Көктем шыға еліміздің барлық қалалары мен елді мекендерінде тазалық акциялары өткізіліп, көшелер, аулалар, саябақтар мен өзен-көл жағалаулары қоқыстан бір тазартылып қалатын. Бұған дейін бұл акция бірреттік қана сипатта болса, биылдан бастап «Таза Қазақстан» жобасы арқылы әр сенбі күндері өткізіле бастады. Бірақ, халықтың сана-сезімінде қоршаған ортаға сүйіспеншілік, табиғатқа қамқорлық, жалпы экологиялық мәдениет қалыптаспай бәрі бекершілік болмақ. Мұндай пікірді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі Райхан Бейсенова да алға тартады.
«Жалпы өз басым алған білімім мен атқарар қызметім эколог болғандықтан ғана емес, сонынмен қатар еліміздің қарапайым азаматы ретінде де әр уақытта экологиялық тұрғыдан дұрыс шаралар, іс-әрекеттер жасауға тырысамын. Қоршаған ортаға жанашырлық әркімнің бойынан табыла білуі тиіс. Адам табиғаттың бір бөлшегі. Адам қашан да табиғат әсемдігіне, сұлулығына тамсанған, таңдаған, қуанып, оған қамқорлық жасаған. Қазіргі таңда табиғат аясына демалуға шығып, бір күндерін отбасына арнауды әдетке айналдырған. Осындай сәттерде әттеген-ай деген жағдайлар, яғни, көпшіліктің айналасына, қоршаған ортаға деген немқұрайдылығы жиі байқалды. Елімізде экологиялық таза қоршаған ортаны барынша сақтап қалуға бағыттылған шетелдердегідей көптеген шара мемлекет тарапынан жасалмағандықтан да болар, бүгінде ел тұрғындарының көпшілігі экологиялық ахуалға көңіл бөле бермейді. Дәл осы жайт мені қатты қынжылтады. Қазақстанда адамдар қандай да бір іс-әрекет мемлекет не заң тарапынан күштеп енгізілмесе, онда оны «менің міндетім емес» деп ойлайды. Шетелде өте көп болдым. Әсіресе Еуропа, АҚШ-та жергілікті халық экологиялық іс-әрекетті жеке өз басын сыйлағандықтан, яғни өмір сүріп жатқан қоршаған ортаны өзінің бір бөлігі деп есептегендіктен жасайды. Ондай сана бізде көпшілікке топырақ шашпай-ақ қояйын, бірақ біраз адамда жоқтың қасы», - деді эколог.
Оның айтуынша, еліміздің Астана, Алматы және Шымкент сынды республикалық маңызы бар үлкен қалаларында тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау үшін арнайы контейнерлер орнатылған. Демек, жергілікті тұрғындар үйден шығатын тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап, арнайы контейнерге тастауы тиіс. Бірақ, дәл осы игі бастама әлі күнге дейін жемісін беріп отырған жоқ. Ал ол нәтижесі болуы үшін барлығы да әр азаматтың асханасынан басталуы қажет.
«Жоғарыда атап өткен қалалардың тұрғындары үйден шығатын тұрмыстық қалдықты бөліп жинауды білмейді. «Бәрібір оны бір жерге апарады», «бір машинаға тиейді ғой», «бізде тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу жолға қойылмаған» деген сынды болмашы себептерге сілтей салады. Тағы бір мәселе, жазғұтырым қар кеткенде қалалар тұрмақ бүкіл дала пластик бөтелкелер мен пакеттерден көрінбей қалады. Ал шетелде бұндай көріністі байқамайсың. Тұрғындар сол бөтелкелер мен пакеттердің бірнеше ондаған жылдар бойы шірімей, экологияға зор зиянын тигізетіндігін сезінбейді. Таза ауаға - өзен-көл жағалауына барған адамдарда артынан қалған мұндай тұрмыстық қалдықтарды жинап кетуі мәдениеті қалыптаспаған. Бізде тек өз үйін ғана таза күтіп-ұстау дағдысы бар. Ал қоршаған ортаны да «дәл солай күту керек» деген сана жоқ», - деді Райхан Бейсенова.

Ғалымның пікірінше, бұрынғы уақытта ата-бабаларымыз қоршаған ортаны қадір тұтып, табиғатты аялап, өмір сүруге жайлы, денсаулыққа жағымды таза орта жасау ұстанымын жоғары бағалаған. Қазіргі кезде адамдар тек жеке басы мен тұрғылықты жерін ғана ойлап, онан тыс жатқан қоршаған орта да барлық денсаулық кепілі екенін ұмыт қалдырады.
«Ең алдымен жердің саулығы, ортаның тазалығы өзіміздің жасаған іс-қимылдарымыздың нәтижесі екенін түсініп, сол бағытта санамызды өзгертуіміз қажет. Әрине, мемлекет тарапынан да өте көп жұмыс істелуі қажет. Сонымен қатар, әр адамның экологиялық тұрғыда дұрыс өмірлік ұстанымы сол мемлекеттің іс-әрекетінен әлде қайда мол нәтиже беретінін ұмытпау керек. Шындығына келгенде, егер жергілікті халық саналы түрде ат салыспаса, онда мемлекеттің жасап жатқан іс-шаралары жүзеге аспайды. Әр азамат бәрін өзінен бастауы тиіс. Суды үнемді жұмсау, қалдықтарды азайту және оларды жинау, тұрмыстық қалдықтарды сұрыптай білу, қала ішінде жеңіл көлікті аз қолдану, пластик затарға қарағанда тез ыдырайтын заттарды көбірек кәдеге жарату, ауа, жер, суға зиянды заттарды шығаруды тарынша төмендету – бұл іс-шараның барлығы әр адамның жеке басының шешімі. Ал оған салғырт, немқұрайлы қарау қоршаған ортамызды бүлдіріп, экологиямыздың жай-күйін нашарлата түсетіндігін еш уақытта қаперден шығармауға тиіспіз», - деді Райхан Рымбайқызы.
Райхан жалпы қазақ ұлтының экологиялық мәдениеттің қалыптасуы табиғат заңдылықтарына тікелей қатысты. Мәдениет түсінігінің шығу тегіне сүйенер болсақ, адамның табиғатқа қатынасы үнемі мәдениетпен байланысты отырды.
«Адамзат әуелден табиғатты өзінің қажеттіліктерін қанағаттандырудың негізгі тəсілі ретінде қабылдады. Табиғат пен адам арасындағы байланыс ешқашан үзілмейтінін жақсы түсінді, сондықтан табиғатпен байланыс күшейді. Себебі табиғатсыз адамның өмірі болмайды. Әсіресе көшпелі ұлттар табиғатты өмірінің негізгі бөлігімен байланыстырды. Сондықтан да олар табиғат ананы аялауды, оның «ашуына тимеуді» маңызды міндет деп санап келді. «Судың да сұрауы бар», «бір тал кессең, он тал ек», «бұлақ көрсең көзін аш», «көкті жұлма» деген сияқты түсініктер осыны айғақтайды. Қазақ ешқашан жасыл желекті, көкті таптамаған, құмырсқа илеуін бүлдірмеген, құс ұясын бұзбаған, жас балапандар мен хайуан төлдеріне тиіспеген, өсіп тұрған талды, ағашты жұлмаған. Бір сөзбен айтқанда қазақ әуелден табиғатты аялау түсінігі мол болды. Осыдан келіп жалпылама алғанда «экологиялық мәдениет» деген ұғым қалыптасты. Ерте заманда адамдар табиғатпен тікелей байланысқа түсіп, бар қажетін сол арқылы қанағаттандырып отырса, ал қазіргі индустриалды қоғамда бұл байланыс түрі жаңа деңгейге шықты, трансформациялық өзгерістер орын алды. Алғашында пайда болған экологиялық мәдениет көрінісін қазіргі заманның экологиялық мәдениетімен салыстыруға келмейді. Мұны экологиялық мәдениеттегі «дағдарыс» деп түсіндіруге болады. Адамдардың қаншалықты озық технология, заманауи құрылғылар ойлап тапқанымен, бәрібір табиғаттан алшақ кете алмайды. Бұл аксиома», - дейді ғалым.