Валюта бағамы
  • USD -

    484.1
  • EUR -

    560.5
  • RUB -

    5.95
Өрт сөндірушілер енді биік ғимараттардағы жалынды дронмен өшіреді
zakon.kz 25 қыркүйек 2024
Өрт сөндірушілер енді биік ғимараттардағы жалынды дронмен өшіреді

Былтыр Алматыда «Ақкент» дейтін тұрғын үйден өрт шығып, үрей бой алдырған халық балаларын биіктен жердегі төсенішке лақтырған болатын. Ел ішінде осы оқиғадан кейін өрт сөндірушілердің қаланың биік ғимараттарындағы өртті сөндіруге қауқарсыз екені туралы сын көп айтылды.

Ал министрлік өрт сөндіру қызметінің материалдық-техникалық базасында автобаспалдақтар бар екенін айтты. 
Дегенмен министрлік сол сыннан қорытынды шығарып, заманауи технологияның жетістіктерін өрт сөндіру қызметіне де кіріктіріп жатыр деуге болады. Министрлік ондаған қабаттық биік ғимараттардағы өртті сөндіру үшін әуелі 2 дрон сатып алмақшы. Пилоттық жоба өзін ақтап жатса, Астанадан бөлек Алматы және өзге де  биік ғимараты көп қалаларға осы тәжірибе таратылмақ.

Бұл дрондар Қытайдың технологиясымен жасалғанымен, Қазақстанда құрастырылады. Яғни, тапсырысты отандық компания алады. Біреуінің бағасы 120 млн теңгеден аспайды.
Министрлік мамандары дрон өздігімен су алып ұшпайтынын, өрт сөндіру көлігінің су шашатын шлангасын көтеріп ұшатынын айтады. Яғни, бұл дрондар өздігінен су тасымайды. Өрт сөндіру көлігін толықтыратын қосымша қызмет атқарады.

Жалып ТЖМ биыл бюджет есебінен 728 арнайы техника мен 18 мыңнан астам құрал-жабдық сатып алмақшы.

RELATED NEWS
1 мыңға жуық офицер әскери қызметке шақырылады
25 қараша 2024
1 мыңға жуық офицер әскери қызметке шақырылады

Қазақстанда 2025 жылы запастағы 915 офицер әскери қызметке шақырылады. ҚР Үкіметінің тиісті қаулысына премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп хабарлайды Ulys.

Құжаттың мәтіні Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінің порталында жарияланды.

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

  1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санда офицер құрамының лауазымдарында әскери қызмет өткеру үшін әскери қызметке жарамды және оны өткермеген запастағы офицерлер заңнамада белгіленген тәртіппен 2025 жылы жиырма төрт ай мерзімге әскери қызметке шақырылсын.
  2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі», - делінген қаулы мәтінінде.

Оған сәйкес, 2025 жылы әскери қызметке шақырылуға жататын запастағы офицерлердің саны жарияланды: 

  • ҚР Қарулы Күштеріне – 700 запастағы офицер,
  • ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне – 80,
  • ҚР Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланына – 131,
  • ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне – 4.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады
02 желтоқсан 2024
2025 жылы 40 мыңнан аса адам әскерге шақырылады

Келесі жылы мерзімді әскери қызметке 18 бен 27 жас аралығындағы 41 706 жігітті шақыру жоспарланып отыр. Қорғаныс министрлігі «Ашық НҚА» порталында тиісті қаулы жобасын жариялады, деп хабарлайды Ulys.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылғы наурыз-маусымда және қыркүйек-желтоқсанда әскерге шақыруды кейінге қалдыруға немесе одан босатылуға құқығы жоқ 18 жастан 27 жасқа дейінгі 41 706 ер-азамат мерзімді әскери қызметке шақырылады.

Әскерге шақыру пунктері медициналық жұмысты қамтамасыз етеді. Ал Ішкі істер министрлігі әскерге шақырылатындарды жинау және әскерге жөнелту орындарында ішкі істер органдары қызметкерлерінің күшейтілген кезекшілігін ұйымдастырады.

Қаулы жобасы 13 желтоқсанға дейін қоғам талқысына шығарылды.

Өрт сөндірушілер енді биік ғимараттардағы жалынды дронмен өшіреді
25 қыркүйек 2024