Валюта бағамы
  • USD -

    444.5
  • EUR -

    483.5
  • RUB -

    4.97
Алматыдағы Ақжар шағын ауданына ауыз су үздіксіз берілмек
03 тамыз 2023
Алматыдағы Ақжар шағын ауданына ауыз су үздіксіз берілмек

Алматы облысы жерлерінің бір бөлігі Алматыдағы Наурызбай ауданына қосылған сәттен бастап 2014 жылы бірнеше желілердің тозуы 80 пайызды құрады. Ескі желілердегі жиі апаттар сумен жабдықтаудың үзілуіне әкелді.

Биылғы жылы магистральдық су құбыры және кәріз желілерін салу бағдарламасы аясында диаметрі 400 мм су құбыры салынды. жобада барлығы 28,8 км инженерлік желілер салу көзделген, олар бойынша жұмыстар аяқталуға жақын.

 

Алматы әкімдігінің мәліметінше, ағымдағы жылдың 31 шілдесінде жалпы ұзындығы 3,4 км жаңа құбырларды сығымдау жүргізілді, су құбырының жаңа тармағы мен сорғы станциясы келесі күні жұмыс істей бастайды. Нәтижесінде-Наурызбай ауданының 22 мыңнан астам тұрғыны таза ауыз суға қолжеткізе алады.

«Ақжар» шағын аудан тұрғындарымен кездесуге  Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева келді, ол осы шағын аудандағы сумен жабдықтау жағдайына түсініктеме берді.

- Қазіргі уақытта аудан халқының 30%-ы орталық сумен қамтамасыз етілген (Қалқаман және Алтын-Алаш ш/а – 100%). Қарағайлы, Ақжар, Таусамалы, Тастыбұлақ, Шұғыла, Таужолы сияқты шағын аудандарында жазғы кезеңде сумен жабдықтауда шектеу проблемалары бар. Бұл мәселе жыл сайын сәуірден қазанға дейін өткір тұрады. Мәселен, қазіргі уақытта каскадты әдіспен су берудің іске қосу-реттеу процесі жүргізілуде. Тұрғын үйлерді салынған су құбырына сегменттік қосумен қатар, оны мегаполисті сумен жабдықтаудың технологиялық тізбегіне қосу жұмыстары аяқталуда, - деді әкім.

Оның айтуынша, Наурызбай ауданында қалалық инженерлік инфрақұрылымды дамыту үшін 130 шақырым су құбыры және 65 шақырым кәріз желілері салынды.

- Ағымдағы жылы Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы аяқталады. Ал 2025 жылға дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мұның бәрі Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Наурызбай ауданының әкімі Нәзира Тоғызбаева.

Гүлзада Райсова Ақжар шағын ауданында 20 жылдан астам тұрады.

- Осы жылдар ішінде жазғы кезеңде бізде су болмады-әкімдік қамтамасыз еткен тасымал суды пайдаландық, - деді әйел. – «Казақстрой» биыл жұмыс істей бастады, жақын арада абоненттердің бір бөлігін сумен жабдықтауға қосуға уәде берді. Олар шағын ауданның қалған тұрғындары жаңа сүзгі станциясы салынғанға дейін 2025 жылдың соңына дейін қосылатынын айтты. Әрине, Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевқа біздің көпжылдық проблемамызға назар аударғаны үшін алғыс айтқым келеді. Жаңа магистральдық желілер бізді жыл бойы сумен сумен қамтамасыз етеді деп үміттенеміз, - деді ол.

Тағы бір тұрғын Бақытгүл Дармешова Ақжар шағын ауданында 30 жыл тұрады. Оның айтуынша, осы жылдар ішінде судың шектелуі сәуірден қазанға дейін созылады. Жергілікті тұрғындар ауыз су тапшылығы мәселесі тамыз айында шешіледі деп үміттенеді.

Әкімдікте атап өткендей, қазіргі уақытта Наурызбай ауданының инженерлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мәселен, бүгінде 130 км су құбыры және 65 км кәріз желілері салынды. Ағымдағы жылы Қарғалы өзенінде жаңа сүзгі станциясының құрылысы аяқталады.

2025 жылға дейін Ақсай өзенінде осындай сүзгі станциясының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл шаралар Наурызбай ауданының 150 мың тұрғынын сумен тұрақты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

RELATED NEWS
ТҮРКІНІ ТҰТАСТЫРҒАН «ТӘРЖІМАН»
02 желтоқсан 2018
ТҮРКІНІ ТҰТАСТЫРҒАН «ТӘРЖІМАН»

Тағдыры мен тарихы ұқсас, түбі бір түркі халықтарының тұтасу процесінде тіл мен дін ерекше рөл атқарады десек, бұл тұрғыда зиялы қауым өкілдерінің еңбектері өлшеусіз. Басқаға қарағанда, ұлттық санасы ертерек оянған татар халқы қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, т.б. ұлттарға үлгі-өнеге көрсетті. Қазан, Қырым жерлерінің түлектері бүкіл түркі халықтарының саяси-әлеуметтік, азаттық үшін күрестерінің алдыңғы қатарынан көрінді. Бұл руханият саласында да өз ізін қалдырды.

Ресей мұсылмандары зиялыларына айрықша әсер еткен, ой-санасына тың көзқарас қалыптастырған көрнекті ғалым, қоғам қайраткері Исмаил Гаспринский болды.

Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан өзінің жазбасында Қырым татары Исмаил Гаспринский туралы былай деп жазады: «Исмайыл мырза Мұстафа оғлы Қырымда 1851-інші жылы «Ғаспра» деген ауылда туған. «Ғаспрински» деген фамилия содан қалған. Ата-анасы бұрынғы Қырым хандары нәсілінен келген ханзада балалары болған. Исмайыл мырза алғашқы оқуын ауыл мектебінде оқып, онан кейін Мәскеу гимназиясына барып түскен».

Исмаил Гаспринский 1883 жылы 10 сәуірден бастап «Тілде, пікірде, істе – бірлік» деген ұранмен – «Тәржіман» газетін шығарды. Газет Ресейдің түкпір-түкпіріне таратылып қана қоймай, Шығыс елдері мен Орта Азияның мұсылмандар қауымының да қолына тиді. Болашағын бағдарлай білген көреген саясаткердің газетінің атын «Тәржіман» қоюы да тегін емес. Гаспринский орыс мемлекетінің түрлі қиындықтар туғызатынын білетін. Газеттің алғашқы санында мақсатының орыс басылымын кемшіліксіз және қателіксіз аудару екенін айтуы жауапты адамдарды алдау үшін қолданған айлалы қадамы болатын.

Баспа үйін ашу, қағаз бен сия сатып алу, мақала жазу, газетті басу бір басына жүктеледі. Ол туралы Ә.Бөкейхан: «Исмайыл мырза «Тәржіман»-ды өзі жазған, баспаханада харіпті өзі тізген, мәшинәда өзі басқан, газетаны өзі бүктеген, шаһардағы алушыларға өзі үлестірген. Сөйтіп бейнеттеніп жүріп «Тәржіман»-ның бір жағын орысша, бір жағын түрікше толтырып, жеті сайын шығарып, таратып тұрған», – деп оның газетті оңайшылықпен шығармағанын, газет шығару үшін қанша бейнеттенгенін атап өтсе, ғалым Дихан Қамзабекұлы «Түркістан алқасы» еңбегінде былай дейді: «Патша өкіметі тарапынан жаңа көзқарас қатаң бақылауға алынып отырған шақта жалғыз қайраткердің осыншама батыл істерді үзбей жүргізуі үшін тәуекелшілдік қана емес, терең білім, сындарлы ой, көркем сабыр, ақ-адал жүрек қажет болса, ол қасиетті құдай И.Гаспринскийге дарытқан еді».

  «Тәржіман» бастапқыда аптасына бір рет шықса, кейіннен күн сайын шыға бастайды. Кішігірім көлеммен және аздаған данамен жарық көргенімен, осы кішігірім қағаздың ел ішіне жүргізген ықпалы зор еді. Газет шыға бастаған кезде көпшілікті қызықтыратын, өзекті мәселелерді терең талдап, халыққа жариялайды. Ақиқатты бұлтартпасыз жазатын және халықты ойлануға шақыратын газет үкімет жауаптыларына ұнай қоймады. Баспа үйі мен басушыны тексерулер, жазалау, тінтулер сирек болған жоқ. Бірақ, бұлар Исмаил мырзаны тоқтата алған жоқ, қайта жігерін жанып, күшіне күш қосты.

  «Тәржіман» газеті Ресей мұсылмандарының ғана емес, бүкіл шығыс елдеріне танымал беделді басылым болды. Ол сол тұстағы бүкіл түркі халықтарының басын құраған орталықтың рөлін атқарды. Бұл басылымның құрылтайшысы әрі редакторы – Исмаил бей түркі жұртының тұтастығына жол бастап, оның тіл, дін, бірлігіндегі айқындамасын жасады.

Ал, тұтасу, бірігу арқылы азаттыққа апаратын бұл даңғыл жолды түркілік түлектер жаппай қуаттады. Олар ұлт мүддесі тұрғысынан ой өрбітіп, Ресей құзырындағы мұсылман халықтарына қатысты ортақ мәселелердің шешімін күн тәртібіне қойды. Ұлттық зиялылар мәдени-ағарту орындарын көбейту, баспасөз ісін дамыту, халықтың экономикалық жағдайын жақсарту сияқты өзекті мәселелерді көтеріп, тіл, дін бостандығын талап етті.

Исмаил Гаспринский тіл туралы түсініктері тұрақты түрде «Тәржіман» газетінде басылып тұрды. «Түрік тілінің ерекшелігі» (1888), «Мемлекеттік тіл туралы» (1891), «Түрік тілі туралы» (1892), «Әліпби тарихынан» (1893), «Дауыстап оқу әдісі туралы» (1899), «Тіл, тіл және тіл» (1905), «Түрік тілі және қоғамға үлесі» (1907), «Дұрыс жазу туралы» (1913) сияқты көптеген мақалалар жариялады.

Оның мақалаларында алға тартқан пікірлері арада бір ғасыр уақыт өтсе де бұл тілдердің саяси және әлеуметтік даму тарихтарының тағдырлас болуы және кері кетуінің ұқсауына байланысты көптеген мәселені айқындай алады. Бұл мақалалардағы ой-тұжырымдар түйінінің бүгінгі мемлекеттік мәртебеге қолы жеткен қазақ, өзбек, қырғыз, түрікмен, татар тілдері алдында тұрған күрделі міндеттермен ұштасып жатуы кім-кімді де ойландыруы тиіс, өйткені арада бір ғасырлық уақыт кеңістігі жатса да, бұл тілдердің саяси-әлеуметтік даму тарихы тағдырлас, тоқырауы мен қожырауы ұқсас болып келуі көп жайды аңғартса керек.

Газет көтерген өзекті тақырыптар түркі халықтарының тағдыр-тауқыметі, олардың тілі, діні, ділі, әдет-ғұрпы, жер-суы, өткен тарихы мен ауыз әдебиеті үлгілерінің нұсқалары, шешендік өнері мен ақын-жыраулары, елдік салты мен дана ғұламалары, хандар мен батырлары, тағы басқа маңызды мәселелерді қозғады. Баспасөз бетінде әйел адамның білім беру ісіне араласуы сынды ол кездегі сирек кездесетін жағдайлар басылып отырды. Бұл мәселелердің көпшілігі қазірдің өзінде маңызын жоғалтпаған және өзекті тақырыптар еді. Кедергі қойылғанына қарамастан «Тәржіман» қазақ халқының мәдениеті мен тарихымен де айналысты.

«Тәржіманда» қазақ халқының мәдениеті мен тарихына, экономикасына қатысты көптеген материалдар жарияланды. «Қазақтар», «Торғай һәм Орал облыстарындағы қазақтардың жағдайы», «Орыс қоныстанушылары мен жергілікті қазақтардың құқы», «Қазақтар және отарлау саясаты», «Тұтас халықтың қырғыны», «Түркістанды орыстардың басқаруы», «Орыс қоныстанушылары қазақтарды шұрайлы жерлерінен ығыстыруда», «Түркістанның жаңа тарихы», т.б. мақалалары Гаспринскийдің қазақ халқының тағдырына бауырластық жанашырлықпен қарағанын танытады.

Исмаил Гаспринский – ақылды, білімді, жан дүниесінде бүкпесі жоқ таза адам болған. Ол барлық дәуірлердің басты мәселелерін қолға ұстатқандай ашық түсіндіре алатын нағыз саясаткер, бүкпелеуді білмейтін, көріп тұрған болашақтан қандай қиындықтар кездессе де тайсалмайтын баһадүр жан еді.

И.Гаспринскийдің тағы бір ерекшелігі – оның бірнеше тілді меңгергендігі. Барлық түрік тілдерімен қатар орыс және француз тілін де жетік білетін. Бірнеше тілден аударып «Тәржіманда» жариялаған бірқатар хабарлары арқылы бұлай жасай алмаған бауырларына көп көмек тигізді.

Оның бүкіл түркіге түсінікті ортақ тілде «Тәржіман» газетін шығаруы, сөйтіп, осы негізде, түп, тіл, дін бірлігіне жол ашуы – рухани тұрғыдағы алғашқы қадам еді. Бұл жөнінде ғалым Р.Бердібай былай дейді: «Отаршылдықтың зұлматына душар болған түрік халықтарының ортақ мұңын сөйлеген Исмаил Гаспринский (1851-1914) шығармалары ұлттық сананың оянуына күшті ықпал жасады... Түрік халықтарының өзара айырмашылықтарынан гөрі олардың жақындықтарын насихаттауды, рухани бірлестікті күшейтуді ұдайы мақсат етіп ұстану «Тәржіманның» негізгі бағыты болған».

Ол өте мықты сөз шебері болатын, оның жетекшілігімен газеттің қарапайым, қысқа да нұсқа әрі айқын стилі қалыптасты. Ол осы тіл арқылы бүкіл мұсылман әлемін біріктіргісі келді. Қазан төңкерісіне дейін «Тәржіман» секілді ұзақ мерзім, яғни 35 жыл бойы басылған басқа түрік-мұсылман газеті жоқ. Газет бұл жылдары түрік жұртына қызмет етіп, 1918 жылы 23 ақпанда жабылды.

 

 

Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ, түркітанушы

АРМАНЫ НАЗАРБАЕВ ЖҮЙЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУ ЕДІ...
16 тамыз 2022
АРМАНЫ НАЗАРБАЕВ ЖҮЙЕСІН ТҮБЕГЕЙЛІ ӨЗГЕРТУ ЕДІ...

76 жасқа қараған шағында белгілі саясаткер, қазақ оппозициясы серкелерінің бірі, мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаев жүрек талмасынан мәңгілікке аттанды. 

Балташ Молдабайұлы Омбы облысының Кіші Боранкөл ауылында дүниеге келген. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап мемлекеттің қалыптасуына зор үлес қосты. Атап айтқанда, 1991 жылдан бастап -1999 жылға дейін премьер-министрдің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, Қостанай облысының әкімі, қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің арнаулы тапсырмалар жөніндегі елшісі, сондай-ақ Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі қызметтерін атқарды.

Ол елшілікте жүрген кездің өзінде билік басындағыларды қатаң сынап отырды. Марқұмның өзінің сөзінше, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назараев 1995 жылы референдум арқылы Ата заңға өзіне шексіз мүмкіндік беретін өзгерістер енгізгеннен бастап оның әрекеттері мен қылмыстарын сынай бастаған. 

1998 жылы  Нұрсұлтан Назарбаев оны қайтадан премьер-министрдің орынбасары қызметіне тағайындап, 1999 жылы қаңтарда президент сайлауы өткеннен кейін қызметінен босатады.  

Содан бері Балташ Тұрсымбаев  оппозициялық күштер қатарына қосылып, бұрынғы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа, әулетіне және  жемқорлық  жайлаған жүйге қатысты өзінің өткір пікірлерін ашық айтып, халықтың саяси сауатының артуына үлес қосты. «Билік әділ бәсекеден қорқады,  Билік өз халқына сенбейді» деген ұстанымдарын тұрақты түрде білдіріп келеді. 

Марқұм жер сатуға қарсы  құрған  "Ел мен Жер" қозғалысын үш ай бұрын  саяси партияға айналдыратынын айтып, бағдарламасымен де таныстырған болатын. Әлі де іргелі мақсаттары бар еді... 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Балташ Тұрсымбаевтың отбасы мен туыстарына көңіл айтты.

Қазақ елі бүгін аяулы ұлын соңғы сапарға шығарып салды.

ШЫҒЫСТЫҢ КӨКТЕМІ  

05 сәуір 2019
ШЫҒЫСТЫҢ КӨКТЕМІ 


14 наурыз күні Отпантаудан басталған көрісу мерекесі Ұлыстың ұлы күніне ұласып, Наурыз мейрамы әлі жалғасын тауып жатыр. Мәселен, бүгін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Шығыс көктемі» атты фестиваль болып өтті.

Алдымен қонақтар шараға қатысып жатқан әр ұлттың арнайы дайындаған стендтерін көріп, ұлттық тағамдарынан дәм татып, мәдениеті туралы мол мағлұмат алды. Шығыс халықтарының жаңа жылы — Наурыз мерекесін тойлауға Әзірбайжан Республикасы, Түркия Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Иран Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Палестина мемлекеті және Ауғанстан Ислам Республикасы елшіліктері мен мәдени өкілдері келді. Сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының қырғыз және өзбек этномәдени бірлестіктері де шараға атсалысты.

Одан соң «Шығыс көктемі» шарасына келгендер шығыс халықтарының өнерімен сусындады.

Өз кезегінді шараға құрметті қонақ ретінде келген елшілер арасынан бір-екеуі сөз алып, шығыстың жаңа жылы туралы ой толғады. Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Рашад Мамедов болса, ортақ мерекенің ерекшеліктері мен көне мейрамның көптеген халықты біріктіретін қасиетіне айрықша тоқталды.

Шара барысынды  Қорқыттың қобызы да күңіреніп, белгілі қобызшы Әлқуат Қазақбайдың таланты жұртышылықты тәнті етті.

  

Суреттер enu.kz сайтынан алынды

 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.