Валюта бағамы
  • USD -

    497.9
  • EUR -

    588.5
  • RUB -

    6.51
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
Ашық көз 13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

RELATED NEWS
Түп-Кеген жолының құрылысы аяқталды
26 маусым 2025
Түп-Кеген жолының құрылысы аяқталды

Халықаралық Түп-Кеген тас жолының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілу алдында тұр.  Бұл туралы телеарналардың біріне берген сұхбатында құрылыс инженері Сұлтан Сарыбағышев айтты. Оның айтуынша, тас жол Ыстықкөл облысының солтүстік-шығысында, Қарқыра жайлауына апарады.
Бұл жол халықаралық бағыттарды жақсартуға, туризмді дамытуға жақсы мүмкіндік береді.
" Жолдың жалпы ұзындығы 37 шақырымды құрайды. Жобада тас жолдан бөлек ауыл ішіндегі жолдарды жөндеу және Сары-Жазға дейін 13 шақырымдық жол салу да қарастырылған".
Бүгінгі күні жол белгілері сызылып, жарықтандыру орнатылып, тапсыруға толық дайын», - деді ол.

Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды
13 қараша 2024
Қырғызстанда билікті басып алмақ болған адамдар ұсталды

Қырғызстанда билікті басып алу мақсатында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырмақ болған 7 адам қамауға алынды. Бұл туралы Қырғыз ІІМ хабарлады.

Мәліметтерге қарағанда, бұл ұйымдасқан топ жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырып, билікті күшпен басып алу мақсатында құрылған. 

«Ұлттық спорт ойындарын өткіземіз деген сылтаумен күдіктілер 2024 жылғы 17 қарашада өтетін жергілікті кеңес сайлауы күні күш көрсетуге үндеп, конституцияға қайшы шақыруларды насихаттап, кейіннен билікті күшпен басып алу арқылы жағдайды тұрақсыздандыруды көздеген, – делінген хабарламада.

Осы іс бойынша жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыруға дайындалу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Тергеу барысында бұл топтың 7 мүшесі ұсталды. Олардың арасында шетелдік азаматтар да бар.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ
28 мамыр 2019
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІМЕН КЕЗДЕСТІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековпен кездесті. Бұл туралы мәліме akorda.kz сайтында жарияланды.

Кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық пен халықаралық ұйымдар аясындағы бірлескен іс-қимыл мәселелері талқыланды.

– Біздің елдеріміздің ынтымақтастығы артып келеді.  Үкіметаралық, парламентаралық деңгейде жұмыс істеп келеміз. Әлемдік және аймақтық ұйымдарда да біргеміз. Тәуелсіздік жылдарында қалыптасқан тығыз қарым-қатынасты мен одан әрі дамытуға бар күш жігерімді саламын, – деді Қазақстан Президенті.

Қырғыз Республикасының Президенті жылы кездесуге ризашылығын білдіріп, мемлекетаралық байланыстардың достық сипатын атап өтті.

– Алыстағы ағайыннан жақындағы көршіні артық көретін біз Қазақстанмен арадағы ынтымақтасты одан әрі дамытуға мүдделіміз. Бүгінде үкіметаралық жол картасы бойынша жұмыстар атқарылуда. Өзіңізді Қырғыз Республикасына сапармен келуге шақырамыз, – деді Сооронбай Жээнбеков.