Валюта бағамы
  • USD -

    492.3
  • EUR -

    571.5
  • RUB -

    6.29
Қазақстан тауарлары қай елдерде сұранысқа ие
gov.kz 11 қыркүйек 2024
Қазақстан тауарлары қай елдерде сұранысқа ие

2024 жылдың сегіз айында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 91 млрд 673,7 млн доллар болған. Бұл 2023лғы көрсеткіштен 0,6% аз. Оның ішінде экспорт–53 млрд 547,5 млн болған. Ал импорт көлемі 38 млрд 126,2 млн долларды құраған. Сауда айналымының түсуі осы импорт бойынша тіркеліп отыр.

Еліміз ең көп экспорттаған өнімдер, әдеттегідей,  шикі мұнай (55,4%) мен тазартылған мыс, өңделмеген мыс қорытпалары (5,2%), химиялық радиоактивті элементтер мен радиоактивті изотоптар (4,6%), кендер және мыс концентраттары (4%), ферроқорытпалар (2,8%). 
Ал сырттан ішке ең көп әкелінген тауар - жеңіл автокөлік (3,9%). Одан кейінгі орында дәрілік заттар (3,3%), ұшу аппараттары (3,2%), телефон аппараттары (2,8%) мен моторлы көлік құралдарына арналған шанақ (2%).

Қазақстан тауарын өзіне ең көп импорттайтын ел –  Италия (24,2%). Одан кейінгі орында Қытай (18,3%) тұр. Еуразиялық экономикалық одақтың көшбасшысы саналатын Ресей (11,2%)  бұл тізімде үшінші тұр. Әрі қарай Нидерланд (6,1%), Франция (5%), Түркия (4%) жайғасқан.
 Есесіне Ресей бізге өз тауарын ең сататын ел болып есептеледі (29,4%). Тіпті Қытайдың өзін екінші орынға ысырған (24,9%).  Бұлардан кейін Германия (5%), АҚШ (4%), Франция (3,3%), Корея Республикасы (3,1%) бар.

Мемлекет шағын кәсіпорындардың экспорттық әлеуетін арттыруға да күш салып келеді. «Экспорттық акселерация-2024» бағдарламасы соған дәлел бола алады. Биыл бұл бағдарлама машина жасау, химия, жеңіл және тамақ өнеркәсібі сияқты салаларда қызмет қызмет көрсетіп жүрген 120 кәсіпорын іріктелді. 
2020-2023 жылдары бұл бағдарламаға елдегі 400-ден астам шағын және орта кәсіпорын қатысқан.

RELATED NEWS
Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңге болды
12 мамыр 2025
Қазақстанда орташа жалақы 423 мың теңге болды

Ұлттық статистика бюросы 2025 жылғы I тоқсанда бағалау бойынша жалақының медианалық (жалақы қатарының орталық деңгейі) мәнін жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Ведомство мәліметінше, осы жылдың алғашқы тоқсанында жалақының медианалық мәні 300 307 теңгені құрады. Ал кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шағын кәсіпорындарды есепке алмағандағы атаулы жалақының орташа мәні 2025 жылғы I тоқсанда 423 133 теңге болды, бұл былтырғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда 10,7% артық.

«2024 жылғы І тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі ақпарат және байланыс 31,3%, ауыл, орман және балық шаруашылығы 17,3%, өнер, ойын-сауық және демалыс 16,1% салаларында байқалды. Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуде 6,2%, білім беруде орташа айлық жалақы көлемі 6,1% өсті.

Өңірлік бөліністе 2024 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда 2025 жылдың I тоқсанында орташа айлық атаулы жалақының ең көп өсуі Ұлытау облысында 19,4%,  Қостанай облысында 14,6%, Алматы қаласында 14,2% және Павлодар облысында 13,5% тіркелді», - делінген бюро хабарламасында.

Доллар 550 теңгеден асты: Ұлттық банк интервенция жүргізеді
30 шілде 2025
Доллар 550 теңгеден асты: Ұлттық банк интервенция жүргізеді

«Валюта нарығындағы өтімділіктің өте төмен болуына және алыпсатарлық қысымның күшею белгілеріне байланысты Ұлттық банк валюталық интервенция жүргізуге кірісті. Негізгі экономикалық жағдайлар қолайлы болып қалып отыр: мұнайдың әлемдік бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ долларынан асып тұр, доллардың жаһандық әлсіреу үрдісі сақталуда. Осыған байланысты теңгенің қазіргі әлсіреуі іргелі факторларды көрсетпейді және ұлттық валютаның жеткіліксіз бағаланғанын білдіреді», - делінген хабарламада.

Ұлттық банк биржалық және биржадан тыс валюта нарығындағы жағдайды мұқият қадағалап отырады және қажет болған жағдайда айырбастау бағамының ауытқуына жол бермеу, шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс теңгерімін қалпына келтіру, сондай-ақ валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін шұғыл шаралар қабылдауға дайын.

Алтын бағасы тағы қымбаттап рекорд орнатты
16 қыркүйек 2025
Алтын бағасы тағы қымбаттап рекорд орнатты

Дүйсенбі күнгі сауда барысында Comex биржасында желтоқсан айындағы фьючерстердің бағасы қымбаттады. Бұл күнгі саудада алтынның унциясы 3722,4 долларға жетті. 16 қыркүйек күнгі бағалы металл бағасы 3682 долларды құрап тұр. Бұл туралы kursiv.media хабарлайды.

Trading Economics басылымының жазуында, АҚШ долларының әлсіреуі және америкалық мемлекеттік облигациялар кірістілігінің төмендеуі алтынға деген сұраныстың артуына ықпал етті.

Инвесторлар сейсенбі-сәрсенбі күндері өтетін отырыс қорытындысы бойынша АҚШ Федералдық резерв жүйесі (ФРЖ) желтоқсаннан бері алғаш рет пайыздық мөлшерлемелерді төмендетеді деп күтіп отыр.

CME FedWatch дерегіне сәйкес, нарық қатысушылары қыркүйек айында ФРЖ мөлшерлемесін 25 базистік пунктке төмендету ықтималдығын 96,1%, ал 50 базистік пунктке төмендету ықтималдығын 3,9% деп бағалап отыр.

2024 жылы 27%-ға өскен алтын бағасы биыл жыл басынан бері шамамен 35%-ға қымбаттады. Бұған, ең алдымен, әлемдік орталық банктердің алтын сатып алуы, ақша-несие саясатының жұмсаруы, сондай-ақ геосаяси және экономикалық тұрақсыздық әсер етті.