Валюта бағамы
  • USD -

    520.1
  • EUR -

    590.5
  • RUB -

    6.37
 Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады
Фото: ашық көзден 19 тамыз 2024
Қасым-Жомарт Тоқаев Тәжікстанға мемлекеттік сапармен барады

22-23 тамыз күндері Қазақстан президенті Тәжікстан республикасына мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды Ulys.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен президент Эмомали Рахмон Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективасын талқылайды. Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр», - деп хабарлады Ақорда.

RELATED NEWS
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасындағы ЖИ мүмкіндіктері талқыланды
22 тамыз 2024
Қазақстан мен Тәжікстан қатынасындағы ЖИ мүмкіндіктері талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға электрондық үкімет саласындағы ынтымақтастық туралы есеп берілді, деп хабарлайды Ақорда.

Президенттерге биыл екі елдің мамандары Интернет-ресурстардың бірыңғай платформасы мен SmartBridge жүйелерінің негізгі компоненттерін Тәжікстан серверлерінде сәтті орналастырғаны жөнінде баяндалды.

Қазақстанның Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пен Тәжікстанның Инновациялар және цифрлық технологиялар агенттігінің директоры Мирзо Хуршед тәжік мамандарының арнайы оқу курсынан өткенін жеткізді. Қазір Тәжікстанның мемлекеттік органдарына арналған сайттарды әзірлеу жұмыстары қолға алынып, IT-шешімдерді интеграциялау ісі егжей-тегжейлі пысықталып жатыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін және тиімділігін арттыру үшін жасанды интеллект технологияларын пайдалану мүмкіндіктері жайында мәлімет берілді. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастықтың ең перспективті бағытының бірі болмақ.

Мемлекет басшысы Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді
22 тамыз 2024
Мемлекет басшысы Тәжікстанға мемлекеттік сапармен келді

ҚР Президентін Душанбе әуежайында Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон қарсы алды, деп хабарлайды Ақорда.

Сапар аясында шағын құрамда және екі ел үкіметтері делегацияларының қатысуымен жоғары деңгейде келіссөздер өтеді.

Сондай-ақ екі елдің cаяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын нығайтуды көздейтін бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Тәжікстанмен Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды
23 тамыз 2024
Қазақстан Тәжікстанмен Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарының екінші күні Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзодамен кездесуден басталды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы қазақ-тәжік қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев кеше Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылғанына назар аударып, бұл екіжақты ынтымақтастықтың мүлдем жаңа кезеңіне бастау болатынын айтты.

– Бұл құжаттың тарихи маңызы зор. Осы арқылы алға қарыштап қадам басамыз. Президент, құрметті Эмомали Рахмонның парламентаралық байланысты жандандыру туралы ұсынысын қолдаймын. Өзіңізді еліміздің шынайы досы ретінде білеміз. Өйткені Сіздің студенттік шағыңыз Қазақстанда өтті. Сондықтан біздің байланысымыз парламенттер деңгейінде жанданып, екіжақты ынтымақтастық пен одақтастықтың ең маңызды бөлігіне айналады деп үміттенеміз, – деді Президент.

Тәжікстан Парламенті төменгі палатасының спикері екі елдің заң шығарушы органдары арасындағы байланыстарды дамытуға жан-жақты қолдау көрсеткені үшін Мемлекет басшысына ризашылығын білдірді.

– Өзіңізбен кездескеніме қуаныштымын. Президентіміз, құрметті Эмомали Рахмонмен шынайы достығыңыз мемлекеттеріміздің арасындағы жан-жақты ынтымақтастық пен татулықты нығайтуға қызмет етіп келеді. Қазақстан – Тәжікстанның сенімді досы, стратегиялық серіктесі. Сіздің бұл сапарыңыз екіжақты қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Біз бұған ерекше мән береміз. Сапар аясында 16 құжатқа, соның ішінде тарихи мәні зор Одақтастық қатынастар туралы шартқа қол қойылды, – деді Махмадтоир Зокирзода.

Тәжікстанның Маджлиси намояндагон Маджлиси Оли төрағасы Махмадтоир Зокирзода парламентаралық ықпалдастықты одан әрі нығайтуға, шарттық-құқықтық базаны кеңейтуге, екі ел парламенттері арасындағы достық топтарының байланысын жандандыруға күш салуға дайын екенін растады.

Әңгімелесу барысында саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салаларда қол жеткізілген уағдаластықтарды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз ету мәселесі талқыланды.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.