Валюта бағамы
  • USD -

    533.7
  • EUR -

    623.5
  • RUB -

    6.83
«Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталды
Фото: ашық көзден 23 мамыр 2025
«Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталды

 ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева «Қазақстан балалары» ұлттық науқаны басталғаны туралы бейнеүндеу жариялады, деп хабарлайды Ulys.

***
Құрметті достар!

Баршаңызды алдағы Халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Мереке қарсаңында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Отбасы – тәрбие бастауы!» ұранымен онкүндік басталды. Өйткені бала тәрбиесінде шешуші рөл атқаратын – отбасы. Дәл осы ортада тұлғаның қабілеті дамып, болмысы қалыптасады.

Президентіміз балалардың сапалы білім алуы мен тәрбиесіне мемлекет пен ата-ананың ортақ жауапкершілігі маңызды екенін үнемі айтып келеді. Социологиялық зерттеулерге сәйкес, азаматтардың 90%-ы ата-ана болуды өміріндегі ең маңызды құндылық деп санайды. Ал 85 пайызы ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністікті – отбасылық әл-ауқаттың негізгі шарты ретінде көреді.

Мемлекет әр бала тек үйде ғана емес, қоғамда да қамқорлық пен сүйіспеншілікке бөленуі үшін барлық жағдайды жасап келеді. Бұл бағытта Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мен Мәдениет және ақпарат министрлігіне маңызды міндеттер жүктелген.

Ұлттық комиссияның «One-Stop-Service» жобасы аясында балаларға қатысты сексуалдық зорлық-зомбылық оқиғаларын қамтитын 50-ге жуық қылмыстық іс қаралып, 700-ден астам әйел мен балаға жедел көмек көрсетілді. 

Шалғай өңірлерге қызмет көрсеткен «Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңнан астам азаматты қамтыды. Әсіресе көпбалалы аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған әлеуметтік осал отбасыларға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, балалардың цифрлық қауіпсіздігі мен суицидтің алдын алу бойынша нақты бастамалар жүзеге асуда.

Мемлекет басшысы төрағалық еткен Үшінші Ұлттық Құрылтайда берілген тапсырмаға сәйкес, Үкімет «Қазақстан балалары» бірыңғай бағдарламасын әзірлеп жатыр. Бұл бағдарлама еліміздегі балалардың өзекті мәселелерін шешуге арналған, заманауи сын-қатерлерге жауап беретін тұтас ұлттық жүйе болмақ.

Биыл Мәдениет және ақпарат министрлігі бала тәрбиелеуге бағытталған отандық және үздік халықаралық тәжірибелерге негізделген «Ата-ана академиясы» жобасын іске қосты. Жақын арада арнайы онлайн платформа іске қосылады.

Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия атынан барша ата-аналарды балаларының қызығушылықтары мен мұқтаждықтарына көбірек көңіл бөлуге шақырамын. 

Бақытты әрі дені сау ұрпақ – еліміздің басты мақтанышы және мемлекетіміздің өркендеуінің шынайы көрсеткіші. Мерекеде барлық отбасыға бақыт пен береке, жанұя жылуын тілеймін.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды
27 маусым 2025
Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды

Бес миллион. Біреуге – көлік, екіншісіне – пәтер. Үшіншісіне – өмір бойы маңдай термен таппаған табыс. Ал астаналық Қайрым Жарыс үшін – жүрекпен келген жақсылықтың есігі.

Бұл – жай ғана ұтыс емес. Бұл – тағдырдың сыйы, Алланың белгілеген межесі. Өйткені ол сәтсіздіктен шаршамаған, сәттілікке семірмеген. Маңдай тер мен маңдай жарықтың дәл ортасында жүрген қазақ баласы.

Моңғолиядан – мәңгілік мекенге

Қайрым Жарыстың тағдыр жолы торғайдың қанатымен сызған көктемге ұқсайды. 2012 жылы 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – атамекенге, Қазақстанға табан тіреген. Қанмен келген қасиет, жермен біткен мейір.

Ол – үш баланың әкесі. Отбасына ие, ата-анаға арқа сүйер ұл. Қарапайым тірліктің ішінде, артық айқайсыз, есепсіз есеппен емес, ниетпен өмір сүріп жүрген азамат. Еліне еркін келіп, еншісін еңбекпен алған қандас.

Бір күні дүкенге бара жатып, Уәлиханов көшесіндегі әжеден «3 Алма» атты лотерея билетін сатып алады. Бұрын да алып жүрген. Бірақ дәл осы жолы Алланың сыйы басқа болды – санаулы секундтардан соң, бес миллион теңге ұтып алады.

Жеңіс – жалғыздың емес, жұрттың қуанышы

Жеңісті жалғыз тойлаған жоқ. Алдымен жұбайымен бөлісті. Балаларын қуантты. Бауыры мен ата-анасына жеткізді. Сосын жүрегімен ойлап, басқаларға көмектесу керектігін түсінді. Өйткені:

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі», – дейді қазақ.

Қайрым – осы мақалдың тірі мысалы.

Жұбайы бастапқыда сенбеген. «Қайдағы бес миллион? Лотереяға сенетін уақыт па бұл?!» деп қарсы болған. Бірақ құжаттарды көріп, көңілі орнына түсті. Бала-шаға қуанды. Қуаныш – жай байлықта емес, ниеттегі байлықта.

Қайрым бұл ұтыстың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. «Қиналған отбасы көп, көмектессек – қайырлы іс» дейді. Қалғанын жақын-жуыққа бөліп бермек. Жасаған жақсылығының есебін емес, сауабын күтеді.

Сәттілік – сүрінбей жеткен шүкір

Қайрым айына бір-ақ рет билет алады. Әр жолы бірдеңе ұтып жүрген. Кішкентай сандар – үлкен мағынаға ие. Жеңгенін емес, бөліскенін мақтан тұтады.

– Билет алған кезде ішкі бір тыныштық болды. Көңілім алаңсыз еді. Кейде адамның жүрегі сезеді ғой. Бұл жолы да солай болды. Кейін білдім – бұл жеңіс менің туған күнімде келіпті. 24 маусым – мен үшін ерекше дата. Бұл Алланың мейірі болмаса, не? – дейді өзі.

Мұны жай ғана сәттілік деуге болмас. Бұл – біреуге сабақ, біреуге үміт. Өйткені дәл сол билет сататын әжей де бұл жаңалыққа көз жасын сүртіп тұрып, шын қуанды. Бұл жеңіс – жалғыз Қайрымның емес, жүрегі таза қазақтың жеңісі.

«Сәтті Жұлдыз» – сәттің емес, жүректің лотереясы

«Сәтті Жұлдыз» – бұл жай ойын емес. Бұл – сенімнің, адалдықтың, адамдықтың таразысы. Ұлттық лотерея арқылы ел игілігіне қыруар қаржы бөлініп отыр. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана «Қазақстан халқына» қорына 1,2 миллиард теңге аударылды. Спорт пен дене шынықтыруға – 15 миллиард теңге.

Бұл – жай сандар емес. Бұл – ардагерлерге үй, спортшыларға зал, балаларға алаң. Яғни қайырымның үлкен жолы. Әр билет – сол жолға салынған бір кірпіш.

Келесі ұтыс – 30 маусым күні. Бірақ кім ұтады – Алла біледі. Бәлкім, ол да туған күнінде билет алған тағы бір қазақ болар...

Қайырым мен қайыр – қазақтың қос қанаты

Қайрым Жарыс – бір ұтыспен ұлтқа үміт сыйлаған адам. Оның әрекеті – жарнамасыз ерлік. Қарапайым болса да, қарапайымдылығымен қадірлі. Қазақтың мінезін, мейірін, мырзалығын тірілтіп тұрған бір бейне.

Ұтыс – жолы болғанға бұйырады. Бірақ сол ұтысты бөлісе білу – тек жүрегі кеңнің ісі. Қайрым дәл осы кең жүректілердің қатарынан.

Бес миллион теңге – бес сауапқа жетер амалға айналғанда ғана шын мәнге ие.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.