Валюта бағамы
  • USD -

    494.3
  • EUR -

    574.5
  • RUB -

    6.29
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 69% – дара кәсіпкерлер
egemen.kz 30 қыркүйек 2024
Шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 69% – дара кәсіпкерлер

Шағын және орта бизнестің дамуы елде орта таптың қалыптасқанын көрсетеді. Мұндай елдердің экономикасы кез келген дағдарысқа икемді келеді.  Сондықтан мұнай мен минералдық шикізаттың экспортынан түсетін табыстарға тәуелді Қазақстан үшін аталған саланы дамыту аса маңыз мәселе болып есептеледі.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының 69%-ы – дара кәсіпкерлер. Ал шағын кәсіпкерліктегі заңды тұлғалардың үлесі – 17,7%, шаруа немесе фермер қожалықтары – 13,1%, орта кәсіпкерліктегі заңды тұлғалар – 0,1%.
Шағын кәсіпкерлік ұйымдарында 1,7 млн адам жұмыс істесе, дара кәсіпкерлік нысандарында 1,8 млн. адам еңбек етіп жүр.

Шағын кәсіпкерлер шығарған өнімнің ақшаға шаққандағы көлемі 21,6 трлн теңге болған. Бұл шағын және орта бизнес өндіргенің барлық өнімнің 63%-ы деген сөз.2024 жылғы 1 шілдеге дейін тіркелген шағын және орта бизнес нысандарының саны 2 млн 219,1 мыңға жеткен. Бұл 2023 жылдың  6 айындағы көрсеткіштен 0,2% артты.

2024 жылдың 6 айында жалпы ішкі өнімдегі шағын және орта бизнестің үлесі 38,2% болған. Дамыған елдерден бұл көрсеткіш әдетте  50-60% көлемінде. Нақтырақ айтсақ, Ұлыбританияда 51%, Германияда 53%, Финляндияда 60%, Нидерландта 63%.

RELATED NEWS
Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңге болды
12 мамыр 2025
Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңге болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық (жалақы қатарының орталық деңгейі) мәнін жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың алғашқы тоқсанында жалақының медианалық мәні 300 307 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

«2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында 19,4%,  Қостанай облысында 14,6%, Алматы қаласында 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді», - делінген бюро хабарламасында.

Доллар 550 теңгеден асты: Ұлттық банк интервенция жүргізеді
30 шілде 2025
Доллар 550 теңгеден асты: Ұлттық банк интервенция жүргізеді

«Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге кірісті. Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалып отыр: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан асып тұр, доллардың жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді», - делінген хабарламада.

Ұлттық банк биржалық және биржадан тыс валюта нарығындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының ауытқуына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Алтын бағасы тағы қымбаттап рекорд орнатты
16 қыркүйек 2025
Алтын бағасы тағы қымбаттап рекорд орнатты

Дүйсенбі күнгі сауда барысында Comex биржасында желтоқсан айындағы фьючерстердің бағасы қымбаттады. Бұл күнгі саудада алтынның унциясы 3722,4 долларға жетті. 16 қыркүйек күнгі бағалы металл бағасы 3682 долларды құрап тұр. Бұл туралы kursiv.media хабарлайды.

Trading Economics басылымының жазуында, АҚШ долларының әлсіреуі және америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің төмендеуі алтынға деген сұраныстың артуына ықпал етті.

Инвесторлар сейсенбі-сәрсенбі күндері өтетін отырыс қорытындысы бойынша АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) желтоқсаннан бері алғаш рет пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді деп күтіп отыр.

CME FedWatch дерегіне сәйкес, нарық қатысушылары қыркүйек айында ФРЖ мөлшерлемесін 25 базистік пунктке төмендету ықтималдығын 96,1%, ал 50 базистік пунктке төмендету ықтималдығын 3,9% деп бағалап отыр.

2024 жылы 27%-ға өскен алтын бағасы биыл жыл басынан бері шамамен 35%-ға қымбаттады. Бұған, ең алдымен, әлемдік орталық банктердің алтын сатып алуы, ақша-несие саясатының жұмсаруы, сондай-ақ геосаяси және экономикалық тұрақсыздық әсер етті.