«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulys.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.
Директор аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
