Қазақстан бокс федерациясы Олимпиада ойындарынан соң бірқатар қызметкерінің жұмыстан босатылғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulys.
Федерациядағылар қызметкерлердің ешқайсысы босатылмағанын, бірақ өзгерістер болатынын айтты.
"Ақпарат шындыққа жанаспайды. Жұмыстан ешкім босатылған жоқ. Өзгерістер жоспарлануда. Ресми дереккөздерде хабарлаймыз", – делінген федерация жауабында.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Бокс федерациясы Мырзағали Айтжановтың қызметтен кеткенін хабарлап, артынша өшіріп тастаған еді. Өшірілген постта жұмыстан босатылғандар тізімін Қазақстан бокс федерациясының вице-президенті Әзиз Қожамбетов бастап тұрған болатын.