Валюта бағамы
  • USD -

    511.3
  • EUR -

    595.5
  • RUB -

    6.59
Түркиядағы оқу-жаттығу: «Каспий» ФК неге дауға қалды
Фото: ашық көзден 06 желтоқсан 2024
Түркиядағы оқу-жаттығу: «Каспий» ФК неге дауға қалды

2 күн бұрын Маңғыстау облысының прокуратурасы «Каспий» футбол клубында оқу-жаттығу жиындарына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражат ұрланғанын анықтады.

Бас прокуратураның мәліметінше, облыстың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҰҚКД-мен бірлесіп, осы фактіні тергеу барысында клубтың бұрынғы басшысы өзінің 2 танысымен бірге, күш қолдану арқылы клубтың қызметкерін айғақтарды өзгертуге мәжбүрлегені белгілі болған.

«15 млн теңге қорқытып алуға әрекеттенген. Осы жылдың 3 желтоқсанында футбол клубының экс-басшысын, «К» және «О» азаматтарын қамауға алуға санкция берілді», делінген хабарламада.

 Былтыр желтоқсан айында Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты «Каспий» футбол клубының спортшылардың оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырған компанияға қарызы жоқ деген шешім шығарған еді.

Судьяның айтуынша, түрік компаниясы Ақтау командасына оқу-жаттығу жиынын ұйымдастырмас бұрын мемлекеттік сатып алуға қатысу керек еді. 

«Сонымен қатар, сотқа «Каспий» футбол клубы жанындағы МКҚК басшысының міндетін атқарушы Ержан Джамбиров тапсырыс беруші ретінде Түркия Республикасының Анталия қаласында қандай жағдайда және қандай негізде шарт жасасқаны белгісіз. Түркиялық компания сот отырысына қатысудан бас тартқандықтан талап қанағаттандырусыз қалды», – деп мәлімдеді Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты.

 Бұдан бөлек биыл жыл басында, нақтылап айтқанда қаңтар айында Arena Sports & Travel агенттігі апелляциялық шағым түсіріп, ФИФА мен УЕФА-ға шағымданып, «Каспий» футбол клубына қарсы санкция енгіземін деп қорқытты. Сәуір айында апелляциялық сот бірінші сатыдағы сот шешімін бұзып, түрік компаниясының шағымын ішінара қанағаттандырды.

«Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Каспий» футбол клубы" РМК-дағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнынан ARENA HALKLA ILISKILER ENERJI ORG.TEKS.VE TIC.LTD.STL ЖШС пайдасына  230 521 еуро қарыз және 1000 еуро көлемінде айыппұл өндірілсін. Сондай-ақ соттың шығыны ретінде мемлекетке 3 384 813 теңге көлемінде өтемақы және өкілдің көмегі үшін 3 900 000 теңге төлеуі керек», – делінген хабарламада.

Бұл ретте «Каспий» футбол клубы Жоғарғы сотқа шағым түсірген. Алайда кассациялық алқа футбол клубы өтінішті кешіктіргенін айтып, оны кері қайтару туралы шешім қабылдады.

Жалпы айтатын болсақ Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны ақтаулық футболшыларға еш нәтиже берген жоқ. 2023 жылы «Каспий» футбол клубы Қазақстан чемпионатының турнирлік кестесінде соңғы орынды иеленіп, Қазақстан премьер-лигасынан түсіп қалды.

 Бұл шулы оқиғаға белгілі маңғыстаулық блогер Азамат Сәрсенбаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында пікір білдірді. 

RELATED NEWS
Ақмарал Ерекшеваның тарихи “ алтыны” - спортшылардың апталық жетістіктері
24 маусым 2025
Ақмарал Ерекшеваның тарихи “ алтыны” - спортшылардың апталық жетістіктері

16–23 маусым күндері Болгария астанасы Софияда өткен юниорлар арасындағы әлем чемпионаты мәресіне жетті. Аталған жарысқа 7 спортшымыз қатысып, тарихи нәтижеге қол жеткізді.

Атап айтқанда, Ақмарал Ерекешева үш бағдарламада финалға шығып, доп және лента жаттығуларында алтын, шығыршық жаттығуында күміс медаль жеңіп алды. Осылайша, жерлесіміз тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұған дейін жерлестеріміздің ең үздік нәтижесі – 4-орын болатын.

Олимпиада чемпиондарымен шеберлік байқасты

16–23 маусым күндері Индонезияның Бали қаласында өткен семсерлесуден сары құрлық бәсекесінде ұлттық құрама спортшылары бір күміс, бір қола медаль жеңіп алды. Командалық сайыста Қазақстан құрамасы әлемдегі көшбасшылардың бірі, Олимпиада чемпионы Жапония құрамасымен сынға түсіп, 24:45 есебімен қарсылас жеңіске жетті.

Команда сапында Руслан Курбанов, Ерлік Сертай, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Кирилл Проходов өнер көрсетті.

Айта кетейік, жарыс барысында Қазақстан құрамасы 1/16 кезеңде Түрікменстаннан, кейін Сингапурдан, жартылай финалда Қытайдан басым түсті. Осыған дейін чемпионатта Вадим Шарлаимов жекелей сында қола жүлдегер атанған еді.

Ташкенттегі жарыста 3 спортшымыз тұғыр сатысына көтерілді

18–21 маусымда Өзбекстанның Ташкент қаласында өткен спорттық гимнастикадан Challenge Cup жарысында ұлттық құраманың 3 спортшысы тұғыр сатысына көтерілді.

Қоссырық жаттығуының финалында Ильяс Азизов күміс (13.100 ұпай), тағы бір отандасымыз Дмитрий Патанин қола жүлдегер (12.700 ұпай) атанды. Бұл жаттығуда жарыс қожайыны Акрорхон Темірхонов 13.550 балл жинап, топ жарды.

Ал әйелдер арасында бөрене жаттығуында Көркем Ербосынқызы финалда үздік үштікті түйіндеді. Отандасымыз 12.100 балл алып, Challenge Cup жарысындағы алғашқы жүлдесін мойнына тақты.

Қазақстан грек-рим күресінен Азия чемпионатында топ жарды

2025 жылғы 18–21 маусым күндері Вунгтау қаласында (Вьетнам) өткен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында отандық палуандар 6 алтын (Ерасыл Мамырбеков, Исхар Құрбаев, Бағдат Сабаз, Ақжан Ықыласов, Майис Әлиев, Виктория Хусаинова), 6 күміс (Мақсат Сайлау, Юсуф Мациев, Джохар Узаров, Мерей Базарбаев, Елнар Шілдебай, Нұрдәулет Бекенов, ) және 7 қола медаль (Диас Қалтай, Нұрдәулет Сейілбеков, Асхаб Хаджиев, Әлімжан Сәлімжан, Зейнеп Баянова, Ангелина Первухина, Тыныс Дубек) жеңіп алды. Әсіресе, грек-рим күресінің өкілдері үздік нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте топ жарды.

Стелла Суханованың бір өзі Азия чемпионатында 4 алтын медаль жеңіп алды

Таиландтың Районг қаласында байдарка мен каноэде ескек есуден 18 бен 23 жас санатындағы Азия чемпионаты өтті. Сары құрлық бәсекесінде U23 санатында ұлттық құрама спортшылары сынға түсіп, 6 алтын (Денис Кленин, Стелла Суханова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос), 6 күміс (Әнуар Алмағамбетов, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Дмитрий Холмогоров, Егор Краснонос, Денис Кленин, Дмитрий Ладюков, Ольга Сурмина, Мария Бровкова, Виктория Фалалеева, Татьяна Гладкова) және 3 қола медальмен (Нұржан Муфуқұлұлы, Әнуар Алмағамбетов) жалпы есепте 2-орынға тұрақтады.

Биылғы чемпионатқа 16 мемлекеттен 270 спортшы қатысты. Қазақстан 18 бен 23 жас санатын қосқанда барлығы 12 алтын, 12 күміс, 7 қола жүлде иеленді.

Александр Бублик Галле турнирінің екі дүркін чемпионы атанды

Қазақстанның бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Бублик Германияның Галле қаласында өткен ATP 500 турнирінің жеңімпазы атанды. Финалда ол әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Даниил Медведевті жеңді – 6:3, 7:6 (7:4). Осылайша, Бублик спорттық жолында ATP турнирлеріндегі бесінші титулына қол жеткізді. Соның ішінде ол екінші рет Галле (2023) додасында үздік шығып отыр.

Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды
14 қаңтар 2025
Қысқы Универсиада: Қазақстандық фристайл-могулдан чемпион атанды

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада фристайл-могулдан қазақстандық Анастасия Городко чемпион атанды, деп хабарлайды Ulys Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Финалға бірінші орынмен шыққан А.Городко ең жоғары ұпаймен (79,79) алтын медальға ие болды.

Жапониялық Харука Накао 76,29 балмен екіншіорынға ие болды.

Германиялық Ханна Вессе (75,04 балл) үздік үштікті түйіндеді.

Қысқы Универсиаданың ашылу салтанатында ту ұстап шыққан Аяулым Әміренова бұл бәсекеде 70,52 балмен бесінші орынға табан тіреді.

Айта кетейік, қысқы Универсиадада бүгін қазақстандық жастар үш спорт түрінен сынға түсуде.

Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды
08 мамыр 2025
Ер Жәнібек батырдың есімі ұлықталды

Өскемен қаласының Жекпе-жек сарайында аты аңызға айналған Ер Жәнібекті еске алуға арналған жасөспірімдер мен кадеттер арасында семсерлесуден ХІХ ашық республикалық турнир өтті.
Ер Жәнібек ұрпақтары ұйымдастырып отырған турнирге Шығыс Қазақстан, Абай, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана, Алматы қалаларынан келген 200 жасөспірім спортшы қатысады. 

- Кадеттер мен жасөспірімдер арасындағы ашық республикалық турнирді осымен 19-шы мәрте өткізіп отырмыз. Біз жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, спортқа, оның ішінде семсерлесуге баулу мақсатында өткізіп келеміз, - деді турнирді ұйымдастырушы, Ер Жәнібек ұрпақтарының өкілі Әлібек Ерубаев. 

Турнирдің салтанатты ашылуында ШҚО әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев спортсүйер қауымды мемлекеттік мерекемен құттықтап, Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында және Отан қорғаушылар күнінде өтіп отырған жарыстың мәні мен мағынасы зор екенін айтты. 

- Ер Жәнібек батырдың құрметіне өтіп отырған турнирге жастардың көптеп қатысып отырғаны бізді қуантады. Облысымызда бұл спорт түріне ерекше ден қойылып отыр. Жас қатысушыларымыз көп болған сайын болашақ Олимпиада чемпиондарының қатары толысатынына сенім білдіреміз, - деді Ербол Нұрғалиев. 

Турнир 9 мамыр күніне дейін жалғасып, шапшаңдар мен алғырлар Жеңіс күнінде анықталады.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.