Жетісу облысында екі жүк көлігі соқтығысты. Салдарынан 16 жеңіл көлік түгі қалмай жанып кетті. Бұл туралы Жетісу облыстық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Ulys.
ПД мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 23 тамызда сағат 18:15 шамасында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» автожолының 278-шақырымында болды.
«Екі жүк көлігі соғылып, 16 көлік өртеніп кетті. Оның 14-і жүк көліктеріне тиелген жеңіл автокөліктер болған. Бірінші автокөліктің жүргізушісі аман, екінші автокөлік жүргізушісінің тағдыры белгісіз. Оқиғаның себебі анықталып жатыр», - деді Жетісу облыстық ПД ЖПҚБ бастығы Қайсар Мухметов.