Валюта бағамы
  • USD -

    492.3
  • EUR -

    571.5
  • RUB -

    6.29
БІЗ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ БА, ӘЛДЕ ӨМІР БІЗДІ СҮРІП ЖАТЫР МА?!
halyqline.kz 10 қыркүйек 2019
БІЗ ӨМІР СҮРІП ЖАТЫРМЫЗ БА, ӘЛДЕ ӨМІР БІЗДІ СҮРІП ЖАТЫР МА?!

Көне Грек заманында Диоген деген атақты ойшыл өмір сүріпті. Ол қолына майшам жағып алып, шаңқай түсте көше аралап кетеді екен. Оны көрген таныстары:

- Әй, Диоген, шаммен күн жарықта не іздеп жүрсің?- деп сұрайды. Диоген:

- Адам іздеп жүрмін, - депті. Олар:

- Тұрмыз ғой міне, қанша адам керек? – дегенге.

- Ал сен адамсың ба?- деген екен.

 

Диоген бұл ісін былай түсіндіреді:

 Ит туғанда ит болып туады, өскенде ит болып өседі. Яғни, мысық я жылқыға айналмайды. Мысық та туғанда мысық болып туады, өскенде де мысық болады. Яғни, ит не басқа жануарға айналмайды. Мұндай заңдылық Құдай жаратқан мақұлық атаулының барлығына тән. Тек, бір ғана жаратылысына емес, ол – адам. Яғни, адам туғанда адам болып туады, өскенде қандай болатыны өскен ортасына байланысты. Мысалға: адамды туғанда маймылрдардың арасына жіберсе, өскенде тура маймылдарша өмір сүреді. Егер, ақсүйек адамдардың ортасына жіберсе ақсүйек болып өседі. Сол себепті де надандыққа батқан қоғамнан адам деген атқа лайық адамды табу өте қиын, тіпті майшам жағып іздесең де таппайсың. Қоғамдық тәртіпті түбегейлі өзгертпейінше, қанша адам туса да олардың адам деген атқа лайық болуы екіталай, - деген екен.

 

  Енді, Диогеннің шамын осы заманға әкелсек, Диоген іздегендей адам табу оңай болмасы анық. Неге десеңіздер, қоғамда адамдар тарапынан болып жатқан азғындықты айтпасақ та өздеріңіз жақсы білесіздер.  Мәселе осы азғындықты шама келгенше тоқтатып, жаңа туған адамдарды адам етіп тәрбиелеуде болып тұр. Әйтпесе, жаманды жамандап, айыпты болып қалған үкімет қызметкерлерін түрлі шоуларда келеке-мазақ қылып отыра беру түк пайда бермейді. Керісінше, екінші бір проблемаға соқтыратын қаупі бар.

 

 Енді, біз қандай қоғамбыз, қандай қоғам болуымыз керек?  Қоғамды қалай түзейміз? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

 

 Әдетте, адам көшеге шығарда түр-әлпетін ретке келтіру үшін айнаға қарайды. Сөйтеді де, артық-кем жерін түзеп, үсті лас болса оны жуып, тазалап, реттеліп шығады.

 

 Осы секілді қоғам да айнаға қарағандай өзінің тұрмыс-тіршілігіне сырттан қарап, артық-кем жерін түзеп отыру керек. Әйтпесе, Диоген айтпақшы, адамды шаммен іздеп таба алмаспыз. Бірақ, ол үшін қоғамда «психоаналитик» деген мамандар көп болуы керек. Олар қоғамның не ішіп, не жеп, не оқып, нені көріп, нені тыңдап жүргенін бақылап, сараптама жасайды. Жасаған сараптамаларын түрлі жолдармен халыққа таратып, жұрттың қай бағытта кетіп бара жатқанын аңғартып отырады. Осылайша психоаналитиктер адамды кемелдікке жеткеретін жол тауып, ғылым мен халықтың тығыз байланыста болуына септігін тигізеді. Ал, бізде өкінішке қарай, ғылым бір жақта, халық бір жақта жүр. Ғалымдар ғылымның жоқтығынан надандыққа батқан халықты «тобырлар» деуден жалығар емес, ал, халық болса, оқымыстыларды «оқу оқып милары ашып қалған, оқу өтіп кеткен» деген секілді сөздер айтып, мүсіркей қарайды. Яғни, ғылым мен халық арасында байланыс жоқ. Енді, осы жерде екі жақтың басын қосатын тағы бір мамандық шығады. Оларды «медиатор» дейді. Яғни, «екі ортадағы тасымалдаушы» деген мағына береді. Біздің елде медиаторлар жоқтың қасы. Бар болса да тек бір тарапты. Яғни, діннің медиаторы «менің айтқаным дұрыс» десе, бизнес, психолог-коучтар «менікі дұрыс» деп жүр. Оларды медиатор деуге аузың бармайды. Себебі, арнайы бас қатырып, оқу оқып, ғылыми оқу орындарынан білім алмаған, өз бетінше оқып алған дилетанттар. Осы дилетанттардың айтып жүргендерін теріске шығарып,  дұрыс-бұрысын сауатты талдап бере алатын психоаналитиктер жоқ десек те болады. Осының себебінен қоғамнан ориджинал адамды табу өте қиын және алдау, арбау, ұрлық-зорлық деген қылмыстар бір секундқа да тоқтамай, қоғамда қылмыскерлер қаптайды.

 Қоғамды түзететіндер осы психоаналитиктер мен медиаторлар.

 

 Енді, біз қандай қоғамбыз?

 Ғылымда мынандай екі термин бар. Ассимилейшн және социализейшн.

  Ассимилейшн  (assimilation)  дегеніміз – қоғамның түрлі себептерге байланысты ыдырап, қоғам болмай, жоқ болып кетуін айтамыз.

  Социализейшн (socialization)  дегеніміз – адамдардың бір идеяға, құндылықтарға, қоғамдық қағидаларға бірігіп, етене араласуын айтамыз.

 

Бізде, қазіргі таңда социализейшнге қарағанда ассимилейшн белең алып келе жатыр.  Оған көп себептердің бірі – «нарықтық ориентейшн». Яғни, қоғамның көзқарасы нарықтағы көзқарастай болып кеткен.

  Енді, әңгіме осы бағытта өрбімек.

 

 Нарықтық ориентейшнды түсіну үшін алдымен нарықтың жүйесін түсініп алсақ оңай болады.

 

 Саудагер нарыққа барарда алдымен оның жағдайын біліп алады. Яғни, әрбір нәрсені  сата бермейді. Нарықта қандай заттар жақсы өтеді, соны ғана сатады. Сатып алушылар да нарықтың ығына жығылып, жұрт көбіне қандай зат алып жатқанына қарайды да ала береді. Яғни, заманауи тілмен айтқанда тренд, модаға жүгінеді. Ал, бұл тренд, мода дегендерді монополистер басқарып отырады.

 

 Негізінде нарықтағы жүйе басқаша болуы керек еді. Тренд, мода деген ұғым жоқ, нарықты монополист басқармайды. Сатушы тренд, модаға сүйенбей, «негізі, адамға керегі осы» деп адамгершілік принциптерге сүйеніп, тауар сатады.

 

 Адамдардың да қоғамда өзін ұстауы, жүріс-тұрысы, ойы осы нарықтағыдай болып кеткен. Олар өзін танумен айналысудың орнына сатумен айналысады. Яғни, бақытқа, жетістікке жету үшін үш түрлі іс-әрекет жасайды.

 Бірінші – өзін тауар етіп ұстайды.

 Екіншісі – сатушы ретінде.

 Үшінші – менеджер ретінде.

 

 Бірінші, өзін тауар етіп көрсеткен адам өтімді болу үшін заманауи талаптарға сай киім үлгісін киеді, талапқа сай адамның қырларын, іс-әрекетін ұстанады. Нарықта ар-ұят, жұмсақ мінез, ілтипат деген адамның киелі қырлары тренд болмаса, онда одан бас тартуға мәжбүр. Ондай кезде адам өз өмірі мен бақыты үшін емес, қаншалықты өтімді бола алатынына басы қатады. Жан-дүниесіне үңіліп, өзіне тән адами қырларын шыңдаудың орнына нарықтағы өтімді қырларды игеруге әлек болады. Бұл істің барлығы дерлік жетістікке жетудің амалы. Телеарна, газет, журналдағы бизнесмендер оңай әрі жылдам жетістікке жету үшін, қандай киім киюін, өзін қалай ұстау керектігін, қас-қабақтарын сенімді етіп көрсетуін үйретеді. Мысалға, жас бойжеткен кинодағы жетістікке жеткен жұлдыздың шаш үлгісіне, киген киіміне, қас-қабағы мен бет-әлпетінің бояуына дейін меңгеріп алады және сол жетістікке жеткізеді деп ойлайды. Ал, ол жетістіктің артында қаншалықты  бақытты өмір бар екені ойландырмайды. Мұндай кезде адам өзінің қаншалықты бағалы екенін өзгелердің пікірмен өлшеп, соларға тәуелді болады. Егер ол жетістікке жеткен адам болса – бағалы, жетпесе – құнсыз. Сол себепті бұл жолда сәтсіздік құрдымға түскенмен бірдей ауыр тиеді. Мұндай адамдар қоғамда көбейген сайын сол қоғамның ойын, деңгейі қандай екенін оңай білуге болады. Бәрі бір-бірінің іштей не ойлап тұрғанын, нені қалап тұрғанын біліп тұрады. Себебі, барлығы бір арқанға жармасып тұр.

 

  Екіншіден, саудагер ретінде тауарды сататын жер іздеу керек болады. Ол кезде тоздырмаған табалдырық қалмайды. Газет-журналдар, интернет желісі жер-әлемді шарлап кетеді.

 

 Үшіншіден, менеджерлік қызмет атқарады. Сөйлеу мәнері, дауыс ырғағы, таққан қымбат сағаты, сапалы киім үлгісі, мінген көлігі, осының барлығы адамды өткен ғасырлардағы ориджинал менеджердей етіп көрсетеді. Сатып алушы жұрт та осындай үлгідегі көрініске үйреніп қалады. Енді астыңда көлігің, қымбат сағатың болмаса сені адам екен демейді.

  Бұл нарықтық ориентейшн қоғамның барлық саласын меңдеп алса бітті дей беріңіз. Салт-дәстүр, дін, кәсіп, музыка, сурет өнері, кино, БАҚ, отбасын құру, тіпті бала тәрбиесі де осы көзқараспен жүріп-тұратын болса, онда бірінші орынға әр адамның бақытты болуы емес, нарықтағы жетістікке жеткен, беделді азаматтардың істеген ісі мен айтқан мәнсіз сөздеріне сай болуы маңызды болады.

 Әлбетте, бізде мұндай көзқарасқа берілмейтін азаматтар да бар, дегенмен саусақпен санарлық. Олар көшкен сеңмен ілесіп көшпейді. Нарықтың талаптары оларға заң емес. Өздерінің ішіне үңіліп, адамгершілік принципті негізге алып жүріп-тұрады. Мысалға, көп журналистердің арасында рейтингті көтеріп, жетістікке жетудің жолы біреудің ажырасқаны я болмаса ашынасымен ұсталып қалғаны секілді пайдасы жоқ «ақиқатты» жариялау болса, ал, бұлардың ойы жеңіл жетістікке жетуде емес, қоғамдағы тасада болып жатқан негізгі әрі маңызды жайттарды жариялап, жұрттың көзін ашу.

  

 Ағартушылық саласында да дәл осы секілді. Кейбір азаматтардың мақсаты үкіметтік стипендия, тендер, атақ-даңқ болатын болса, ал, нарықтың талабына берілмеген азаматтарды мадақ, медаль, стипендия қызықтырмайды. Олардың мақсаты қоғамға ең маңызды, негізгі құндылықтарды насихаттап, елдің сауатын ашу, экзистенциялық проблемаларын шешу.

 

Бұл жерде айтқымыз келгені, елді бөлу емес, керісінше, пайдалы іспен айналысып жүрген азаматтардың әрекетіне көз жеткізіп қою ғана. Жастар соларға еліктеп жолын қуса, онда Диоген іздеген адамды өз арамыздан тәрбиелеп шығаруымыз ғажап емес. 

 

Әлбетте, нарықтық ориентейшнмен де өмір сүре берсе болады. Ол әркімнің өз еркі. Бірақ, оның ақыры төмендегідей болуы әбден мүмкін: 

Логотерапевт В.Франклға күйзелісте жүрген бір бойжеткен келіп, мұңын шағыпты. Ол нарықтық көзқарасқа ұрынғаны сонша, тіпті, ақыр-аяғында «мен өмір сүріп жатырмын ба, әлде өмір мені сүріп жатыр ма» деген екен.

 

Құрметті әлеумет! Біздің қоғам болмай ыдырап бара жатқанымызға бірден-бір себеп осы «нарықтық ориентейшн». Осыны біліп, одан аулақ жүретін болсақ, болашақ жарқын болатынына сенім мол!

 

 

 

Амангелді МЕЙРАМБЕКҰЛЫ, психолог

RELATED NEWS
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ: ҰЛТ РУХЫНЫҢ МҰЗБАЛАҒЫ
01 сәуір 2025
НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ: ҰЛТ РУХЫНЫҢ МҰЗБАЛАҒЫ

Биыл қазақ музыкасының жарық жұлдызы, ұлы композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Бұл мерейтой – қазақ мәдениеті үшін айрықша маңызға ие оқиға. Қазақ музыкасының абызы, композитор, дирижер, домбырашы Нұрғиса Тілендиевтің қазақ руханиятына қосқан сүбелі үлесі зор.

Өмір жолы мен шығармашылық бастауы
Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев 1925 жылы 1 сәуірде Алматы облысы, Іле ауданы, Шилікемер ауылында дүниеге келген. Домбыра тартуды әкесінен үйренген ол, кейіннен Ахмет Жұбановтың назарына ілігіп, музыка әлеміне қадам басты. Ахмет Жұбанов жас Нұрғисаны музыка мектебінде, кейіннен консерваторияда білім алуға бағыттады.

Соғыс жылдары
Жас Нұрғиса 1943 жылы өз еркімен майданға аттанып, Курск шайқасынан Берлинге дейінгі ұрыстарға қатысқан. Соғыстағы ерлігі үшін "Ерлігі үшін", "Берлинді алғаны үшін" және "Ұлы Отан соғысындағы жеңісі үшін" медальдарымен марапатталған.

Музыкалық мұра

Нұрғиса Тілендиевтің шығармашылығы қазақ музыкасының алтын қорына енген. Ол 500-ден астам музыкалық туындының авторы, олардың ішінде:

«Аққу» күйі – нәзіктік пен тазалықтың символы;
«Көш керуені» – халықтың көшпелі өмірін бейнелейтін шығарма;
«Саржайлау» – туған жерге деген сағынышты жеткізетін ән.
Сонымен қатар, композитор «Қыз Жібек», «Менің атым Қожа» фильмдеріне музыка жазып, қазақ киносының дамуына үлес қосты.

«Отырар сазы» оркестрі 

1981 жылы Нұрғиса Тілендиевтің бастамасымен құрылған "Отырар сазы" фольклорлық-этнографиялық оркестрі қазақтың ұлттық аспаптарын насихаттауда үлкен рөл атқарды. Оркестрдің репертуарында халық күйлерімен қатар, композитордың өз шығармалары да орындалды.

Жеке өмірі 

Нұрғиса Тілендиевтің жары Дариға Тілендікелінімен бірге өмір сүріп, отбасылық өмірінде де өнегелі тұлға болған. Олардың махаббаты мен сыйластығы көптеген шығармаларына шабыт берген.

Мұрасы және еске алу

Нұрғиса Тілендиевтің есімі қазақ музыкасының символына айналды. Оның құрметіне Алматы қаласында мемориалды музей ашылып, шығармашылық мұрасы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасуда.

 
Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді
08 сәуір 2025
Дженнифер Лопес Астанаға концерт беруге келеді

Америкалық супержұлдыз Дженнифер Лопес өзінің Up All Night әлемдік турнесі аясында осы жазда Қазақстанның астанасында өнер көрсетеді. Бұл туралы турдың ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды Ulys.

Әлемдік жұлдыз Қазақстанда алғаш рет концерт береді, ол 1 тамызда елордалық «Астана Арена» спорт кешенінің сахнасында өтеді.

"Осы жазда бірнеше таңдаулы шоуда өнер көрсетемін. Сахнаға қайта оралып, бәріңізбен жүздесуді асыға күтемін. Тым көп уақыт өтті. Бұл керемет жаз болады", - деп жазды әнші 7 сәуірде.

Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайтын фильм түсірілуде
30 қыркүйек 2025
Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайтын фильм түсірілуде

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетіне қарасты Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының тапсырысымен «JBF company» компаниясы Семей қаласында, Шыңғыстау өңірінде, Алматы облысының Жамбыл ауданында  «Алғашқы кітап» атты деректі бейнефильм түсіруде.

Деректі фильм Абайдың 1909 жылы Санкт Петербургтегі Илья Бораганский баспасында басылған алғашқы шығармалар жинағының жарық көруіне арналады. Ұлы Абай мұрасының қағаз бетіне таңбалану тарихын баяндайды.

Қазіргі адамдар бұрынғы уақыттың, Абай заманының нақты, деректі бейнесін, сол кездегі адамдардың әлпетін, киім үлгісін көз алдарына елестетуі қиын. Көпшіліктің ол уақыт туралы түсінігі театр мен кинофильмдердегі бутафорлық киімдер мен заттар арқылы қалыптасқан. Алайда Абай уақытындағы қазақ тіршілігі, қазақтардың бет-әлпеті, киім киісі, үй - жайы, бұйымдары таңбаланған мыңдаған фотосуреттер сақталған. Бұлар Ресей, Түркия, Ұлыбритания архивтерінде, жекелеген музейлер мен альбомдарда жинақталғаны белгілі. Біразы Орталық музей қорында бар. Міне, деректі фильмде осы суреттерде пайдаланылады. Қысқаша түсініктеме берсек, Абай заманынан, қоршаған ортадан ақпар беретін таңдама фотосуреттер нақты драматургия бойынша орналастырылып, құрастырылады. Содан соң ол суреттерге 3D, VFX тәсілдерін ретіне қарай пайдалана отырып, рельеф, қимыл  қозғалыс жүктеледі. Шығармашылық топ Абайдың алғашқы кітабын жарыққа шығарған Кәкітай жолымен жүріп өтеді.

Абай дүниеден өткен соң, Тұрағұл Абайұлы мен Кәкітай Ысқақұлының ұйымдастыруымен ел ішіндегі Абайдың қағаз бетіне түскен шығармалары жинақтала бастайды. Абайдың шәкірттері Көкбай, Уәйіс, Бейсембай сияқтылардың аузынан негізгі өлеңдер жазылып алынады. Жинақталған, жүйеленген шығармаларды Мүрсейіт Бікеұлы мен Тұрағұл көшіріп, қағаз бетіне түсіреді. Бұл уақытта Ахмет Байтұрсыновтың «Қазақ» газетіне Абай туралы «Қазақтың бас ақыны» деген мақаласы жарық көреді. Абай шығармаларын жианқтап, баспаға беру ісіне Әлихан Бөкейханов үлкен атсалысады. Дайын болған қолжазбаны алып, Кәкітай Семейге аттанды. Осылайша Абайдың тұңғыш кітабының тарихы басталады. Кітапты бастыру ісінде көптеген қиындықтар мен кедергілер кездеседі. Қаражат мәселесі шешілмейді... Семейге кеткен Кәкітай Омбы, Қазанды аралап, Санкт Петербургке барып, бір жылдан соң елге бір-ақ оралады. Абайдың кітабы 3 жылдан соң, 1909 жылы Семейге жетеді. Ел аузындағы әңгімеде, Кәкітай кітап қолына тигенде ешқайда бармай, әуелі кітаптың шығуына қаржылай қолдау көрсеткен Бекбайды құшақтап, «Өшкенім – жанды... Абай ағам тірілді...» - деп жылапты дейді. Сол уақыттағы мұсылман әдебиеттерін шығаратын Илья Бораганский Әлихан Бөкейхановтың өтінішімен кітапқа атақты тюрколог Мелиоранскийді жауапты редактор етіп бекіткен дейді. Мелиоранский Семейдегі Әниярдың үйіне кітаптың дайын болған парақтарын поштамен жіберіп тұрған, ол оны елге жіберген, Кәкітай Шыңғыстауда отырып, қате тұстарын жөндеген дейді. Естелік көп, алып-қашпа әңгімеде жетеді. Ең бастысы бұл фильм ұлы Абайдың алғашқы кітабының жарыққа шығуы жайын жан-жақты баяндайды.