«Орта дәліз», «орта держава» Қазақстанның сыртқы саясаты мен экономикалық әлеуеті туралы жазып жүрген халықаралық сарапшылар осы екі ұғымды жиі тілген тиек ете бастады.
«Орта дәліз» ұғымы – Транскаспий халықаралық көлік маршрутының екінші атауы.
Осы маршруттың маңызы артқан кезеңнен бері Қазақстанның көлік және логистика инфрақұрылымына 35 миллиард долларға жуық инвестиция тартылып отыр.
Қазақстан Каспий арқылы өтетін жүк тасымалын арттырып, экспорт логистикасын әртараптандыру үшін осы маршрутқа арнап екі жаңа кеме құрастырмақшы.
«Бұл жобаға түрлі көздерден қаржы тартамыз. Біздегі кеме флоты өте ескі деуге болады. Жартысы ескірген. Осының кесірінен кеме жетпей жүр. Оның үстіне дәліздің әлеуеті артып келеді. Кемелер Оңтүстік Корея, Қытай, Хорватия сияқты елдердің технологиясымен құрастырылады. Бізге дәл қазір екі контейнер тасымалдайтын кеме керек. Ол кеменің әрқайсысы 20 футтық эквивалентті 500-550 контейнерді сыйдыратындай болуы керек», - дейді Транскапий халықаралық көлік маршрутының бас хатшысы Гайдар Әбдікерімов.


