Валюта бағамы
  • USD -

    543.1
  • EUR -

    642.5
  • RUB -

    6.53
Гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі
Фото: ашық көзден 18 қыркүйек 2024
Гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі

Гендерлік саясат – жаһандану дәуіріндегі ең өзекті мәселелердің бірі. Біздің ел тәуелсіздік алған жылдардан бері қарай нәзік жандыларға тең қолжетімділікті және өмірдің барлық салаларына қатысуды қамтамасыз етуі тиіс деген демократиялық жолды ұстанып келеді. Содан бергі кезеңде бізде қазақстандық қоғамға тән гендерлік саясаттың жаңа еуразиялық моделі қалыптасқанына бәріміз куәміз.

Гендерлік саясат және биліктегі әйелдер индексі 

Әйелдер мен ерлердің құқығына, жынысына, гендерлік рөлдеріне қатысты мемлекеттің ұстанған бағытына гендерлік саясат деп баға берілгені бәрімізге белгілі жәйт.  Кез келген мемлекеттің осы тұрғыдағы ұстанған саясаты көп жағдайда қандай да бір халықтың ұлттық және діни дәстүрлеріне сай анықталған. Бүгінде көптеген мұсылман елдерінде ерлер мен әйелдердің құқықтарында айта қаларлықтай айырмашылықтар бар.  Мәселен, әйелдер ерте жастан тұрмысқа шығулары керек. Бөріктілер болса, ешқандай себепсіз әйелдерімен ажырасып кете береді. Ал нәзік жандыларға мұндай қадамға бару үшін түрлі өткелектерден өтуге тура келеді, бір сөзбен айтқанда, әйелдерге тыйым салынған жайлар жетіп артылады.

Көптеген мемлекеттердегі қабылданған заңдар негізінен еркек пен әйелдің теңдігін сақтауға орайластырылған. Некеге тұру жасы ерлер үшін де, әйелдер үшін де бірдей. Сайлау мен сайлануға да тең құқылы, жұмысқа да кедергісіз қабылданады. Дегенмен, ерлер мен әйелдердің арасындағы құқықтар мен міндеттердің ерекшелігі кей жағдайда анық байқалады. Мәселен, Ресей Федерациясында, басқа да Еуропа елдерінде әскери қызметті атқаруға тек ер азаматтар ғана құқылы болса, Израильде ерлер де, әйелдер де әскери  міндетті өтеуге борышты болып саналады. Жаза берсек, мұндай мысалдарды көптеп келтіруге болады.

Енді әлемдік саясатта әйелдердің рөлі қай деңгейде деген сауалға жауап іздеп көрейік. Халықаралық Council on Foreign Relations зерттеу орталығының 2024 жылдың тамызында жариялаған Биліктегі әйелдер индексіне (Women’s Power Index 2024) зер салсақ, осыған қатысты біраз мағлұматқа көз жеткіземіз. Орталықтың БҰҰ-ға мүше 193 мемлекеттің гендерлік теңдікке жету саласындағы көрсеткіш­терін бағалайтын есепте мемлекет немесе үкімет басшылары, министрлер кабинетінде, ұлттық заң шығарушы органдарда, ұлттық заң шығарушы органға, жергілікті мемлекеттік органдарға кандидат болған әйелдердің үлесін талдап көрсетеді. Осы зерттеу дерекке сүйенсек, 193 мемлекеттің ішінде 25 елде ғана мемлекет немесе үкімет басшысы әйел болған. Сондай-ақ, 15 елде министрлер кабинетінің құрамы кем дегенде 50 пайызды әйелдерден құраса, 6-ақ мемлекетте Парламенттегі нәзік жандылар саны 50 пайыздан кем еместігі белгілі болған. Ал посткеңестік мемлекеттер ішінде Грузия, Молдова, Латвия, Литва елдерінде әйел мемлекет басшысы бар.    

Қазақстан билігіндегі әйелдер индексіне тоқталар болсақ, (1) саяси паритет – 23%, (2) мемлекет басшысы - Ер, (3) 1946 жылдан бергі мемлекет басшысы - 0, (4) министрлер кабинеті – 14%, (5) ұлттық заң шығарушы орган – 21%, (6) ұлттық заң шығарушы орган кандидаттары - 23%, (7) жергілікті заң шығарушы орган - 31%. Қорытындылай келгенде, 193 елдің билігіндегі әйелдер индексінің жалпы көрсеткішінің ішіндегі Қазақстан әйелдер индексі барлығымен салыстырғанда орташа деңгейден төмен екені белгілі болды. Мамандардың айтуынша, оның басты себебі – мемлекеттік басқару жүйесінің барлық тармағындағы әйелдердің саяси өкілдігі мен қатысу деңгейінің төмендігінен екен. Гендерлік квота туралы

Гендерлік квота - бұл үкіметтегі, қандай да бір болмасын компанияның топ менеджментіндегі, биліктің өзге де салаларындағы ерлер мен әйелдердің өкілеттіктерінің шектеулі нормалары. Мұндағы негізгі мақсат - ерлердің де, әйелдердің де саяси өмірге белсене араласып, елдегі немесе өзі еңбек ететін ірі ұйымдардағы маңызды шешімдерді қабылдауға ат салысуын қамтамасыз ету.

Алайда нәзік жандылардың көпшілігі (тіпті феминисткалардың да басым бөлігі) гендерлік квоталардың енгізілуін қаламайды. Олардың пайымынша, бұл әйелдерді ерлерден бір саты төмен қоятын сенімін жою, беделін түсіру түріндегі кемсітушілік  болып табылады. Сонда гендерлік теңдік туралы әңгіме қозғаудың қажеті бар ма?

Заң бойынша екі жыныстың өкілдерінің де мүмкіндіктері бірдей, дегенмен саясаткер  немесе топ-менеджер болу әйелдер үшін біршама қиынға соғады. Мәселен, теріскейдегі көрші ел Ресейде жоғары білімді әйелдердің үлес салмағы ерлерге қарағанда біршама жоғары (37 немесе 29 пайыз) болса да, олардың қызметтік баспалдақта жоғары өрлеуі сирек құбылыс. Кей кездері компаниялардың кейбірі артық шығын шығармауды ойлап,  (мәселен, декреттік демалысқа шығып, бала күтімімен үйде отырған әйелге төлемақы төлемес үшін)  жас қыздарды жұмысқа қабылдай бермейді. Оның үстіне біздің қоғамымыз әлі де гендерлік таптаурынның құрсауынан шыға алмай отыр. Демек, әйелдің міндеті ошақ басын ұстау, бала тәрбиесімен айналысу деген қағида өз мәнін әлі де толық жоя қоймаған.

Саясаттағы гендерлік квота

Мамандар гендерлік квота туралы жиі сөз қозғалғанда, әйелдердің саяси өмірге араласуын меңзейді. Әйелдердің сайлауға қатысуына бірінші рет 1893 жылы Жаңа Зеландияда заң тұрғысында рұқсат етілді. Бірақ  шынын айту керек, заң бойынша мұндай мүмкіндіктің елдің байырғы тұрғындарына еш қатысы болмады. Ал Еуропада мұндай маңызды қадам тек 1905 жылы қолға алынды. Атап айтқанда Финляндия әйелдері сайлауға қатысу  құқығын иеленді, арада бір жыл өткенде дауысқа түсуге мүмкіндік алды. Мұның суфражисткалардың (әйел құқығын қорғаушыларының) қызметінің арқасында мүмкін болғандығын айта кету керек. Алғашқы американдық феминистка Эбигейл Адамс өзінің бір хатында былай деп жазды: «Біз қабылдауына өзіміз қатыспаған, біздің мүддемізді ескермеген заңға бағынбаймыз». Кейіннен осы айтылған кесімді пікірінің арқасында оның есімі бүкіл әлемге танылды. 

«Парламентте ерлер мен әйелдердің санының тең болуы, елдің жалпы демократиялануы және әйелдер мәселесінің өзектілігін жоғалтпау - гендерлік теңдікке қол жеткізудегі міндетті қадам», - дейді саясаткерлер. Бірақ талқыланып отырған шаралар кемсітушілікке қарсы күрестің жалғыз жолы емес. Егер демократиялық елдердегі бұл бағыттағы жұмыстар осы қалыпта жүргізіле беретін болса, гендерлік тепе-теңдік өзінен-өзі қалыптасады, бірақ оған кемінде 70-100 жыл уақыт керек дейді сарапшы мамандар.

Нәзік жандылар да Президент бола алады

«Президент тағына әйелдер отырсын!» дегенді америкалықтар ұзақ жылдардан бері ұрандатып келеді. 2000 жылы NBC телекомпаниясы мен «Wall Street Journal» газетінің бірлескен сауалнамасының мәліметтерне сәйкес, америкалықтардың 80 пайыздан астамы әйелдерге дауыс беруге дайын екендіктерін мәлімдепті. АҚШ-тағы сайлауға 1,5 жыл уақыт қалғанда ел тұрғындарының 55 пайызы президент лауазымында әйел адамды көргілері келетіндіктерін жасырмаған.

Бір атап өтетін жай, АҚШ-та әйелдердің президент орынтағына отыруға деген талпыныстары өткен ғасырдың екінші жартысында басталған. Алайда үміткерлердің көпшілігі ұсақ партиялардың тарапынан ұсынылғандықтан, олардың бұл орайда табысқа жетулеріне еш мүмкіндік болмады. Жаңа ғасырдың басында, яғни 2000 жылы Ақ үйдің қожайыны болу үшін Бүкіләлемдік жұмысшылар партиясының көшбасшысы, афроамерикандық әйел Моника Мурхед бағын сынап көрген еді, бірақ оған сайлаушылардың небәры 0,002 пайызы ғана дауыс берді. Естеріңізде болса, біздің елде өткен Президенттік сайлауларда да нәзік жандылар өздерінің кандидатурасын ұсынып, өте аз дауыс жинаған болатын.   

Дегенмен, Council on Foreign Relations зерттеу орталығының 2024 жылдың тамызында жариялаған Биліктегі әйелдер индексіне (Women’s Power Index 2024) көз жүгіртсек, кейінгі кездері алпауыт елдерде саясаттағы әйелдердің рөлі артып келе жатқанын көреміз. Әлемде ел басқарып отырған әйел президенттердің бар болғаны - саясат саласындағы гендерлік теңсіздікті жою барысындағы  толағай табыс екені сөзсіз.   

Қазақ халқы гендерлік саясат дегенді білмей тұрып-ақ әйелдің орнын айқындап, қамқорлықтың сан қилы стратегиясын жасап қойған. Десек те, гендерлік теңдік деңгейі жоғарылаған сайын, отбасы мүшелерінің әрқайсысының тұрмыстық, экономикалық, адамгершілік-тәрбиелік, қорғаушылық және басқа да маңызды функцияларын орындауда жауапкершілігі, тепе-теңдігі де жоғары болатынын естен шығармағанымыз абзал. Бұл тұрғысынан келсек, қазіргі жүргізіліп жатқан гендерлік саясат ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылса құба-құп.

 

 

 

 

 

 

 

 

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.