Астанадағы адамдар өте көп баратын Mega Silk Way ішінде тышқандар жүгіріп жүр. Мұндай видеоны әлеуметтік желі пайдаланушылар таратты, деп хабарлайды Ulys.
«Біз тазалық пен тәртіпке өте мұқият қараймыз, бірақ қаланың айналасында жазық дала бар екенін ескерсек, дала тышқандары мезгіл-мезгіл сауда орталығына кіріп алады, әсіресе, салқын мезгілде. Бұл ретте біз ғимаратта үнемі дезинфекция жүргіземіз», - деп жазды Mega Silk Way әкімшілігі.
Желі қолданушылар ғимараттың тазалына қатысты түрлі пікір жазып жатыр.