Валюта бағамы
  • USD -

    481.9
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.27
Шығыстағы шахтада апат болып, 4 адам көз жұмды
Фото: istockphoto.com 01 қыркүйек 2024
Шығыстағы шахтада апат болып, 4 адам көз жұмды

 Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында апат болып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап Ulys хабарлайды.

«Шахтадан 4 адамның мәйіті табылды. Олардың екеуі кәсіпорынның, екеуі мердігер ұйымның жұмысшылары болған. Алдын ала дерек бойынша жұмысшылар газдан уланып қалған», - деді KAZ Minerals компаниясының баспасөз қызметі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 4 адам қаза тапқан топтық жазатайым оқиғаны тексеру үшін арнайы комиссия құрылды.

«Комиссияны Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы Батырбек Қизатов басқарады, оның құрамына ҚР ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің өкілдері кірді.

Еңбекминінің ұжымы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады», - делінген министрлік хабарламасында.

Жазатайым оқиға осы жылдың 31 тамызында болған. Сағат 16.25-те Шығыс Қазақстан облысы Алтай кентінде, «Востокцветмет» ЖШС Ертіс кенішінің «Ертіс» шахтасында ауысым кезінде белгісіз затпен улану белгілері бар 4 жұмыскердің денесі табылды.

«Востокцветмет» ЖШС екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Б. Бақытов, 1894 ж. т.;
  • ұңғымашы А. Б. Кеңесбаев, 1989 ж. т.

«Шахтстрой Инжиниринг» ЖШС мердігер ұйымының екі қызметкері:

  • ұңғымашы А. Т. Жайрғазин, 1978 ж. т.;
  • ұңғымашы А. К. Құсайынов, 1983 ж. т.

«Востокцветмет» ЖШС-нің тағы бір жұмыскері, ұңғымашы А.К. Қамбаров ауруханаға жатқызылды.

Комиссия жазатайым оқиғаның себептерін анықтайтын болады.

RELATED NEWS
Қазақстанның бір бөлігінде қар жауып, жол жабылды
25 мамыр 2024
Қазақстанның бір бөлігінде қар жауып, жол жабылды

Қазақстанның басым бөлігінде күн суытып, кей жерінде қар жауды, деп хабарлайды Ulys ТЖМ сілтеме жасап.

«Таңертеңнен бастап ауа райының нашарлауына, яғни қардың жаууына, температураның -3 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Республикалық маңызы бар жол учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалыс жабабылды. «Екатеринбург - Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)», - делінген хабарламада.

Бұған қоса Ақмола облысында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы қозғалыстар уақытша жабылды. 
Автожолдардың жабылуы Астрахан және Егіндікөл аудандарындағы учаскелерде белгіленді:

«Екатеринбург-Алматы» 1080-1140 км (Колутон станциясы-Новочеркасское ауылы)
«Егіндікөл-Жолан» 0-61,3 км
«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 43-119 км, 2
«Жалтыр-Макинск» 0-38 км,
«Новочеркасское-Егіндікөл-Жантеке» 0-43 км,
«Новочеркасское-Егіндікөл» -Қайнар 0-52 км.

Әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды
05 шілде 2024
Әнші Қайрат Нұртас ұшақта төбелес шығарды

Әнші Қайрат Нұртас Алматы-Астана бағытындағы ұшақта бұзақылық көрсетіп, жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген, деп хабарлайды Ulys.

Жақында танымал әнші Қайрат Нұртас (Айдарбеков) Алматыдан Астанаға ұшатын ұшақтың бортында дау шығарған. Әнші басқа жолаушының денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Жәбірленушінің аты - Асылбек Бекқайыров.  Бұл жағдайға байланысты әуе кемесінің командирі полицияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болды. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері екеуін  бөлімшеге алып барады. Онда музыкантқа екі әкімшілік құқық бұзушылық - денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және қайта жасалған ұсақ бұзақылық туралы хаттама ресімделді»,- деп жазды Kozachkov telegram арнасы. 

Бұған дейін Нұртас сахнада бейәдеп сөздер үшін айыппұл төлеген болатын, сондықтан ол рецидивист болып шықты. Асылбек Бекқайыровқа да хаттама жасалды. 

Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полицияның баспасөз қызметі хабарлама жасады.

«Алматы-Астана» бағытындағы әуе рейсінің бортындағы ұсақ бұзақылық және денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалып, материалдар қарау үшін сотқа жолданды»,- деп хабарлады Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы әйеліне күш көрсеткені үшін қамауға алынды
15 шілде 2024
Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасы әйеліне күш көрсеткені үшін қамауға алынды

Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ӘҚБтК-нің 73-бабының 1-бөлігі бойынша құқық бұзушыға қатысты іс қаралды, деп хабарлайды Ulys.

Істің мән-жайы бойынша, құқық бұзушы үйдегі отбасылық жанжал кезінде бұрынғы жұбайының абыройы мен қадір-қасиетін қорлап, оның атына дөрекі сөйлеген. Осылайша оған құрмет көрсетпей, басқа адамдардың тыныштығын бұзған.

Сот отырысы барысында құқық бұзушы өз кінәсін мойындаған жоқ.

«Ол бұрынғы жұбайы оның өтініші бойынша балаларын беруден бас тартып, олардың қолдарынан ұстап жібермегенін түсіндірді. Ол балаларды әкету үшін еденде отырған әйелдің аяқтарынан тартқан. Ол әдепсіз сөз айтпағанын, оны ұрмағанын атап өтті. Жәбірленушінің айтуынша, бұрынғы күйеуі оны көшіру кезінде заңсыз жүріп, оған шабуыл жасап, денесіне зақым келтірген. Жасалған құқық бұзушылықтың мән-жайлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, бейнежазбамен, жәбірленушінің түсіндірмелерімен расталады», - деп хабарлады Астана соты.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.