Валюта бағамы
  • USD -

    496.9
  • EUR -

    590.5
  • RUB -

    6.47
Елде бар кітаптың 10 пайызы кейінгі 10 жылда басылған
7kun.kz 30 қыркүйек 2024
Елде бар кітаптың 10 пайызы кейінгі 10 жылда басылған

«Бала күнінде кітап оқымағандар кітап оқығандарға қызмет етеді» деп келетін тәмсіл бар. 100 пайыз абсолютті шындық болмаса да, жаны бар сөз. Мұның ғаламдық масштабпен «Кітап оқымаған ұлт кітап оқитын ұлтқа кіріптар болады» деп қолдануға да болады.  Мемлекеттің жас буын арасында кітап оқуды трендке айналдыру үшін қолға алған шараларын осындай ниеттен туған стратегиялық қадам деп бағалауға болады.

Қазақстанда 20 млн адам тұрады десек, Елдегі кітаптың қоры әр адамға 3,5 кітаптан келеді екен. Өйткені республика аумағындағы 11 мыңнан астам кітапханада 72 миллионнан астам кітап бар. 
Кейінгі екі жылда электронды кітапхана арқылы ақпарат іздеп, білімін жетілдіретіндердің саны  3 миллионнан 5 миллионға дейін өскен екен. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан әлемде электронды кітап қызметін ұсынып отырған 110 елдің бірі деген сөз.
Кейінгі 10 жылда бюджет есебінен, яғни, мемлекеттік тапсырыс бойынша 2501 кітап басылып шыққан. Бұл кітаптардың таралым ауқымы 7,4 млн данаға жеткен. Яғни, қазақ даласында кітап алғаш келген заманнан бері жинақталған 73 млн кітаптың 10 пайызы кейінгі он жылда, бюджет есебінен басылып шыққан.  

Астанада жаңа тоқсан басталғалы жалпы білім беретін мектептерде «8 минуттық оқу» деп аталатын жаңа жоба қолға алынды. Балалар бірінші сабақтың алдында күнделікті 8 минут уақытын кітап оқуға арнайды. 2 минут үзілістен соң сабақтарына кіріседі. Жоба ережесіне сәйкес, кітап қағаз форматта болуы керек.

Кітап шығару барда оны халықтың игілігіне жарата білу бар. Мемлекет бұл міндетті бұрынғыдай кітапханаларға ғана артып қоймай, білім беру мекемелерін, әкімшілік ресурстарды да осы іске кіріктіріп жатыр. Мысалы, былтыр Астанада кітап оқуға баулитын жоба қолға алынды. Нақты айтсақ, сабақ арасындағы үзілістердің бірі кітап оқуға арналған. Тіпті ол үшін арнайы сазды қоңырау белгісі де орнатылған. Осылайша балалар мектептегі әр күннің 8 минутын кітап оқуға арнап жүр.

Мамандар 8 минуттық үзіліс арқылы-ақ оқушыларға бір жылда 10 кітап оқуына мүмкіндік жасауға болатынын есептепті. 
Бұл мәселені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та үнемі назарында ұстап келеді. Ұлттық құрылтай жиынында тіпті Ұлттық кітап күнін белгілеуді ұсынды да.

«Көптеген мемлекет Ұлттық кітап күнін атап өтеді. Бөріхан Нұрмұхамедов, Айдос Сарым, Данияр Әшімбаев бастаған құрылтай мүшелері осындай бастама көтерді. Мен олардың Ұлттық кітап күнін белгілеу туралы ұсынысын қолдаймын. Бірақ оны мазмұнды етіп өткізу қажет. Мысалы, түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, арнайы жәрмеңкелер өткізу қажет. Шын мәнінде, озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы – кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек», - деген деді Мемлекет басшысы Атырауда.

Осылайша 23 сәуір Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Биыл 16 шілдеде осы туралы ресми құжат күшіне енді.

RELATED NEWS
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел
25 наурыз 2025
Қазақстан –ТМД-дағы ең бақытты ел

Дүниежүзілік бақыт баяндамасы (World Happiness Report) деректері бойынша Қазақстан Өзбекстаннан – 10, Ресейден – 13, Қырғызстаннан – 32 орынға алға шығып, 43-ші орынға табан тіреді. 

Осылайша, еліміз ТМД-ға мүше мемлекеттер рейтингінде ең бақытты ел ретінде танылып, көш бастап тұр.

2024 жылы Қазақстан аталған тізімде 49-шы орында болған. Дүниежүзілік бақыт баяндамасы — 140-тан астам елдің деректері негізінде жасалатын және жыл сайын Gallup, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Оксфорд университеті жариялайтын рейтинг.

— Бақыт деңгейі объективті деректерді — жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім, әлеуметтік қолдау, салауатты өмір сүру ұзақтығы, еркіндік, жомарттық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты назарға ала отырып, әлемдік Gallup сауалнамасы негізінде ел тұрғындарының субъективті бағалауын ескеретін бірнеше критерий бойынша анықталады. Мұнда респонденттер өз өміріне көңілі толу деңгейін 0-ден 10-ға дейінгі көрсеткіш негізінде бағалайды, — делінген құжатта. 

ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС
30 шілде 2025
ӨМІРДІ ӨЗГЕРТКЕН ЖЕҢІС

Кейбір күндер бар. Таңмен таласа тұрып, кешке дейін күйбең тірлікпен өтіп кетеді. Ал кей күндер бар – өмірдің беталысын басқа арнаға бұрады. 20 шілде сондай күн болды. Себебі дәл сол күні TeleBingo ойынының эфирінде бір емес, екі бірдей тағдыр өзгерді. Бірі – астаналық Ғалымжан, екіншісі – Түркістан облысының тұрғыны, Вера есімді үй шаруасындағы әйел.

Бұл – жай ғана жеңіс емес. Бұл – жүрекке үміт, көзге қуаныш, өмірге өзгеріс сыйлаған сәт.

6 842 242 теңге. Бір сәтте келген жеңілдік

Мұнай мен газдың арасында жүріп, күнде еңбек етіп жүрген Ғалымжан – елорда тұрғыны. TeleBingo, LOTO 6/49 және 5/36 секілді лотереялардың бұрыннан қатысушысы. Бұл жолы да сәттілік қасынан табылды. Тура 6 842 242 теңге. Бұл – тек ақша емес, бұл – еркін тыныс, жеңіл дем, болашаққа деген сенім.

"Үлкен қызығушылықпен қатысамын. Бірақ жауапкершілікті де ұмытпаймын. Әрине, мұндай жеңіс қуаныш пен жеңілдік сезімін әкеледі", – дейді Ғалымжан. Үйленген, екі баланың әкесі. Бұл ақша – тек өзіне емес, отбасының болашағына салынған инвестиция. Қарыз жабылады, күнделікті шығын реттеледі.

Жеңіс – еңбекпен үйлескенде ғана шынайы бақытқа айналады.

Төлеби ауданы. Үй шаруасындағы әйел. 15 миллион теңге.

Вераның оқиғасы тіпті киноға сұранып тұрғандай. Жәй ғана әйел. Жәй ғана ана. Үш баланың анасы. Жолдасының сүйеніші. Әжесінің күтушісі. Алғашқы лотерея билетін үш ай бұрын ғана сатып алған. Бұрын-соңды мұндайға қатыспаған. Бірақ іштей бір үмітпен сатып алған. Сол үміт ақталды.

Теледидардан пәтер ұтысы жайлы естігенде, сене алмады. Ұлттық лотереяның call-орталығына өзі хабарласып, тексеріп көрді. Сосын ғана Шымкенттегі "Сәтті Жұлдыз" кеңсесіне барып, ұтысын рәсімдеді. Бірақ пәтер емес, 15 000 000 теңге ақшалай сыйлықты таңдады. Себебі өмірдің жоспары кейде пәтерден де кең.

"Негізі менің жолым болды. Ал әрі қарай не боларын өмір өзі көрсетеді", – дейді Вера күлімдеп. Бұл күлкі – ішкі сенімнің, жүрек қуанышының бейнесі.

Лотерея – үміттің екінші аты

Кейде біз лотереяны тек сәттілік ойыны деп қабылдаймыз. Бірақ әрбір билет – бір тағдыр. Әрбір тираж – жаңа тарау. TeleBingo, LOTO 6/49, 5/36 – бұл сандар ғана емес. Бұл – қарапайым адамдардың ерекше оқиғалары. Бұл – еліміздің түкпір-түкпіріндегі үміт сәулесі.

"Жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтаймын! Біз әрқашан лотерея қатысушыларына қуаныш пен жақсы эмоциялар сыйлауға дайынбыз. Әрбір жеңіс – бұл жай ғана сәттілік емес, шабыт беретін және армандарға сенім ұялататын шынайы оқиға", – деді "Сәтті Жұлдыз" Ұлттық лотереясының президенті Мария Лыткина.

Бұл сөздің астарында – жүздеген, мыңдаған тағдырдың үні жатыр.

29 шілде. Тағы бір мүмкіндік.

Жеңіс есігін қаққан сәт – қайта айналып соғуы мүмкін. Ол үшін бір ғана билет жеткілікті. 29 шілдеде "Сәтті Жұлдыздың" YouTube арнасында тікелей эфирде LOTO 6/49 қатысушылары арасында отбасылық кроссовер ұтысы өтеді. Қатысу үшін 3 000 теңгелік билет сатып алу жеткілікті. Билеттер сауда нүктелерінде және sz.kz сайтында қолжетімді.

Бұл тек темір мен дөңгелек емес. Бұл – отбасыға арналған жаңа саяхат. Жаңа бетбұрыс.

Бір билет – бір өмір

Ғалымжан мен Вераның хикаясы – лотереяның жай ойын емес екенін дәлелдейді. Бұл – сенім мен шабыттың, үміт пен болашақтың тоғысқан тұсы. Кейде тек бір билет – өмірдің бағытын түбегейлі өзгертіп жібереді.

Ulys.kz оқырмандарына айтарымыз: сәттілік күтпеген сәтте келеді. Бірақ оған дайын болу – өз қолыңызда.

Ал сіздің билетіңіз дайын ба?

3 ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК: «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАУДА
27 наурыз 2025
3 ПӘТЕР ЖӘНЕ КӨЛІК: «СӘТТІ ЖҰЛДЫЗ» ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАРДЫҢ АРМАНЫН ОРЫНДАУДА

Халық арасында «Бағымыз жанса – бақ қонады», «Сабыртүбі – сары алтын» деген тәмсіл бар. Бұл сөздер «СәттіЖұлдыз» ұлттық лотереясының соңғы жеңімпаздарына дәлайтылғандайЖуырда бірнеше қазақстандық өз армандарынақиқатқа айналдырдыбірі – миллионер атандыенді бірі – жаңа пәтерге ие болды, ал кейбіреулер енді көлік ұтысынаүміткер.

Наурыз айындағы тағы бір ерекше сәт — «TeleBingo» лотереясындағы үш пәтердің ұтысыБұл жолы Орал, Атырау және Алматы қалаларынан шыққан қатысушыларжаңа баспанаға қол жеткіздіСолардың бірі – алматылықАйдос Калмырзаев.

2001 жылы туған Айдос қазіргі таңда Алматыдағы жоғарыоқу орындарының бірінде «Бухгалтерлік есеп және аудит» мамандығы бойынша білім алып жүрЛотереяғақатысқанына небәрі бір жыл болғанымендәл осы жолыоған 15 миллион теңгеге бағаланған пәтер бұйырды деп үш ұйықтаса түсіне кірмеген.

«Мен лотерея билеттерін айына бір рет аламынКөбінеTeleBingo мен LOTO 6/49 таңдаймынБұл жолы да солайболдыЖеңіс туралы білген кезде сене алмадымбірақартынша қуанышым шексіз болдыЕнді бұл жеңістіоқуымды жалғастыру мен отбасыма қаржылай қолдау көрсету үшін пайдаланатын боламын», – дейді Айдос.

Оның айтуыншалотереяға деген қызығушылықты әкесінен үйренген. Айдостың әкесі жылдар бойы әртүрлі тираждарға тұрақты түрде қатысып келеді екен.

10 миллион теңге – еңбектің, сенімнің және сабырдың сыйы 2025 жылдың 25 наурызында Ақтөбеде медицина қызметкері болып жұмыс жасайтын Жанар «МегаКазино» жедел лотереясынан 10 млн теңге ұтып алып, өз арманына қолжеткізді.

«Лотереямен бала күнімнен таныспын. Әкем бәлішке деп берген 50 тиынды кейде «Спринт» билеттеріне жұмсайтынмын. Содан бері сәттілікке сеніп келемін», – дейді Жанар.

Жеңіске жеткен кезде отбасы алғашында сенбей, аң-таң болған. Алайда ақиқат анықталған соң қуаныштан төбелері көкке жеткен. Жанар ұтқан қаражатын көптен күткен арманы болған пәтер сатып алуға жұмсаса, әрі бір бөлігін жақындарына сыйға бермек.

«Лотерея билеттерін сатып алғанда үнемі сәттілік маған серік болса екен деп тілейтінмін. Бұл ретте мен қолымда барын ғана жұмсап, шектен шықпаймын. Бұл менің әдетім. Бірақ мен бір күні әйтеуір маған сәттілік болатынынына сеніп жүрдім. Бұл мен үшін – үміт пен қуаныштың жолы», –деп ағынан жарылды Жанар.

Енді кезек сізде! LOTO 6/49 лотереясында темір тұлпар ұтысы жарияланды. Қатысу үшін арнайы лотожинақ сатып алу жеткілікті.

«Бақ шаба ма, бап шаба ма?» дегендей, бұл жолы сіздің бағыңыз жануы әбден мүмкін.

Мұнда қатысыңыз — көліктің кілті сіздің қолыңызда болуы ғажап емес! Сәттілік – сенген жанға серік.

Жанар мен Айдос сияқты жеңімпаздардың тарихы — «Сәтті Жұлдыздың» әр билетінде үміт жатқанын дәлелдейді.

«Сенім мен үміт – басты қаруЖеңістің дәмі тәттіЕшқашан мойымаңыздарсәттілік – дайын тұрған сый емес, оны шын сенген адам табады», – дейді Жанар.

«Бар болғаны бір билет өміріңді өзгертуі мүмкінБастысы – сенім мен сабыр керек», – дейді Айдос.

Ол «Сәтті Жұлдыз» ойынға жауапкершілікпен қарауғашақырады.

«Ойын – ойыннан аспасын, өмірдің мәнін жоймасын» дегенді естен шығармаған абзал. Бағыңызды байқаңыз – жеңіс сізге қарап тұрҚазақстанда мыңдаған адам өз мүмкіндігін сынап, бір түнде өмірін өзгертіп жатыр. Бір ғана билет — тағдырды өзгертетін мүмкіндік.

«Талапты ерге нұр жауар», «Тас түскен жеріне ауыр» дегендей, әрбір адам жеңіске лайық! Сәттілікті қолдан жібермеңіз – sz.kz сайтында толық ақпарат пен қатысу шарттары бар.