Валюта бағамы
  • USD -

    475.3
  • EUR -

    517
  • RUB -

    5.49
Бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен - сарапшы
15 сәуір 2024
Бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен - сарапшы

Елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Өтеғали Дулат айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған Заңға қол қойды. Бұл құжат негізінде 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті екені айқын. Статистикалық деректерге сүйенсек, Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады, күнделікті құқық қорғау органдарына тұрмыстық-зомбылық фактілері бойынша 300-ге жуық арыз келіп түседі. 2023 жылы Құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен», - деді Өтеғали Дулат.

Оның айтуынша БАҚ пен әлеуметтік желілерде де күнделікті осы проблемаға қатысты түрлі жағдайлар мен құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат таратқан. Аталған заң жобасын Сенатта талқылау кезінде 154 мыңнан астам қазақстандық отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатқаны үшін онлайн петицияға қол қойды.

«Бұл қазақстандық қоғамда аталған мәселеге қатысты алаңдаушылық бар екенін байқатадыСол себептен, заңда көрсетілген өзгерістер алдағы уақытта қазақстандық қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін, сондай-ақ азаматтардың санасында адам құқықтары бірінші орында тұратын, жеке тұлғаның қадір-қасиеті танылатын қоғамдық қатынастардың жаңа заманауи моделін қалыптастыруыны ықпалын тигізуі тиіс. Сонымен қатар консолидациялық маңызы жоғары отбасы институтын нығайтуға және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосуы қажет», - деп толықтырды ол.   

RELATED NEWS
Бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен - сарапшы
15 сәуір 2024
Бір жылда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен - сарапшы

Елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ Саяси зерттеулер бөлімінің бас сарапшысы Өтеғали Дулат айтты, деп хабарлайды Ulys.

«Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әйелдердің құқықтарын және балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған Заңға қол қойды. Бұл құжат негізінде 15 заңнамалық актісіне, оның ішінде жеті кодекс пен сегіз заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың кез келген көріністері үшін жауапкершілік қатаңдатылды. Қазіргі кезде қазақстандық қоғамда отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесі өзекті екені айқын. Статистикалық деректерге сүйенсек, Бас прокуратураның мәліметінше, елімізде жыл сайын абьюзерлердің қолынан кемінде 80 әйел қаза табады, күнделікті құқық қорғау органдарына тұрмыстық-зомбылық фактілері бойынша 300-ге жуық арыз келіп түседі. 2023 жылы Құқық қорғау органдарына тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мың шағым түскен», - деді Өтеғали Дулат.

Оның айтуынша БАҚ пен әлеуметтік желілерде де күнделікті осы проблемаға қатысты түрлі жағдайлар мен құқық бұзушылық фактілері туралы ақпарат таратқан. Аталған заң жобасын Сенатта талқылау кезінде 154 мыңнан астам қазақстандық отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдатқаны үшін онлайн петицияға қол қойды.

«Бұл қазақстандық қоғамда аталған мәселеге қатысты алаңдаушылық бар екенін байқатадыСол себептен, заңда көрсетілген өзгерістер алдағы уақытта қазақстандық қоғамда зорлық-зомбылыққа жол бермеу мәдениетін, сондай-ақ азаматтардың санасында адам құқықтары бірінші орында тұратын, жеке тұлғаның қадір-қасиеті танылатын қоғамдық қатынастардың жаңа заманауи моделін қалыптастыруыны ықпалын тигізуі тиіс. Сонымен қатар консолидациялық маңызы жоғары отбасы институтын нығайтуға және кәмелет жасқа толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлесін қосуы қажет», - деп толықтырды ол.   

Әлім БАЙЕЛ (Алим Баялиев): ЫНТЫМАҚТАССАҚ ЖЕҢЕМІЗ, АЛАУЫЗДЫҚҚА САЛЫНСАҚ ЖЕҢІЛЕМІЗ
18 желтоқсан 2019
Әлім БАЙЕЛ (Алим Баялиев): ЫНТЫМАҚТАССАҚ ЖЕҢЕМІЗ, АЛАУЫЗДЫҚҚА САЛЫНСАҚ ЖЕҢІЛЕМІЗ

ULYS: - Қазақстан үшін Орталық Азияның орны қандай?

 

Ә.БАЙЕЛ: - Орталық Азия – адамзат тарихындағы ерекше аймақ. Кезінде ғұндар осы жерден Еуропаға аттанған. Ұлы Түркі қағандығы осы мекенді жайлап, сол дәуірдің алып күштері Шығыс Рим империясы және Қытаймен иық тірескен. Азия, Еуропа мен Африкада үстемдік құрған Алтын Орда, Османлы, Сәфәуи, Ұлы Моғол сияқты құдіретті империялардың түп тамыры – осы Кіндік Азия.

Бүгін үш жүз жылдық құлдырау мен бодандық кезеңінен соң, Орталық Азия тәуелсіздігіне қауышқан мемлекеттер арқылы геосаяси сахнаға оралып отыр. Бір айта кететіні, Орта Азия жаһан тарихында маңызды рөл ойнаған, бүкіл бір Афроеуразияның дамуына бағыт берген үш мың жылмен салыстырғанда бұл үш жүз жыл бір мезет қана. 

Қазақстан қазір көпвекторлы сыртқы саясатты тиімді жүзеге асырып келе жатқан ел. Әрине, Ресей, Қытай, Америка Құрама Штаттары сияқты үлкен мемлекеттермен орнаған ынтымақтастығымыз өте маңызды. Бірақ, біз үшін Орталық Азия елдерінің орны бөлек. Себебі тарихымыз ортақ, мүдделеспіз, бір кемеде отырған жолаушылар секілдіміз. Мұрат-мақсатымызды, ынтымағымызды, күш-жігерімізді біріктірсек қана діттеген жерімізге жетеміз. 

Бұны қазақ билігі түсініп отыр. Есіңізде болса, 2005 жылы Мемлекет басшысы Орталық Азия елдерінің одағын құруды ұсынған болатын. Сол кезде ол «Мәдениетіміз, тіліміз, тарихымыз, экономикалық мүдделеріміз бір, мұндай алғышарттар Еуропа одағын құрғандардың түсіне де кірмеген еді» деп айтқан. Тіпті ортақ валютаны енгізу сияқты интеграцияның ілгері сатысын межелеген.

ULYS: - Ол ұсыныс неге жүзеге аспады?

 

Ә.БАЙЕЛ: - Оның әртүрлі себептері болды. Оның ішінде, мысалы, сол кездегі өзбек билігінің ұстанымын айтуға болады. Енді қазір Өзбекстанда жаңа Президент келгелі бері қаңтарылып қалған Орталық Азия интеграциясының тамырына қайта қан жүгіре бастады. Сондықтан бұл ұлы мақсат түптің түбінде жүзеге асады деп сенемін. Себебі өңірлік интеграция Қазақстан үшін де, аймақтағы басқа елдер үшін де – геосаяси императив

Ойындар теориясында абақтыдағының дилеммасы деген ұғым бар. Оның қысқаша мазмұны мынадай: абақтыға қамалған екі адамның, оларды А мен Ә делік, алдында екі таңдау бар – бір-біріне қарсы куәлік ету не үндемеу. А Ә-ге қарсы куәлік етіп, Ә үндемесе, біріншісі босап шығып, екіншісі он жылға сотталады. Ә сатқындық жасап, А үндемесе де, біріншісі еркіндікпен қауышып, екіншісі он жылға тұтқындалады. Екеуі де бір-біріне қарсы куә болса, екі жылға, ал ауызбірлікке қол жеткізіп, екеуі де үндемесе, жарты жылға бас бостандығынан айырылады. Бұл жердегі ең дұрыс шешім – екеуінің де ынтымақтастық жасап, үндемегені. Алайда, көп жағдайда, араларында сенімнің болмауынан және әрқайсысы өз басын ғана ойлағандықтан, бұндай жағдайға түскендер бір-біріне қарсы куәлік етіп, жағдайларын ушықтырып алады.   

Орта Азия елдерінің жолын да осыған ұқсатуға болады, ынтымақтастық жасасақ – бірге жеңеміз, алауыздыққа салынсақ – бірге жеңілеміз.    

 

ULYS: - Аймақтық интеграцияны дамыту тұрғысынан қай салалар маңызды?

 

Ә.БАЙЕЛ: - Қысқа қайырсақ, барлық салалар. Экономика, көлік, мәдениет, тіл, қауіпсіздік. Санамалай беруге болады.

Мысалы, біз бүгін Таяу Шығыстағы жан түршіктірерлік жағдайды көріп отырмыз. Бітпейтін қақтығыс, соғыс, қантөгіс, ыдырап жатқан мемлекеттер. Бұл, бәрінен бұрын, аймақтағы елдердің алауыздығының салдары.

Құдай бетін аулақ етсін, бұндай аласапыран Орталық Азияда да орын алуы мүмкін деген пікірлер айтылды кезінде, қазір де айтылып келеді.  Збигнев Бжезинскийдің Орталық Азияны «Еуразияның Балқандары» деп атағанын естен шығармайық. Шүкір, бұл болжам осы күнге дейін жүзеге асқан жоқ. Бұдан кейін де іске аспас үшін қауіпсіздігімізді нығайту жолында жұмыс жасауымыз қажет.

Басқа бір мысал ретінде су және энергетика мәселелерін айта кетуге болады. Таяу жылдары аймақ елдері су тапшылығымен, құрғақшылықпен бетпе-бет келуі мүмкін. Өңірдегі ірі-ірі өзендер баршамызға ортақ. Бұл мәселелерді шешудің жалғыз жолы – барлық тараптар үшін тиімді ынтымақтастық.

 

ULYS: - Осы тұрғыда Қазақстан аймақтағы саясатын қалай қалыптастыру керек?

 

Ә.БАЙЕЛ: - Жалпы, біз бір нәрсені терең ұғынуымыз керек: Қазақстанның жаһандық халықаралық қатынастардың, тарихи үдерістердің маңызды субъектіне айналуы, яғни, еліміздің субъекттігі Орталық Азиядағы қысқа және ұзақ мерзімді стратегиямыздың дұрыстығына және жан-жақтылығына тікелей байланысты. Бұл бағытта үлкен көрегендікпен, тиянақты дайындықпен жұмыс істеуіміз керек. 2020, 2030, 2050 жылдары қандай мақсаттарға жету керек екендігімізді межелеп, оның нақты жолдарын ойластырған жөн.   

Орталық Азиядағы ынтымақтастықтың ең негізгі ұстыны, іргетасы – толық теңдік. Барлық елдер – тең құқылы. Біз бұл принципті мүлтіксіз, риясыз ұстануымыз қажет. Арамызда аға да, іні де жоқ, бәріміз – бауырмыз. Біреуіміз экономикамыздың ауқымын, біреуіміз халқымыздың санын, біреуіміз тарихымыздың тереңдігін алға тартып, алауыздыққа салынып, болмашы дүниелер үшін бақталасатын болсақ, нәтижеге жетпейміз. Сондықтан бөліп ал да билей бер деген сұрқия саясатпен арамызға қағылған сыналардан, әдейі қалыптастырылған стереотиптерден, жалпы айтқанда, ұсақ ұлтшылдықтан арылуымыз керек.

 

ULYS: - Аймақтың халық саны жағынан болашағы қандай болмақ? 

 

Ә.БАЙЕЛ: -  Орталық Азия дегеніміз – демографиялық әлеует. Қазір  аймақтың халқы 70 миллион, болашақта 100 миллионға жетуі мүмкін. Бұл дегеніңіз үлкен адами капитал, үлкен нарық, керек десеңіз, үлкен әскери әлеует. Қазақ елінің осы әлеуетке сүйенгені, оны дамытқаны, пайдаланғаны абзал. Бүгiннiң өзінде Орта Азиялық студенттер біздің жоғарғы оқу орындарымызда оқиды, ол жақтың мамандары осында келіп жұмыс істейді. Қазақстанның ол елдерде инвестициялары бар. Осы жұмыстарды үдете түскен жөн. Мысалы, қазір Қазақстанның басқа елдердің дамуына ресми көмек көрсететін агенттігі құрылып жатыр. QazAID деп аталады. Біле білгенге, бұл біз үшін үлкен белес. Менің ойымша, сол QazAID қызметінің басым бағыты Орталық Азия болғаны жөн.    

Тағы бір аспектті қарастырайық. Орталық Азия – біз үшін жақын тілдік орта, бұл елдермен қарым-қатынас арқылы тілімізді дамытамыз, байытамыз, позицияларын күшейтеміз. Қазір әлемде 7 000-ға жуық ірілі-кішілі тіл болса, соның 30 шақтысы ғана – 50 миллионнан астам сөйлеушісі бар тілдер. Қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен тілдерінің жақындығын ескерсек, мәдени қарым-қатынаспен олардың конвергенциясын қамтамасыз ету арқылы біз де 50 миллионнан асатын ірі тілдік ортаға қол жеткізе аламыз. Мысалы, 18 миллиондық аудитория үшін фильм түсіру мен 50 миллионнан асатын аудитория үшін фильм түсірудің айырмашылығы айтпаса да түсінікті.

Осы күнге дейін тілдеріміз жасанды түрде бір-бірінен алыстатылды. Енді біз олардың бір даңғыл жолға түсіп, табиғи даму арқылы жақындасуын мақсат етуіміз қажет. Мәселен, әлі күнге дейін қазақ пен қырғыз, өзбек пен түрікмен араларындағы қатынаста бөгде тілге жүгінеді. Ал негізі, әрқайсысы өз тілінде сөйлесе, әп-әдемі-ақ түсініседі. Біраз үйреніп, төселгеннен соң еш қиындық қалмайды.

Бұл ретте әліпбилеріміздің де ортақ болғаны үлкен маңызға ие. Сондықтан біз енгізетін латын графикасына ұқыптылықпен қарауымыз керек. Әріптеріміздің ала-құлалығы қарым-қатынасқа кесірін тигізетіні сөзсіз.          

Жалпы, Орта Азия – Қазақстанның сыртқы саяси салмағы мен қауіпсіздігінің, керек десеңіз тәуелсіздігі мен дербестігінің бірден бір кепілі. Ал Қазақстанның Орталық Азиядағы ықпалының пәрмені біздің ішкі күш-қуатымызға байланысты. Өзінің тілінде сөйлейтін, өз мәдениетін дамытқан, экономикасын ұлғайтқан, саяси жүйесін кемелдендірген Қазақстан ғана жұмсақ күш арқылы Орталық Азиядағы бауырларымыз үшін тартымды үлгі бола алады.   

ULYS: - Аймақтағы белгілі бір елге басымдық беруіміз керек пе?

 

Ә.БАЙЕЛ: - Меніңше, барлық елдер, барлық халықтар біз үшін бірдей жақын, бірдей маңызды. Ешкімді бөліп-жара алмаймыз.

Кейбір объективті факторларға қарайтын болсақ, Өзбекстан халқының саны жағынан ерекшеленіп тұрған мемлекет. Жалпы, кейде Қазақстан мен Өзбекстанды Кіндік Азияның Германиясы мен Франциясына ұқсатып жатады. Бұл аналогияның жаны бар да шығар.

Дәл қазір, Brexit үдерісі басталып, Францияда Еуропашыл Макрон Президент сайланғалы бері, Алмания мен Франция екілігі қайтадан Одақтың қозғаушы күші рөлін бірге атқаруға кіріскен сияқты.

Бұл тұрғыда Қазақстан мен Өзбекстанның пәрменді әріптестігі де өңірлік ынтымақтастықты үдете түсер еді. Бұл, әрине, қалған мемлекеттердің маңызсыз екендігін әсте білдірмейді. Бірақ, қазақ және өзбек елдерінің үйлесімі аймақтағы интеграцияның қарқынына ерекше серпін беретінін ешкім жоққа шығара алмайтын шығар.      

Бұл ретте мына қуантарлық жайтты айта кету керек. Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің уақытша мүшесі ретінде өз күн тәртібінің бірінші басымдығы ретінде Орталық Азия мәселелерін айқындады. Өзбекстанның мемлекет басшысы да БҰҰ Бас Ассамблеясында биыл сөйлеген алғашқы сөзінде Орталық Азияның бақ-берекесін басты мақсат деп атады. Бұл екі елдің мұраты мен мүддесінің, стратегиялық көзқарасының бір жерден шығып отырғандығының белгісі.     

Ал баршамызға ортақ Наурыз мерекесiмен тұспа-тұс келген Орта Азия мемлекет басшыларының Астанадағы басқосуын аймақтағы жаңа кезеңнiң бастауы деп атауға болады.     

 

ULYS: - Сұхбатыңызға рахмет!  

 

 

Сұхбат «ULYS» диджитал журналының №1 санында (05.09.2018) жарияланды.  

 

 

ЖАС БУЫННЫҢ АҚПАРАТ КӨЗІ
04 қаңтар 2019
ЖАС БУЫННЫҢ АҚПАРАТ КӨЗІ

- 5 семестр бойы 500-ден астам студентке дәріс бердім. (M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti экономика жоғары мектебі). Олардың жас шамасы 18 бен 23 арасында. Ал осы жылдың қыркүйегінен бастап 14 пен 16 жас аралығындағы қосымша 40 шақты оқушыны оқыта бастадым (Astana Garden School).
- Студенттерім мен оқушыларымның бұған дейін алған білімін ескерсек, бұл қайталап таныстыратын іріктемеге жатпайды. Мен жүргізген сауалнамамды ғылыми зерттеу жұмысы деп те айта қоюға келмес. 
- Менің аудиториямның ішіндегі адамдардың ешқайысысы яғни,  – 0% баспасөз оқымаған. (Тіпті, студенттердің бірінің айтқаны есімде қалып қойды: «Соңғы рет газетті бір жыл бұрын, айнаны сүрту үшін қолыма алған едім»)
- Радио болса,  – тек музыка тыңдау үшін, сондай - ақ, онлайн-радионы көлікпен бара жатқанда арасында қосып қояды екен.
- Телевидение – студенттер оны да өте сирек көреді. Көбінде фильм мен сериалдар қарау үшін. Арасында бағдарлама тамашалайтындары да бар. Бірақ, жаңалықтарды ешкім қарамайды екен. Студенттер үшін ең танымал арналар: Fox, TLC. Ал оқушылар болса, теледидар көреді. Дегенмен, көп жағдайда үйде, ата-аналарынын жанында жүріп, олармен бірге отырып қарайды.  Яғни, арнайы емес.

- Интернет: Фейсбукке тіркелген студенттердің саны аз. Кейбірінің аккаунты бар, бірақ оны көп пайдаланбайды екен. Түрлі посттар да жазбайды. Ал мектеп оқушылары болса, фейсбукты мүлдем қолданбайды. Олардың сөзінше, бұл олардың «ата-аналары пайдаланатын әлеуметтік желіге» жатады. «Қандай блогерлерді танисыздар?» деп сұрағанымда, бірнеше студент Әлішер Елікбаевтың атын атады. Бірі Ержан Рашевті жақсы біледі екен. Бірақ, оқушылар фейсбуктегі танымал есімдерді мүлде естімеген. Бірақ Біржан Әшімнің кім екенін бәрі біледі.

Вконтактеге музыка тыңдап, видео көру үшін кіреді (бірақ оларды ақылы етіп тастаған соң танымалдылығы азайып барады).

Қазақстанда Twitter мүлдем жоқ десе де болады.

Ал YouTube – бүгінгінің және келешектің әлеуметтік желісі.

 

Мынандай үш тұжырымдама жасадым:

1. Жарнамаға деген көзқарас – жастар жарнаманы өте жақсы сезеді және көп жағдайда оны қабылдамай жатады. Бұдан өзге, жас буын идеологиялық бағыттарды да ажырата біледі. Бүгінде мемлекет Инстаграм желісін белсенді түрде пайдаланғысы келеді.  Бірақ ол жұмыстары сәтсіз сияқты. 

2. Жастардың аудиториясы ағылшын тілді дереккөздерден ақпарат алады. Олар әлемде не болып жатқанынан да хабардар.  Бірақ еліміздегі жағдайлар мен жаңалықтар оларды айтарлықтай алаңдатпайды. (кішігірім мысал – «Дағдарыстық коммуникация» сабағында студенттер кейстерге сараптама жасайды. Мәселен, көбі Пепси мен Кендалл Дженнер сынды кейстерді естіген (танымал жұлдыз болғаны үшін бәлкім) немесе KFC Great Chicken Crisis – (FCK), бірақ ешкім ChocoTravel кейсін білмейді. Бұл жерде жергілікті контентті салыстыру үшін емес, сапасы мен креативтілігі үшін таңдайды.

3.  Контенттердің жаңа түрі мен технологияларға қабілеттілік.

 

Мынандай үш қорытынды жасадым: 

1. Айтатын ойды тікелей емес, жанамалап, әдемі жеткізу қажет. Бюджет көлемі емес, оған апарар жол маңызды. Жәй ғана хайп жасау шешім емес. Оның экологиялық тұсы маңызды.


2. Әлемде болып жатқан оқиғалар жастар үшін өте маңызды. Әсіресе, адам құқығы, бостандық жөнінде айтылған жаңалықтар қызу талқыланады. Студенттерге Suistudio жанжалға толы жарнамасын көрсеткенде таңқалмадым. Өйткені, оларда адекватты көзқарас болды.

3. Айтпағым, контент пен құралдарды көзсіз игере берудің қажеті жоқ. Оны дұрыс пайдалана алмасақ, өзгеге күлкі боласың.

 

Марат РАИМХАНОВ,  медиа саласының сарапшысы

Біз туралы
ulys.kz — ақпараттық, сараптамалық және танымдық бағыттағы материалдарды береді.
 
Мультимедиялық жоба заман талабына сай жасалған. Қазақстанның ақпараттық нарығын сапалы
контентпен қамтамасыз етуге үлес қосуға бағытталған. Мұндағы сараптамалық, танымдық
мақалалар сан саланы қамтиды. Геостратегия, геоэкономика, геосаясат, халықаралық
қатынастар мен елдің ішкі-сыртқы саясаты, экономика, жаһанда болып жатқан тектоникалық
өзгерістер мен тренд тақырыптар ұлттық мүдде тұрғысынан терең талданып қазақ
оқырмандарына жеткізіледі. Орталық Азия мен Түркі әлеміне ерекше көңіл бөлінеді.