Валюта бағамы
  • USD -

    527.5
  • EUR -

    617
  • RUB -

    6.73
Миллиардтар – билетке, үміт – жүрекке. «Сәтті Жұлдыз» кімге шын жұлдыз?
Фото: сәтті жұлдыз 20 маусым 2025
Миллиардтар – билетке, үміт – жүрекке. «Сәтті Жұлдыз» кімге шын жұлдыз?

«Ұттың ба?»

«Ұтпадым...»
«Тағы қатысасың ба?»
«Қатысамын!

Бұл – бүгінгі қазақтың үнсіз келісімі. Себебі лотерея – енді жай қызық емес. Ол – үміттің мекені. Бір мезетте өмірді өзгертуге болатынына сенетіндердің көптігі соншалық – Ұлттық лотерея «Сәтті Жұлдыз» өз статистикасын батыл түрде жариялап отыр.

Президент Мария Лыткина құрғақ емес, «шырынды» сандармен бөлісті: «Компания құрылған күннен бастап 2025 жылдың алғашқы тоқсанына дейін елімізде 1 трлн 80 млрд теңгеге лотерея билеттері сатылды. Осы уақыт аралығында 917,8 млрд теңге ұтыс ретінде төленді», – деді ол.

Бұл нені білдіреді? Халық сенді. Халық қатысты. Халық ұтты. Немесе... ұта алмады. Бірақ бәрі бір үмітпен өмір сүреді.

Жеңістің дәмін татқан адам аз емес. Әр отбасының бір шетінде бір билет жатыр. Бес билеттен тұратын орамды сатып алып, «осы жолы болар» деп күткендердің көбі ұтпаса да, келесі жолға тағы дайын.

Пәтер – сәттіліктің сыйы

«Сәтті Жұлдыздың» жаңа форматы – «Пәтер» ЛотоЖинағы. Бір жинақ – бес TeleBingo билеті. Сол бесеу – бір пәтерге бір мүмкіндік.

Ол пәтер кімге бұйырады – әзірге белгісіз. Бірақ мүмкіндік бар. Шанс бар.
Тираж – 2025 жылғы 22 маусым, сағат 10:00-де,тікелей эфирде – «31 арнада».

5 МИЛЛИОН теңге – жеті балалы жанұяға!

Жақында «3 Алмаз» лотереясында ірі ұтыс тіркелді – 5 миллион теңге! Бұл жолы сәттілік жеті баланың ата-анасы – Абдурашид пен Нұржамалға бұйырды.

Олар қуаныштарын жасыра алмады. Сұхбат кезінде:  «Ұтысты естігенде көзімізге жас келді... Бұл ақша бүкіл отбасымыз үшін үлкен көмек болды», – деді ерлі-зайыпты.

Айтуларынша, қаражаттың бір бөлігіне үйдің жөндеуін жүргізіп, қалғанын қалада шағын пәтер алуға жұмсамақ. Бұл – бір билеттің артында тұтас тағдырдың тұрғанының дәлелі.

Қайырымды лотерея

Лотерея тек ұтыспен өлшенбейді. Одан түскен операциялық табыстың:
🔸 10%-ы – Спортты қолдау қоры;
🔸 10%-ы – «Қазақстан халқына» қорына бағытталады.

Яғни сіз алған әр билет - тек өзіңіз үшін емес, ел үшін де үлес.

Армандар орындалады, егер...

Кей адам «лотереяға сенбеймін» дейді. Бірақ қалтасында – билет. Себебі сенім – бір бөлек, арман – басқа. «Сәтті Жұлдыз» – сол арманға апаратын жолдың бірі.

Кім біледі, бүгін алынған билет – ертеңгі жаңа өмірдің кілті болар?

Халық – қатысады.
Халық – сенеді.
Халық – үміттенеді.

Ал «Сәтті Жұлдыз» сол үмітті таратып жүр.Жұлдыз кімге бұйырады – 22 маусым күні білеміз.

RELATED NEWS
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая
18 сәуір 2025
Көз тимесін, көлік бұйырды! Ермектің 10 миллионы жайлы хикая

Адамның пешенесіне жазылған бақтың қай күні, қай сәтте, қай жерден төгіліп түсетінін кім білген? Біреу өмір бойы тырысады да, ештеңе шықпайды. Біреу шай ішіп отырып, шынайы жеңімпаз атанады.

Астаналық Ермек Баимбетов — дәл сондайлардың бірі. Жаңа көлік емес, жаңа үмітке ие болған азамат. Оның бағы — ғаламтордың ар жағынан келген. Ал бақыт — қою, күрең шай үстінде күтіп тұрған.

Бір күні Ермек "Сәтті жұлдыздың" жарнамасын көреді. Біреулер мұндайға селт етпейді. "Бәрібір жолым болмайды" дейді. Ал Ермек... тәуекел етті. Екі билет сатып алды. Бар болғаны — екі билет! Бірі — жай қағаз. Екіншісі — 10 миллион теңгелік алтын құжат болып шықты.

"Кешкі шай үстінде отыр едік. Қоңырау шалынды. «Сіз көлік ұтып алдыңыз», дейді. Ә дегенде алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ билет нөмірін айтты, телефон нөмірін айтты. Сайттан қарап едім — шынымен де мен екенмін..." – дейді өзі.

Кейде сене салу қиын. Әсіресе қазақ сенім мен күмәннің арасында жүреді. Ал Ермектің қуанышы — кейінірек келді. Бастапқыда – тосын, кейін – тұщымды. Ол көлікті емес, оның орнына берілетін 10 миллион теңгені таңдады. Қайда жұмсамақ? Бір бөлігі — әкесінің еміне, қалғаны — несиеге.

Кім не десе де, бұл — бір адамның ғана емес, бір әулеттің жеңісі.

Сәтті жұлдыз – сәтті күннің хабаршысы ма?

«Сәтті жұлдыз» ұлттық лотереясы — соңғы он жылда мыңдаған адамның үмітіне ұшқын берген ұйым. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі 200-ден астам сауда нүктесінде армандар билетпен сатылып жатыр десек, асыра айтқандық болмас.

Жеңімпаз көп. Ең үлкен жүлде — 150 миллион теңге. Қызылордадан шыққан қатысушы ұтып алған. Бұл енді қарапайым байлық емес, бір өңірдің жаңалығы.

Ал алда не күтіп тұр? Тағы да пәтер, тағы да көлік!

Қазақ "көп қорқытады, терең батырады" дейді. Көптің ішінен дара шығу оңай емес. Бірақ келесі мүмкіндіктер де дайын тұр:

20 сәуір — пәтер ойнатылады («TeleBingo» ойыны);

30 сәуір — автокөлік ойнатылады («6/49» ойыны);

Джекпот қазірдің өзінде 572 миллион теңге болып тұр! Сандардың өзі сөйлеп тұр.

Міне, осының бірі — «ЛотоНабор Квартира». 5 билеттен тұратын бұл жинақ — пәтерге апарар бес қадам. Әр билет — өз алдына бір мүмкіндік.

Ұтыс жексенбі, 20 сәуірде, сағат 10:00-де, «31 арнада» тікелей эфирде өтеді. Көзбен көріп, көңілмен ұтудың жолы осы.

Жеңіс жеке емес, қоғамға ортақ

Жеңіске жеткен әр теңгенің 10 пайызы — қазақ спортына кетеді. Тағы 10 пайызы — «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады. Демек, біреудің бағы — елге қайырлы. Ойын ойнасаң да, оймен ойнар кезең бұл.

Ермектің жолы болды. Келесіде кім біледі — бағыңыз сізге бұйырып қалуы да ғажап емес. Қайраттан туған қайсарлық пен үміттің арасы кейде бар болғаны екі билет қана.

 

мариалдың ақысы төленген.

 

Пәтер ұтып алған адам кім?
28 сәуір 2025
Пәтер ұтып алған адам кім?

Телефон шырылдады. «Сіз пәтер ұтып алдыңыз» деді. «Алаяқтық емес пе?» деп ойлады. Екі күн бойы сенбеді. Үшінші күні ғана Алматыдағы бас кеңсеге кіргенде барып көз жеткізді. Шын екен. Қағаз жүзінде емес, өмірде.

Бұл – Василийдің хикаясы. Ол – қарапайым еңбек адамы. Еліміздің өндіріс орындарында жиырма жылдан бері вахталық әдіспен жұмыс істеп келеді. Алматыда тұрады. Алыс жол, ауыр жұмыс, ұзақ ауысым – бәрі үйреншікті. Бірақ мына жаңалық оған мүлде үйреншікті емес.

– Лотереяға шамамен екі жылдан бері қатысып жүрмін, – дейді ол. – Аптасына кемі екі рет билет аламын.

Сәті түскен күн – дәл осы апта. Қолына тиген – баспана. Бірақ бұл қуаныш бастапқыда күмәнмен келген.

– Басында шын айтсам, сенбедім. «Скам шығар» деп ойладым. Қазір кім көрінген телефон шалып, алдап-арбайды ғой. Бірақ бірнеше мәрте хабарласты. Кейін өзім келіп көрдім. Міне, сол кезде ғана рас екенін түсіндім, – дейді Василий.

Жеңімпазбен сөйлесіп отырғанда оның сөздерінде бір заңдылық байқалды: үміт үзілмеген. Ол сеніп келген. Сенімінің сыры – сабыр мен тұрақтылық.

– Бұған дейін де үмітімді үзбей, билет алып жүрдім. Қазір сенімім тіпті күшейді. Одан әрі де қатыса берем, – дейді.

Бір қызығы, Василий жеңісі туралы ешкімге айтпаған. Қазір де айтқысы жоқ. «Тыныш өмір сүргің келсе, көпке жария етпе» дейді. Оның бұл сөзі бүгінгі қоғамның бір көрінісі іспетті.

– Ашық айтып, жария еткен дұрыс емес деп ойламаймын. Күнде біреу хабарласып, мазаны алады. Сол үшін ешкімге айтпадым, – дейді ол.

Лотереяға келсек, Василий көбіне TeleBingo мен 5/36 билеттерін сатып алады. Бастапқыда сандарды өзі таңдайтын. Тіпті нумерологияны зерттеп көрген. Бірақ соңғы уақытта бәрін автоматқа тапсырған. Ұтқан нөмір де автоматты түрде таңдалған.

– Бұрын ірі сауда дүкендерінен қағаз билет алатынмын. Соңғы алты айда онлайнға көштім. Ыңғайлы әрі жылдам, – дейді.

Сөз соңында ол барлық қатысушыларға қарапайым, бірақ сенімді кеңес берді:

– Үміт үзбеңіздер. Бәлкім, бір күні сіз де ұтып қаларсыз. Ештеңе де бекер емес.

Танымал қоғам қайраткері айтқандай, «Бақыт – дайын тұрған қақпа. Бірақ оны ашу үшін сенімнің кілті керек». Василий сол кілтті тапты. Енді жаңа өмірдің есігін ашты.

Келесі кезек – Кроссовер!

30 сәуір күні сағат 22:00-де өтетін кезекті тиражда басты жүлде – 282 819 500 теңгеден асады және Кроссовер автокөлігі ойнатылады.

«LOTO 6/49» лотереясының ЛотоЖиын форматында ұсынылған арнайы топтамасы арқылы әр қатысушы бір емес, бірден 6 мүмкіндікке ие болады. Әрбір ЛотоЖиын 6 билеттен тұрады, ал сандар жүйесі кездейсоқ таңдалады. Ұтысқа қатысу онлайн режимде қолжетімді.

Тікелей эфир YouTube желілесіндегі Satty Zhuldyz арнасы арқылы жүргізіледі.

Әлеуметтік жауапкершілік:

Ойыннан түскен табыстың 10%-ы отандық спортты қолдауға, ал тағы 10%-ы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына аударылады.

Мүмкіндік қашан келіп қалатынын ешкім білмейді. Василийге бұйырған бақыт, бәлкім, ертең сіздің есігіңізді қағар!

Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды
27 маусым 2025
Бес миллион теңге – бес сауапқа татиды

Бес миллион. Біреуге – көлік, екіншісіне – пәтер. Үшіншісіне – өмір бойы маңдай термен таппаған табыс. Ал астаналық Қайрым Жарыс үшін – жүрекпен келген жақсылықтың есігі.

Бұл – жай ғана ұтыс емес. Бұл – тағдырдың сыйы, Алланың белгілеген межесі. Өйткені ол сәтсіздіктен шаршамаған, сәттілікке семірмеген. Маңдай тер мен маңдай жарықтың дәл ортасында жүрген қазақ баласы.

Моңғолиядан – мәңгілік мекенге

Қайрым Жарыстың тағдыр жолы торғайдың қанатымен сызған көктемге ұқсайды. 2012 жылы 21 наурыз – Ұлыстың ұлы күні – атамекенге, Қазақстанға табан тіреген. Қанмен келген қасиет, жермен біткен мейір.

Ол – үш баланың әкесі. Отбасына ие, ата-анаға арқа сүйер ұл. Қарапайым тірліктің ішінде, артық айқайсыз, есепсіз есеппен емес, ниетпен өмір сүріп жүрген азамат. Еліне еркін келіп, еншісін еңбекпен алған қандас.

Бір күні дүкенге бара жатып, Уәлиханов көшесіндегі әжеден «3 Алма» атты лотерея билетін сатып алады. Бұрын да алып жүрген. Бірақ дәл осы жолы Алланың сыйы басқа болды – санаулы секундтардан соң, бес миллион теңге ұтып алады.

Жеңіс – жалғыздың емес, жұрттың қуанышы

Жеңісті жалғыз тойлаған жоқ. Алдымен жұбайымен бөлісті. Балаларын қуантты. Бауыры мен ата-анасына жеткізді. Сосын жүрегімен ойлап, басқаларға көмектесу керектігін түсінді. Өйткені:

«Өзін ғана ойлаған – жамандықтың белгісі, өзгені де ойлау – адамгершіліктің белгісі», – дейді қазақ.

Қайрым – осы мақалдың тірі мысалы.

Жұбайы бастапқыда сенбеген. «Қайдағы бес миллион? Лотереяға сенетін уақыт па бұл?!» деп қарсы болған. Бірақ құжаттарды көріп, көңілі орнына түсті. Бала-шаға қуанды. Қуаныш – жай байлықта емес, ниеттегі байлықта.

Қайрым бұл ұтыстың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсамақ. «Қиналған отбасы көп, көмектессек – қайырлы іс» дейді. Қалғанын жақын-жуыққа бөліп бермек. Жасаған жақсылығының есебін емес, сауабын күтеді.

Сәттілік – сүрінбей жеткен шүкір

Қайрым айына бір-ақ рет билет алады. Әр жолы бірдеңе ұтып жүрген. Кішкентай сандар – үлкен мағынаға ие. Жеңгенін емес, бөліскенін мақтан тұтады.

– Билет алған кезде ішкі бір тыныштық болды. Көңілім алаңсыз еді. Кейде адамның жүрегі сезеді ғой. Бұл жолы да солай болды. Кейін білдім – бұл жеңіс менің туған күнімде келіпті. 24 маусым – мен үшін ерекше дата. Бұл Алланың мейірі болмаса, не? – дейді өзі.

Мұны жай ғана сәттілік деуге болмас. Бұл – біреуге сабақ, біреуге үміт. Өйткені дәл сол билет сататын әжей де бұл жаңалыққа көз жасын сүртіп тұрып, шын қуанды. Бұл жеңіс – жалғыз Қайрымның емес, жүрегі таза қазақтың жеңісі.

«Сәтті Жұлдыз» – сәттің емес, жүректің лотереясы

«Сәтті Жұлдыз» – бұл жай ойын емес. Бұл – сенімнің, адалдықтың, адамдықтың таразысы. Ұлттық лотерея арқылы ел игілігіне қыруар қаржы бөлініп отыр. Тек биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ғана «Қазақстан халқына» қорына 1,2 миллиард теңге аударылды. Спорт пен дене шынықтыруға – 15 миллиард теңге.

Бұл – жай сандар емес. Бұл – ардагерлерге үй, спортшыларға зал, балаларға алаң. Яғни қайырымның үлкен жолы. Әр билет – сол жолға салынған бір кірпіш.

Келесі ұтыс – 30 маусым күні. Бірақ кім ұтады – Алла біледі. Бәлкім, ол да туған күнінде билет алған тағы бір қазақ болар...

Қайырым мен қайыр – қазақтың қос қанаты

Қайрым Жарыс – бір ұтыспен ұлтқа үміт сыйлаған адам. Оның әрекеті – жарнамасыз ерлік. Қарапайым болса да, қарапайымдылығымен қадірлі. Қазақтың мінезін, мейірін, мырзалығын тірілтіп тұрған бір бейне.

Ұтыс – жолы болғанға бұйырады. Бірақ сол ұтысты бөлісе білу – тек жүрегі кеңнің ісі. Қайрым дәл осы кең жүректілердің қатарынан.

Бес миллион теңге – бес сауапқа жетер амалға айналғанда ғана шын мәнге ие.

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.