Желіде Қонаев-Алматы тасжолында болған жаппай жол апатының видеосы жарияланды, деп хабарлайды Ulys.
ҚазАвтоЖолдың хабарлауынша жол апаты қалың тұманның және жүргізушілердің абайсыздығынан болған. Алдын ала мәлімет бойынша 18 көлік соқтығысқан.
Оқиғаны видеосы Instagram желісінде тарады.
«Қалың тұман басып қалды. Жол апатынан біз де зардап шектік», «Кеше де, қазір де қалың тұман болды. Жүргізушілер тұманға қарамастан қатты жүрді», «Менің отбасым да осы жол-көлік оқиғасына ұшырады», – деп жазды қазақстандық желіде.