Валюта бағамы
  • USD -

    521.7
  • EUR -

    613.5
  • RUB -

    6.59
Жемқорлықпен күрес: Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды
Фото: Антикор 14 шілде 2024
Жемқорлықпен күрес: Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жартыжылдығындағы жұмысының қорытындысын шығарды, деп хабарлайды Ulys.

Алқа жұмысына Президент Әкімшілігінің, Бас прокуратураның өкілдері, Қоғамдық кеңес мүшелері, сондай-ақ Агенттіктің және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылық және жеке құрамы қатысты.

Агенттік төрағасы Асхат Жұмағали өз баяндамасында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының іске асырылуы, азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және елді дамытуға бағытталған қабылданып жатқан шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының бірқатар тапсырмаларының орындалуы туралы хабардар етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу жұмыстары аясында ағымдағы жылы 113 талдау мен мониторинг жүргізілді.

Білім, ғылым және спорт саласында маңызды талдаулар аяқталды.

Бюджеттік процестерді автоматтандырудың және деректер базасын интеграциялаудың болмауынан туындаған бюджет қаражатын жоспарлау және игеру кезеңдеріндегі жүйелік тәуекелдер білім беру саласында анықталды.

Бүгінгі күні қабылданып жатқан шаралармен қосарланған қаржыландыру, «жоқ жандарға» төлемдер, үстемеақылар мен тіркеулерді асыра бағалау фактілері алынып тасталады.

Ғылым саласына жүргізілген талдау ғылыми жобаларды іріктеудің ашықтығына, оларды іске асырудың формальдылығына, нәтижелер үшін жауапкершіліктің болмауына, зерттеу қорытындыларының төмен сұранысына байланысты елеулі тәуекелдерді айқындады.

Жобалардың 90%-ы белгіленген мақсаттарға жете алмайды, ал зерттеулердің 70%-ы практикалық маңызы жоқ мақалалар мен кітаптар жазумен аяқталады.

«Жоғары жетістіктер спорты» мен «бұқаралық спорт» арасындағы қаржыландыру теңгерімсіздігі, сондай-ақ оның ашықтығы спорт саласындағы теріс пайдалану үшін елеулі тәуекелдерді тудырды.

Агенттік қаржыландырудың ашықтығын, мемлекеттік қаражаттың тиімсіз жұмсалуын, өнім берушілердің үлестестігін, сатып алу бағасын көтеруді белгіледі.

Барлық көрсетілген талдаулар бойынша орындалуы Президент Әкімшілігінің бақылауындағыТәуекелдерді жою туралы жол карталары әзірленді.

Дәрі-дәрмектермен сапалы қамтамасыз ету мәселесінің өзектілігіне байланысты «СК-фармацияда» талдау жүргізілді.

Компанияда анықталғандай, сатып алу жүйелері тиімсіз құрылған, қажетсіз «төсемдер» жасалған, көтерме жеткізушілердің картельдік келісімі бар және олардың қызметіне тиімді бақылау жоқ.

Агенттік жұмысында жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және парасаттылық құндылықтарын насихаттауға ерекше көңіл бөлінеді.

Бизнесті қорғау шеңберінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Бизнеске жол» жобасын іске асыруды жалғастыруда.

Ағымдағы жылы 84 проблемалық кейс шешілді, 9,5 мыңға жуық кәсіпкердің құқықтары қорғалды.

Мысалы, Түркістан облысында фермерлерге суармалы суды қайта сатқан делдалдардың қызметі тоқтатылды.

Біздің бастамамыз бойынша су жеткізушімен тікелей шарттар жасалды, бұл ауыл тұрғындары үшін бағаны 2 есеге төмендетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің өңірлік бөлімшелері ағымдағы жылы проблемалық тұрғын үй және әлеуметтік объектілерді сүйемелдеуді жалғастырды.

Мониторингте 156 жоба бар, олардың 40-ы аяқталды.

Мәселен, Агенттіктің бақылауымен ағымдағы жылы 9 мектеп салынды, еліміздің 14 ауылында сумен жабдықтау іске қосылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен бір мезгілде жазаның бұлтартпаушылық қағидатын қамтамасыз етуге үлкен көңіл бөлінеді.

Жыл басынан бері 876 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді.

Оның едәуір бөлігі парақорлық, жымқыру және лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану болып табылады.

592 адам әшкереленді, оның 107-сі әртүрлі деңгейдегі басшылар. 329 адам сотталды.

Сонымен қатар, Агенттік қылмыстық топтарды, жоғары лауазымды тұлғалардың қатысуымен тұрақты схемаларды әшкерелеуге, жүйелі жемқорлықты анықтауға байланысты сандық емес, сапалық көрсеткіштерге бағдарланған.

Бұзылған құқықтар мен әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтірудің маңызды құрамдас бөлігі залалды өтеу және активтерді қайтару болып табылады.

Ағымдағы жылы аяқталған істер бойынша 195 млрд теңге өтелді.

Ал 2,5 жыл ішінде Қазақстан халқына 1,07 трлн теңге қайтарылды.

Агенттік халықаралық құқық қорғау желілерімен – БҰҰ жанындағы GlobE, Эгмонт, CARIN және ARIN тобымен белсенді ынтымақтастық құрылды, бұл шетелдік серіктестермен ақпарат алмасуды айтарлықтай жеделдетеді және жеңілдетеді.

Бүгінгі таңда Агенттік жемқорлыққа қарсы ведомстволармен 13 меморандум жасап, оның төртеуіне биыл қол қойылды.

Олар Әзербайжан, Гонконг, Қатар және Ресей.

Сондай-ақ, алқа отырысында түрлі салалардағы жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, цифрлық құралдарды енгізу, жоспарланған заңнамалық өзгерістер, қылмыстық процесте адам құқықтарының заңдылығын және қорғалуын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Талқылау барысында пікір алмасып, қабылданып жатқан жемқорлыққа қарсы шараларды жетілдіру бойынша бірқатар ұсыныстар айтылды.

Қорытындылай келе, Асхат Жұмағали Агенттіктің жемқорлыққа қарсы саясатты сапалы іске асыру жөніндегі жұмысын жалғастыратынын атап өтті, оның негізгі бағыттары жемқорлыққа қарсы ымырасыз күрес, оның алғышарттарын жою, жазаның бұлтартпастығын қамтамасыз ету, заңсыз шығарылған активтерді қайтару және бизнесті жемқорлықтан қорғау болып қала береді.

Ведомство басшысы Мемлекет басшысының азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыруға және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған тапсырмаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету туралы айтты.

Агенттіктің құрылымдық және аумақтық бөлімшелерінің басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.

RELATED NEWS
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында
11 ақпан 2025
Жемқорлықпен күрес: Әлемдік рейтингте Қазақстан нешінші орында

Transparency International «Сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексі» халықаралық рейтингінде 2024 жылы Қазақстан нәтижелерін тағы да жақсартты, деп хабарлайды Ulys Антикорға сілтеме жасап.

Әлем бойынша орташа балл – 43, ал «Шығыс Еуропа және Орталық Азия» аймағында (19 ел) 35 болды.

Қазақстан рейтингінің 2016 жылдан бастап айтарлықтай өскен ел ретінде атап өтілді – 11 баллға (29 баллдан) өсу.

«Орталық Азия өңірі елдерінің ішінде Қазақстан ең жоғары позицияны иеленеді және рейтингті жақсартқан жалғыз ел болып саналады. Индексте Қазақстаннан кейін Үндістан (38), Индонезия (37), Аргентина (37), Сербия (35), Украина (35), Бразилия (34), Таиланд (34), Түркия (34), Беларусь (33), Ресей (22) және т.б. елдер орналасқан. Жемқорлықты қабылдау индексі Қазақстанның рейтингін шығару үшін 9 түрлі ұйымның деректері пайдаланылған композиттік индекс болып саналады. Рейтинг мемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықты қабылдаудың сараптамалық және бизнес-бағалауларына негізделген», - делінген Антикор хабарламасында.

Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.