Әлім Дәуренұлы Байел (бұдан бұрын – Баялиев) Қазақстан Республикасының Ыстанбұл қаласындағы Бас консулы болып тағайындалды.
Ә. Байел 1984 жылы туған. Таяу Шығыс техникалық университетінің (Анкара қ., Түркия) бакалавриатын «Бизнес-әкімшілік» мамандығы бойынша тәмамдаған. Джордж Вашингтон университетінің (Вашингтон қ., АҚШ) «Мемлекеттік басқару» саласындағы магистратурасын бітірген. «Болашақ» бағдарламасының түлегі. Президенттік жастар кадр резервінің құрамында.
2012–2014 жж. – Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің сарапшысы;
2014–2015 жж. – Түркі академиясының халықаралық қатынастар орталығының директоры;
2016 ж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы;
2016–2018 жж. – Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы, стратегиялық әзірлеу басқармасының басшысы;
2018–2020 жж. – Қазақстан Республикасының Түркиядағы Елшілігінің саяси мәселелерге жауапты бірінші хатшысы;
2020 ж. 1 наурыздан бастап – Қазақстан Республикасының Ыстанбұлдағы Бас консулы.