығы өткізілуде. Оның аясында мемлекеттік органдар мен еріктілер ұйымдарының қатысуымен рейдтік тексерулер, тұрғындармен кездесу, білім беру мекемелерінде интерактивті сабақтар өткізілуде.

Мәселен, бүгін төтенше жағдай саласының қызметкерлері Талдықорған қаласындағы «Қызылтас» саяжайында тұратын әлеуметтік осал топтағы отбасы үйлерін аралап, пеш мұржаларын тазалады, датчиктер орнатты, өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндірді. Сонымен қатар рейд жұмыстарына «ТАТЭК» АҚ мамандары да тартылып, олар үйлердегі электр желілерінің жұмысын тексерді.

- Жетісу облысында жеке тұрғын үй секторларында жылыту маусымында өрттің алдын алу шаралары кеңінен атқарылуда. Халық арасында түсіндіру жүргізіліп, әсіресе жылыту құрылғыларының жұмысы, пеш жағу ережелерін түсіндіруге көп көңіл бөлінеді. Биыл әлеуметтік осал топтар санатындағы отбасы үйлеріне орнату үшін газдың қауіпті шоғырлануын анықтайтын 2045 датчик сатып алу жоспарланған, соның 1720-сы сатып алынды, қалғаны қазан айының соңына дейін сатып алынады, құрылғыны орнату жұмыстары жалғасып жатыр, - деді Жетісу облыстық ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының аға инженері, азаматтық қорғаныс капитаны Еламан Әубәкіров.

Аталған шараларға қатысты жергілікті тұрғындар да пікір білдірді.

- Үйімізге тегін датчик қойып, пештің мұржасын тазалап берді. Төтенше жағдай қызметкерлері жыл сайын осылай көмектеседі. Жасым егде адам болғандықтан, жылыту маусымында маған осындай жұмыстарды атқаруға көмек қажет, сондықтан мұндай жұмыстардың атқарылып жатқанына ризамыз, - дейді жергілікті тұрғын Кәкимаш Оразбаева.

Атап өтсек, жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде биылғы жылыту маусымы басталғалы бері өңірдегі өрт оқиғаларының саны өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 2,2 есеге азайған.

RELATED NEWS
Жетісуда  майлы зығыр өсіріле бастады
28 сәуір 2025
Жетісуда майлы зығыр өсіріле бастады

Жетісу облысы Сарқан қаласының маңындағы шаруа қожалықтарының бірінде майлы зығыр өсіріле бастады. Егіс науқанының барысымен жұмыс сапары аясында ауданға барған облыс әкімі Бейбіт Исабаев танысты, деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

«Ғалым» шаруа қожалығында биыл100 га майлы зығыр егілді. Дәнді жүгері, соя, арпа, бидай өсіруге бейімделген бұл шаруашылық осы дақылды биыл алғаш рет сеуіп отыр.

- Зығырдың агротехникасын, тұқым нарығын зерттей отырып, біз «орташа Лирина» сортын отырғыздық. Бұл өте өнімді, құрамында майы көп сорт. Әр гектарынан 20-25 ц аламыз, ал майдың мөлшері кемінде 50% болады деп күтіп отырмыз. Аймақ аумағында майлы дақылдарды қайта өңдейтін бірнеше кәсіпорын бар екенін ескерсек, шикізатты өткізуде қиындық туындамайды деп ойлаймыз. Алдын ала келісімдер жасасып та қойдық. Сонымен қатар зығыр дәнді дақылдардың ауыспалы егісіне де пайдалы, - деп атап өтті ШҚ басшысы Ғалым Рахметқалиев.

Ауданның Алмалы ауылындағы «Жұмағали» шаруа қожалығының егістіктерінде де көктемгі дала жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Шаруашылықта егістік те, мал өсіру де қолға алынған. Мұнда 537 бас ірі қара, 600 бас ұсақ мал және 630 жылқы өсіріліп отыр.

- Биыл біз жаздық арпа, күнбағыс және бірінші рет қант қызылшасын септік. Әзірге қызылшаны 38 гектардан бастап отырмыз. Келесі жылы ұлғайту жоспарымызда бар, өйткені бұл табысты дақыл, әрі осы дақылды өсірушілерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. «Конвиза Смарт» жоғары өнімді тұқымын сеуіп жатырмыз. Шаруашылығымызда қажетті ауыл шаруашылығы техникасы бар, дегенмен өткен жылы ауданда сервистік-дайындау орталығына арнап сатып алынған заманауи техника бізге үлкен көмек болды, осы техникалардың қызметтерін пайдаланып отырмыз. Мысалы, пневматикалық сепкіштің артықшылығы сол, автопилоты болғандықтан оның жылдамдығы жақсы, онымен күндіз де, түнде де жұмыс істей аласыз. Осы техниканың көмегімен бір күнде 30 га жер егуге болады, - дейді ШҚ басшысы Егемен Жұмағали.

Осы орайда Бейбіт Исабаев Жетісу облысында өндірілетін ауыл шаруашылығы шикізатының 65%-ы өңірде қайта өңделетінін, соның ішінде қант өндірісіне ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.  

- Мысалы, өткен жылы облыстың 5 ауданында 8 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылды, соның арқасында 30 шаруа қожалығы қант қызылшасын өндіруге қажетті жалпы сомасы 2,5 млрд.теңгеге 62 бірлік техника сатып алуға мүмкіндік алды. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін, өнімділікті арттыру үшін озық технологияларды меңгеру керек. Бұған заманауи ауыл шаруашылығы техникасы да үлкен ықпал етеді, - деді облыс әкімі.

Өткен жылы Сарқан ауданында 3 жаңа сервистік-дайындау орталығы құрылды, оларға 4 сепкіш, 3 қызылша комбайны және 3 пәлек жинайтын машинасы сатып алынды. Қазір ауданда 6 СДО жұмыс істейді, онда 30-ға жуық ауыл шаруашылығы техникасы бар. Ауданда қант қызылшасын өсірудің агротехнологиясы дамығанын ескерсек, өткен жылы тәтті түбір алаңы 2 есеге ұлғайтылды, ал биыл тағы 900 гектарға артады. Осылайша, Сарқан ауданында бұл дақылдың алқабы 3,8 мың гектар болмақ.

Жалпы осы жылы облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға 45 млрд.теңге бөлінді, оның 27 млрд. теңгесі немесе 59% – субсидия.

Қазақстанның ең ұзын лағманы: Алматыда жаңа рекорд орнатылды
01 мамыр 2025
Қазақстанның ең ұзын лағманы: Алматыда жаңа рекорд орнатылды

Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Алматының Жетісу ауданында бірегей іс-шара өтті.

Алматы әкімдігінің мәліметінше, «Айнабұлақ» шағын ауданындағы № 4 мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде ел тарихындағы ең ұзын — 1704 метр болатын лағман дайындалды және бұл факт Қазақстанның Рекордтар кітабында ресми тіркелді. Жалпы 19 келі ұннан қамыр иленіп, 50-ден астам аспаз тағамды екі сағаттың ішінде дайындаған.

— Аспаздардың алдында қамырды жыртып алмай дайындау міндеті тұрды. Қиындықтарға қарамастан біздің аспаздар оны өте жақсы дайындады, — деді Жетісу ауданы Аналар кеңесінің төрайымы Рахима Омарова.

 

Талдықорғанда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді
13 мамыр 2025
Талдықорғанда ақ халатты абзал жандарға құрмет көрсетілді

Бүгін Талдықорған қаласында Халықаралық мейірбике күні аталып өтті. Бұл күнді мейірбике ісі қызметінің негізін қалаушылардың бірі Флоренс Найтингейлдің туған күнін атап өту үшін 1974 жылы Халықаралық мейірбике ісі кеңесі таңдады.

Салтанатты жиында Жетісу облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Садыков Асқар Маратұлы құттықтау сөзінде денсаулық сақтау жүйесіндегі мейірбикелердің рөлін атап өтті. Олардың ұзақ жылдар бойы жинаған баға жетпес еңбегі мен тәжірибесі науқастарды түрлі дерттен сауықтыруға қызмет етіп келеді.

- Сіздерді 12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бүгін сіздер осы ұлы істің лайықты ізбасарысыздар. Сіздер күнделікті кәсіпқойлықтың жоғары деңгейін және әрбір пациентке шынайы қамқорлықты көрсетесіздер.

Сіздердің жұмыстарыңыз тек терең білімді ғана емес, сонымен бірге шыдамдылықты, мейірімділік пен жанашырлықты қажет етеді. Сіздерге шыдамдылық пен адалдық таныта білгендеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын! - деді басқарма басшысы.

Салтанатты жиында Көксу аудандық орталық ауруханасының онколог кабинетінің мейірбикесі Лайла Балабекова «Еңбек ардагері» төсбелгімен және Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бас мейірбикесі Жанна Кариева «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен марапатталды.

Кәсіби мереке қарсаңында «Өз кәсібінің үздігі» төрт номинациясы бойынша жеңімпаздар марапаталды.

"Стационардың үздік медбикесі" номинациясын Ақсу орталық аудандық ауруханасының хирургиялық бөлімшесінің медбикесі Раушан Казиева, "Алғашқы медициналық-санитарлық көмектің үздік медбикесі"  номинациясын Ескелді аудандық орталық ауруханасының мейірбикесі Арай Ахметова,  "Үздік фельдшер" номинациясын Бескөл дәрігерлік амбулаториясының фельдшері Азамат Құрамысов және "Үздік акушер" номинацияын  Алакол аудандық Ақтүбек дәрігерлік амбулаториясының мейірбикесі Мадина Низабекова  жеңіп алды.

Сонымен қатар мейірбикелер кәсіби мерекеге орай Денсаулық сақтау министрінің Құрмет граммотасымен және Алғыс хаттарымен марапатталды.

Жетісу облысындағы медициналық ұйымдарда алты мыңнан астам мейірбике жұмыс істейді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.