Ол келді. Бірақ бетін көрсетпей келді.
Себебі – жеңісі жай ғана сәттілік емес. Қауіп-қатерімен бірге келген құпия.
Қолындағы ұтыс – үш жүз миллион теңгеге жуық. Долларға шақсаңыз – жарты миллион.
Мұндай сома қазақтың түсіне кірсе, шошып оянады.
Ал мына азамат – оянып тұрып ұтып алған.
Ұлттық лотереяның «LOTO 6/49» лотереясында рекордтық ұтыс иесі атанған Қайрат есімді кәсіпкер – бүгінгі күннің «жұлдызды жеңімпазы». Бірақ ол атаққа емес, қауіпсіздікке жақынырақ. Жеңген сәтте де, жар салған жоқ. Үндемеді.
Үйіндегі әке-шешеге де айтпады. Себебі оларды уайымдатып қойғысы келмеді.
Қайраттың таңдауы түскен тиражды лотерея – «LOTO 6/49».
Ережесі қарапайым: қырық тоғыз нөмірдің ішінен алтысын табасыз. Бірақ сол алты сан дәл келсе – арманыңыз орындалып, өміріңіз өзгеруі мүмкін.
Бұл – жүйелі джекпот. Егер басты ұтысты ешкім ұта алмаса, келесі тиражға қосылады. Сөйтіп, сәт сайын сомма өсіп отырады. Қайраттың жолы сондай бір сәтте ашылды. Және бұл сәт – еліміз үшін рекорд.
Иә, бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі лотереялық ұтыс.
Бұған дейін мұндай көлемдегі жүлде тіркелмеген. Демек, Қайрат тек жеңімпаз емес, жаңа кезеңнің статистикасын да бастап берді.
Қарызы көп пе? Көп.
Пандемияда алған қарызы – 150 миллион теңге.
«Соны жабамын», – дейді.
Алып-ұшпайды. Тосын байлықтан тасынып кетпейді.
Қайта, арқалағаны ауыр, айтқаны сабыр.
«Мұндай ұтыс түсті» деген SMS келгенде де сенбепті.
Көңілі үйренгені – бес жүз теңге, бес мың теңге.
Ал мынау – санаға сыймас сан.
Ең бастысы – ол қатысуды тоқтатпайды. «TeleBingo, 5/36, LOTO 6/49 лотереяларына қатысып жүрмін. Тағы да бақ сынаймын», – дейді.
Бұл – жеңген жанның емес, жеңілмеген мінездің сөзі.
Жұлдыз киіп алған жеңімпаз – бүгінгі қоғамның көрінісі.
Қорқақ қоғам. Мақтанудан емес, жария болудан қорқатын заман.
Бақытты жасырып ұстау – жаңа дәстүрге айналды.
Бәлкім, Қайраттың шынайы жеңісі – ақшадан бұрын осы сабыр мен есті қадам болар.
**** Мақаланың ақысы төленген