Валюта бағамы
  • USD -

    506.7
  • EUR -

    601.5
  • RUB -

    6.57
Түркістан облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлері сотталды
Ашық көз 04 қыркүйек 2025
Түркістан облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлері сотталды

Түркістан облысының Шардара аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатының шамамен 3,7 миллиард теңгесі жымқырылды деген айыппен 15 адам сотталды. Олардың бірі амнистияға ілініп босатылды, сегізі сот залынан қамауға алынды. Бұл туралы  Otyrar.kz хабарлайды.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты білім бөлімі басшысы Ақшагүл Бердіәлиеваны және оның қарамағындағы қызметкерлерін кінәлі деп тапты. Үкімді тыңдауға ондаған адам келді.

Басты айыпталушы – Бердіәлиева. Сот оған 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сегіз бухгалтер жеті жылға сотталды.

«Шардара ауданының білім бөлімі басшысына 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бухгалтерлерге – 7 жылдан», - деді судья Даурен Мадалиев.

Бөлім басшысының міндетін уақытша атқарған үш адам қызметке салғырт қарағаны үшін кінәлі деп танылды. Төрт айыпталушы амнистияға ілінді: олардың бірі келтірілген шығынды толық өтеген, ал үшеуі зейнет жасына жеткен. Кәмелетке толмаған балалары бар екі әйелге жазасын бес жылдан кейін өтеу құқығы берілді. Ал айыпталушылардың бірі тергеу барысында қайтыс болды, алайда сот оның да кінәсін анықтады.

«Қылмыстық жолмен алынған мүлік мемлекет кірісіне өтті. Олардың қатарында 20-ға жуық жылжымалы және жылжымайтын мүлік, сондай-ақ сауда орталығындағы зергерлік бөлім бар», - деді судья.

Сот залында айыпталушылардың реакциясы айқын байқалды: көбісі көз жасын тыя алмады.

Сот дерегінше, шығынды тек кейбір айыпталушылар ғана ішінара өтеген. Әрбірінің иемденген қаражаты 22-ден 200 миллион теңгеге дейінгі соманы құраған. Жәбірленуші тарап өтемді азаматтық талап арқылы қайтаруды көздеп отыр.

«Мен сот шешімімен келіспеймін. Ол ештеңе алған жоқ. Біз апелляцияға береміз», - деді айыпталушының күйеуі Құдайберген Маханов.

Тергеу шамамен бір жылға созылды. Іс материалдары 730 томнан тұрды. Жалпы, облыстың сегіз ауданында білім бөлімдері қызметкерлерінің шамамен 12 миллиард теңге бюджет қаражатын жымқырғаны бойынша күдік бар.

RELATED NEWS
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған
20 наурыз 2025
Нығматулиннің іздеуде жүрген ағасы Қазақстаннан қылмыстық іс қозғалмай тұрып кетіп қалған

Парламент Мәжілісінің бұрынғы төрағасы Нұрлан Нығматулиннің ағасы Арғын Нығматулин тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Дархан Құрақбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulys.

«Біз оның Қазақстанда емес екенін білеміз. Тергеу басталғанға дейін елден кетіп қалған. Ол Қазақстанда емес. Оны іздеу және елге қайтару бойынша шаралар жүріп жатыр. Іздеу шаралары барлық елді қамтиды, оған мемлекетаралық іздеу жарияланған», - деді Құрақбаев Сенат кулуарында журналистердің сұрағына жауап беріп.

Естеріңізге салайық, наурыз айының басында 69 жастағы Арғын Нығматулинге іздеу жарияланғаны хабарланды. Оны іздеуге прокуратура бастамашы болған, ал іздеу шараларын Антикор жүргізеді.

Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды
04 наурыз 2025
Футбол федерациясының бұрынғы басшысына қатысты тергеу басталды

Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Ulys.

Қаржы мониторингі агенттігі Барменқұловқа, сондай-ақ федерацияның бірқатар бұрынғы қызметкерлеріне қатысты тергеу әрекеттері мен тінту жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Барменқұлов 2021-2024 жылдар аралығында ҚФФ басшысы қызметін атқарған.19 қарашада ұйымның кезектен тыс отырысында ол қызметінен кетті.

БАҚ тарапынан келіп түскен сұраныстарға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрыңғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды,- делінген Қаржы мониторингі агенттігі хабарламасында. 

Түркістан облысында білім бөлімінің басшысы мен бухгалтерлері сотталды
04 қыркүйек 2025