Валюта бағамы
  • USD -

    511.9
  • EUR -

    596
  • RUB -

    6.51
Белгілі журналист Нұрбол Қапешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы
02 қазан 2019
Белгілі журналист Нұрбол Қапешов ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы

Белгілі журналист Нұрбол Қапешовтің 
ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалғаны туралы Мәдениет және спорт министрінің кеңесшісі Ерлан Жұрынбаев фейсбуктегі парақшасына жариялады. Бұған дейін ол Qazaqstan Ұлттық арнасында "Apta" ақпараттық - сараптамалық бағдарламасына жетекшілік етіп келген болатын. 

Қапешов Нұрбол Қабдылұлы 1980 жылы туған, жоғары білімді. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын 31 арнадан бастап «ИнтерньюсНетуор» өкілдігінде, Азаттық радиосында, Астана телеарнасында, Қазақстан ұлттық  арнасында журналист, редактор қызметтерін атқарған.

RELATED NEWS
1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті
05 қаңтар 2025
1 қаңтардан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі өсті

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылар мен базалық зейнетақы төлемдерінің барлық түрінің мөлшері  6,5 пайызға, ынтымақты зейнетақы 8,5 пайызға көтерілді, - деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақының ең төмен мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінің 65 пайызынан 70 пайызға дейін ұлғайтылды, бұл 32 360 теңге болып, оның ең жоғары мөлшері ең төмен күнкөріс деңгейінен 105-тен 110 пайызға дейін арттырылып, 50 851 теңге болады.

Мысалы, 2019 жылы зейнеткерлікке шыққан 69 жастағы зейнеткердің 2024 жылы бюджеттен төленетін зейнетақы мөлшері 156 856 теңге болды, оның ішінде базалық зейнетақы төлемі – 45 578 теңге, ынтымақты зейнетақы – 111 278 теңге. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап өсімді ескере отырып, осы зейнеткер үшін зейнетақының жалпы сомасы 171 588 теңгеге дейін ұлғайды, оның ішінде базалық зейнетақы – 50 851 теңге, ынтымақты зейнетақы – 120 737 теңге болды. Аталған сомаларға БЖЗҚ-дағы төлемдер кірмейтінін атап өту маңызды.

 

Сондай-ақ 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері ұлғайды:

  • 1, 2, 3 бала туғанда берілетін жәрдемақы 140 296 теңгеден 149 416 теңгеге дейін, 4 және одан да көп бала туғанда берілетін жәрдемақы – 232 596 теңгеден 247 716 теңгеге дейін ұлғайды;
  • мөлшері балалар санына байланысты берілетін көпбалалы отбасыларға арналған  жәрдемақы 4 баласы бар отбасылар үшін 59 183 теңгеден 63 030 теңгеге дейін, 10 баласы бар отбасылар үшін – 147 680 теңгеден 157 280 теңгеге дейін артты;
  • I топ мүгедектігі бар адамдарға арналған жәрдемақы 95 496 теңгеден 101 702 теңгеге дейін, II топ – 76 397 теңгеден 81 362 теңгеге дейін, III топ – 52 089 теңгеден 55 474 теңгеге дейін өсті.

Сондай-ақ, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) асыраушысынан айырылу және еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша төлемдер мөлшері 6,5 пайызғңа артты. Аталған төлемдер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға бюджеттен берілетін мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша жүзеге асырылады.

Төлемдердің мөлшері жеке санаттарға және мыналарға байланысты болады:

  • соңғы 2 жылда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табыс;
  • еңбекке қабілеттілігінен айырылу коэффициенттері;
  • асырауындағы адамдар саны;
  • міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі және табысты алмастыру.
Жаңа жылдан бастап елімізде кедейлік шегі басқаша есептеледі
27 желтоқсан 2024
Жаңа жылдан бастап елімізде кедейлік шегі басқаша есептеледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Кедейлік шегінің мөлшерін айқындау туралы» бұйрыққа тиісті өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ulys.

2025 жылдан бастап Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек тағайындау үшін кедейлік шегі жаңаша есептеледі. 

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап кедейлік шегі медианалық табыстың 35 пайызын құрайды. Бірақ оның мөлшері өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ынан төмен болмауға тиіс.

Айта кетері, қазір кедейлік шегі ең төмен күнкөріс деңгейінің 70 пайызы мөлшерінде айқындалады.

Бұйрық 6 қаңтарда күшіне енеді.

Енді  бірнеше жұмыста қатар істеген әйелдер декреттік төлемді аз алатын болады
12 сәуір 2025
Енді бірнеше жұмыста қатар істеген әйелдер декреттік төлемді аз алатын болады

Биыл сәуір айынан бастап Қазақстанда декреттік төлемдерді есептеу тәртібіне қатысты өзгеріс күшіне енді. Енді жүктілік пен босануға байланысты әлеуметтік төлем 7 ең төменгі жалақыдан аспайтын орташа айлықпен есептеледі. Яғни бір емес, бірнеше жұмыста қатар істеп, айына 595 мың теңгеден артық табыс тауып жүрген жүкті әйел декретке шыққанда ең көп дегенде 2 499 000 теңге алады. Ал кейбір аналардың 3 391 500 теңге алуға да құқығы бар. 

Мысалы, қызметкер әйел жұмысынан 2025 жылғы сәуірде декретке шықса, оның орташа айлық кірісін анықтау кезінде 2024 жылғы сәуірден 2025 жылғы наурызға дейінгі кезең ескеріледі.

«Егер соңғы 12 айдағы орташа айлық кіріс 595 000 теңгеден көп болса (жұмыс берушілердің санына қарамастан), онда ол әйелге жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлем былай тағайындалады: емхана парағы 126 күнге берілген жағдайда – 2 499 000 теңге; емхана парағы 170 күнге берілген жағдайда –  3 391 500 теңге», - деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Айта кетері, ядролық сынақтың зардабын тартқан аймақта тұратын және жеңілдіктер мен өтемақыларға құқығын растайтын куәлігі бар әйелдерге емхана парағы 170 күнге беріледі. Яғни осы санатқа кіретін аналардың декреттік төлемі 3,4 миллион теңгені құрайды.

Дегенмен орташа айлық кірісі 595 мың теңгеден асатын әйелдер жұмыс беруші арқылы қосымша төлем ала алады. Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс беруші Қордан төленген соманы шегеріп, орташа жалақысын сақтай отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа ақы төлейді. Бұл еңбек шартында немесе ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актісінде көзделуі мүмкін. Егер мұндай ереже болмаса, қызметкер оны сол құжаттарға енгізуді талап етуге құқылы.

Ал соңғы 12 айдағы орташа табысы 595 мың теңгеден төмен әйелдер үшін жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемді тағайындау тәртібі өзгермейді.

Сегізінші сәуірден күшіне енген бұл өзгерістердің жұмыс істемейтін әйелдерге еш қатысы жоқ. Олар сол күйі сәби дүниеге келгенде мемлекеттен берілетін біржолғы төлем мен бала күтіміне байланысты жәрдемақыны ала береді.

Бала туғанда берілетін біржолғы мемлекеттік жәрдемақы:

  • бірінші, екінші, үшінші балаға – 38 АЕК немесе 149 416 теңге;
  • төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 247 716 теңге.

Ал отбасында егіз, үшем не төртем дүниеге келсе, біржолғы жәрдемақы әр сәбиге бөлек төленеді.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.