Валюта бағамы
  • USD -

    475.1
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.47
Астана қаржы орталығына тіркелген компаниялар саны рекордтық көрсеткішке жетті
02 мамыр 2024
Астана қаржы орталығына тіркелген компаниялар саны рекордтық көрсеткішке жетті

Мемлекет басшысы «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Ренат Бектұровты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Президентке АХҚО-ның былтырғы және биылғы I тоқсанда атқарған жұмысының нәтижелері баяндалып, орталықты дамыту жоспары таныстырылды. Ренат Бектұровтың айтуынша, Қаржы орталығы іске қосылған сәттен бері елімізге 11 миллиард доллардан астам (2023 жылғы және осы жылдың алғашқы 3 айындағы 3,5 миллиард доллар қаржыны қоса алғанда) инвестиция тартуға атсалысқан. Бұл 2025 жылға алдын ала белгіленген мақсатты көрсеткіштен асып түсті.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткен жылы АХҚО-да тіркелген компаниялардың саны 670-тен (жалпы әлемнің 78 елінен 2600-ден аса компания) асқаны жөнінде мәлімет берілді. Бұл – рекордтық көрсеткіш.

Былтыр және осы жылдың алғашқы үш айында Орталық қатысушылары мемлекет бюджетіне 48,7 миллиард теңге салық төлеген. Дауларды шешуде АХҚО соты мен Халықаралық арбитраж орталығы сияқты институттар табысты жұмыс істеп жатыр. 2023 жылы 767 коммерциялық іс қаралған.

Президент Қаржы орталығын одан әрі дамытуға қатысты бірқатар өзекті міндетті айқындап берді. Атап айтқанда, АХҚО-ның өңір үшін жасыл қор тарту және Орта дәлізді дамыту ісіндегі рөліне тоқталды. Еліміздегі «жасыл» облигациялар мен кредиттердің 60 пайыздан астамы АХҚО Жасыл қаржы орталығының қолдауымен берілді. Қаржы орталығының юрисдикциясында Орта дәліз жобасы аясында бірлескен кәсіпорындар жұмыс істеп жатыр.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жағдайда мәмілелер жасау үшін АХҚО инфрақұрылымын белсенді пайдалана отырып, Қазақстан экономикасына инвестиция тартуға көмектесетін барлық мемлекеттік орган мен оған жетекшілік ететін қаржы институттарының күш-жігерін біріктіру қажет екеніне назар аударды.

RELATED NEWS
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді
09 наурыз 2020
Мұнайдың әлемдік бағасы күрт төмендеді

 Лондондағы ICE Futures биржасында Brent маркалы мұнай бағасы 2020 жылғы мамыр айындағы жеткізілімдер бойынша 33,4 пайызға құлдырап, барреліне 33,94 доллар болды.

 

Соңғы рет мұнай бағасы 2016 жылғы ақпанда баррелі 34 доллардан төмен болған еді.

Сәуір айында фьючерстер бойынша WTI маркілі мұнай бағасы 27,1 пайызға кеміп, баррелі 32,48 доллар болды.

Мұнай ОПЕК+ елдерінің Венадағы келіссөздер қорытындысында короавирус салдарынан сұраныстың төмендеуіне байланысты мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісе алмағандығы белгілі болғаннан кейін күрт төмендеп жатыр.

"Бәйтерек" холдингі мен Сбер Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөнінде мәміле жасады
23 тамыз 2022
"Бәйтерек" холдингі мен Сбер Қазақстандағы еншілес банкті сатып алу-сату жөнінде мәміле жасады

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі мен "Сбербанк тобы" "Сбербанк Қазақстандағы" ("Сбербанк" АҚ ЕБ) Сбер акцияларының барлық пакетін сатып алу-сату мәмілесіне қол қойды. Бұл туралы ұлттық холдингтің баспасөз қызметі ресми сайтында хабарлады.

Холдингтің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, "Сбербанк" қазіргі геосаяси жағдайды басшылыққа ала отырып және еншілес банк клиенттерінің мүддесі үшін әрекет ете отырып, қазақстандық нарықтан шығу туралы шешім қабылдаған. 

"Сбербанк Қазақстан" - өтімділіктің жеткілікті қорына, жоғары сапалы кредиттік қоржынына ие және көптеген жыл бойы Қазақстанның қаржы нарығының негізгі қатысушыларының бірі.

"Сбербанк Қазақстанды" сатып алу туралы шешім қабылдай отырып, "Бәйтерек" холдингі оның елдің қаржы жүйесі үшін жоғары маңыздылығын бағалады. Банк иеленетін қазіргі заманғы инфрақұрылым мен технологиялар қысқа мерзімде банкті толыққанды жұмысқа қайтаруға және Қазақстан экономикасының нақты секторын қаржыландыруды бастауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар хабарламада банк өзінің клиенттері алдындағы барлық міндетін орындауды жалғастыратыны айтылған. Осылайша клиенттері үшін банк өнімдері бойынша барлық шарт өзгеріссіз қалатын болды.

"Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі баспасөз қызметінің хабарлауынша, мәміле банкке белсенді операцияларды толық көлемде жаңартуға, депозиттер тартуға және төлемдер жүргізуге, сондай-ақ халық пен бизнес үшін өнімдер мен қызметтерді дамытуды жалғастыруға мүмкіндік береді. 

"Қазақстан нарығында клиенттермен өзара іс-қимылдың 15 жылдан астам тәжірибесі жинақталған "Сбербанк Қазақстан" қызметкерлерінің кәсіби командасы өз жұмысын жалғастыратын болады. Тараптар мәмілені жақын арада жабуды жоспарлап отыр", - деп хабарлады холдингтен. 

Халыққа бір реттік төлем төлеу сынды популистік шаралардан әдейі бас тарттық - Абаев
24 наурыз 2020
Халыққа бір реттік төлем төлеу сынды популистік шаралардан әдейі бас тарттық - Абаев

Жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 

«Енді тікелей Президент тапсырмаларына тоқталсам, жаңа жағдайдағы мемлекеттік саясаттың басты бағыты экономика болады. 10 млрд доллар - бұл халықтың жан басына шаққанда өте мол сома. Біз мәселен бүкіл халыққа бірреттік төлем төлеу сынды популистік шаралардан әдейі бас тарттық. Біз мұндай идеяның халық арасында неліктен танымал екендігін білеміз. Бірақ, оның тиімділігі қысқа мерзімді ғана. Бұл жүйелі шара емес. Президент алға қойып отырған міндет - іскерлік белсенділікті дамыту. Бизнесті нығайту, жұмыс орындарын құру. Кез келген дағдарыс - бұл мүмкіндіктер терезесі. Біздің мақсатымыз - дүкендер мен сауда нүктелерінің сөрелерінде отандық өнімдер үлесін еселеп арттыру», - деді Дәурен Абаев.

 

Оның атап өтуінше, бұл тек қана жұмыс орындарын құру емес, сонымен қатар тәуелсіз баға саясаты, мұнай және өзге де пайдалы қазбалардың бағасына тәуелдіктілікті төмендету саналады. «Үкімет қазірдің өзінде нақты цифрларды жариялады. Мәселен, бизнесті несиелеу 1 трлн теңгеге дейін ұлғайтылды. Соңғы мөлшерлеме 6 пайыз болады.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасында басымдыққа ие тауарлар тізілімі кеңейтіледі. Микро және шағын бизнес үшін кредит сомасы 360 млн теңгеге дейін арттырылады. Салық жеңілдіктері беріліп, тексеру саны төмендетіледі. Импорт алмастыру мақсатында қазірдің өзінде 1 трлн теңге сомаға 258 жоба іріктеп алынды. Мұның өзі 25 мың жұмыс орнын құрады», - деді ол.

Министр ауыл шаруашылығы саласында 1 млн 200 мың адам еңбек етіп жүргенін де айтты.

«Саланың ең бірінші кезектегі міндеті көктемгі егістік жұмыстарын оңтайлы мерзімде жүргізу болып отыр. Қазірдің өзінде 94 инвестициялық жобаны жүзеге асыру басталды. Жалпы сомасы - 559 млрд теңге.

Президент тапсырмасына сәйкес, маңызды азық-түлік позициялары бойына импортқа тәуелділік мәселесін шешу үшін 390 млрд теңге қосымша бөлінетін болады», - деді Дәурен Абаев.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.