Қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматы бола алмайды
Енді қазақ тілін білмейтін адамдар Қазақстанның азаматы бола алмайды. Бұл туралы жаңа бұйрықта айтылған, деп хабарлайды Ulys.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді.
Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.
Қазір ең үлкен жұмыс — бірдеме жасап шығару, дұрысы — өндіру. Әсіресе, ұлттың жаны мен руһы үшін күрсе жүріп жатқан шақта қазақ тілінде ағартушылық бағытта жоба жасау, қазақтілді сапалы контентті арттыру үлкен еңбек. Қуанатынымыз, осы бағытта тың туынды дүниеге келді. Жуырда «Ағылшынша тіл сындыру. Тұңғыш өз бетімен үйрену құралы» атты ерекше еңбек жарық көрді. Бұл кітап ағылшын тілінің маманы, білікті аудармашы, белгілі журналист Ернат Мэлсұлының — сан жылғы маңдай терінің жемісі.
Қазақ тілінде тұңғыш рет шығып отырған "Ағылшынша тіл сындыру" өз бетімен үйрену құралы талай қазақтың талабын шындарына сенімдіміз.
Өзге тілді өз тілің арқылы үйренуден асқан үлкен бақыт жоқ бұл жалғанда.
Бұл еңбек — қазіргі кезде қазақтілді контентті арттыру, қазақ руханиятына қажымай, талмай жұмыс істеудің жарқын үлгісі іспетті. Сондықтан әрбір үйдің төрінде тұрса жарасады. Пайдалы кітаптың оқырманы да көп болмақ.
Өз бетімен ағылшын тілін үйрену құралының авторы 20 жылға жуық қолданып келе жатқан, өз тәжірибесінен өткен ағылшын тілін жеделдетіп оқыту әдістемесін қалың көпшілікке ұсынып отыр. Ең бастысы, бұл қазақ тілінде жарыққа шыққан тұңғыш өз бетімен оқу құралы. Ернат Мэлсұлының айтуынша тіл сындыру құралының бірнеше ерекшеліктері бар.
Бірінші ерекшелік – Сіз ағылшын тілінің әріптерін, дыбыстарын, сөздерін миыңызды ашытпай, басыңызды босқа қатырмай, еш қиындықсыз үйренесіз. Езбе ереже, қасаң қағида атымен жоқ. Бұл әдістеме «әріп-дыбыс-сөз-сөйлеу» формуласына негізделген.
Екінші ерекшелік – әлемдегі халықаралық алты тілдің бірін қазақы ұғыммен игересіз. Барлық сөздің ағылшынша, қазақша транскрипциясы (дыбыс таңбасы) һәм аудармасы қоса жазылған. Әр ағылшынша, қазақша сөздің транскрипциясы әдеттегідей жанынан емес, астына берілген. Бұл – визуалды тұрғыдан ең тиімді тәсіл. Яғни, Сіз қай әріп қандай дыбысқа айналып тұрғанын тайға таңба басқандай анық көресіз.
Үшінші ерекшелік – ағылшын дыбыстарына тән созылыңқылық белгісі қазақ тілінде қос нүктемен беріледі. Мұндай тәсіл ағылшын тіліндегі созылыңқы дыбыстарды тез меңгеруге септігін тигізеді. Тағы бір ерекшелік – кітапты оқыған адам кемінде 3000 сөз үйренеді. Әр кестедегі сөздердің әліпбилік қатары қатаң сақталған. Бұл тәсіл 26 әріптің әліпбилік ретін білуді автоматты деңгейге жеткізуге бағытталған. (Т.Тілеубай)
«Теріс ойды таста, ағылшынша үйренуді баста» деген ұрын сөзбен шыққан кітап 7 жастағы баладан 70 жастағы қарияға дейін оқуға қолайлы. Оқу құралы туралы жылы лебіздер қарасы қалың. Төменде Алаштың ауызы дуалы бірнеше азаматының оқу құралы туралы лебізін беруді жөн көрдік.
Жаңбырбай ҚАҒАЗБАЕВ, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің доценті, Шетел тілінде даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, ҚР Білім беру ісінің үздігі, Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың Еңбек сіңірген қызметкері
Ернат шәкіртімнің қолымызға көптен күткен кітабы тиді. «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болар кез» дейді. Міне, бізден білім алып, мынау Қарағанды Мемлекеттік Университетінің Шетел тілдері факультетінің Ағылшын тілін оқыту кафедрасы бойынша өзің білім алып шықтың, 4 жыл бойы тыңғылықты үйрендің, оқыдың, тоқыдың, шоқыдың, енді соның жетістігін өзің әрқилы салада қызметіңде көрсете білдің, Тіл комитетінде де қызмет еттің, «Хабар» редакциясында қызмет еттің, осылай жинаған тәжірибеңнің негізінде осы ересектерге арналған жақсы, ерекше құрылымы бар оқу құралдарын дайындасам екен деген өзіңде бір арманың болды, алға қойған мақсатың болды. Міне сол мақсатыңа жеттің деп есептеймін. Мақсатыңның бірінші қадамы шығар, үлкен қадамы шығар, енді қаламың мұқалмасын, жақсы азаматтарға, азаматшаларға керек кітап екен. Енді осы өзіңнің «Үш тұғырлы тіл» саясатына қосқан үлесіңнің бірінші қадамы болсын деп есептейік. Енді қаламың мұқалмасын деп жаңа айтып жатырмын, алдағы жетістіктеріңді көруге біз тілектеспіз. Бұл бірінші кітап шығар, одан кейін бұның екінші бөлігі шығатын шығар, өстіп өз жалғасын тауып, жақсы бір оқу-әдістемелік кешенмен аяқталады деген сенімім мол. Саған келешек уақытта табыс тілеймін. Алға қойған мақсаттарың орындала берсін. Қазақтың осындай азаматтарының еңбектері жанып, осындай қуаныш қуанышқа ұлассын. Біздің азаматтар мен азаматшаларымыздың, жастарымыздың атағы Алатаудан әрі ассын!
Теңдік ИЗАҚОВ, қазақтан шыққан тұңғыш нейрохирург
Ағылшын тілінен біздің қазақтар ештеңе білмейтін-ді. Қазір заманға байланысты бүкіл жастар ағылшын тілін білуге құмар. Өйткені ғылымның өзі, көп ғалым дардың өзі ағылшынның оқымыстыларынан шыққан. Мысалы үшін, ДНК деген бар. Осы ДНК-ны 1953 жылы ағылшындар бірінші ойлап тапқан. ДНК адамның тұқымын анықтайтын ғылым. Қазір ағылшынның ғалымдары бізге келіп, форумда сөйлейді. бірақ анатономия жағынан бірдейміз, бұлардың артықшылығы – саймандары, технология, компьютер, кейін бұлардың бәрі бізге келді, соларға маманданып, үйреніп алдық. Талпынбаса білім шықпайды. Соған талпыну керек, талпыну керек, үйрену керек. Мен 92 жаста болсам да әлі студентпін. Өйткені күнде форумдарға, конференцияларға құрметті қонақ ретінде барып тұрамын. Кәрістер келеді, ағылшындар келеді. Кәрі нейрохирург деп бәрі мені құшақтап, менімен бірге суретке түседі. Жапониядан бір қыз келген ана жылы, өзі профессор, сол мені құшақтап сурекет түскен, нейрохирургия институтындағы жігіттер сол суретті қабырғаға іліп қойыпты. Бүкіл ғылымда неврология деген ауру бар. Неврология деген ауру найзағайдың оты сияқты бетке атқылайды. Жағып қойған плита сияқты бетте тұратын. Соны емдеу деген өте қиын. Қазақстанда, Өзбекстанда мен ғана емдедім сол 1957 жылдан бастап. Ауырған кісілер айтады: «Доктор, не дай Бог эту болезнь даже Гитлеру» деп. Осы күні де емдеп жүрмін. Іздеп келеді, емдеп беремін. Мынау кітабың қайырлы болсын, тіптен жақсы үйренуге. Мен де үйренуге талаптанайын енді. Өйткені ғылымның бәрі, көбісі осы ағылшын тілінеy. Біз енді қазір артта қалсақ та, қуып жетуге талаптанамыз ғой. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» дейді ғой. Солай ғой. Ғылымды қаза берсең, шыға береді. Бірақ оған тоймайсың. Ғылым деген арман. Мынау мидың клеткалары өте көп. Бұрын айтқан 100 мың деп, қазір миллиардтан асып кетті.
«БАСТАУЫШ МЕКТЕП МҰҒАЛІМІНЕ 100 ИДЕЯ» КІТАБЫ ҚАЗАҚША АУДАРЫЛДЫ
Ұлттық аударма бюросы жаңа оқу жылы қарсаңында оқытушылар қауымын қуантты. Атап айтқанда, Рэйчел Оррдың “Бастауыш мектеп мұғаліміне 100 идея” (100 Ideas for Primary Teachers) атты еңбегі мен Доминик Уайзхдың “Бастауыш мектеп мұғалімі. Ұстанымдары мен қағидалары” (Dominic Wyse, Becoming Primary School teacher) кітабы Оралдағы Ж.Досмұхамедов атындағы педагогика коллежінде таныстырылып, алғашқы даналары аталған оқ орнының кітапханасына тарту етілген.
Ұлттық аударма бюросы жоғарыдағы оқу құралдарын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ ұсынысы бойынша ағылшын тілінен қазақ/орыс тілдеріне аудару жұмысын үйлестірген. Ұлттық аударма бюросының фейсбук парақшасында аталған құнды кітаптар туралы төмендегідей мәліметтер берілген.
1️⃣ «Бастауыш мектеп мұғаліміне 100 идея: саралап оқыту» (100 Ideas for Primary Teachers: Differentiation) – әлемге танымал әдіскер-маман Рэйчел Оррдың жеке кәсіби ізденісі нәтижесінде туып, әріптестерінің тәжірибесі негізінде сыннан өткен инновациялық маңызы жоғары 100 идея ұсынылған жинақ. Саралап оқыту арқылы бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін арттыруға, білім сапасын көтеруге бағытталған бұл идеялар ішкі мазмұны мен ұйымдастырылу әдістеріне орай 10 бөлімге топтастырылып берілген. Оқу құралы жаңа бағытта ізденуді мақсат ететін педагог қауымға, сондай-ақ, ізденушілер мен студенттерге арналған.
2️⃣ «Бастауыш мектеп мұғалімі болу: ұстанымдары мен қағидалары» (Becoming a Primary School Teacher) – британдық ғалым-оқытушы Доминик Уайздың педагогика саласына қадам басқан студенттер мен жас мамандарға арналған таптырмас көмекші құралы. Білікті, білімді, тәжірибелі ұстаз болып қалыптасуға қажет дұрыс бағыт-бағдар беретін бірден-бір оқулық. Бұл оқу құралы оқушылар мен ата-аналар қарым-қатынасы, қиын балалармен жұмысқа қатысты сұрақтардың жауабын береді. Сонымен қатар, білім беруге қажет құжаттармен таныстырып, олармен жұмыс істеудің әдіс-тәсілдерін үйретеді. Мұғалімге тән білім, білік дағдыларын дамытуға бағытталған.
Суреттер Ұлттық аударма бюросының фейсбук парақшасынан алынды.
Қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматы бола алмайды
Енді қазақ тілін білмейтін адамдар Қазақстанның азаматы бола алмайды. Бұл туралы жаңа бұйрықта айтылған, деп хабарлайды Ulys.
Ғылым және жоғары білім министрінің бұйрығымен азаматтық алу немесе Қазақстан азаматтығын қалпына келтіру кезінде мемлекеттік тілді бастапқы деңгейде, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздерін және Қазақстан тарихын білуге қойылатын талаптар бекітілді.
Құжатқа сәйкес азаматтық алу немесе қалпына келтіру барысында мемлекеттік тілді білу деңгейі кем дегенде 36 балл, Қазақстан Республикасы Конституциясының негіздері бойынша кемінде 9 балл, және Қазақстан тарихы бойынша кем дегенде 15 балл жинау қажет.