Валюта бағамы
  • USD -

    515.3
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.31
БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ СЕНАТ ТӨРАҒАЛАРЫ БІРЛЕСКЕН ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ
05 қараша 2019
БАУЫРЛАС ЕЛДЕРДІҢ СЕНАТ ТӨРАҒАЛАРЫ БІРЛЕСКЕН ЖОЛ КАРТАСЫНА ҚОЛ ҚОЙДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаева Қазақстанға ресми сапармен келген Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенатының Төрағасы Танзила Нарбаевамен кездесті.

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының таратқан мәліметіне қарағанда, тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше мән берілетінін атап өтті.

Дариға Назарбаева өз сөзінде Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы маңызды стратегиялық әріптесі екенін атап өтті. «Бүгінде Қазақстан мен Өзбекстан қарым-қатынастарындағы барлық салаларда дамудың жоғары қарқыны көрініс тауып отыр. Оған Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың және Өзбекстан Президенті Ш.М.Мирзиеевтің сіңірген еңбегі зор», - деді Сенат Төрағасы.

Сенат басшысы еліміздің Президенті Қ.К.Тоқаев өзінің Мемлекет басшысы ретінде шетелге барған екінші сапарында Өзбекстанда болғанын атап өтті және ол өзара түсіністік пен тату көршілік тұрғысындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту ниетін паш ететінін айтты.

Қазақстан Сенатының Төрағасы Өзбекстанның аймақтағы басты сауда әріптесі екенін атап өтті. 2018 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 25 пайызға өсіп, 2,5 млрд долларға жеткен болатын. «Алға қойған ортақ мақсатқа жету үшін осы бағыттағы жұмысты жалғастыра отырып, өзара сауданы 5 млрд доллар көлеміне жеткізу керек», - деді жоғарғы палата басшысы.

Дариға Назарбаеваның айтуынша, екі елдің инвестиция, энергетика, туризм, аймақтық және шекара маңындағы ынтымақтастық, транзиттік-көлік салаларындағы өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің келешегі зор.

Өзбекстан Олий Мәжілісі Сенатының басшысы өз кезегінде Қазақстан –Өзбекстанның адал әрі сенімді әріптесі екенін жеткізді. «Біздің халықтарымызды ортақ тарих және мәдени тамырластық байланыстырады. Дамудың көптеген салалары бойынша ұқсастықтар бар. Өзбекстан Қазақстанмен достық қарым-қатынасқа зор маңыз береді», - деп атап өтті Танзила Нарбаева.

Тараптар кейінгі кезде Қазақстан мен Өзбекстанның парламентаралық үнқатысулары қарқынды бола түскенін, енді оны жүйелі түрде жалғастыру қажеттігін айтты. Ол парламентаралық ынтымақтастықтың бірлескен комиссиясын құру арқылы жүзеге асқаны жөн.

Талқылау барысында реформаларды құқықтық қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық даму саласында тәжірибе алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру, сондай-ақ екіжақты шарттар мен келісімдерді қабылдау және ратификациялау процестерін жеделдету мәселелері қозғалды.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты арасындағы 2019-2020 жылдарға арналған ынтымақтастықты дамыту жөніндегі бірлескен Жол картасына қол қойылды.

Суреттер parlam.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
 Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев
08 тамыз 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар түбегейлі өзгерді - Тоқаев

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Ақорда.

Келіссөз алдында Ақордада елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президентін салтанатты қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы мемлекеттер басшыларына рапорт беріп, екі елдің әнұрандары шырқалды. Содан кейін президенттер шағын құрамда келіссөз жүргізді.

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентіне ілтипат білдіре отырып, бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықты дамытуға тың серпін беретінін айтты.

– Қазақстан халқы Сіздің бүгінгі сапарыңызға үлкен мән беріп отырғанын атап өткім келеді. Мұның өзі көп дүниеден хабар береді. Жалпы, соңғы жылдары Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы байланыстар жақсы жағына қарай түбегейлі өзгерді. Екі ел ынтымақтастығын нақты мазмұнмен толықтыруға бар күш-жігерімізді саламыз. Бүгін біз мемлекеттеріміз арасындағы ынтымақтастық пен одақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын құжаттарға қол қоямыз. Сондықтан бұл сапардың жөні бөлек, – деді Қазақстан Президенті.

Өз кезегінде Өзбекстан Президенті көрсеткен сый-құрметі үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапарының маңызына тоқталды.

– Бұл сапар тарихи мәнге ие. Бүгінгі кездесуіміз екі халық арасындағы сан ғасырға жалғасқан достық және тату көршілік қатынастардың тінін нығайта түсіп, стратегиялық серіктестік пен одақтастық байланыстарды жаңа деңгейге көтереді, – деді Шавкат Мирзиёев.

Келіссөз барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті
23 сәуір 2024
Қазақстан мен Өзбекстан президенттері телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар өңірінде болған су тасқынына байланысты тілеулестік танытып, көмек көрсеткені үшін Шавкат Мирзиёевке және бауырлас Өзбекстан халқына алғыс айтты.

Президенттер қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігін одан әрі нығайту, сондай-ақ бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Тараптар екіжақты қатынастар мен өңірлік деңгейдегі кооперацияның қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Бұған дейін Өзбекстан Республикасынан Қазақстанға 15 жүк көлігіне тиелген гуманитарлық көмек келгенін жазған болатынбыз.

Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады
05 тамыз 2024
Тоқаев Өзбекстан президентінің қызы әрі көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Өзбекстан президентінің көмекшісі Саида Мирзиёеваны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Айта кетейік, бірнеше күннен кейін елімізге Өзбекстанның президенті, Саида Мирзиёеваның әкесі Шавкат Мирзиёев келеді.

Ал, бүгін Ақорда хабарлағандай, Тоқаев пен Мирзиёева кездесу барысында екі ел арасындағы көпжақты серіктестікті одан әрі ілгерілетуге қатысты өзекті мәселелерді талқылады

«Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстанның одақтастық әрі стратегиялық сипаттағы қарым-қатынасын атап өтіп, жоғары деңгейдегі саяси диалогтың тиімділігін арттыра түсу үшін екі ел президентінің әкімшіліктері арасындағы тығыз байланысты жолға қою маңызды екеніне назар аударды», - делінген Ақорда хабарламасында.

Бүгін Ақордада Тоқаев Астанада осы халықаралық «Заковат» интеллектуалдық ойынының өткізілуіне қолдау білдіріп, мұндай іс-шаралар халықтарымыздың арасын жақындата түсетінін атап өткен.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.