Брюсселде Еуроодақтың Орталық Азия бойынша жаңа стратегиясы таныстырылды. 17 беттен тұратын құжат «Еуро Одақ пен Орталық Азия: бекем әріптестік үшін жаңа мүмкіндіктер» деп аталады. Аталған халықаралық ұйым алғашқы стратегиясын 2007 жылы қабылдаған болатын. Одан бері де біраз уақыт өтті, геосаяси ахуал да қатты өзгерді, Орталық Азия аймағының маңызы да арта түсті. Сондықтан, аймақ елдерімен байланысқа жаңа көзқарас, жаңаша қадам жасау керек болды. Екі жыл ішінде ЕО дипломаттары мен аймақ елдерінің мамандары құжатты дайындауға белсенді түрде атсалысып, жаңа идеялар мен соны мазмұнды ұсыныстар жолдады. Жаңа стратегия Орталық Азия мен ЕО ынтымақтастығын жаңа деңгейге шығарарына сенім мол. Жаңа құжатты ЕО Кеңесі маусым айында мақұлдап, 7 шілдеде Бішкекте өтетін Орталық Азия елдерінің Сыртқы істер министрлерімен кездесуде ЕО дипломатиясының басшысы Федерика Могерини ресми түрде таныстырады деп жоспарланған.

Италияның барлық аймағында су тасқынына байланысты ескерту жарияланды, ал Францияның халқы жарықсыз қалдырды, деп хабарлайды Euronews.
Италиядағы толассыз жауын елде лай тасқындарын тудырды. Ең қатты зардап шеккен аймақ — Эмилия-Романья. Болоньяда табиғат апат салдарынан бір бала қайтыс болды, оны тасқын су автокөлікпен бірге ағызып әкеткен.
Ал Францияның орталық бөлігіндегі су тасқындары үлкен шығын әкеліп, электр энергиясын өшірді. Франция билігінің хабарлауынша кейбір аймақтарында 48 сағат ішінде 700 мм жауын-шашын жауған, бұл Париждегі жылдық нормадан да көп.
Францияның Ішкі істер министрлігі Париждің зардап шеккен аймақтарға қосымша 1500 құтқарушы жібергенін хабарлады.

Орталық Еуропа елдерінде қатты дауыл, нөсер жаңбыр салдарынан Чехия, Польша Австрияның аумағын су басып, Румынияның ауылдары тұтастай суға кеткен, деп хабарлайды BBC.
Қазірге дейін 16 адамның денесі табылған.
Польша ЕО-дан көмек сұрамақ. Туск үкіметі төтенше жағдай жариялады.
Елде мыңдаған адамдар эвакуацияланды. Көптеген жолдарды су басып, поездар жүрісін тоқттатты.
Дунай өзені тасып, Словакияның көне қаласы Братислава суға кетті. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, судың биіктігі 9 метрге жеткен, алда бұдан да ары көтеріледі дейді.
Дунайдың төменгі ағысында орналасқан Венгрия алдағы күндері болатын су тасқынына дайындалып жатыр. Дунайдың жағасындағы 500 шақырымдай аумақты су басу қаупі бар. Өзен тәулік сайын бір метрге биіктеуде.
Будапешт мэриясы миллион қапшыққа құм толтырып су тасқынынан қорғау шараларын жасады. Венгрияның премьер-министрі Виктор Орбан бүкіл шетелдік сапарларын кейінге шегерді. Чехияның Есеник қаласына өткен бейсенбіден бері орташа айлық нормадан 5 есе көп жауын-шашын жауды. Австрияның Санкт-Пёльтен қаласына 4 күнде 1950 жылдың күзінен бері жаумаған көп жаңбыр жауды. Румынияның шығысындағы ауылдар тұтастай суға кетті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Германияның Федералды канцлері Қазақстанға ресми сапармен келді. Астана қаласының әуежайында Олаф Шольцті Қазақстан Премьер-Министрі Олжас Бектенов қарсы алды.
Германияның Федералды канцлері Олаф Шольц «Орталық Азия + Германия» екінші саммитіне қатысады, оның шеңберінде сауда-экономикалық өзара іс-қимыл мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, кең ауқымды бағыттар бойынша стратегиялық ынтымақтастық пен әріптестік мәселелерін талқылау жоспарлануда.
Германия Қазақстанның маңызды сауда және инвестициялық серіктесі саналады. Биылғы 7 айда өзара сауда көлемі 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өсіп, $2,3 млрд-ты құрады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша Германиядан Қазақстанға тікелей инвестициялар көлемі 64%-ға ұлғайып, $770 млн-ға жетті. Қаражаттың негізгі бөлігі басымдық беріліп отырған экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға бағытталған.
