Валюта бағамы
  • USD -

    527.5
  • EUR -

    617
  • RUB -

    6.73
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды заңға қол қойды
Фото: ашық көзден 12 маусым 2025
Тоқаев ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Аквашаруашылық туралы» заңға қол қойды, деп хабарлайды Ulys.

Заңның мақсаты – жаңа өндірістер құру, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту, бәсекеге қабілетті аквашаруашылық нысандарын көбейту, сондай-ақ қоршаған ортаға және адам өмірі мен денсаулығына қауіпсіз ету арқылы аквашаруашылықты тұрақты дамыту.

Құжатқа жаңа өндірістерді құру және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейту мақсатында инвестициялық жобаларды ғылыми сүйемелдеу енгізілді. Соның нәтижесінде бюджет қаражаты есебінен бизнеске ақпараттық-талдамалық және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетіледі.

Сондай-ақ заңда субсидиялау, жеңілдікпен несиелеу, сақтандыру, салық преференциялары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және басқа да мемлекеттік қолдау шаралары көзделген. Заңда аквашаруашылық субъектілері жүзеге асыратын қызмет түрлері, сондай-ақ балық шаруашылығы су айдындары мен осындай қызметті жүзеге асыруға арналған учаскелер (халықаралық, республикалық және жергілікті) нақты бөлінген. Су биологиялық ресурстарына және олардың тіршілік ету ортасына зиян келтірмеу үшін заңда балық шаруашылығы су айдындарын ұтымды пайдаланудың негізгі қағидаты белгіленген.

Сонымен қатар аквашаруашылық саласына мемлекеттік бақылау енгізілді. Бұл жануарлар дүниесін қорғау, оның өсімін молайту және пайдалану бағытындағы бақылаудың бір бөлігі саналады.

Ілеспе заңдағы өзгерістер

Сондай-ақ президент «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне аквашаруашылық, агроөнеркәсіптік кешен, электр энергетикасы және жекелеген орталық мемлекеттік органдардың функцияларын қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Заңмен Жер, Орман, Экологиялық және Кәсіпкерлік кодекстерге, сондай-ақ 14 заңға түзетулер енгізілген.

Түзетулердің бірінші блогы заңнамалық актілерді қабылданған және қол қоюға ұсынылған «Аквашаруашылық туралы» заңға сәйкес келтіруге бағытталған.

Жер кодексіне енгізілген түзетулермен аквашаруашылықты жүргізу үшін су қоры жерлерінің құрамынан жер учаскелерін беру мүмкіндігі белгіленді. Бұл ретте аквашаруашылықты жүргізуге арналған жер учаскелерін беру үшін конкурстық өтінімге қойылатын талаптар регламенттелген. Орман кодексіне енгізілген түзетулермен мемлекеттік орман қоры учаскелерінде балық өсіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру мүмкіндігі белгіленді. Жануарлар дүниесін пайдалануға арналған лимиттер мен квоталарды белгілеуге қойылатын талаптар қайта қаралды. «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» заң агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының жаңа нысандарымен толықтырылды.

Түзетулердің екінші блогы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» ҚР Президентінің 2024 жылдың 3 қаңтарындағы № 429 Жарлығын іске асыруға бағытталған, соған сәйкес Экология және табиғи ресурстар министрлігінің балық шаруашылығы саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Ауыл шаруашылығы министрлігіне берілген. Осыған байланысты аталған мемлекеттік органдар арасында функциялар заңмен қайта бөлінді.

Түзетулердің үшінші блогымен жер қатынастары саласындағы жекелеген мәселелер реттелді. Жер кодексіне енгізілген түзетулерге сәйкес, жер учаскесінде жүзеге асыру мақсатында берілген жер қойнауын пайдалану құқығын тоқтату жер пайдалану құқығын тоқтату үшін де негіз болады. Ауыл шаруашылығы өндірісіне агрохимиялық зерттеу жүргізу жөніндегі қызмет арнайы құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жүктелген.

Түзетулердің төртінші блогында «Астық туралы» заңға астық жемдік қорын қалыптастыру және қамтамасыз ету ісіне бағытталған өзгерістер енгізілді. Астықтың резервтік қорын айырбастауды және жемдік қорын айырбастауды жүзеге асыру жөніндегі функцияларды қоса алғанда, жемдік қорды басқаруды астық нарығы жөніндегі оператор жүзеге асырады. Жемдік қорды басқару жөніндегі ережені Ауыл шаруашылығы министрлігі бекітеді.

Түзетулердің бесінші блогы «Электр энергетикасы туралы» заңда қосылған құны жоғары өнім өндірушілерді қолдау мақсатында электр энергиясына инвестициялық тарифті қолдану тетігін енгізді. «Табиғи монополиялар туралы» заңға енгізілген түзетулермен су саласы қызметкерлерінің орташа айлық номиналды жалақысының деңгейі электр және жылу энергетикасы саласындағы жалақы деңгейіне теңестірілді.

Екі заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды
27 маусым 2025
Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды

Бес миллион. Біреуге – көлік, екіншісіне – пәтер. Үшіншісіне – өмір бойы маңдай термен таппаған табыс. Ал астаналық Қайрым Жарыс үшін – жүрекпен келген жақсылықтың есігі.

Бұл – жай ғана ұтыс емес. Бұл – тағдырдың сыйы, Алланың белгілеген межесі. Өйткені ол сәтсіздіктен шаршамаған, сәттілікке семірмеген. Маңдай тер мен маңдай жарықтың дәл ортасында жүрген қазақ баласы.

Моңғолиядан – мәңгілік мекенге

Қайрым Жарыстың тағдыр жолы торғайдың қанатымен сызған көктемге ұқсайды. 2012 жылы 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – атамекенге, Қазақстанға табан тіреген. Қанмен келген қасиет, жермен біткен мейір.

Ол – үш баланың әкесі. Отбасына ие, ата-анаға арқа сүйер ұл. Қарапайым тірліктің ішінде, артық айқайсыз, есепсіз есеппен емес, ниетпен өмір сүріп жүрген азамат. Еліне еркін келіп, еншісін еңбекпен алған қандас.

Бір күні дүкенге бара жатып, Уәлиханов көшесіндегі әжеден «3 Алма» атты лотерея билетін сатып алады. Бұрын да алып жүрген. Бірақ дәл осы жолы Алланың сыйы басқа болды – санаулы секундтардан соң, бес миллион теңге ұтып алады.

Жеңіс – жалғыздың емес, жұрттың қуанышы

Жеңісті жалғыз тойлаған жоқ. Алдымен жұбайымен бөлісті. Балаларын қуантты. Бауыры мен ата-анасына жеткізді. Сосын жүрегімен ойлап, басқаларға көмектесу керектігін түсінді. Өйткені:

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі», – дейді қазақ.

Қайрым – осы мақалдың тірі мысалы.

Жұбайы бастапқыда сенбеген. «Қайдағы бес миллион? Лотереяға сенетін уақыт па бұл?!» деп қарсы болған. Бірақ құжаттарды көріп, көңілі орнына түсті. Бала-шаға қуанды. Қуаныш – жай байлықта емес, ниеттегі байлықта.

Қайрым бұл ұтыстың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. «Қиналған отбасы көп, көмектессек – қайырлы іс» дейді. Қалғанын жақын-жуыққа бөліп бермек. Жасаған жақсылығының есебін емес, сауабын күтеді.

Сәттілік – сүрінбей жеткен шүкір

Қайрым айына бір-ақ рет билет алады. Әр жолы бірдеңе ұтып жүрген. Кішкентай сандар – үлкен мағынаға ие. Жеңгенін емес, бөліскенін мақтан тұтады.

– Билет алған кезде ішкі бір тыныштық болды. Көңілім алаңсыз еді. Кейде адамның жүрегі сезеді ғой. Бұл жолы да солай болды. Кейін білдім – бұл жеңіс менің туған күнімде келіпті. 24 маусым – мен үшін ерекше дата. Бұл Алланың мейірі болмаса, не? – дейді өзі.

Мұны жай ғана сәттілік деуге болмас. Бұл – біреуге сабақ, біреуге үміт. Өйткені дәл сол билет сататын әжей де бұл жаңалыққа көз жасын сүртіп тұрып, шын қуанды. Бұл жеңіс – жалғыз Қайрымның емес, жүрегі таза қазақтың жеңісі.

«Сәтті Жұлдыз» – сәттің емес, жүректің лотереясы

«Сәтті Жұлдыз» – бұл жай ойын емес. Бұл – сенімнің, адалдықтың, адамдықтың таразысы. Ұлттық лотерея арқылы ел игілігіне қыруар қаржы бөлініп отыр. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана «Қазақстан халқына» қорына 1,2 миллиард теңге аударылды. Спорт пен дене шынықтыруға – 15 миллиард теңге.

Бұл – жай сандар емес. Бұл – ардагерлерге үй, спортшыларға зал, балаларға алаң. Яғни қайырымның үлкен жолы. Әр билет – сол жолға салынған бір кірпіш.

Келесі ұтыс – 30 маусым күні. Бірақ кім ұтады – Алла біледі. Бәлкім, ол да туған күнінде билет алған тағы бір қазақ болар...

Қайырым мен қайыр – қазақтың қос қанаты

Қайрым Жарыс – бір ұтыспен ұлтқа үміт сыйлаған адам. Оның әрекеті – жарнамасыз ерлік. Қарапайым болса да, қарапайымдылығымен қадірлі. Қазақтың мінезін, мейірін, мырзалығын тірілтіп тұрған бір бейне.

Ұтыс – жолы болғанға бұйырады. Бірақ сол ұтысты бөлісе білу – тек жүрегі кеңнің ісі. Қайрым дәл осы кең жүректілердің қатарынан.

Бес миллион теңге – бес сауапқа жетер амалға айналғанда ғана шын мәнге ие.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.