Валюта бағамы
  • USD -

    503.1
  • EUR -

    544
  • RUB -

    5.95
Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды
редактор 10 маусым 2024
Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ulys «Самұрық-Қазына» қорына сілтеме жасап.

Айта кетейік компанияның бұрынғы басшысы Қуанышбек Есекеев бүгін Президенттің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

«Бағдат Мусинге қордың ең маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздің ең ірі телекоммуникациялық компаниясын 14 жылдан астам табысты басқарғаны үшін алғыс айтамын. Қордың негізгі компанияларының бірі — „Қазақтелеком“ АҚ-ның дамуына бірінші басшы ретінде қосқан үлесіңіз шексіз», — деп атап өтті қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Бағдат Мусин 2004 жылы Сүлеймен Демирел атындағы университетінде «Есептеу техникасын бағдарламалық және техникалық қамтамасыз ету» мамандығын  алып шыққан.

2006 жылы Қазақ құқық және халықаралық қатынастар институтын заңгер мамандығы бойынша тәмамдайды. 

Еңбек жолын 2004 жылы «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі бас инженер болып бастады.

2007 жылдан 2020 жылға дейін ҚР Әділет министрлігінде, ҚР Байланыс және ақпарат министрлігінде, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында түрлі мемлекеттік қызметтерді атқарды.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы цифрландыру және инновациялық технологиялар бойынша кеңесшісі болды. Басқа да мемлекеттік лауазымдарда қызмет атқарды.

Соңғы бірнеше жылда — 2020 жылдан 2024 жылға дейін — Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметін атқарды.

Сонымен қатар жеке компанияларда, оның ішінде корпоративтік венчурлық қорлардың басшысы болды.

2014-2016 жылдар аралығында Бағдат Мусин «Қазпошта» компаниясын басқарды.

Еске сала кетейік, бір ай бұрын Бағдат Мусин Мемлекет басшысының жарлығымен лауазымынан босатылған еді.

 

RELATED NEWS
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды
09 қазан 2024
Ұлытау облысына жаңа әкім тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Дастан Адайұлы Рыспеков Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

 Ұлытау облысын Берік Әбдіғалиұлы басқарған еді. Ол бүгін Президент жарлығымен қызметінен босатылды. 

Дастан Рыспеков 1984 жылы 23 маусымда Жезқазған қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін және ҚазМЗУ Алматы заң академиясын бітірген.

Еңбек жолын 2006 жылы Алматының Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің болжамдау және түсімдер бөлімінің бас маманы болып бастаған.

2007-2016 жылдары Алматы қаласында Экономика және бюджеттік жоспарлау департаментінде, Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясында, Астана қаласы республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінде басшылық лауазымдарда жұмыс істеді.

Павлодар облысы Кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасының басшысы, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Экономика және бюджетті жоспарлау департаментінің директоры қызметін атқарды. Содан кейін МСМ Туризм индустриясы комитетін басқарды.

Ал 2023 жылғы тамыздан күні бүгінге дейін Ұлытау облысы әкімінің орынбасары болды.

Арман Қырықбаев Президенттің көмекшісі болды
24 ақпан 2025
Арман Қырықбаев Президенттің көмекшісі болды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Арман Қырықбаев Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Ол еңбек жолын 1996 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің референті, атташесі болып бастаған. 1997-1999 жылдары - Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы елшілігінің атташесі, 1999-2000 жылдары-Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің үшінші хатшысы, кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ТМД істері комитетінің екінші хатшысы. 2002-2004 жылдары – «ABE корпорациясы» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, 2004-2005 жылдары – «К-МАРТ» ЖШС Бас директоры.

2005 жылы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005 жылдан 2006 жылға дейін Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының директоры, 2006 жылдың сәуірінен 2008 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық-саяси жұмыс және жұртшылықпен байланыс департаментінің директоры қызметтерін атқарған.

2010 жылдың қаңтарынан 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат Министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Арман Қырықбаев 2012-2014 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі лауазымында болды. 2014-2015 жылдары Nur Otan партиясы төрағасы бірінші орынбасарының кеңесшісі болған. Сондай-ақ, 2015 жылдың қазанынан 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы әкімінің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жастар саясаты, тілдерді дамыту және басқа да мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарды. Алматы қаласы әкімінің орынбасары болды.

2024 жылы Президент Әкімшілігінің Коммуникациялар бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалған еді. 

 

Қазақстанның Палестинадағы елшісі тағайындалды
05 қаңтар 2025
Қазақстанның Палестинадағы елшісі тағайындалды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бірқатар елдегі Қазақстанның елшісі тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлайды.

Асқар Жеңісұлы Жеңіс Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Дәулет Қасекенұлы Батырашев Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды;

Жан Сержанұлы Ғалиев Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Иордан Хашимит Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Талғат Рахымқұлұлы Шалданбай Қазақстан Республикасының Ирак Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының жарлықтарымен:

Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Тунис Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;

Ақылбек Әбсатұлы Камалдинов Қазақстан Республикасының Хорватия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.