Валюта бағамы
  • USD -

    487.9
  • EUR -

    530
  • RUB -

    5.09
Гүлнара Каримованың Швейцарияда жасырған 131 миллион доллары Өзбекстанға қайтарылмақ
17 тамыз 2022
Гүлнара Каримованың Швейцарияда жасырған 131 миллион доллары Өзбекстанға қайтарылмақ

Швейцарияның Берн қаласында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнара Каримованың активтерін қайтару туралы келісімге қол қойылды. Бұл туралы Өзбекстанның Әділет министрлігі хабарлады.

«Келісім аясында Өзбекстанның бұрынғы президентінің қызы Гүлнар Каримова басқарған ұйымдасқан қылмыстық топ заңсыз иемденіп, Швейцарияда заңдастырылған 131 миллион доллар қайтарылады», - делінген министрліктің хабарламасында.

Келісімге Өзбекстан тарапынан Әділет министрі Русланбек Давлетов, Швейцария тарапынан президент Иньяцио Кассис қол қойды.

Сонымен қатар аталған келісім Өзбекстанның Әділет және Ішкі істер министрліктері мен құзырлы ведомстволар арасындағы соңғы 2 жылдағы жұмыс нәтижесі екені айтылды.

Реституция БҰҰ-ның көп-серіктестік траст қорлары жүйесінде орналасқан «Uzbekistan Vision 2030» траст қоры арқылы жүргізілмек.

RELATED NEWS
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ
19 қараша 2019
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІНІҢ ПРЕЗИДЕНТТЕРІ ӨЗБЕКСТАНДА БАС ҚОСАДЫ

Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуі 29-қараша күні Ташкентте өтеді. Бұл туралы Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов айтты. 

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ташкентте Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан Сыртқы істер министрлері қатысқан. Олар Ташкентте өтетін Орталық Азия мемлекеттері басшыларының екінші Консультативтік кездесуіне дайындық барысын талқылады. Министрлер Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары консультативтік кездесуінің күн тәртібін, бірлескен мәлімдемесі мен регламентінің жобаларын нақты қарады. Сондай-ақ өңірлік өзара іс-қимылды одан әрі нығайтудың жай-күйі мен перспективалары талқыланды.

Орталық Азия бағытындағы маңызды ортақ жетістігі ретінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2018 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында өткен ОА мемлекеттері басшыларының Жұмыс (консультативтік) кездесуі болды. Бұл – көп жылдар ішіндегі мұндай форматтағы алғашқы кездесу болып, оның барысында өңір елдерінің көшбасшылары бесжақты ынтымақтастықтың негізгі басымдықтарын анықтап, болашаққа жоспарлар белгіледі.

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өз сөзінде Орталық Азия елдерімен жан-жақты кооперациялық байланыстарды дамыту және өңірдің маңыздылығын нығайту Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі басымдықтарының бірі болып табылатынын атап өтті. 

Кездесу қатысушылары өзбек тарапына іс-шараны сапалы ұйымдастырғаны және Өзбекстанның аймақтық интеграцияны одан әрі дамытуға бағытталған күш-жігері үшін алғыс білдірді.

 

 

Суреттер mfa.gov.kz сайтынан алынды. 

 

АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ
30 тамыз 2019
АҚТАУДА ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС КОНСУЛДЫҒЫ АШЫЛДЫ

Бүгін Ақтау қаласында бауырлас Өзбекстанның Бас консулдығы ашылды. Салтанатты шараға Маңғыстау облысының әкімі  Серікбай Тұрымов пен Өзбекстанның Қазақстандағы елшісі Саидикрам Ниязходжаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Бұл Маңғыстау жерінде ашылып отырған бесінші консулдық. Бұған дейін Түркия, Иран, Әзірбайжан және Түрікменстан елдерінің консулдығы ашылған еді.

Өзбекстанда су қоймасы жарылып, елді мекенді су басты
02 мамыр 2020
Өзбекстанда су қоймасы жарылып, елді мекенді су басты

1 мамырда нөсер жаңбыр жауып, қатты жел соғуы салдарынан Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бөгеті жарылып кеткен. Елді мекендерге, коммуникациялық желілерге, егістіктерге зақым келген, деп хабарлайды Өзбекстанның ұлттық ақпарат агенттігі.

 

Су қоймасына жақын маңдағы махаллалардың тұрғындары эвакуацияланып, мектептерге, колледждерге, кәсіпорындарға орналастырылды.

Ел Президенті Шавкат Мирзиёев апат болған жерге келіп, қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындармен жүздесті. Ол барлық жапа шеккен адамдарға көмек көрсетілетінін, баспанамен, азық-түлікпен қамтылатынын атап өтті.

Сондай-ақ, үкіметтік комиссия құрылып, апаттың зардабын жою шаралары қолға алынды. Қазіргі сәтте бөгеттен су ағуы тоқтады. Арнадан асқан су Ақалтын ауданындағы Абай каналымен Жизақ облысындағы Арнасай көліне ағызылды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.