Валюта бағамы
  • USD -

    483.1
  • EUR -

    559.5
  • RUB -

    6.07
Рәміз - мемлекет тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің белгісі
www.gov.kz 18 шілде 2024
Рәміз - мемлекет тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің белгісі

Филология ғылымдарының кандидаты, «Мәдениет саласының үздігі», рәмізтану маманы Жібек БОЛТАНМЕН сұхбат

− Мемлекеттік рәміздер мемлекет тәуелсіздігі мен қауіпсіздігінің белгісі. Тарихтың әр кезеңдерінде елдің мемлекеттік басқару жүйесі және рәміздері болған. Бүгінде геральдика, симвология, гимнология, этнография т.б. әркім әртүрлі атап жүрген рәмізтану елімізде ғылым ретінде тәуелсіздіктен кейін пайда болған сала екені белгілі. Сұхбатымыздың басында осы жайында кеңірек түсінік бере кетсеңіз? 

− Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңының Мемлекеттік рәміздері туралы тарауында саяси статусы жоғары, мәртебесі заңмен белгіленген мемлекеттік рәмізге құрметпен қарауды қалыптастыру туралы айтылған. Рәміздер саясатының дұрыс жүргізілуі қай кезеңде болмасын мемлекет тұтастығы мен тұрақтылығының кепілі. Өзіңіз айтқандай, рәмізтану тәуелсіздігіміз жария болғаннан кейін төл рәміздердің қалыптасуымен пайда болды. Рәмізтану тарихи рәміздер тарихын зерттейді. Алайда  отандық ғылымда дербес сала ретінде енді ғана дамып келеді. Рәміздер қалыптасу барысында талай тарихи кезеңдер мен бірнеше әлеуметтік сатыларды өтті. Бұған дейін  түркі халықтарының таңбалары мен белгілері, олардың шығу тегі, дамуы ғылыми кешенді зерттелмеген. Рәміздік таңбаларды тану, дәйектеме-деректемелерді топтастыру  жұмыстары жүйеленіп, бірізденбеген. Осы орайда Орталықтың ғылыми кеңесші Қ.Сартқожаұлы, отандық  ғалымдар  Ж.Артықбаев, Т.Жұртбай, Б.Аяған,  Д.Қамзабекұлы, М.Әбусейітова, Ж.Жақыпов, Ж.Әскербек, А.Қалиолла, С.Аққұлы, И.Нұрахмет, А.Абсалықовтың қолдау білдіріп, мекеме қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жасауы Орталықтың  ғылыми әлеуетін  арттыруға мол мүмкіндік тудырды. 2022 жылы   ғылыми әдістемелік-кеңес құрылды. Екі мәрте ұйымдастырылған ғылыми кеңесте тарихшы-ғалымдар арасында әртүрлі пікір тудырған көне туларды біріздендіру, тарихи рәміздерді ғылыми негіздеу және қалалар символына (эмблема) «Өңірлік нышандар»  атауын ұсыну  мәселелері талқыланды. Әртүрлі тарихи таңбалар мен символдық белгілердің (рәміздік емес жазу таңбалары, графикалар, петроглифтер т.б.) дамуын зерттейтін мекемелер болса да, мемлекеттік рәміздердің тарихи маңызын біртұтас қарастырып, жүйелейтін арнайы орталық құру бүгінгі күннің талабы болып отыр.

− Тарихи  рәміздердің зерттелмей, мәні толықтай ашылмай жатқан тұстары көп. Сырттай сипаттап беретін мақалалар ұлттық дүниетанымымызды, рухымызды танытып, ұлттық кодымызды  ашып бере алмай отыр деп ойлайсыз ба?

− Рәміздердің (таңба, белгі) тарихи-коммуникативтік рөліне, яғни, бүгінгі күн мен көне дәуірлер арасын байланыстырушы рәміздік белгілерге арналған ғылыми кітаптар  жоқ деуге болады. Алғаш рет құрастырылған «Қазақ геральдика» кітап-альбомы (2022),  «Таңбалар тілі» ғылыми-танымдық журналы (2022) рәмізтанудағы апробациялық жұмыстар деуге келеді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі Е.Карин альбом алғы сөзінде: «Бұл еңбек өте қысқа уақытта рәміздер тақырыбын қамти алғанымен құнды. Атап айтқанда, көне заманнан бүгінгі тәуелсіз Қазақ елінің рәміздеріне дейін елдікті, бірлікті, билік белгісін білдірген тарихи таңбалардың (Сақ, Ғұн, Үйсін, Қаңлы, Қарахан, Алтын Орда, Көктүріктер, Қыпшақ, Қазақ хандығы, Кеңес кезеңі, Тәуелсіз Қазақстан) үлгілері жинақталған» деп атап көрсетті. «Таңбалар тілі» ғылыми-танымдық журналдың алғы сөзінде сол кездегі Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Д. Абаев «Тарихи таңбалар – төл мәдениетіміздің бірегей коды. Соның ішінде таңбалар мен мөрлер, петроглифтер мен руникалық жазбалар, ою-өрнектер, рәміздер мен әскери рәміздер, өңірлік нышандар айырықша маңызға ие» (2022) екендігін баса айтты. Аталмыш ғылыми-танымдық журнал түрік, өзбек, орыс ғалымдарының қызығушылығын тудырды. Түркия Республикасының Бурса қаласы Ұлыдағ университетінің жас ғалымдары  Шынарбек Сейтханұлы, Мұхаммадияр Анкабаевтың ғылыми басылымға мақала ұсынып, жырақта жүрсе де  үнемі қолдау білдіруі шын патриоттықтан деп білеміз. 

− Рәмізтанумен шұғылданатын республикалық, мемлекеттік мекемелердің жұмысы жөнінде айта кетсеңіз. Тәуелсіздіктен бергі жылдар ішінде рәмізтану мамандары қалыптасты ма? Сонымен қатар ел ішінде мемлекеттік рәміздердің мән-мағынасын түсіндіру үшін қандай істер атқарылды?

− Елімізде Мемлекеттік рәміздер саясатымен айналысып отырған екі мекеме бар. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінде Геральдикалық жұмыс басқармасы және Геральдикалық зерттеу орталығы. 2021 жылы  Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығында қысқартуға ұшыраған 20 адам жаңадан ашылған  «Геральдикалық зерттеу орталығы»  республикалық мемлекеттік мекемесіне қабылданды. Мен мекеме құрылған алғашқы күннен Орталықта тұрақты қызмет атқарған  маманмын. Бүгінде ел ішінде рәміздер туралы мағлұматтардың аз болуын, рәмізтану ғылымының кенжелеп қалуынан деп түсіндіруге болады. Сөздің реті келіп тұрғанда бір жыл өзім жетекшілік еткен зерттеу бөлімінің атқарған жұмысына тоқтала кетейін. Рәмізтанудағы алғашқы қадам: «Қазақ геральдика» кітап-альбомы дайындалды. Альбомда ежелгі мемлекеттердің рәміздері (Ғұн, Түркі, Қарахан), Ұлық Ұлыс-Алтын Орда, Қазақ хандығы, Кеңестік Республикалар Одағындағы Қазақстан рәмізі,  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері – ежелден бергі мемлекеттік рәміздердің  тарихи дамуы алғаш жүйеленіп, топтастырылды. Ұлттық рәмізтану тарихын сөз еткенде ұлық бабаларымыз құрған ұлы мемлекеттердің ортақ идеологиясы мен сабақтастығы туралы баян етуді мақсат еттік. Рәмізтанудағы екінші қадам: Орталық жанынан ғылыми-әдістемелік кеңес құрылды. Ғалымдармен басқосуда ежелден бергі мемлекеттік рәміздердің тарихи дамуын жүйелеу, тарихи рәміздердің айғағы көне тураларды біріздендіру (вексиллология), түркі дәуіріндегі рәміздік таңбалардан елтаңбаға дейінгі белгілердің семантикасын, символдық мәнін зерттеу жұмыстары, хандар мөрі (сфрагистика), көне тиын, теңгелер (нумизматика) фалеристика (ордень-медаль) т.б. рәмізтану ғылымдағы өзге де өзекті мәселелер талқылады. Ал рәмізтанудағы үшінші қадам: «Таңбалар тілі» ғылыми-танымдық басылымы жарыққа шықты.

Бұл қадамда біз, ғылыми зерттеулер мен ізденістер негізінде «Таңбалар тіліне» көшіп гербтер тарихын баяндайтын, қанымызбен қабыспайтын «геральдика» атауынан алыстауға  көштік. Рәмізтанудағы төртінші қадам: «Егемен Қазақстан» газетінде  «Рәміз - мемлекет айбары» (2022 ж) атты «рәміздер, белгілер, нышандар – таңба, меншік, төл деген ұғымдар болса, мемлекеттің елтаңбасынан мемлекеттік мекемелердің мөртаңбаларына дейін ұлттық идеологияға қызмет етуге тиіс» танымдық сұхбатымыз жарық көрді. Рәмізтанудағы бесінші қадам: «Рәміздер. Көне дәуір және Бүгін» ғылыми-танымдық жылжымалы  көрме арқылы Астана қаласы бойынша әртүрлі іс-шараларда мемлекеттік рәміздердің терең тарихын дәріптеу жұмыстары жүргізілді. Алтыншы қадам: Орталық мамандары ұсынған «региональный символ» «өңірлік нышан» атауы 2022 жылғы 10-қарашада республикалық терминология комиссиясының кезекті отырысында қаралып, 1175 терминнің бірі болып бекітілді. Себебі, «өңірлік», «төлтаңба», «ентаңба» т.б. өңірлерге қатысты алыпқашпа сөздер рәміздер  жұмысына біраз кедергі келтірді. Термин бекітілген соң үнемі түсініксіздік тудыруға жол беріп жүрген «геральдист» пиарпаздар сап тиылды. Түркістанда өткен Ұлттық Құрылтайда Мемлекет басшысы: «Өңірлік нышандарды әзірлеу және бекіту тәртібін барлық өңірде бірдей ретке келтірген жөн» деп атап өтті.  Қазір «Өңірлік нышандарды», «Мемлекеттік органдардың нышаны», «Мемлекеттік ұйымдардың нышаны», «Кәсіподақ ұйымдарының нышаны» және «Үкіметтік емес ұйымдардың нышаны» бойынша  біріздендіру жұмыстары  жүруде. Рәмізтанудағы жетінші қадам: Халықаралық тәжірибе. Рәмізтану мамандары пікірін ескерген Орталық директоры А.Баяжұма Санк-Петербург қаласына Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Геральдикалық кеңес жұмысымен, орталық директоры орынбасары А.Жарахметова Мадридке Корольдіктің Геральдика Академиясы жұмысымен танысып келді. Халықаралық тәжірбие рәмізтану бағытындағы жұмыстарды жандандыруға негіз болды. Рәмізтанудағы сегізінші қадам: Орталықтың ғылыми қызметкерлерінен кеңес алып, тәжірибе жинаған әскери рәмізтану маманы А.Ж. Жанұзақов «Әскери құрылыс тарихындағы әскери рәміздер мен рәсімдер» тақырыбында алғаш рет фиолософия докторы дәрежесін қорғады (2023 ж). Рәмізтанудағы тоғызыншы қадам: Түркі мемлекеттері ұйымының X cаммитінде Мемлекет басшысы: «Түркі мемлекеттері ұйымының, оның құрылымдарының туларын және эмблемаларын бір үлгіге келтірген жөн» деген еді. Саяси рәміздерді мемлекеттік рәміздер (ұлттық), түркі мемлекеттері рәміздері, әлемдік рәміздер деп бөліп қарастырғанымыз жөн. Тарихи рәміздердің құрылымдық жүйесін түзуде әлемдік рәміздердің қағидалары мен жіктелуі нақпа-нақ көшіруге келмейді.

- 2024 жылдың 14-ақпанда Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты Аманжол Әлтай: «Рәміздер мәселесінде әлі де ойластыруды, ортақ шешімге келуді қажет ететін түйткілдер бар. Бір ұшы атауға байланысты. Геральдика гербтер мен қолдану дәстүрлерін ғана зерттейтін арнайы тарихи пән. Яғни, геральдиканың нысаны тек гербтер ғана. Ал рәмізтану бұдан кең ауқымдағы зерттеулерді қажет ететін сала. Сондықтан бұл жұмыстармен айналысатын мекемені «Геральдикалық зерттеу орталығы» деп емес, «Ұлттық рәмізтану орталығы» деп атаған жөн деген еді. Егер геральдиканың нысаны – герб, зерттеуші маман   геральдист болса, ұлттық рәміздер орталығына мұндай атау беру не үшін тиімді?

   - Бұл назар аударарлық пікір, орынды ұсыныс, ұлттық терминдердің орнығуы  ғылым дамуының көрсеткіші. Қазақстан Республикасының Конститутциялық Заңының Мемлекеттік рәміздері туралы тарауында «геральдикалық негізі», «геральдикалық белгілер», «геральдикалық сипаттамасы», «геральдикасы мәселелері» деген үш-төрт тіркес кездеседі. Шын мәнінде бұл тіркестер «рәміздік негізі», «рәміздік белгілер», «рәміздік сипаттамасы», «рәміздері мәселелері» деп өзгертілуі керек еді. Бір ғана атау ғалымдарды да, мамандарды да шатастырып жүр. Геральдикалық жұмыс басқармасы басшысы «2023 жылы 5 ведомстволық награда және 1 геральдикалық белгі тағайындалды» деп есеп берген. «Геральдикалық белгі» кімдерге, не үшін берілген? Батыс Европа және орыс гербтерінің тарихын жан-жақты қарастырған А.Б.Лакиердің алғаш рет 1855 жылы Петербургте басылған «Русская геральдика» кітабында геральдика түсінігі крест жорықтарынан бастау алады деп айтады. Жоғарыда аталған еңбекте  жорықтар кезінде кресшілер крест-белгіні матадан қиып алып, оны киімдеріне тігіп және христиандар өз жауына қарсы жорыққа аттанушының ең негізгі белгісі ретінде қолданғанын баяндайды. Батыс Европа елдерінің бүгінгі туларында, гербтері т.б. рәміздер жүйесінде жоғарыда сөз еткен шіркеу белгілерін байқау қиын емес. Ресей батыстық құрылымды нақпа-нақ көшіріп (дүниетанымы бір) геральдиканы ғылым ретінде дамытып отыр. Рәміздер туралы сөз қозғағанда әлемдік және ұлттық рәміздердің ара-жігін ажыратып алуымыз керек. Адамзат мәдениетінің екі тармағы, екі өркениет және екі түрлі дүниетаным Шығыс және Батыс әлемі. Батыс геральдикасының басты символдық негізі өздерінің діни дүниетанымынан бастау алады (крест-белгі). Геральдика нысаны – гербтер. Ғылыми анықтамада геральдика гербтер тарихын зерттейтін тарих пәнінің қосалқы саласы. Мысалы, төл рәміздерді дәріптеуде «геральдика» сөзінің мағынасын ашу үшін «крест жорықтары», «рыцарлар дәуірі», «ресей гербтері тарихының 300 жылы»  т.б. секілді жат ел тарихы туралы міндетті түрде баяндалады. Ресейдің геральдикасы тәжірибе үшін керек болса да, төл рәміздер насихатына негіз бола алмайды. Ресей федеративті, ал Қазақстан унитарлы мемлекет. Рәмізтану маманы ретінде  мекеменің «геральдика»  атауы практикалық жұмыста көп кедергі келтірді. Мемлекеттік марапаттар (фалеристика) ынталандыру, яғни, ел азаматтарынының үлгі істерін, еткен еңбек, жеткен жетістіктерін марапаттауға арналған үлкен идеологиялық бағыт. Медаль мен орденнің айырмашылығын, мерекелік марапаттар мен мемлекеттік наградалардың атауын, кескін-бейнесін қоғамға түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырудың орнына, түсініксіз белгі, медаль, орденнің санын ұлғайта бергеннен не ұтамыз.  

- Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай тағы да: «Өйткені рәмізтану нысанында Мемлекеттік рәміздермен қатар, ертедегі символдық таңбалардан бастап, ою-өрнектер тіліне дейін қамтылады және олардың рәміздік мән-мағыналары ашылады. Рәміздер мәселесін өз елінің тарихымен сабақтастыра қарастыру әлемнің Жапония, Франция сияқты дамыған елдердің тәжірибесінде бар. Осыған орай біздің рәмізтану арнайы ғылым ретінде қалыптасатын уақыт келді» деді. Сіздіңше рәмізтанудың нақты нысаны не?  

- Рәмізтану  түркі өркениетінің тұтас тарихын айғақтайтын (ежелгі тотемдік белгілер, ру, тайпа, қаған, қағанат таңбалары, байрақ-тулары, мөр, кірке) әлеуметтік-саяси мақсатта қолданылған рәміз, нышан, белгі, яғни, ұлт пен ұлыс, тайпа мен ру таңбаларының сыр-сипатын, қызметін арнайы зерттейді. Рәмізтану тарихи рәміздерді, таңбалар мен белгілердің шығу тегі мен дамуын, ғылыми жүйелеу, біріздендіру, рәміздік таңбаларды тану, олардың түрлері, маңыздылығы, қолданылу аясы және түркі өркениетінің тұтас тарихын айғақтайтын байырғы түркі дәуіріндегі рәміздік таңбалардан елтаңбаға дейінгі белгілердің философиясы, семантикасы, символдық мәнін т.б. ұлттық дүниетанымға қатысты мәселелерді қарастырады. Бүгінгі рәмізтану ғылымында «Ғұн  рәміздері», «Түркі қағанаты рәміздері», «Алтын Орда рәміздері», «Қазақ хандығы рәміздері», «Алаш рәміздері», «Кеңестер дәуір рәміздері», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» т.б. ұғымдар жүйесі қалыптасты.  Рәміздер тарихының тым тереңде екенін ескерсек, «Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығын», «Мемлекеттік рәміздердің 30 жылдығын» атау дәстүрі шартты болып шығады.  Вексиллология (тутану) нуизматика (теңгетану, көне тиындар) сфрагестика (мөртану), фалеристика (орден-медаль), сигуманистика (әскери және өзге киімдердегі белгілер) т.б. өз алдына тарих саласының пәндері. Мысалы, геральдика тулар  тарихын зерттемейді, геральдика әнұран тарихын зерделемейді т.б. «геральдика – мемлекеттік рәміздер туралы ғылым» деген  теория жоқ, болмаса «алаш геральдикасы, «қазақ хандығы геральдикасы» деген де түсінік жоқ.

− Кейінгі кезде мемлекеттік рәміздер туралы қоғамда «ту мен елтаңбаны өзгерту керек, тым болмаса ішінара ондағы символдарға өзгеріс жасау керек» деген пікірлер жиі айтылды. Тіпті, ол мәселеге елімізге белгілі азаматтар да өз ойларын білдірді. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин Jibek Joly телеарнасындағы «Уәде» бағдарламасында сұхбат беріп, Елтаңбаны ауыстыру бастамасына қатысты ойын ортаға салды. Сонда «Елтаңбаны өзгерту Президенттің ұсынысы болмағанын» айтты. Мәдениет және Ақпарат министрлігі Қазақстанның Елтаңбасын ауыстыру жөнінде мәселе күн тәртібінен түскенін мәлімдеді. Осы жайында не дейсіз?

− Мифтік танымнан туындаған таңбалық нышандардың уақыт өте келе көркем  ойлауға негіз болғаны секілді, таңбалар да  жетілу, даму үрдісінен өтіп, бүгінде жоғары мемлекеттік билік символына айналып отыр. Мемлекеттің тәуелсіздігі біртұтастығын танытатын басты белгілер − мемлекеттік рәміздер. Бұл ел азаматтарының бәрі түгел танып білуі тиіс басты саяси құндылық. Қазақ елінің  Мемлекеттік рәміздері қалыптасып, соған орай 2007 жылы 4-маусымда «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4-маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.

Азаматтардың рәміздерге деген құрметі ерекше болуы тиіс. Құрметтемегендер мен қорлағандарды ғана жауапқа тартпай, ұлттық рәміздерге қатысты қисынсыз пікір, негізсіз ұсыныс ұйымдастырғандар да заң алдында жауап беруі тиіс. Мемлекеттік рәміздерге қатысты қандай да бір рәміздік белгіні өзгертіп, қосып-алу үшін әуелі дәйекті ұсыныс, дәлелді негіз болуы керек.

- Уақытыңызды бөліп, сұхбат бергеніңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Мара КЕЛЕС

RELATED NEWS
Сарапшы: Жасанды интеллект – заман талабы емес, өмірлік серік
30 наурыз 2025
Сарапшы: Жасанды интеллект – заман талабы емес, өмірлік серік

Мейіржан Әуелханұлы — «Жасанды интеллект әліппесі» кітабының авторы, цифрлық технологиялар жөніндегі сарапшы.

Ulys.kz: Мейіржан мырза, «Жасанды интеллект әліппесі» атты кітап жазуға не түрткі болды?

Мейіржан Әуелханұлы: Шыны керек, жасанды интеллект (ЖИ) тақырыбы күн сайын маңызын арттырып келе жатқанымен, қазақтілді кеңістікте бұл туралы жүйелі, қарапайым тілмен жазылған дерек аз еді. Әлеуметтік желідегі жазбалар, жеке пікірлер бар болғанымен, толыққанды әрі құрылымды білім беретін еңбек жоқ-тын. Осы олқылықты жою мақсатында оқушыдан бастап ұстазға дейін түсіне алатын «әліппе» форматында кітап жазуды жөн көрдім. Бұл кітап тек теория емес, практикалық қолдануға бағытталған, жасанды интеллектпен жұмыс істеуге нақты қадамдар көрсетілген.

Жалпы жасанды интеллект – бұл компьютерлердің адамға тән ойлану, ақпаратты өңдеу және шешім қабылдау қабілеттерін еліктеуге бағытталған технологиялар жиынтығы. Ол алғаш рет 1950 жылдары ғылыми ортада талқыланып, сол кезде-ақ компьютерлерге логикалық есептерді шешуді «үйрету» идеясы пайда болған. Алан Тьюрингтің «Тьюринг тесті» жасанды интеллектке қатысты негізгі өлшемдердің бірін ұсынса, 1956 жылы АҚШ-тағы Дартмут конференциясы ЖИ-ді дербес ғылым саласы ретінде ресми түрде таныды. Уақыт өте келе, машиналық оқыту мен терең нейрондық желілер пайда болып, Big Data, яғни үлкен деректер мен есептеу қуатының өсуі ЖИ-ді жаңа деңгейге көтерді. Енді жасанды интеллекттің қолданылу ауқымы дауыспен басқару жүйелерінен медициналық диагностикаға, қаржы саласындағы автоматтандырылған талдаудан интеллектуалды көлік жүйелеріне дейін кеңейді. Жасанды интеллекттің ең негізгі жетістігі – адам миының кейбір қабілеттерін компьютерлік алгоритмдер арқылы қайталай алуы. Ол дамудың бірнеше толқынын бастан өткеріп, қазіргі таңда экономиканың түрлі секторларында табысты қолданыс тауып отыр. Әрине, оның әлеуеті зор болғанымен, қауіптері де жоқ емес. Мысалы, технологияны теріс мақсатта қолдану, жеке мәліметтердің құпиялығын бұзу немесе алгоритмдік әділетсіздік орын алуы мүмкін. Сонымен қатар, жұмыс орындарын автоматтандыруға қатысты алаңдаушылықтар да бар. Сол себепті болашақта ЖИ-ді реттеу, оны қауіпсіз әрі тиімді пайдалану – басты міндеттердің бірі болмақ.

Ulys.kz: Жалпы, қазір қоғамда ЖИ-ге деген көзқарас қандай?

Мейіржан Әуелханұлы: Қоғам екіге бөлінген. Бірі — «ЖИ жұмысымды тартып алады» деп қорқатындар, екіншісі — «осы арқылы жұмысымды жеңілдетемін» деп үміт артып отырғандар. Шын мәнінде, жасанды интеллекттен қорыққаннан гөрі, оны түсініп үйренген маңыздырақ. Кез келген жаңа технология басында қорқынышты көрінуі мүмкін. Паровоз да алғаш шыққанда халық үрейленді. Ал қазір онсыз өмірімізді елестете алмаймыз. Сол сияқты ЖИ – бүгінгі өмірдің шынайылығы. Ол — бәсекелес емес, көмекші.

Ulys.kz: Жасанды интеллектті қай салаларда қолдану ең тиімді деп есептейсіз?

Мейіржан Әуелханұлы: Қолдану ауқымы өте кең. Білім беру саласында оқушының деңгейіне қарай оқу траекториясын бейімдей алады. Денсаулық сақтау саласында ауруды ерте анықтап, диагноз қоюда таптырмас құрал. Ауыл шаруашылығында өнімділікті болжауға, климатқа бейімделуге көмектеседі. Медиа мен журналистикада мәтін генерациялау, фактчекинг жүргізу секілді функциялары бар. Әкімшілік басқаруда деректерді талдау арқылы шешім қабылдауға сеп. Яғни әр сала ЖИ-ден өзіне қажет құрал таба алады. Ең бастысы — дұрыс қолдана білу.

Ulys.kz: Қазір оқушылар мен мұғалімдер арасында ChatGPT, Copilot сынды құралдарды пайдалану белсенді. Бұл білім сапасына қалай әсер етеді?

Мейіржан Әуелханұлы: Иә, бұл — өте өзекті сұрақ. Мен әрқашан «ЖИ – оқушыға арналған емес, оқушымен бірге жұмыс істейтін құрал» деп айтып жүрмін. Оны бақылаусыз қолдану — дайын жауапқа тәуелділікке әкелуі мүмкін. Бірақ мұғалімдер оны дұрыс бағытта қолданса — керісінше, шығармашылықты арттырып, уақытты үнемдейді. Мысалы, эссе құрылымын тексеру, жаңа идеялар ұсыну, мазмұнды өңдеу сынды процестерде ЖИ таптырмас көмекші. Бірақ білім беру жүйесі бұл құралдарды пайдалануға нақты ереже мен этика қалыптастыруы тиіс. Бұл әлем елдерінің алдында тұрған ортақ міндет.

Ulys.kz: Қазақстанда жасанды интеллектті оқыту және насихаттау қай деңгейде?

Мейіржан Әуелханұлы: Соңғы жылдары жақсы қадамдар жасалып жатыр. Мектептерде робототехника, информатика пәні күшейтілді. Кейбір жоғары оқу орындарында ЖИ мамандығы ашылды. Мемлекеттік деңгейде «Цифрлық Қазақстан», «Цифрлық трансформация» секілді бағдарламаларда ЖИ енгізу қарастырылған. Бірақ бұл бағыттағы ілгерілеу негізінен қалаларда, ауылдарда әлі де ақпарат аз. Сондықтан «Жасанды интеллект әліппесі» сол алшақтықты қысқартуға бағытталған. Әрі бұл — тек ІТ мамандарына емес, журналист, мұғалім, дәрігер, кәсіпкер секілді кез келген адамға қажет құрал екенін түсіндірудің бір жолы.

Біз әлемдік үрдіске ілесуге тырысудамыз. Бірақ жасанды интеллект саласында толықтай алда келеміз деп айтуға әлі ерте. Расын айтқанда, елімізде ЖИ-ді әзірлеп, қолданып жүрген жобалар көбейіп келеді. Мысалы, техникалық университеттер мен IT компаниялар осы саладағы зерттеулерін бастаған. Кейбір стартаптар да деректерді өңдеу, машиналық көру, аударма жүйелері тәрізді бағыттарда қызықты шешімдер ұсынуда. Дегенмен, бұл бағытта білікті мамандар мен қажетті инфрақұрылымның жетіспеушілігі бізді дамыған мемлекеттермен салыстырғанда біраз артта қалдырады. Шетелде ғылыми зерттеулерді коммерцияландыру процесі жылдам жүретін болса, бізде ол әлі де баяу қарқынмен жүруде. Сонда да цифрлық трансформация үдерісінің қарқын алуы, мемлекет тарапынан IT саласына берілетін қолдау және халықаралық ынтымақтастықтың нығаюы ЖИ технологияларын дамытуға оң ықпалын тигізетіні сөзсіз. Алдағы уақытта осы мүмкіндіктерді тиімді пайдалансақ, экономика мен технологиялық даму салаларында үлкен жетістіктерге жетуіміз ықтимал. Алайда, егер тиісті инвестициялар мен білім беру бағдарламалары жеткіліксіз болса, онда технологиялық тұрғыдан кейіндеп қалу қаупі де жоғары. Сонымен қатар, ЖИ жобаларын дамыта отырып, деректердің қауіпсіздігі мен технологияларды реттеу мәселелерін де ұмытпаған жөн. Негізі біз жаһандық ЖИ толқынына ілесіп келеміз.

Ulys.kz: ЖИ-дің қауіптері туралы жиі айтылады. Мысалы, deepfake, деректердің ұрлануы, этикалық мәселелер...

Мейіржан Әуелханұлы: Иә, технология пайдамен қатар, қауіп те алып келеді. Deepfake — жалған бейне мен аудио арқылы адамдарды алдау. Бұл саясат пен ақпараттық қауіпсіздікке қатты әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, жеке деректердің қорғалмауы, ЖИ-дің дискриминациялық шешімдер қабылдауы сияқты проблемалар бар. Сондықтан ЖИ құралдарын қолданар алдында қауіпсіздік пен этика мәселесі бірінші тұруы тиіс. Қазақстанда бұл бағытта құқықтық база әлі қалыптасып жатқанымен, әлемдік стандарттарды негізге ала отырып реттеу тетіктерін жасауымыз қажет.

Ulys.kz: Жасанды интеллект қазақ тіліне қаншалықты бейімделіп жатыр?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл — ең күрделі әрі маңызды сұрақтардың бірі. Қазір әлемдік ірі тілдік модельдер арасында қазақ тілі толық қолдау таппай отыр. ChatGPT, Gemini, Claude сынды ЖИ жүйелері қазақша жауап бере алғанымен, сапасы жоғары емес. Себебі қазақ тіліндегі ашық деректер аз. Сондықтан біздің мақсат — қазақша дереккөзді көбейту, ЖИ-ге бейім мәтіндер базасын қалыптастыру. Мысалы, менің кітабымның бір мақсаты – қазақ тіліндегі сапалы ақпаратты көбейту. Сонымен қатар, ЖИ құралдарын қазақ тілінде жасау үшін отандық стартаптарға қолдау қажет.

Ulys.kz: Қазақстан ЖИ технологияларын әзірлеуде қай деңгейде тұр? Бізге өзіміздің үлгіні жасау мүмкін бе?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл – үлкен сұрақ. Өзіміздің тілдік модельді жасау — стратегиялық маңызы бар қадам. Қытай, Корея, Франция сияқты елдер өз ЖИ жүйесін жасап үлгерді. Себебі ақпараттық қауіпсіздік, дербестік, деректерді бақылау – бәрі соған келіп тіреледі. Қазақстанда мұндай бастамалар бар, мысалы, Тілдерді дамыту комитеті қазақ тілі корпусын цифрландыру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бірақ бұл жеткіліксіз. Бізге — ЖИ зерттеу орталықтары, университеттермен әріптестік, ІТ мамандар дайындайтын платформалар керек. ЖИ – тек технология емес, ұлттық қауіпсіздік мәселесі.

Ulys.kz: Ал жасанды интеллект болашақта адам орнын баса ала ма?

Мейіржан Әуелханұлы: Бұл сұрақ көпшілікті мазалайды. Қазірдің өзінде ЖИ кейбір жұмыс түрлерін алмастырып жатыр – дерек талдау, мәтін жазу, код құрастыру... Бірақ ол әлі де «ойлау», «сезіну», «шешім қабылдау» секілді адами қасиеттерге жете алған жоқ. ЖИ – құрал. Адам оны қалай пайдаланады – нәтиже соған байланысты. Адам болмысы, мәдениеті, санасы ешбір машинамен алмастырылмайды. ЖИ тек адам әлеуетін толықтырып, жаңа деңгейге көтереді. Демек, адам өзгеруі керек – икемділік, үйрену, бейімделу.

Қазір көптеген тапсырмаларды адамның қалай жүзеге асыра алатынынан көрі, ЖИ технологиялары қалай оңтайлы әрі тез шешетінін таңдап отырмыз. ОНың өркениеттің дамуына қосқан үлесі айтарлықтай болды. Дегенмен ЖИ-дің әлеуеті мен қауіптері теңгерілген түрде зерттелуі тиіс. Бұл сала кез келген қауіп-қатерді туындатпауы үшін дұрыс реттеу мен бақылауға назар аударуды қажет етеді. Бұл бір жағынан адамдардың тұрмысын оңайлатып, уақыт үнемдеуге көмектеседі. Екінші жағынан ЖИ жаңа өндірістердің пайда болуына, ғылыми жаңалықтардың жедел зерттелуіне және түрлі саладағы мамандардың жұмыс әдістерінің түбегейлі өзгеруіне түрткі болуда. Әрине, жасанды интеллект өркениеттің дамуына айтарлықтай ықпал етті. Бұрынғы компьютерлер тек белгілі бір алгоритмдер аясында жұмыс істеген болса, қазіргі ЖИ оларға қарағанда әлдеқайда икемді. Мысалы, машинамен оқыту және терең нейрондық желілердің арқасында ЖИ миллиондаған деректерді өте жылдам талдап, адамдарға қолжетімді емес заңдылықтарды көре алады. Бұл медицина, экология, логистика секілді көптеген салаларда инновациялық шешімдер табуға, қиын міндеттерді жеңілдетуге септігін тигізді. Дегенмен, бұл технологиялардың қарқынды енуі қоғамдағы әлеуметтік, заңдық және этикалық мәселелерді де алаңдатпай қоймайды. Жұмыс орындарының бір бөлігінің автоматтандырылуы, жеке мәліметтердің қауіпсіздігі, алгоритмдік әділетсіздік сынды факторлар болашақта талқыланатын басты тақырыптарға айналып отыр. Сондықтан ЖИ-дің тек артықшылықтарын ғана емес, оның адамзатқа тигізер ықтимал салдарын да ескеріп, бұл саланы тиісті түрде реттеу қажеттігі туындап жатыр. Жасанды интеллект біздің өркениетімізді жаңа бір белеске көтеріп, даму қарқынын үдетті. Оның әлеуеті зор, әрі болашақта түрлі салаларда тереңірек орнығып, адамдармен өзара әрекеттесу деңгейін одан әрі күшейтуі әбден мүмкін.

Ulys.kz: Соңғы сұрақ: қазақ қоғамы ЖИ-ге дайын ба?

Мейіржан Әуелханұлы: Толықтай дайынбыз деп айта алмаймыз. Бірақ сергекпіз. Қызығушылық жоғары. Мәселе — бағыт беру мен түсіндіруде. Мен өзім аймақтарда лекциялар оқығанда, жастардың көзі жанып тұрады. Бірақ оларға құрал керек. Сол құрал – тілде, мазмұнда, бағдарда. Жасанды интеллект қазақ тілінде сөйлеп, қазақ баласына қызмет етуі үшін біз қазірден бастап еңбек етуіміз керек. Кітап жазуымның басты мақсаты да – осы жолдағы алғашқы кірпішті қалау еді. ЖИ жүйелері қызмет көрсету жылдамдығы мен сапасын арттырып, адам факторының әсерін төмендетуі мүмкін. Бұл азаматтардың мемлекеттен алатын қызметтеріне қатысты уақыт пен ресурсты үнемдейді. Дегенмен, мұнда ақпараттың құпиялылығы мен қауіпсіздігін сақтау жағы да өте маңызды. Өйткені ЖИ жүйесі неғұрлым үлкен көлемдегі деректерді пайдаланса, соғұрлым киберқауіпсіздік пен этикалық нормаларды да қатты қадағалау қажет болады. Оған қоса, ЖИ-ді енгізу IT саласының мамандарының, жалпы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін көтеруді талап етеді. Егер білім мен тәжірибесі жеткілікті мамандар жетіспейтін болса, технология бар жерден де толық пайда көре алмай, артта қалып қоюымыз мүмкін. Сол себепті ақпараттық технологиялар саласына инвестиция құю және мамандар даярлауға басымдық беру аса маңызды. Президенттің жасанды интеллектті мемлекеттік қызметке кең ауқымда енгізу туралы айтқаны – цифрлық трансформацияға жасалған қисынды қадам. Бұл шараларды кешенді түрде жүргізіп, қауіпсіздікті, заңнамалық талаптарды және ақпараттың құпиялығын ескерсек, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жаңа белеске шығаруға мол мүмкіндік бар.

Ulys.kz: Әңгімеңізге рақмет! Еңбегіңізге сәттілік!

Мейіржан Әуелханұлы: Сізге де рахмет! Бастысы – адамзатқа қызмет ететін ақылды технологияны ақылмен қабылдауымыз керек.

Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік
27 қараша 2025
Құпия сапар, жасырын қуаныш: Әминаны Алматығажетелеген 15 миллион теңгелік мүмкіндік

Кейде адамның өмірін өзгерту үшін үлкен дайындықтыңқажеті жоқ. Бір сәт қана — тағдырдың тылсымнан тартқанжелі, бір билет, бір қоңырау… Шымкенттің қарапайымқызы Әмина үшін дәл сондай күн 23 қараша болды. TeleBingo-ның тікелей эфирінде ойнатылған 15 миллион теңгелік пәтер дәл соның маңдайына жазылды.

 

Бірақ бұл — құрғақ ұтыс жаңалығы емес. Бұл — қуанышынішіне бүгіп, бар сырын жүрегіне сақтаған жас әйелдің үнсізжеңісі. Тағдырлы күннің ар жағында үлкен толқу, жасырынсапар және өзгеше қуаныш жатыр.

 

«Алғашында өзім де түсінбей қалдым…»

Әмина лотереяға жаңа ғана қызыға бастағандардың бірі. Кейде билет алады, кейде мүлде ойламайды. «Маған да біркүнде үлкен ұтыс бұйырар» деген ой басына келмеген. Бірақәлсіз үміттің артында күшті мүмкіндіктің жасырыныптұратынын адам көбіне кейін түсінеді.

 

Телефон шыр етіп, TeleBingo мамандары пәтер ұтқанынайтқанда, Әмина сасып қалады.

«Алғашында түсінбедім. Не болып жатқанын ұға алмайқалдым. Біртүрлі басым айналып кетті…» — дейді ол солсәтті еске алып.

 

Оқиға болған сәтте ол жұмыста, әріптестерінің ортасындаеді.

– Не болды? Бірдеңе естідің бе? – деп сұрай бастағандарболды.

Бірақ Әмина ешкімге тіс жармай, қуанышын жан дүниесінежасырып үлгерді. Қуаныш үлкен болған сайын, адам оны бірден бөлісуге қимайды.

 

Алматыға баратын сапарды «командировка» деп түсіндірді

Ұтысты рәсімдеу үшін Әмина Алматыға жол тартты. Бірақбұл сапардың шын мәнін ешкімге ашпайды. Үйдегілерге:

«Жұмыс бойынша командировкаға бара жатырмын» — депайтып шығады.

 

Бұл — сақтық. Бұл — қауіпсіздік. Бұл — өз өміріндегі еңүлкен қуанышты әлі ешкіммен бөліспей, жаңа баспанағасенімді түрде қадам басудың тәсілі.

Әмина кездескен мамандарға:

* видеосъемкаға түспейтінін,

* суреттерде өзі көрінбейтінін,

* жеке мәліметтерді жариялағысы келмейтінін

алдын ала ескерткен.

 

Түсінуге де болады: бұл – оның ең алғашқы меншіктіпәтері. Жас, тұрмыс құрмаған, кейтеринг саласындатұрақты жұмыс істейтін қыз үшін бұл қадам — жаңаөмірдің есігі.

 

TeleBingo мен LOTO 6/49: бір билеттің артындағы жаңамүмкіндік

TeleBingo биылдың өзінде 13-рет пәтер ойнатты. Ал бұлжолғы басты жүлде — Әминаға бұйырған 15 миллион теңгелік баспана. Қатысу үшін көп талап жоқ: бар болғаны 3 500 теңгелік ЛотоЖинақ сатып алу жеткілікті.

 

Әмина тек TeleBingo-мен тоқтап қалмай, LOTO 6/49 да қатысады. Лотереяның бұл түрінде де ай сайын автокөлікиесі анықталады. Келесі қосымша ұтыс — 28 қараша күні, сағат 22:00-де Satty Zhuldyz YouTube-арнасында өтеді.

 

Сатып алу да қиын емес: 3 000 теңгелік ЛотоЖинақ — сатунүктелерінде де, sz.kz сайтында да бар.

 

Қазақ «несібесі бардың — несібесі тартады» дейді. Кімгеқандай игілік бұйыратынын тағдырдың өзі біледі. Біреуге – маңдай терден, біреуге – осындай тосыннан келгенмүмкіндік арқылы.

 

«Менің жолым болды. Енді сіздерге де тілеймін»

Әмина алған әсерімен бөлісіп:

«Әлі күнге дейін сенбей жүрмін. Мүмкін емес сияқты. Бірақтағдыр осылай күліп қарады. Барша қатысушыларға сәттіліктілеймін. Менің жолым болғандай, сіздерге де жол болсын», — дейді.

 

Бұл — оның жеке қуанышы ғана емес, мыңдағанқазақстандыққа келген үміттің жаңғыруы. Өйткені біреудіңжолы болып жатса, екіншісінің де жолы ашылатынынасенім артады жұрт.

 

ULYS түйіні

Әмина — жай ғана TeleBingo жеңімпазы емес. Ол — біркүнде өмірін өзгертуге мүмкіндік бар екенін дәлелдегенқарапайым қазақ қызы.

15 миллион теңгелік баспана — оның жаңа бастамасы, жаңатынысы, жаңа белесі.

 

Бір билет — бір мүмкіндік.

Бір қоңырау — бір тағдырдың өзгерісі.

Бір сәт — жаңа өмірдің есігі.

 

Қазақтың әр шаңырағына осындай қуаныш бұйырсын.

Үміт үзілмесін. Несібенің жолы тоқтамасын.

Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі
29 қазан 2025
Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

Үміттің ұтысы: шымкенттік күзетші Әлібектің 54 миллион теңгелік жеңісі

 

Шымкенттің қарапайым көшесі. Аспан көкшіл тартып, күн баяу ғана батып барады. Сол сәтте бір адам жұмыстан қайтып бара жатыр. Күн сайын күзет орнында отырған сол жігіттің жүрегі бүгін ерекше дүрсілдеп тұр. Ол — Әлібек.

Кеше бәрі бірқалыпты еді, бүгін өмірі басқа арнаға бұрылды. Себебі ол — 54 000 000 теңге ұтып алған адам.

 

— Саламатсыз ба, Әлібек?
— Саламатсыз ба.
— Ұтысыңыз құтты болсын.
— Рахмет.
— Сіз LOTO 6/49-да 54 миллион теңге ұтып алдыңыз.
— Дұрыс па?
— Дәл солай, — деді Әлібек, сенім мен күдік арасындағы күйде.

Ол — Шымкент қаласының тумасы. Қаланың шетінде орналасқан шағын мекемеде күзетші болып еңбек етеді. «Күнделікті жұмыс қалай?» десеңіз, ол сабырмен жауап береді:түнде күзет, күндіз тыныштық.
Бірақ дәл осы қарапайым адамның өмірінде үлкен өзгеріс басталды.

— Ұтыс туралы қалай білдіңіз? — деп сұрадық.
— Маған хабарласып, ұтып алғанымды айтты. Әуелде сенген жоқпын. Кейін бәрін тексеріп, расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Қатыса бастағанына шамамен бір жарым – екі жылдай болған екен.
— Бұған дейін ұсақ соммаларды ұтқанмын. Сол жеңістер маған сенім берді, — дейді.

Билетті екі жолмен алады: жұмыста отырғанда онлайн, демалыс кезінде қағаз билет.

— Көбінесе өзім сандарды таңдаймын. Сүйікті сандарым бар, бірақ ол құпия, — дейді Әлібек күлімдеп.

 

Шымкент пен сәттілік: лотерея жеңімпаздарының мекені

Шымкент соңғы жылдары «жолы болған жандар» шыққан өңірлердің бірі.

Бұған дейін тағы бір шымкенттік тұрғын TeleBingo-да пәтер ұтқан, ал тағы бірі 5/36лотереясында 12 миллион теңге ұтып алған еді.

Ал кейде жолы болғандармен қатар, жолдан жаңылғандар да табылды. Бір тұрғын Instagram-да «жалған лотерея» ұйымдастырып, 96 миллион теңге заңсыз табыс тапқан. Тағы бір блогер заңсыз ұтыс ойнатып, сот үкімімен айыппұл төлеген.

Бұл — лотереяға қатысты үміт пен сенімнің шынайы бет-бейнесі ғана емес, сонымен қатар жауапкершілік пен заң тұрғысынан сабақ болар жайт.

 

Қарапайым адамның үлкен арманы

Әлібектің жеңісі — жай ғана ақша емес, сенімнің жеңісі.
Күзет орнында отырған талай түнінде ол ойға шомып, «бір мүмкіндік болса ғой» деп іштей тілеген болар. Сол мүмкіндік бүгін есік қақты.

Бұл ұтыс — тағдырдың тосын сыйы емес, үмітін үзбегеннің сыбағасы.

Жолы болмай жүрген адамның жолы ашылуы үшін алдымен сенімі ашылу керек.

Әлібектің сенімі ашылды — соңы жеңіске ұласты.

Жеңіс жайлы хабар келгенде, оның көңіл-күйі күрт өзгерген.

— Алғаш естігенде сеніңкіремедім. Бірақ бәрі расталған соң ғана қуандым, — дейді ол.

Күмән мен қуаныштың арасындағы сол сәт — әр адам бастан кешетін ішкі арпалыстың айнасы сияқты.

Бүгін Әлібек — сабырлы. Отбасына бұл жаңалықты әлі айтпаған.
— Уақыты келгенде бөлісемін, — дейді.

Бұл сөздің артында да үлкен парасат жатыр. Өйткені, қуаныштың да өз уақыты, өз сабыры болады.

 

Жеңіс — жолдың соңы емес

Көп адам ұтысты өмірдің шарықтау шегі деп қабылдайды. Ал шын мәнінде — ол жаңа бағыттың басы. Әлібек те соны түсініп отыр.

— Бұл жеңіс өмірімді жеңілдетсе де, жауапкершілікті арттырады, — дейді ол.

Қарапайым күзетшіден үлкен жеңімпазға айналған ол — «сәті түскеннің» емес, «сенгеннің» үлгісі.
Оның хикаясы әр қазаққа ой саларлық:
еңбек пен үміт қатар жүрсе, нәтижесі міндетті түрде болады.

 

«Жүз ұтыс, бір көлік: LOTO 6/49-да алтын күзі»

Күз — тек жапырақтың сарғаюы мен аспанның сұрлануы емес. Бұл жолы ол — алтын мүмкіндік пен жаңа үміттің маусымы.
LOTO 6/49 лотереясы осы қарашаны нағыз халықтық мерекеге айналдырып отыр: 20 000 000 теңге көлеміндегі 100 ақшалай сыйлық пен жаңа кроссовер — осы маусымның басты олжасы!

Бұл жолғы науқан халық арасында жай ғана көңіл көтеру ғана емес, үміт пен әділдіктің мерекесіне айналмақ.

 

 

 

 

Қатысу қиын емес — бар болғаны 5 000 теңгелік билет алу жеткілікті. Билетіңіз онлайн да, қағаз түрінде де жарайды.
Сосын YouTube-арнадағы тікелей эфирде ұтыстың әр сәтін өз көзіңізбен көресіз.

Бірінші ұтыс — 31 қазан күні, сағат 22:00-де.
Ол күні 33 адам 200 000 теңгеден иеленеді.
Қатысу үшін 24 қазан 10:00 мен 31 қазан 21:45 аралығында билет алу қажет.

Екінші кезең — 7 қараша күні, сағат 22:00-де.
Тағы да 33 жеңімпаз өз сыйлығын алады.
Бұл жолы 31 қазан мен 7 қараша аралығында алынған билеттер қатысады.

Үшінші ұтыс — 14 қараша күні, сағат 22:00-де.
Соңғы кезеңде 34 адамға 200 000 теңгеден бұйырады.
Барлығы — 100 адам, және біреуі — жаңа кроссовердің иесі атанады.
Темір тұлпардың кілтін ұстау — кімге де болса арман емес пе?

 

Лотереяның артындағы үлкен миссия

LOTO 6/49 тек ұтыс емес — қоғам алдындағы жауапкершіліктің көрінісі.Ұйымдастырушылар әлеуметтік жауапкершілікті басты қағида етіп отыр. Әр ұтыстан түскен операциялық табыстың 10% — ел спортының дамуына, тағы 10% — «Қазақстан Халқына» қоғамдық қорына және 3«Креативті индустрияны дамыту қоры» ұйымына бағытталады.

Демек, әр билет — тек үміт емес, елге пайда әкелетін үлес.
Бұл — ойыннан асып, қоғамға қызмет етудің жаңа формасы.

 

LOTO 6/49 — бүгінде кездейсоқтықтың емес, үміттің брендіне айналды. Әлібектің жеңісі соның айғағы. Алда тағы жүздеген мүмкіндік тұр. Кім біледі, келесі жолы дәл сіздің билет нөміріңіз жеңімпаздар қатарынан табылар. Ел ішінде жиі айтылатын бір сөз бар:«Жолы болмаған адам жоқ, тек өзіне сенбеген адам бар.»

Сол сенім бар жерде ұтыс — ертегі емес, өмірдің өз көрінісі.
Ендеше, алтын күзді құр тамашалап қана қоймай, өз сәтіңізді сынап көріңіз.

Өйткені, LOTO 6/49 — бұл жай ғана лотерея емес,
үміт пен жауапкершіліктің ұтқыр символы.

 

Қорытынды орнына

Біз ulys.kz оқырмандарына осы оқиғадан бір ғана ой түйеміз:
үміт бар жерде мүмкіндік бар. Сенім бар жерде нәтиже бар.
Күнделікті тіршіліктің арасында адамды ұстап тұратын бір-ақ нәрсе — үміт.
Сол үміт сөнбесе, жеңіс кешікпейді.

Әлібек сияқты адамдар — өмірдің нағыз батыры.
Ал тағдыр кейде дәл сондайларға тосыннан бақыт ұсынады.

Жеңіс — соңғы аялдама емес. Ол — жаңа сапардың бастамасы.
Сондықтан, біз де Әлібекке табыс, береке және ақ жол тілейміз.
Ал сіз, қадірлі оқырман, есіңізде сақтаңыз:

Үміт үзілген күні ғана жеңіс алыстайды.