Валюта бағамы
  • USD -

    514.3
  • EUR -

    587
  • RUB -

    6.23
АНКАРАДА ЖАС СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ
03 сәуір 2019
АНКАРАДА ЖАС СУРЕТШІНІҢ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

"Көк Ту" қазақ мәдениетi қоғамының мүшесi, жас талант суретшi Кәрiм Байғұтовтың "Өнертапқыш қолдар" аталатын сурет көрмесiнiң ашылу салтанаты өттi.  Қазақстанда жастар жылының жариялануына орай ұйымдастырылған көрменiң ашылуына Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшiсi Абзал Сапарбекұлы мен өнер жанашырлары және Анкарада білім алып жатқан қазақстандық студенттер қатысты. Ашылу салтанатының алғашқы құттықтау сөзiн сөйлеген Елшi Абзал Сапарбекұлы, Елшiлiк ретiнде Қазақстанның Түркияда кең таныстырылуына ерекше мән беретiндiктерiн атап өтiп, айрықша түрде мәдени жұмыстардың бел ортасында белсендiлiк танытып жүрген "Көк Ту" қазақ мәдениетi қоғамына алғысын білдірді. Талантты суретшi Кәрiм Байғұтовтың жастар жылы аясында ұйымдастырылған көрмесi бұл тұрғыда маңызды екендiгiн салмақтай сөйлеген Елшi мырза, қонақтарды Наурыз мерекесiмен құттықтады. Бұдан соң сөз алған құрметтi қонақтардың бiрi,  профессор Хүлия Касапоғлу Ченгел ханым болса, Қазақстанның Тұңғыш Президентi  Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатына жоғары баға  беріп Елбасымыздың ұлы ақын Мағжан Жұмабайдың "Мен жастарға сенемiн!" мұратымен үндес қадам жасағанын атап өттi. "Елбасы Назарбаевтың сарабдал саясаты арқасында қазақ жастарымен наурызды Анкара төрінде қарсы алып отырмыз. Бір ғасыр бұрын қазақтың атақты біртуар ақыны Мағжан Жұмабай:

"Мен сенемiн жастарға.

Алаш атын аспанға

Шығарар олар бiр таңда,

Мен жастарға сенемiн! " деген еді. Мағжанның жастар туралы идеясы Назарбаевтың жастар жылымен жалғасын тапты. Мен де жастарға сенемін! Жастар жылы құтты болсын!",-деп сөзін түйіндеді.

 

Көрмеден кейін Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған мерекелік іс-шара концертке ұласты. Өнерпаздар ұлттық әуендерді асқақтатып, әсем  ән мен әуезді жырдан шашылған шашу көпшіліктің көңілінен шықты.

RELATED NEWS
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда
15 мамыр 2024
Түркияда тағы мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін екені айтылуда

Түркияда мемлекеттік төңкеріс болуы мүмкін. Осыған байланысты ел президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның барлау және Әділет министрлігінің басшыларымен шұғыл отырыс өткізді, деп хабарлайды Ulys түркиялық басылымдарға сілтеме жасап.

Түрік ұлтшылдарының жетекшісі Девлет Бахчели2016 жылдың шілдесінде елді дүрліктірген мемлекеттік төңкеріс қайталануы мүмкін екенін ескертті.

Бір күн бұрын Анкара Бас прокуратурасы "Айхан Бора Каплан" қылмыстық ұйымына қатысы бар деген күдікпен  үш полицейге қатысты тергеу бастады. Олардың үйлерінде тінту жүргізілді.

Türkiye газеті өз кезегінде "Айхан Бора Каплан" ұйымымен байланыста болды деп айыпталған Анкара қауіпсіздік басқармасында бірқатар полиция қызметкерлерінің жұмыстан шығарылуына байланысты Түркияда үлкен қарсылық көрсетілгенін жазады. Олардың үйлерінде цифрлық материалдарды алу мақсатында тінту жүргізілді.

"Президент Ердоған Әділет министрі Йылмаз Тунджмен және Ұлттық барлау ұйымының басшысы Ибрагим Калынмен Бахчелидің мәлімдемесінен кейін Мемлекет басшысының резиденциясында шұғыл түнгі отырыс өткізді", — деп жазады Türkiye.

Ердоған ел Парламентінде сөз сөйлейді деп күтілуде.

АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ
10 наурыз 2025
АҚШ Түркияға қарсы заң қабылдамақ

АҚШ-тың Өкілдер палатасы Түркияның демократиялық статусын қайта қарауға және оны Еуропаның емес, Таяу Шығыстың елі деп тануға бағытталған арнайы заң жобасын қарауға алды. Бұл туралы Fox News хабарлады.

Заң Түркияны Еуропа мен Еуразия істері жөніндегі бюросының құзырынан алып тастап, оны Таяу Шығыс істері жөніндегі бюроға ауыстыруды қарастырады.

Fox News хабарлауынша, мұндағы мақсат "АҚШ-тың жауы саналатын елдермен байланыс жасайтын Түркияны тосқауылдап ұстауға талаптану". Вашингтон Анкараны "АҚШ пен НАТО одақтастарынан алыстап бара жатқан мемлекет" деп есептейді.

"Бұл Үкімет ХАМАС содырларын жасырып отыр. Экономикалық одақтастық арқылы Путиннің әскери машинасына қолдау көрсетеді. Сонымен бірге, Батыс одақтасынан артықшылық талап етуін жалғастыра отырып, НАТО-ның бірлігіне кедергі келтіреді. Америкалық дипломатия көзбояушылық жасауын доғарып, Түркияны бұрынғыдай Еуропаның бір бөлігі деп санауын қоюы керек", – деді жобаны Конгресс қарауына енгізген топты басқаратын конгрессмен Брэд Шнайдер.

Бұл ұстанымға Түркия Үкіметі наразылығын білдірді және түріктің сыртқы саясаты мен еуропалық бағдарын Конгресс мүшелерінің дұрыс түсінбей отырғанына нұсқады.

Айта кетсек, Түркия – НАТО-ның АҚШ-тан кейінгі ең қуатты мүшесі. 

Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды
24 қазан 2024
Түркияда теракт болып, 5 адам көз жұмды

Кеше кешкісін Түркия Анкарадағы TUSAŞ аэроғарыш компаниясы штаб-пәтерінің маңында қатты жарылыс болған. Бұл туралы Анадолы агенттігі хабарлады. 

Түркия ІІМ жарылыстан қаза тапқандар мен жараланғандар барын айтады. Ал ел билігі оқиғаны "теракт" деп атады. 

Түркияның ішкі істер министрі Али Йерликая хабарлауынша,  теракт салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 22 адам жарақат алғаны айтылған.

Шабуылды жасаған екі лаңкес өлтірілді. Лаңкестердің бірі әйел.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.