Валюта бағамы
  • USD -

    528.5
  • EUR -

    547
  • RUB -

    5.21
Жаңа салынатын үйлердің терезесіне қауіпсіздік құлыптары орнатылмақ - сарапшы
29 наурыз 2024
Жаңа салынатын үйлердің терезесіне қауіпсіздік құлыптары орнатылмақ - сарапшы

Көпшілік адам баласын өмірінің жалғасы, мәні деп бағалайды. «Бала – бауыр етің» деген қазақтың сөзін де жиі естіп жатамыз. Бір анадан «Қай балаңды қатты жақсы көресің?» деп сұрағанда: «Ауырған баламды жазылғанша, шығып кеткен баламды оралғанша, кіші баламды өскенше жақсы көремін. Кеудемдегі жүрегім тоқтағанша, бәрін жақсы көріп өтемін» деп жауап беріпті. Осы баланы жақсы көру бар да оған жауапкершілік бар. Бала – үлкен жауапкершілік. Оның дені сау, жаны мен тәнінде жарақаты жоқ болып өсуіне баланың ата-анасы тікелей жауапты.

Қазіргі кезде бала қауіпсіздігі аса маңызды әрі өзекті. Бөбектер арасында жазатайым оқиғалар өте жиі кездеседі. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, өткен жылы еліміз бойынша 100-ден аса бала көпқабатты үйдің терезесінен құлап кеткен. Бұған қоса балардың отпен немесе сумен ойнауының соңы көбінесе өкінішке соқтырады. Көп жағдайда балалар мен жасөспірімдердің отты дұрыс қолданбауы, қауіптілігін ескермеуі апатты жағдайға ұласып жатады. Әсіресе жаз айларындағы ыстық күндері от жағу, жанған отты дұрыс сөндірмеу, жанғыш заттарды бей-беркет қолдану, оларды жану қауіптілігі жоғары жерлерге тастаудың қауіпі зор.

«Ата-ана кез келген қауіптің алдын алу үшін балаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп және өзі де оған үлкен жауапкершілікпен қарау керек. Мәселен, балаларға қандай орында от тұтату, сіріңке сияқты заттарды орынмен қалай қолданып, қалай сөндіру керектігін үйрету керек. Баларды үйде қалдырып, сыртынан жауып кетудің салдарынан түрлі қайғылы оқиғалар көптеп кездеседі. Сонымен қатар балалардың бос уақыттарын ұйымдастыра алмау, оларды ата-аналарының қараусыз қалдыруы әртүрлі жазатайым жағдайларға, жарақат пен өлімге алып келеді», - дейді азаматтық белсенді, балалар қауіпсіздігі және отбасын дамыту саласындағы сарапшы, Amansabi.kz ақпараттық ресурсының авторы Динара Құсаин.

Терезеден балалардың құлап кетуін алдын алу мақсатында үкіметтік деңгейде бірқатар жұмыстар жасалып жатыр. Енді жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің терезелеріне  қауіпсіздік құлыптары орнатылмақ.

«Менің бір практикалық ұсыныстарымның бірі - жаңа салынған көпқабатты үй кешендері терезесіне қауіпсіздік құлыптарын орнату. Әрине бұл менің жеке жеңісім емес, соны естіп, қолдағандардың жалпы нәтижесі - осы норманы бұйырса сәуір айында заңнамаға Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі енгізбекші», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар Динара елімізде балалардың ақпараттық, сексуалдық қауіпсіздігіне қатысты да мәселелердің бар екенін алға тартты.

«Мен жақында ғана баланың сексуалдық қауіпсіздігі бойынша тікелей эфир өткіздім. Онда аталған мәселеге қатысты көптеген алдын алу шарасы туралы пкірілдерімді айттым. 3 жастан бастап, сөйлеу деңгейіне байланысты, балаларға іш киім ережесін үйрету керек. Ана/әке/әжесінен басқа (сенімді адамдарды өзіңіз анықтаңыз), іш киім жауып тұрған дене мүшелеріне ешкімнің қол тигізуге, ұстауға құқығы жоқ. Ерекше жағдайлар: бақшадағы тәрбиеші дәретханаға баруға көмектесетін кезде; дәрігер қараған кезде. Бірақ ата-ана сол кезде баласының қасында болуы тиіс. 3 жастан бастап, балаларға басқа дене мүшелері тәрізді сыртқы жыныс мүшелерінің атауларын да - пенис, вульва - үйрету қажет.  Ұят емес, ол адамның физиологиясы. Баланың өз денесі туралы біліктігі — жыныстық зорлық-зомбылықтың алдын алу фактордың бірі болып табылатындығын есте ұстауымыз керек. Бар мәселелерді балаға репродуктивті денсаулық тұрғысынан түсіндіру қажет. Мысалы, “жыныстық мүшелер — сенің болашақта салауатты ата-ана болу, және келешекте сенің де балаң сау болуы үшін өте маңызды органдар. Жыныстық мүшелер өте нәзік. Сондықтан басқа адамдар оларға қол тигізбеуі керек”, - дейді Д.Құсаин.

RELATED NEWS
Демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толды
07 наурыз 2024
Демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның құрылғанына 25 жыл толды

Астанада ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына арналған Қазақстан әйелдерінің форумы өтті. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

Мемлекет басшысы ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай құттықтау жолдады.

«Комиссия гендерлік тендікті қамтамасыз ету, отбасы институтын нығайту және ана мен баланы корғау ісінде ерекше рөл атқарып келеді. Бұл құрылым уәкілетті органдардың, азаматтық сектордың және бизнестің күш-жігерін тоғыстыратын тиімді мінберге айналды. Сіздердің еселі еңбектерініздің арқасында Қазақстан бірқатар халықаралық конвенцияны ратификациялап, гендерлік теңсіздікті жою жөніндегі барлық міндеттемелерін орындап келеді. Біз әйелдердің қоғамдағы мәртебесін көтеру жене отбасы құндылықтарын дәріптеу үшін жүйелі шараларды жалғастырып, баршаға бірдей мүмкіндік беретін мемлекет – Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасаймыз», – делінген Президенттің құттықтау сөзінде.

Форум барысында Парламент депутаттары, халықаралық ұйымдар мен азаматтық сектор мен халықаралық ұйымр өкілдері отбасылық-демографиялық саясат, әйелдердің қазіргі қоғамдағы рөлі, отбасыларды әлеуметтік және экономикалық қолдау, балалардың құқықтары және басқа да көптеген маңызды мәселелерді талқылады.

25 жыл ішінде Ұлттық комиссия отбасылық және гендерлік саясаттағы өзекті мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүйесін құра алды. Комиссия мен серіктестердің бірге атсалысуының арқасында әйелдер, отбасы және балалар құқықтарын қорғауға бағытталған жүздеген табысты жобалар мен бастамалар жүзеге асырылды. Комиссия осы сала бойынша маңызды шешімдер шығарып, оларды іске асыруға белсенді араласатын бірегей органға айналды.

«Amanat» партиясының хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі Шолпан Каринова, БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Микаэла Фриберг-Стори және басқа да спикерлер комиссияның рөлі айтарлықтай ерекше екенін атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар әйелдер құқықтары мен отбасылық құндылықтарды қорғау саласындағы одан әрі ынтымақтастық орнатып, бірлесіп жұмыс атқаруға дайын екендігін атап өтті.

Қорытындылай келе, Аида Балаева бүгінгі форум отбасы мәртебесін арттыруға, гендерлік теңдікті сақтау жұмыстарын одан әрі дамытуға, жетістіктер мен перспективаларға жол ашып, бірлескен жұмысқа жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Ерекше жандарға күш берген - «Тең  мүмкіндіктер  әлемі»
27 наурыз 2024
Ерекше жандарға күш берген - «Тең  мүмкіндіктер  әлемі»

Қазақстанда 700 мыңнан аса мүгедектігі бар жандар тұрады. Елдің әр түпкірінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған дене шынықтыру және спорт бөлімдерін ашу көпшілік жағдайда үкіметтік емес ұйымдардың бастамасымен жүргізілуде. Осы бағытта ауыз толтырып жұмыс жасап жүрген «Қазақстан бочча федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі мен «Тең  мүмкіндіктер  әлемі» қоғамдық қоры. Бұл ұйымдардың қажырлы еңбектерінің арқасында мыңнан аса мүмкіндігі шектеулі балалар мен жастар спортпен шұғылданып, өмірде өз орнын табуда.

Бочча спорт Қазақстанда енді ғана дамып, мүгедектігі бар азаматтар, оның ішінде балалар мен жастардың арасында қарқын алып келе жатыр. Бұл ауыр тірек қимыл аппарат зақымдалған жандарға арналған паралимпиадалық спорт түрі.

«Туризм және спортты қолдау қорының  қолдауымен 2023 жылдың ішінде бочча спортшылары 3 халықаралық жарыстарға қатысап, әлемдік рейтингте алғаш ұпайларды жинай бастады. «Тең  мүмкіндіктер  әлемі» қоғамдық қоры  «Саламатты болашақ» атты әлеуметтік жобаны  Қазақстанның 23 қалада іске асыруда. Бұл жоба Қазақстанда бейімделген дене шынықтыру мен спортты дамытуға, оның ішінде мүгедектігі бар балаларға арналған интеграцияланған нысандағы спорт секцияларының желісін құру арқылы жәрдемдесу жөніндегі шаралар кешені. Жоба 2018 жылдан бастап  «Samruk-Kazyna Trust»   қорының   қаржыландыруымен   іске асырылуда», - дейді «Тең мүмкіндіктер әлемі» қоғамдық бірлестігінің  директоры, Қазақстан бочча федерациясының бас хатшысы Нұргүл Ұлжекова.

Оның айтуынша «Саламатты болашақ» жобасының  басты  мақсаты  ерекше балалар мен  олардың  ата-аналарының  арманын  орындау. Мұнда   ерекше   балаларға   арналған    бочча,   голбол,   адаптивті   жүзу,   адаптивті  каратэ,  адаптивті таэквондо,  адаптивті дзюдо, адаптивті пионербол,   адаптивті футбол, бейімделетін   жеңіл   атлетика,   инклюзивті   хореография   секілді   спорттың   әртүрі  қарастырылған.   Қымбат  тұратын  оңалту  шараларына  қарағанда  жыл   бойы спортпен  шұғылдану  ерекшелігі  бар  балалар   үшін  анағұрлым  пайдалы.  Олар  спорт  үйірмелерінен   нағыз   достар   тауып, өздеріне   деген   сенімділіктерін    нығайтады.

Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты
02 наурыз 2024
Шешен журналист қазақ халқына алғыс айтты

Шешен журналист Саид Бицоев Қазақстан халқын көктемнің алғашқы күніндегі алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна"  порталы. 

Саид Бицоев қазақстандықтарға ізгі тілегін арнады:

"Сіздерді көктемнің осы тамаша мерекесі – Алғыс айту күнімен құттықтаймын. Біз 1944 жылы Қазақстан паналаған репрессияға ұшыраған ингуш шешендердің тікелей ұрпағымыз. Біз бірнеше саяси қасіретті кезеңді бірге өткерген елдерміз.  Сталиндік террордың ауыр зардаптарынан әлі айыға қоймаған қазақстандықтар Кавказ халқына көмек қолын созды. Қазақстандағы «сталиндік террор» құрбандарының жалпы саны бірнеше миллионнан асады. Бірақ дана қазақ шешен, ингуш және басқа жер аударылған халықтардың өздері сияқты құрбан болғанын түсінді. Сондықтан мүмкіндігінше көмектесіп, қолдау көрсетуге тырысты, бұл ондаған мың адамды ажалдан аман алып қалды" деп жазды журналист өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, ол қазақстандықтардың жанашырлығын ешқашан ұмытпайтынын айтты:

"Ғасырлар өтсе де, қазақтың ерлігі, батылдығы мен тектілігі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, жүрегімізде сақталады. Біз қазірден бастап бірге болуға лайықпыз! Бауырлас халық болуға дайынбыз! Рақмет, қазақ елі!" деді ол.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.