Валюта бағамы
  • USD -

    482.5
  • EUR -

    550.5
  • RUB -

    6.01
«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
inform.kz 26 желтоқсан 2019
«100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ БИЫЛҒЫ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

«100 жаңа есім» жобасының үшінші маусымының жеңімпаздары анықталды. «ҚазАқпарат» халықаралық агенттігінің  хабарлауынша, биыл жобаға қатысу үшін 1673 анкета қабылданып, қатысушыларға 700 мыңнан аса дауыс берілген. Барлық кезеңнің қорытындысы бойынша 32 жеңімпаз анықталды.

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына орай ұйымдастырылған салтанатты жиында жеңімпаздардың бірі – еліміздегі ең жас мектеп директоры Шәкәрім Сейсембай сөз бастады. Ол - еліміздегі ең жас мектеп директоры. «Біздің мектебімізде 213 қызметкер, 2700 оқушы бар. Ұстаздық қызметтегі мақсатым – мемлекетіміздің білім саласын брендке айналдырып, мәртебесін арттыру. Қазіргі таңда өкінішке қарай, жастардың ішінде, білімді азаматтардың арасында мектепке барып, ұстаз болып білім беру – үрдіске айналмаған. Ал біздің негізгі байлығымыз – жер астындағы алтын емес, халқымыздың ұшан-теңіз білімі. Сол себептен, бізге мықты ұстаздар керек. Себебі, ханның да, қараның да өмірлік ұстаздары болған», - деді ол. Елордадағы №54-ші мектептің директоры Шәкәрім Сейсембай Мағжан Жұмабаевтың «Алты алаштың басы қосылса – төрдегі орын ұстаздікі» деген сөзін еске салды. «Біздің мектептерге белгілі бір баланс керек. Яғни, ер мұғалімдердің санын арттыру керек. Мектеп – отбасы секілді. Жанұяда әкеден, анадан тәрбие көрген бала жаман болмайды. Сондықтан, ер азаматтарды мектепке қызметке шақырамын. Осы бірегей жоба аясында жастарға ой салып, ұстаздық мәртебесін арттырамын деген үмітім бар», - деді ол.

Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің офицері, медицина қызметінің подполквонигі Сәулет Қалдашов та «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңінің жеңімпазы атанды. Офицер жақында ғана Ливандағы бітімгершілік миссиядан оралған. Сәулет Қалдашов 2002 жылдан бері әскери медицина саласында қызмет етеді. Көпбалалы отбасының отағасы. «Мен БҰҰ миссиясына еліміздің тарихында алғашқы болып қатысушы әскери дәрігермін. Біз сержанттар мен офицерлерден, әскери дәрігерлерден құралған 120 адам – қазақ ротасы жақында ғана Ливандағы бітімгершілік миссиядан сәтті оралдық. Миссия басшылығы тарапынан қызметіміздің нәтижесінде жоғарғы нәтижедегі шебер және басқаларға үлгі тұтарлық қазақ жауынгері деген ілтипатқа ие болдық», - деді ол. Сәулет Қалдашовтың айтуынша, әскери дәрігерлер ұрыс даласында мойнына қару асынып, қарапайым медициналық сөмкемен сарбаздардың жанында жүреді. «Миссиядағы бір жыл ішінде жергілікті Ливан халқына, шетелдік әскерилерге алғашқы медициналық көмек көрсеттік. Медициналық эвакуацияны ұйымдастырдық. Бір сөзбен айтқанда, жергілікті халықтың жедел жәрдемі бола білдік. Мен көрген Ливан жетпісінші жылдардың аяғына дейін гүлденген ел болса, қазір діндер мен конфессиялардың араздығынан халқы жік-жікке бөлініп, көрші мемлекеттермен қарым-қатынасын орната алмай, берекесі қашқан ел. Дәрігер ретінде білетінім: соғыс зардабынан алған психологиялық жарақат халықтың санасынан кетпейтіні рас. Осының бәрін көріп, түйгенім: біздің Қазақстанның басты байлығы - бейбітшілік пен татулық екен», - деді ол.

Сонымен қатар, биылғы «100 жаңа есімге»: Ресейде 48 адамды өрттен құтқарған Семей тұрғыны Ержан Амарханов та енді. Өткен жылдың тамыз айында тіркелген оқшау оқиғаны сол тұста қазақстандық және ресейлік БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазған еді. 28 жастағы Ержан көлік сатып алу үшін «Семей - Новосібір» бағытындағы автобуспен жолға шыққан. Бірақ түнгі сағат үшке таяу Алейск қаласының тұсында автобустан өрт шыққан. Бұл уақытта жолаушылардың барлығы тыныш ұйқыда жатқан екен. Өрт тұтанғанын тек Ержан ғана байқапты. Ол бірден жүргізушіге автобуста өрт шыққанын хабарлап, көлікті тоқтатқанша жолаушылардың біразы түтінге уланып үлгерген. Ержан осылайша, ашылмаған есікті теуіп ашып, санаулы секунд ішінде баладан қарттарға дейін бәрін сыртқа алып шыққан. Автобус толығымен жанып кеткен. «Қазір ойланып отырсам, бала кезден спортпен айналысқанымның арқасында сол тұста адамдарды құтқара алдым деп ойлаймын. Бапкерлеріміз адамдарға көмектесіңдер, мұқтажға қол ұшын созыңдар деп үйретті. Спорттың арқасында аман қалдық», - дейді Ержан Амарханов

Ал тағы бір жеңімпаз «Қазақстанның ауыр атлетикасының үміті» атанған жаттықтырушы Иван Снегуров шәкірттерімен бірге табанды еңбек етіп, келешекте ел абыройын асқақтатуға уәде берді. Қарағандылық Иван Снегуров «Менің атам мен әкем – ауыр атлетикадан бапкер болған кісілер. Міне, сондықтан әке жолын жалғастыру керек деп ұйғардым. 28 жасымда Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері атандым. Қазіргі таңда менің шәкірттерімнің ішінен Әлем және Азия чемпиондары, республикалық деңгейдегі рекордсмендер де шықты. Табанды түрде еңбекті жалғастырып, стартқа дайындала береміз. Алайда қазірдің өзінде 2024 жылы амандық болса, Қазақстанға Олимпиаданың алтын медалін алып келеміз», - деді елордада «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының үшінші кезеңіне орай өткізілген жиында.

«Қазақстанның жаңа есімдері» жобасының мақсаты - тәуелсіздік жылдары Қазақстанның дамуына елеулі үлес қосқан адамдардың тарихы мысалында табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм және білімге табыну идеяларын ілгерілету. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына 1 673 өтінім келіп түскен. «Қазақстандық жас кәсіпкерлер арасынан – 129 адам, ақ халатты абзал жастардан – 106 адам, мәдениет жастарынан – 373 адам, қоғам белсенділерінен – 307 адам, салауатты өмір салтын ұстанатын – 411 адам, ғылым-білім жолында еңбек етіп жүрген – 336 адам, және т.б. қазақстандық жастың және Қытай мен Ресейдегі қазақ жастарының өтінімі қабылданған екен. 

 

Суреттер inform.kz сайтынан алынды.

RELATED NEWS
Қазақстанда қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр – Тоқаев
01 қыркүйек 2025
Қазақстанда қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр – Тоқаев

Қазақстанда қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI сияқты әлемдік деңгейдегі мықты корпорациялар бар.Бұл туралы дәл қазір Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің отырысында сөз сөйлеп жатқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Ulys.

Ақорда жазғандай, Тоқаев «Қытай Қазақстанның тағдыр қосқан тату көршісі, жақын досы және мәңгілік стратегиялық серіктесі екенін» атап өткен.

«Біздің елдеріміздің арасында әрдайым терең сенім бар, қарым-қатынасымыз қарқынды және тиімді түрде дамуда. Байланыстарымыз жылдан жылға нығайып келеді. Соның арқасында елдеріміз берік әрі серпінді іскерлік қатынастардың іргетасын қалады. Қытай – жаһандық көшбасшы мемлекет, Қазақстанның түрлі бағыттағы, соның ішінде сауда саласындағы басты серіктесі. Бұл – Төраға Си Цзиньпиннің арқасы. Былтыр біздің елдеріміз арасындағы сауда айналымы 44 миллиард долларға жетті. Бұл – екі ел тарихында бұрын-соңды болмаған ең жоғары көрсеткіш. Бірақ біз мұнымен тоқтап қалмауымыз керек. Сондықтан қытайлық достарымызбен осы қарқынды одан әрі арттырып, алдағы бес жылда өзара сауда көлемін едәуір ұлғайтуды жоспарлап отырмыз. Бұған әлеуетіміз жетеді. Мемлекет басшылары деңгейінде өзара саяси ерік-жігер мен ортақ ұмтылыс бар», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тоқаев сондай-ақ Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция салғанын хабарлай келе, елімізде қытай капиталы бар неше кәсіпорын тіркелгенін мәлім етті.

«Қытай Қазақстан экономикасына 27 миллиард доллар инвестиция салды. Бұл, шын мәнінде, өте жақсы үдеріс. Сондықтан осы жұмыс табысты түрде жалғасады деп толық сеніммен айтуға болады. Біздің елімізде қытай капиталы бар 6 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істеп жатыр. Олардың арасында CNPC, CITIC, SINOPEC, HUAWEI сияқты әлемдік деңгейдегі мықты корпорациялар бар. Бұдан бөлек, ірі және орта бизнес өкілдері жұмыс істейді. Біз барлығына ерекше көңіл аударып жатырмыз. Қытай Халық Республикасының Төрағасы, қадірлі досым Си Цзиньпин мырзамен бірге көп салалы қазақ-қытай ынтымақтастығын дамыту үдерісін үнемі бақылап отырмыз. Осы жолы Қытай тарапы мен бастаған қазақ делегациясына ерекше көңіл бөліп, ыстық ықыласымен қонақжайлық көрсетті. Ресми сапарым тиімді, ойдағыдай өтті деп санаймын. Төраға Си Цзиньпин мырзамен өткен келіссөздер нәтижесін өте жоғары бағалаймын. Елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын боларына сенемін. Осыған орай, құрметті Си Цзиньпин Төрағаға қазақ-қытай байланыстарын нығайтуға қосып жатқан үлесі үшін шынайы ризашылығымды білдірдім», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ТҮРКІСТАНДА МИГРАЦИЯЛЫҚ ХҚО АШЫЛДЫ
15 мамыр 2019
ТҮРКІСТАНДА МИГРАЦИЯЛЫҚ ХҚО АШЫЛДЫ

Азаматтарға арналған үкімет ҚР ІІМ-мен бірлесіп, Түркістан қаласында миграциялық халыққа қызмет көрсету орталығын (МХҚО) ашты. Бұл туралы ақпаратты Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы қоғаммен байланыс департаментінің директоры Мұрат Жұманбай өзінің фейсбук парақшасында жариялады.

Оның жазуынша, енді еңбек мигранттары мемлекеттік қызметтерді халыққа қызмет көрсету орталықтарының стандартына сай «бір терезе» қағидаты бойынша ала алады. Бұл еліміздегі көші-қон қызметтерін көрсететін 15-ші орталық.
Жаңа орталықтың ашылу салтанатына Түркістан облысының акімі Өмірзақ Шөкеев, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымының орынбасары Біржан Жүнісов, Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы Қайрат Дәлбеков қатысты.

Сонымен қатар, биылғы жылдың ақпан айынан бастап миграциялық ХҚО арқылы көрсетілетін қызметтер саны толыға түсті. Енді ҚР-на уақытша келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар көші-қон қызметтері орталығының қызметіне жүгіне алады. Бұған дейін бұл қызмет тек ҚР ІІМ көші-қон комитеті тарапынан көрсетілетін. 
Жаңа қызмет түрін пайдалану үшін шетелдік азаматтың өзімен бірге келесі құжаттары болуы тиіс:
- ҚР аймағына кіруге визасы бар шетелдіктің не азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын жарамды құжаты;
- Шекараны кесіп өткені туралы белгісі бар көші-қон карточкасы;
- Еркін түрде жазылған қолдаухат.

Қызмет алушылар ҚР аймағына 6 айдан артық мерзімге келетін болса, қосымша толтырылған 2 мекенжайға келу парағын, келу парағына толтырылған статистикалық есепке алу талоны мен 3,5*4,5 көлеміндегі бір фотосурет тапсыруы керек. 
Жаңадан қосылған қызметтен бөлек, мұнда шетелдіктер жұмыс істеуге рұқсат беретін құжатты алып, ҚР аумағына уақытша келетіндер жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдей алады. 
Айта кету керек, Түркістан қаласында биылғы жылдың басынан бері миграция бағыты бойынша 6700 қызмет көрсетілген. 
Жаңа фронт-офис Түркістан қаласы 160 квартал, № 209 ғимаратта орналасқан. Орталық дүйсенбі-сенбі күндері аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.

АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ
08 мамыр 2019
АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Бүгін Маңғыстау облысының  әкімі Ералы Тоғжанов соғыс және тыл ардагерлерінің шаңырағында болып, мерекемен құттықтады. Облыс әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 
1942 жылы әскер қатарына шақыртылғандардың бірі 96 жастағы Қамқа Үмбеталина. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде 9-шы әуе әскерінде 1-ші Қиыр Шығыс майданында ұшқыш болып қызмет еткен. Ұшаққа бомболарды тиеп, оны жау жеріне тастауда ерлік көрсеткен батыр әже.
Сонымен қатар, сұрапыл соғыс жылдары тылда қызмет еткен еңбеккерлердің еңбегі, жеңісті жақындатуға қосқан үлесі аз емес. Майданға аттанған солдаттардың ас-суын, киім-кешегін уақытылы жеткізумен қатар ауылда қалған үлкен кісілер мен шиеттей бала-шағаның қамын қоса арқалап, тылда еңбек еткен жандардың бірі Оржанов Табынды. Болашақ ұрпаққа бейбіт өмір сыйлаған ардагерлерге облыс басшысы жылы лебізін білдірді.
«Өскелең ұрпақ жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ауызбіршілігі мен ерлігі, ерекше табандылығы мен Отанға деген ыстық сезімінің арқасында Ұлы Жеңіске қол жеткізгенімізді білуі тиіс», - деді аймақ басшысы.
Өз кезегінде, ардагерлер мен тыл еңбеккерлері естеліктерін айтып, ізгі тілектерін білдірді.