Валюта бағамы
  • USD -

    481.9
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.27
Қазақстандық дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы 01 қыркүйек 2024
Қазақстандық дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы болды

Қазақстандық дзюдошы Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды. Бұл туралы Ulys Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен ол финалда украиналық қарсыласы Лебид Дмитроны уақытынан бұрын иппон ұпайымен жеңді. 

Әлем рейтингінде 5-орында тұрған отандасымыз әлем біріншілігін екінші айналымнан бастады. Жалпы жарыс барысында төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де қарсылас шақ келтірген жоқ. Алғашқы қарсыласы Мунгун Учрал Ууганбаярды (Моңғолия), одан кейін ширек финалда Гиорги Гелашвилиді (Грузия) жеңді. Ал жартылай финалда украиналық Аркадии Смаиловтан басым түскен болатын.

Айта кетерлігі, жасөспірімдер арасында сынға түскен Санжар Ерұланұлының бұл әлем чемпионатындағы алғашқы жүлдесі. 17 жастағы Санжар бұған дейін 2024 жылғы маусымда Қазақстан чемпионатын және Азия кубогын ұтқан, сондай-ақ Еуропа кубогында күміс жүлдегер атанып үлгерген.

Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты Перудің Лима қаласында өтіп жатыр. Әлем біріншілігіне 48 елден 403 жас татами шебері қатысуда.

RELATED NEWS
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады
09 шілде 2024
Париж Олимпиадасына 80 спортшы барады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаевты қабылдады, деп хабарлайды Ulys Ақордаға сілтеме жасап.

Ермек Маржықпаев президентке Қазақстан құрамасының ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарына дайындығы туралы есеп берген.

Дереккөзге сүйенсек, Қазақстан ұлттық құрамасы спорттың 25 түрінен 92 лицензия иеленген. Парижде барлығы 80 спортшы ел намысын қорғайды.

«Мемлекет басшысы Олимпиада ойындарының спортшыларымызға зор жауапкершілік жүктейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан құрамасы әлем алдында мәдениетті, ұстамды әрі озық үлгілерімен ерекшеленуге тиіс екеніне назар аударды», - делінген хабарламада.

Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті
21 тамыз 2024
Головкин бұрыннан келе жатқан әріптесін сенімді жоғалтты деп жұмыстан шеттетті

Қазақстан ҰОК бас хатшысына қатысты ресми мәлімдеме жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті президентінің бұйрығымен Бас хатшының сенімхат негізінде берілген өкілеттігі жойылды.

«Сенімінің жоғалуына байланысты Жанар Өтешеваны Бас хатшы ретінде Атқарушы комитет құрамынан шығару мәселесі Бас Ассамблея мүшелерінің қарауына шығарылады», - делінген мәлімдемеде.

Еске салсақ, Жанар Өтешова Головкин кәсіпқой бокс рингіне шығып жүргенде командасының баспасөз хатшысы болған. 2022 жылдың ортасына дейін ҰОК баспасөз және PR департаментін басқарған еді.

Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды
31 тамыз 2024
Қазақстандық Паралимпиада ойындарының күміс жүлдесін алды

Қазақстандық пара спортшы Еркін Ғаббасов Паралимпиада ойындарының күміс жүлде алды, деп хабарлайды Ulys Паралимпиадалық комитетке сілтеме жасап.

Финалда R1 классында винтовкамен 10 метрге пара нысана көздеуден сынға түскен отандасымыз 247.7 ұпай жинап, күміс жүлде жеңіп алды. 

Алтын медальды 249.4 ұпай жинаған Корея спортшысы Парк Дж, ал қола медаль 226 ұпай жинаған Дания елінің спортшысы еншіледі. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.