Валюта бағамы
  • USD -

    481.9
  • EUR -

    535.5
  • RUB -

    5.27
Агенттік қазақстандықтардың қомақты қаржысын алып кеткен адамға іздеу жариялады
Фото: ҚМА 29 тамыз 2024
Агенттік қазақстандықтардың қомақты қаржысын алып кеткен адамға іздеу жариялады

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеу жариялады. Батыршина Дана Анварқызы, 1976 жылғы 26 қыркүйекте туған, Өзбекстан, Ташкент қаласының тумасына іздеу салынды, деп хабарлайды Ulys.

«Аталған тұлға 2020 жылдың шілдесінен 2021 жылдың шілдесіне дейін «Thefiniko» қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды деген күдікке ілінген. Ол азаматтардан жалпы сомасы 65,9 млн теңге және 206,5 мың АҚШ долларын заңсыз жымқырған», - деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.

Атап айтқанда, «Thefiniko» компаниясы сауда және инвестиция платформасы болып табылмайды және әлемдік биржалардың ешқайсысында тіркелмеген.

Егер сіз іздестіріліп жатқан тұлғаның орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, мына телефон нөмірлеріне хабарласуыңызды сұраймыз:

+7-701-218-05-23 - іздеу бойынша

+7-727-279-29-56 - кезекші бөлім. Сыйақы мен анонимдікке кепіл береміз.

RELATED NEWS
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды
13 мамыр 2024
Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды

Әйелін өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталды. Судья Айжан Құлбаева Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталған экс-министрге 24 жыл жаза кесті, деп хабарлайды Ulys.

«Жаза мөлшері туралы мәселені судья мен алқабилер ашық дауыс беру арқылы шешті. Сот үкімімен Бишімбаев 24 жылға, Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды», - деді судья.

Еске салсақ, 2023 жылы 9 қарашада Астанадағы «Bau» мейрамханасында бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев өзінің жұбайын соққыға жықты. Әйел жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. Мұнан соң Ішкі істер министрлігі Қуандық Бишімбаевтың ұсталғанын растады.

Сотталған депутаттың ұлына жеңілдік берген комитет қызметкері жазаланды
26 тамыз 2024
Сотталған депутаттың ұлына жеңілдік берген комитет қызметкері жазаланды

– Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болатты пробация қызметіне уақтылы тіркемеген Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қызметкерлерін тәртіптік жауапқа тартты. Бұл туралы аталған комитеттің баспасөз қызметі хабарлады. 

«Процестік тәртіпті бұзғаны үшін бірқатар кінәлі тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - дейді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінен.

Айта кетсек, жуырда әлеуметтік желіде бостандығы шектелген Нұрасыл Болаттың көшеде емін-еркін жүрген видеосы жарияланған еді.

Жетісудың бұрынғы депутаты педофил деген күдікке ілінді
19 тамыз 2024
Жетісудың бұрынғы депутаты педофил деген күдікке ілінді

Жетісу облысында кәмелетке толмаған баланы зорлады деген күдікке ілінген экс-депутатқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Ақсу аудандық полиция бөлімі таратты.

Экс-депутатқа қатысты зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«Ақсу аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған азаматқа қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті сот сараптамаларын тағайындаумен тергеу іс-шаралары жүргізіледі. Тергеу шеңберіндегі өзге де деректер ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды», - деп хабарлады полиция бөлімінен.

Айта кетсек, әлеуметтік желіде күдікті Жетісу облысы Ақсу ауданынның бұрынғы мәслихат депутаты Серікхан Жакупов  екенін жазуда. педофилии. 

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.