Валюта бағамы
  • USD -

    497.5
  • EUR -

    588.5
  • RUB -

    6.51
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел
ашық көзден 25 наурыз 2025
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел

Дүниежүзілік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) деректері бойынша Қазақстан Өзбекстаннан – 10, Ресейден – 13, Қырғызстаннан – 32 орынға алға шығып, 43-ші орынға табан тіреді. 

Осылайша, еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер рейтингінде ең бақытты ел ретінде танылып, көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстан аталған тізімде 49-шы орында болған. Дүниежүзілік бақыт баяндамасы — 140-тан астам елдің деректері негізінде жасалатын және жыл сайын Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Оксфорд университеті жариялайтын рейтинг.

— Бақыт деңгейі объективті деректерді — жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты назарға ала отырып, әлемдік Gallup сауалнамасы негізінде ел тұрғындарының субъективті бағалауын ескеретін бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұнда респонденттер өз өміріне көңілі толу деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш негізінде бағалайды, — делінген құжатта. 

RELATED NEWS
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел
25 наурыз 2025
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел

Дүниежүзілік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) деректері бойынша Қазақстан Өзбекстаннан – 10, Ресейден – 13, Қырғызстаннан – 32 орынға алға шығып, 43-ші орынға табан тіреді. 

Осылайша, еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер рейтингінде ең бақытты ел ретінде танылып, көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстан аталған тізімде 49-шы орында болған. Дүниежүзілік бақыт баяндамасы — 140-тан астам елдің деректері негізінде жасалатын және жыл сайын Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Оксфорд университеті жариялайтын рейтинг.

— Бақыт деңгейі объективті деректерді — жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты назарға ала отырып, әлемдік Gallup сауалнамасы негізінде ел тұрғындарының субъективті бағалауын ескеретін бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұнда респонденттер өз өміріне көңілі толу деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш негізінде бағалайды, — делінген құжатта. 

«Абайдың толық адам ілімі»: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас
27 мамыр 2025
«Абайдың толық адам ілімі»: ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас

Shakarim University-де ұлы ойшыл, ақын әрі реформатор Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған Республикалық жастар форумы өтті. Форумның бастамашысы — ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі. Бұл «Толық адам» ілімінің мемлекеттік білім және тәрбие саясатының өзегіне айналғанын көрсетеді. Бүгінде кемел, жауапты, адамгершілікке негізделген тұлға қалыптастыру — елдің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.

Форум Абай мен Шәкәрім дүниеге келген қасиетті жерде — Абай облысында өтті. «Абайдың Толық адам ілімі: Ұлттық құндылықтар мен заманауи көзқарас» атауы елдің менталдық сәулетін қалыптастырып жатқан білім беру қауымдастығын, ғалымдар мен жастарды біріктірді.

Негізгі тақырыптар: ар-ождан, еңбек, білім, әділет пен жауапкершілік; «Толық адам» – ХХІ ғасырдағы білімнің жаңа бағыты; Ауэзов және қазіргі абайтану мәселелері; Жетілген тұлға – әділетті қоғам негізі.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Толық адам» концепциясы — жастардың интеллектуалдық және азаматтық қалыптасуының негізі екенін бірнеше рет атап өтті. Форум «Ізденіс, тағылым, талап, нәтиже» формуласы аясында ашылып, бұл қағидалар білім мен тәрбие философиясының өзегіне айналды.

Форум мақсаты:Абайдың ілімін қазіргі заман талаптарына сай қайта ұсыну, жастардың бойына гуманизм, ішкі өсуге ұмтылу және жауапкершілік сияқты құндылықтарды орнықтыру.

Қатысушылар қатарында:ҚР ҒЖБМ комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайханқызы, профессор Гүлтас Құрманбай, Астана қаласы сот әкімшілігі департаменті басшысының орынбасары Қанат Оспанов, М. Әуезов атындағы ОҚУ-дың баспасөз хатшысы, абайтанушы Азимхан Исабек, 70-тен астам ЖОО өкілдері – проректорлар, оқытушылар мен студенттер.

Ректор Думан Орынбеков Абай ілімін стратегиялық даму құралына айналдыру қажеттігін атап өтті. Ақерке Абылайханқызы университеттердің тәрбие берудегі рөліне тоқталса, Қанат Оспанов Астанадағы сот жүйесіне заңгер түлектерді тарту бойынша «Елордаға жол» жобасын таныстырды. Профессор Гүлтас Құрманбай Абайды жастарға ескі тәсілмен таныстыру – олардың қызығушылығын жоғалту қаупін тудыратынын ескертіп, заманауи форматтарды қолдану қажеттігін айтты. Азимхан Исабек Абайдың тікелей ұрпақтарының Шымкентте жерленуі туралы тың деректерді ұсынды және «Әуезов пен Абай» екі томдығын таныстырды.

Shakarim University бастамалары: «Абай мен Шәкәрім» атындағы философия және этика орталығын ашу; «Абай – Шәкәрім – бүгінгі күн» модулін оқу бағдарламаларына енгізу; «Жас тұлға» арнайы грантын тағайындау; «Жас Абай жолы» цифрлық платформасын іске қосу.

 Форум аясында «Абай жастары» жастар орталығы семинар-тренинг өткізді. TED talks форматында жастар өз ойларымен бөлісіп, «Қарагөз» қойылымын тамашалады, «ShakarimQuiz» ойынына қатысты.

Ең белсенді қатысушыларға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің алғыс хаттары мен сертификаттары табысталды.

Қорытынды сапар: делегация Абай облысының киелі орындарын — Күшікбай мемориалы, Бөрілі, Сырт Қасқабұлақ, Жидебай, Абай–Шәкәрім кешенін аралады. Бұл рухани сапар жастарға терең әсер қалдырды.

Қорытынды.  Shakarim University ұйымдастырған форум – бүгінгі Қазақстанның болашағына жасалған тұжырымды жауап болды. Ол рухани мұра мен қазіргі заман сын-қатерлерінің түйіскен тұсында өміршең даму үлгілері мен ұлттық бағыттың нақты бағдарын көрсетіп берді.

Бүгінде тұрақты даму - Қазақстан саясатының мәндік діңгегіне айналды. Ал оның бастауы - Жетілген Адам. Саналы. Адал. Жауапты. Себебі кемел тұлға қалыптасқан жерде – тұрақты қоғам құрылады.