Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы танымал қаржы саласында трейдер, кәсіпкер әрі блогер Думан Ерқанатқа қатысты қылмыстық істі қарады. Бұл туралы Жоғарғы соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сот процесі жабық режимде өтті.
Бұған дейін өткен бірінші соттың үкімімен Думан қыз зорлады деген күдікпен айыпталып, кінәлі деп танылып, оны 5 жылға соттаған болатын.
«Апелляциялық саты бірінші сатыдағы сот үкімінің күшін жойып, ақтау үкімін шығарған. Алайда Қылмыстық іс материалдарын зерделеген алқа Думанның кінәсі дәлелденді деп таныды. Қорғаушы тараптың дәлелдері жиналған дәлелдемелермен жоққа шығарылады», - делінген сот хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін «қыз зорлады» деп 7 ай түрмеде отырған кәсіпкер өзінің ақталғанын айтқан еді.